Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:18, курсовая работа
Осы курстық жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.
КІРІСПЕ.................................................................................................
3
1
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ..................
5
1.1
Салық саясатының мәні.........................................................................
5
1.2
Салық саясатының ықпалы мен рөлі....................................................
12
1.3
Салық саясатының негізгі бағыттары..................................................
17
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ МЕН БЮДЖЕТКЕ ӘСЕРІ.............................................
22
2.1
Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі.................................
22
2.2
Қазақстан Республикасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі.................
32
3
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫН ДАМЫТУ.........................................................
40
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
47
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... |
3 | |
1 |
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ.................. |
5 |
1.1 |
Салық саясатының мәні.......................... |
5 |
1.2 |
Салық саясатының ықпалы мен
рөлі.......................... |
12 |
1.3 |
Салық саясатының негізгі
бағыттары..................... |
17 |
2 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ МЕН БЮДЖЕТКЕ
ӘСЕРІ......................... |
22 |
2.1 |
Салық саясатының бюджетті
толтырудағы рөлі.............. |
22 |
2.2 |
Қазақстан Республикасының
салық саясатының бюджеттің кіріс
бөлігін толтырудағы басқа |
32 |
3 |
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫН
ДАМЫТУ........................ |
40 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
45 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
47 |
Осы курстық жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі
жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты
мен қауіпсіздік саясатына
Мемлекеттің салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты және жеке болып бөлінеді. Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға салынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады1.
Бұл курстық жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
- Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке әсері;
Қазіргі экономикалық дағдарыстан әлі де құтыла алмай отырған еліміз үшін салық жүйесін жетілдіру, дамыту тақырыбы өте өзекті, маңызды және де керекті деп ойлаймын.
Айта кету керек, 1995 жылы 24 сәуірде Президенттің Заң күші бар жарлығымен қабылданған «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Салық Кодексі біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен қызмет атқарды. Жалпы ішкі табыстың бүгінгі күні барлық ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде тұруы – соның айғағы.
Шетел инвестициялары біздің экономикаға келтіру және бағыттау бағдарламалары салық заңдылығымен айтылып жатқанын айту керек. Жалпы қарап отырсақ, салық кодексінің әлемдік стандартқа сай болуы – шетелдік инвестицияның біздің елге келуіне көп әсер беруі.
Біздің салық жүйеміздің жоғары деңгейде көріне білгені елімізге көп пайда келтіреді.
І. САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп,әлеуметтік – экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігіше әсер етеді.
Мемлекетке түсетін салық түсімдеріне тән ерікшелік – олар сан алуан қоғам қажеттеріне таратылып пайдаланады. Салықтардың мемлекет, басқа өкімет органдары белгілейтін сан алуан мақсатқа арналған жарналардан, аударымдардан, төлемдерден айырмашылығы осында. Бұған әлеуметтік сақтандыруға төленетін қатаң нысаналы аударымдар, жарналар, арнайы қорларға аударылатын жарналар мен аударымдар жатады. Нақты қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негігі бағыты –халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру, приниптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты және жеке болып бөлінеді. Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға салынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Салық салу обьектілерінің есепке алу және бағалату тәсілдеріне қарай кадастырлық төлеушінің жарияланымы бойынша салық алу сияқты 3 тәсілі бар.
Бірінші жағдайда салық салынатын обьектілердің тізімге негізінде, олардың табыс нормаларын көрсете отырып есептеу және салу(жер салығы, мүлік салығы нақтылы табыс есептелмей іске асырылады).
Екінші әдіс бойынша жарияланымында төлеуші табыстың мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді және салық сомасын көрсетеді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін заңды мекеменің бухгалтериясында есептеліп, сол жерде төленеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдар мен баж салықтарының үш тобын, салық қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормалар мен салық қызметі органдарын (Бас салық инспекциясы мен оның жергілікті органдарын) қамтиды.
Салық – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы асырылатын, қаржы қатынастарының сипаттын көрсететін экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: фискалдық, реттеушілік, қайта бөлу.
Ең негізгі қызметі фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады.
Ретеушілік қызметі - салықтың маңызды қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни реттеуі жүзеге асырылады.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизімінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды.
Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатын негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
«Салық» термині құқықтық актілер тола әдебиетте болып жиі кездеседі. Оның мәні мен мағынасы жөніндегі талас пікірлер көп. Салықтың мәнінен тереңдеп түсіну үшін салық салу теориясының классигі Адам Смиттің еңбектерінің жалпы бұқаралық үлкен маңызы бар. Оның салықтар жөніндегі көзқарасы дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің салық жүйесін қалыптастыруға негіз болған. Салық салу принциптеріне анықтауға Адам Смиттің салықтарға қойылатын төмендегідей талаптарды ерекшелейді.
Салықтардың ашық түрде болуы
Адам Смиттің атауы бойынша салық
мемлекеттің құқық түрінде
Салықтардың бір мөлшерлігі немесе тең үлестілігі, яғни барлық тұлғалар өз табиғатының шамасына қарай мемлекетке қолдау көрсету керек. Өйткені олар мемлекеттің қамқорлығының, қорғауының арқасында сол табысқа ие болып отыр.
Салықтардың ашық түрде болуы, салық төлеушілерге төленетін төлемдердің уақыты, орны, көлемі және төлем әдістемелерінің белгілі бөлігін талап етеді.
Салық жинаудың арзандығы мемлекет қазынасына түсетін салықтарды жинау үшін шығатын шығындардың мүмкін болғанша аз мөлшерде болғанын көздейді.
Салықтар жинаудың көп ғасырларының тарихы болғанымен салықтардың толық экономикалық және анықтамасын беруде пікір - таластар әлі күнге аластаған емес.
Воронованың берген анықтамасы бойынша салықтар түсінігі мынадай:
Салықтар белгілі бір мөлшерлер мен мерзімдерде жайып мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің уәкілетті органдары актілерінің негізінде заңды және жеке тұлғалардың бюджетке өткізетін өтемсіз төлемдері.
Бұл кезінде заң салымның негізі категорияларының алтын қырына енген қысқа тұжырымды анықтама болғанымен, онда салықтың міндеттілік, қайтарымсыздылық және баламасыздың белгілері орын таппай қалған.
Бұл тұрғыдан қарасақ, салық құқығы теориясының мықты мамандарының бірі деп танылып жүрген С. Г. Пепеляевтің берген анықтамасы ерекше қызықтырарлықтай. Оның айтуынша «салықтар - үкімет субъектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін, контрубуция немесе жазалау түріндегі емес мемлекеттік мәжбүрлерімен қамтамасыз етілген, міндеттілік, қайтарымсыздылық бастамасымен заңды және жеке тұлғалардың меншігін заңды нысанда иемдену.
Қалай дегенмен бұл анықтама да, тізіп айта берудің қажеті жоқ, басқа да маман қаржыгерлердің берген бағалары да салық белгілерінің толық, жан – жақты тұжырым деп баса алмай отыр. Сондықтан болар бүтінде көптеген авторлар салық анықтамасының мазмұның салыққа сипаттама бере келіп, негізгі белгілерін жеке – жеке айта отырып береді. Мысалы, салық кодексінде белгіленген « жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін » деген алым бар. Ол алымды төлегені үшін мемлекет жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді, яғни алымның бұл арада – салық төлеушіге нақты түрде не үшін алым төлегені түсінікті, айқын.
Ал төлеген салық оны төлеген салық төлеушіге нақты түрде келешекте қызмет ете ме жоқ па, бұл белгісіз. Міне, салық пен ғылымның айырмашылығы бар.
8 пункте көрсетілген төлемнің баламасыздығын да осы тұрғыдан түсіндіруге болады. Салық төлегені үшін салық төлеуші сол төлемге пара – пар келетін ешқандай балама міндетті мемлекет мойнына алмайды.
Салықтың тұрақты міндетті туындататынын төмендегідей мысалмен түсіндіруге болады. Егер жеке тұлға жеңіл машина көлігінің иегері болса онда ол сол көліктің меншік иесі болған күннен бастап, сол меншікке құқығы біткенше « көлік құралдары салығын » төлейтін салық төлеуші болып табылады және жыл сайын тұрақты түрде аталған салықты төлеп отыруға міндетті. Сол сияқты егер жеке тұлға үй не пәтер сатып алса онда ол меншік иесі болған күннен бастап, «мүлік салығы» мен «жер салығын» төлеу міндеті тұрақты түрде туындайды.