Салық саясатының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:18, курсовая работа

Описание

Осы курстық жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................
3
1
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ..................
5
1.1
Салық саясатының мәні.........................................................................
5
1.2
Салық саясатының ықпалы мен рөлі....................................................
12
1.3
Салық саясатының негізгі бағыттары..................................................
17
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ МЕН БЮДЖЕТКЕ ӘСЕРІ.............................................

22
2.1
Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі.................................
22
2.2
Қазақстан Республикасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі.................

32
3
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫН ДАМЫТУ.........................................................

40

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
47

Работа состоит из  1 файл

салык саясаты (Автосохрuuаненный).docx

— 113.29 Кб (Скачать документ)

Қазақстан  мемлекетінің  заңдарына  әкімшілік  ұстауды  жүзеге  асыруға,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  заңдарда  көзделген  басқа  да  шараларды  қолданылады.  Салық  қызметі  ұжымдарының  қызметкерлері  елді  мекендерде,  қала  маңында  және  жергілікті  жерде  қатынайтын  қоғамдық  көліктің  дипломатиялық,  консульдық  өкілдіктер  мен  халықаралық  ұйымдарға  тиесілі  көліктен  басқа  барлық  түрлерімен  ауылдық  жерлерде  жолжөнекей  көлікпен  сондай – ақ  өзі  қызмет  көрсететін  учаскелер  тегінде, бірақ  облыстың  әкімшілік  шекарасынан  аспайтын  учаскелерде  осы  көлік  иелерінің  есебінен  поезбен,  теңіз  және  өзен  кемелерінің  тегін  жүруге  құқылы  болып  табылады.

Салық  қызметінің  құзырына  жататын  қылмыстық  істерді  қорғау  кезінде  салық  төлеушілердің  қаржы – шаруашылық  қызметіне  салық  комитетінің  бастығының  ұйғарымы  бойынша  салық  комитетінің  бөлімшелерімен  тексеру  жүргізуге  міндетті.

Салық  қызметі  ұжымдарының   құқықтары  бойынша  Қазақстан  мемлекетінің  салық  комитетінің  мәліметі  бойынша  1998 жылдың  бірінші  жартысында  бюджетке түсетін  салық  және  міндетті  төлем  жөніндегі  болжам  91% - процент  орындалған.

Салық  комитетінің  қызметкерлері  тиіс  салықты  бюджетке  дер  кезінде  түсіріп  отыруға  күш  салып  келеді.

Сондай  мақсатпен  олар  үстіміздегі  жылдың  бірінші  жартысында  9 – кәсіпорынның  қаржы  шаруашылық  қызметін  тексеруден  өткізген.

Қазақстан  мемлекетіміздің  егемен  мемлекет  болып  қалыптасып, нарықтық  экономиканың  даму  мен  құрылу  жолын  қабылдануының         әлеуметтік – экономикалық  дамудағы  жаңа  деңгейін  анықтайды.  Ондағы  басты  орын  мемлекеттік  бюджетке  тиесілі. 

Мемлекеттік  бюджет  экономикасы  реттеудің  ең  маңызды  құралы  десек,  артық  айтқандық  емес. Үкіметте  мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын  жабу  үшін  қарыз  алуға  мәжбүр  болады.  Мысалы:  мемлекеттік бюджетті  қалыптастырып,  толтыруға  жалпы  мемлекеттік  және  жергілікті  салықтардың  маңызы  үлкен.

Бұл  салада  Есіл  аудандық  салық  комитеті  де  жыл  басынан  бері  мемлекеттік және  жергілікті  бюджет  қорына  қаржы  түсіруде  айтарлықтай  жұмыстар  жүргізуде.

Бюджеттің  және  бюджеттен тыс қорларға  заң арқылы  көзделген мөлшердегі  түсімнің  түсіп тұруы және  оның  жиналып қордалануына  болжамды  жоспар  бойынша көзделген өтемнің мерзімінде  және  белгіленген мөлшерде  түсуін  жандандырып,  үздіксіз  орындалу  үшін  барлық  мүмкіндіктерді  пайдалана еңбек еткен ұжым  қызметкерлері өз  міндеттерін зиян  шектірмей атқарып келеді.

Осындай  жұмыстардың  нәтижесінде  1999 – жылдың  басынан  бері  мемлекет  қазынасына  39750,7 мың  теңге  қаржы  түсіп,  ал  белгіленген  жоспардың  105,2% - тін  құрады.  Қазір комитетімізде осынау  келелі істерді таяу  уақытша игеріп,  күнделікті  шаруа аясына  енгізу  үшін  дайындық  жұмыстары  жүргізілуі  қажет.

Салықтың  мемлекеттік  бюджетке  түсуін  қамтамасыз фискалдық  функциясы  ежелден  оның  бірінші  қызметі  болып  табылады.  Екінші:  ынталандыру  функциясы – бұл  функциямен  салық  өндіру  процесін  төмендетіп,  күшейтіп отырады.  Ол  салық жеңілдіктері  мен  ставкаларымен  жасалады.  Үшінші:  бақылау функциясы  – бұл  функциямен  заңды  және  жеке  тұлғалардың  табыстары  реттеліп  бақыланып  отырады.

Ол  дегеніміз  салық  мөлшері  түскен  пайданың  көлеміне  қарай  салынады.  Сонымен  салық  формалары  таңдалып,  оның  мөлшерінің  алуну  әдістері,  жеңілдіктері  пайдаланылады.

Жалпы ұлттық  салықтар  мемлекеттік  банкке  түседі,  аймақтық  және  жергілікті  салықтар  табыс  өскен  сайын  белгілі  бір  процентте  өседі.

Пайдаға  салынатын  салық  іс - әрекетінің  де өзіндік ерекшеліктері  бар.  Дағдарыс  кезінде кәсіпорын  пайдасының  бір  бөлігі,  өндірісті  неғұрлым  қысқа мерзімде  ұлғайту  үшін оның  дамуын  қаржыландыруға  жұмсалады.  Бұған  бүкіл  мүдделі,  сондықтан   бюджеттке  түсетін  табыстың бір  бөлігін  беруге  тура  келеді.  Екінші  жағынан,  өндірістің  ұлғаюы  салық  базасын  кеңейтеді,  сөйтіп  салық  базасының  төмендетілуінің  есесі  қайтарылады.  Пайдаға  салынатын  салыққа  қойылатын  келесі  талап- бір – келкілік, яғни  пайда ауқымы  қанша  болса  да, мөлшері бірдей  болуы тиіс.

Жергілікті  салықтан  түсетін  терімдер  біріңғай  мөлшер  шегінде  болуға  тиіс,  оның  біріңғайлығы  меншіктің  барлық  формалары  мен  өндірістің  барлық  салаларына  түгел таралады.

Салық  субъектісі  - заң  бойынша  салық  төлеуге  міндетті,  жеке  адам  немесе заңды  мекеме,  таратушылар  салықтың  ауыртпалығын  көтеретін  соңғы төлеушілер,  мемлекеттің  азаматтары,  жеке  адамдар. Бір  сөзбен  айтқанда субъект  - бұл  салық  төлейтін жеке  заңды  тұлға.

Салық  объектісі – табыс, мүлік,  қызмет  көрсету  ақша  операциялары  салық  салуға  негіз  болатын  заттар.

Салық  төленетін  табыс  оның  көзі  болып  табылады.

Кейбір   салықтарда объектісі  мен  көзі  бірдей.  Кейбір  жағдайда  салық  төлеу  үшін  сатылған  бір  бөлігі  салық  көзі  болуы  мүмкін.  Салық  мөлшері -  салық салу  өлшем  бірлігіне  тура  келетін  салық  мөлшері.  Ол  салық  салу  нормасын  сипаттайды.  Ол  төлеушінің  табысына  проценттік  қатынаста  бейнелейтін  салық  квотасы  деп  аталады. 

Салық  өндірудің  төрт амалы  бар:

  1. Кадастырлық  - есеп  жүргізу  салық салу  объектілерге  салық салуда  тізімдеу  негізінен  олардан түсетін  табыс  мөлшері  көрсетіліп  деректі  құжаттардың  есебінсіз- ақ  жүзеге  асырылады  (жер, мүлік,  салықтары есептеледі);
  2. Декларация  бойынша  салық төлеушілердің  табыс  мөлшері  қажетті  жеңілдіктер  салықты  есептеу  сомасы  жүзеге  асырылады;
  3. Табыс  көзін  табушылармен  заңды  тұлға  бухгалтерлік  құжаттар  арқылы  салық  төлеушінің  жұмысы  орналасқан  жерден  салық  есептеліп  және төленіп  отырады;
  4. Патент  негізінде  кәсіпкерлік  қызметтен  әртүрлі  салық  төленеді.

Салықтық  кезеңді  қысқаша  айтқанда – алымдар мен салық салу  жүргізілген  уақыты.

Заңды  тұлғалар  әлеуметтік  салықты  Қазақстан  Республикасының  азаматтары, сондай-ақ  шетел  азаматтары  және  Қазақстан  республикасында  тұрақты  азаматтығы  жоқ  тұлғалар  еңбегіне  ақы  төлеу  қорынан  26% - процент  мөлшері бойынша  төлейді.

Мемлекеттік  мекемелер  әлеуметтік  салықты  еңбекке  ақы  төлеу  қорынан  25,5% - проценттік  мөлшер бойынша  төлейді.

Біріңғай  жер  салығын  төлеушілер  біріңғай  жер  салығын  төлеу үшін осы  заңда  белгіленген  мерзімдерде  есепті кезеңнің  әрбір айына әлеуметтік  салық төленеді. Біріңғай  жер салығын төлеушілер  біріңғай жер салығы  бойынша  декларация  табыс  ету  үшін  осы  заңда  белгіленген  мерзімдерде  әлеуметтік  салық бойынша  декларация  табыс  етеді.

Заңды тұлға, құрмай патент негізінде кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын  жеке  адамдар  әрбір  қызметкер  үшін  айлық  есептік  көрсеткіштің  49%-тін,  сондай – ақ  патент  құнын анықтау кезінде мәлімделген салық салынатын болып жорамалданған айлық табыстың  қосымша  5%-тін  мөлшерінде  әлеуметтік  салық төлейді.

Шаруа (фермер)  қожалықтарын  сондай – ақ заңды  тұлға  құрмай  патент  негізінде  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  жеке тұлғаларды  қоспағанда,  заңды  тұлға  құрмай  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  жеке  адамдар әрбір  қызметкері  үшін  айлық  есептік  көрсеткіштің  60%-тін  сондай-ақ  осы  заңға  сәйкес  шегерім  жасауға  жатпайтын  шығындарды  алып  тастағанда  айлық табыстың  қосымша 10%-ті  мөлшерінде  әлеуметтік  салық  төлейді.

Әлеуметтік  салық  бойынша  бюджеттік  кезең  күнтізбелік  ай  болып  табылады.  Өз  уақытында  төленбеген  әлеуметтік  салық  сомасы  мерзімі  өткен  берешектің  әрбір  күні  үшін  осы  сомаларды  төлеу  күнінде  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкі  белгіленген  қайта  қаржыландырудың  ресми  мөлшерінде  өсімді  қоса  есептеумен  бюджетке  өндіріп  алынады.

Салық  заңдарымен  белгіленген  мерзімнің  аяқталуы  бойынша  180 күннен  астам  мерзімде  әлеуметтік  салық  бойынша  салық  төлеушінің  декларацияны  ұсынбауы  декларация  негізінде төленуі  тиіс,  бірақ  төленбеген  салық  сомасының  50% мөлшерінде  айыппұлды  өндіріп  алуға  алып  келеді.

Әлеуметтік  салықтың  дұрыс есептелуімен  уақтылы  төленуіне  бақылауды  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  салық  органдары  жүзеге  асырады. Әлеуметтік  салық  есептелмейтін  төлемдердің   тізбесі  үкіметаралық қоғамдық  ұйымдар  желесі  бойынша  төленетін  гранттардың  қаражаттары  есебінен  жасалатын  төлемдермен  толықтырылады.

Сатылатын патенттің құнына салықтың мынандай түрлері енгізіледі: табыс салығы, ағымдағы жылдың республикалық  бюджетіне сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік сақтандыру және ықтимал  айналым жылына 1000 айлық есепті көрсеткіштен артқан жағдайда – қосымша құн  салығы. Берілген салық патенті онда көрсетілген жеке қызмет түрі мен  мерзіміне ғана жарамды болып  табылады. Оны басқа біреудің пайдалануына жол берілмейді.

Егер бұрын берілген салық  патенті республикасының барлық аумағына  жарамды болса, енді 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап берілетін  құжат сол патент берілгені ауданға  немесе қалаға ғана жарайды.

Сауда саласында салық  патенті дүңгіршіктері мен тұрақ  – жайлары, сондай – ақ базарларда арнаулы орны бар азаматтарға  ғана беріледі. Сөрелерде, автомашиналар  мен басқа орындарда сауда  – саттық жасайтын азаматтар Үкіметтің 1995 жылы 12 шілдеде бекіткен «Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар өткізу құқы үшін төлемдер түралы» ережеге сәйкес белгілі бір мөлшерде ақы төлейді.

Салық органдары «Қазақстан Республикасының аумағында салық  патенті негізінде жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізіміне» енбеген жеке кәсіпкерлік  қызметке қатысты азаматтарға салық  патенттерін бере алмайды. Жоғарыдағы талаптар бұзылған жағдайда кәсіпкерлер  салық заңына сәйкес жауапкершілікке  тартылады.

Тағы бір айта кететін  нәрсе, өндіріске қатысты берілген салық патенті, сонымен бір мезгілде кәсіпкердің жеке өндірген тауарларын өткізуге де құқық береді. Егер жеке кәсіпкер айналысуға бел бұған қызмет Қазақстан Республикасы Президенінің Заң күші бар «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Жарлығына сәйкес лицензиялауға жататын болса, онда салық патенті лицензия алғаннан кейін барып беріледі. Сондай – ақ өткізілетін тауарлардың сапа сертификаты мен оның шығу негізін дәйектейтін барлық құжаттар болуға тиіс.

 

    1.  Салық  саясатының  негізгі бағыттары

 

Қазақстандық бюджет республикасының  стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы  ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек  көкжиектегі салықтың – бюджеттік  аяны реформалаудың негізгі бағыттарына  салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін ендіру кіреді.

Сонымен қатар қазіргі  таңда Интеграциялық комитет  шеңберінде «арналған орны» дәйегі бойынша өзара сауда – саттықта қосалқы салықтарды алуға көшу жөнінде мәселелер жасақталынуда, бұл дегеніміз Кедендік одаққа мүше қайсы бір мемлекеттің ұлттық заңдары тағайындаған экспорт кезінде нөлдік мөлшерлемені пайдалануды, импорт кезінде іс – қимылдағы мөлшерлеме бойынша салық салуды білдіреді.

Бір мезгілде акциздік саясатты үйлестіру жөнінде  жұмыс ұйымдастырылды. Осы мақсаттар  үшін Кедендік одақтың серіктестері қолданатын акцизделуге жататын  тауарлардың біртұтас тізбесінің жобасы даярлануда және акциздік мөлшерлемелерді  жүйеге келтіру мәселелері шығарылуда.

Жуық арадағы  екі үш жылда мына жұмыстар ұйғарылып  отыр: мемлекеттік бюджеттің кірістерін болжамдаудың және шығыстарын ұтымдылаудың қазіргі заманғы әдістерін өндіру, мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен  тыс қорлар мен мемлекеттік кәсіпорындардың есепшоттарын үйлестіруді атқару; мемлекеттік қызметті көрсету шығындарын талдау жүйесін енгізу; бюджеттік ұйымдар мен қызмет көрсететін кәсіпорын арасындағы өзара қатынастардың келісім-шарттық жүйесіне аудару; міндеттемелер мен мемлекеттік бюджеттің  өтімділігін басқару жүйесін жасақтау және өндіру; аудиттің үлгерім жасақтау және бюджет ұйымдары қаражаттарының жұмсалуына ағымдық тексеру жүйесін енгізу; қазынашылықты жаңғырту мен компьютерлендіруді бітіру; есептемелік жүйесін жетілдіру; тендерлік негізінде мемлекттік сатып алу үрдісін өндіруді аяқтау.

Сондай -ақ бюджеттік жоспарлауға да көз қарасты өзгерту ұйғарылды. 1998 жылдан бастап бюджеттік бағдарламау тәсілдері ендірілді, яғни мемлекет бюджеті стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағдарланған.

Үкімет жергілікті басқару  органдарының қаржылық дербестігі мен  жауапкершілігін нығайту үшін республикалық  және жергілікті бюджеттер арасындағы тұрақты өзара қатынастардың  орнығуына едәуір көңіл бөлетін  болды.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Онда сан алуан деңгейдегі өкімет бюджеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері, әр түрлі деңгейдегі өкімет бюджеттер арасындағы кіріс базасын таратуда өкіметтің республикалық органдарының рөлі мен орны, жергілікті бюджеттер кірістерінің қаржылық теңестірілуінің дәйектері мен ұстындары, оларға қаржылық қолдаудың бөлінуі, шығындарды қаржылау аялары бюджеттерінің арасындағы ара-жіктер көрініс табуы тиіс. Сондай – ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарының құқықтары мен қаржылық мүмкіндіктері айқын белгіленгені жөн.

1998 жылдың ең маңызды  ерекшелігі сол, ол ең алдымен  Президенттің Қазақстан халқына  Жолдауында белгіленген негізгі  басымдықтарды жүзеге асыруға  және Үкіметке 1998 жылға арналған сегіз нақты тапсырмаларды шешуге бағытталады.

Осыған байланысты Үкімет 1998 жылы салық түсімдерін бұрынғы  жылға қарағанда 42 млрд теңгеге көбейту  үшін күш – жігер танытуда,оның 30 миллиардың салық заңдылығын реформалау есебінен және салықтың әкімгерлеудің  тиімділігін арттыру нәтижесінде  бюджеттердің кірістік базасын ұлғайтудан алу ұйғарылуда.

Өткен жылға салықты дер  кезінде төлеуді, акцизге жататын  өнімдерді өндіру мен өткізуден  бюджет қаражатының түсімін бақылау  тетіктеуін жетілдіру, тіркелмеген  салық төлеушілерді әшкерелеу жөніндегі  шаралар оңтайлы тиімділікке  жеткізуді және тек 9 айдың ішінде мемлекеттік бюджет кірістерінің өсуін абсолюттік мағынада 29,2 %-ті қамтамасыз етуге мүмкіндік берген, соның ішінде тиісінше жеке тұлғалардан табыс салығы бойынша – 33,4%, заңды тұлғалардан табыс салығы – 29 ,8%: акциздер бойынша – 45,1%.

1998 жылғы бюджеттік қаражаттарды  жұмсаудың негізгі басымдылығына  әлеуметтік сипаттағы шығындарды  ұтқырлы түрде қамтамасыздандыру,  зейнетақымен қамтамасыз ету  реформасын қолдау, ішкі және сыртқы борыштар жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді орындау және инвестициялық қызметке ықпал ету жатады3.

Республика бюджетінде әлеуметтік мұқтаждыққа 249,7 млрд теңге, яғни бюджеттің  шығыс бөлігінің үштен екісіне  жуығы қарастырылып отыр. Мемлекеттік  инвестиция бағдарламасының негізгі  мақсатына Президенттің Қазақстан  халқына жолдауында көрсетілген  стратегиялық басымдылықтарда сәйкес өндіріс пен тұрғындардың әл –  ауқатын өсіруге жайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымды дамыту кіреді. Бұл жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметке қатысты еліміздің тұрақты  әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару  мен кәсіби мемлекеттің ұтымды жүйесін  құру Президенттің Қазақстан халқына  арнаған Жолдауында белгіленген  ең маңызды стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады. Ағымдағы жылдағы  мемлекеттік басқару құрылымдарын реформалау мен ұтқырлау жөнінде  басталған түрленулерге байланысты мемлекеттік басқару органдарын ұстауға кететін шығындарды азайту көзделуде. Бұған үнем 1998 жылы 1,6 млрд теңгені құрауы тиіс.  Сонымен бірге Жолдауда сәйкес Ұлттық қауіпсіздік сөзсіз басымдықтардың бірі болып жарияланды, сондықтан 1998 жылдың мемлекеттік бюджетінде қорғаныс пен құқық қорғау органдарын ұстауға кететін шығындар орташа есеппен 20%-ке ұлғайтылды.

Информация о работе Салық саясатының мәні