Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 19:20, дипломная работа
Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Сапалық «нұсқау ережелер» және «жоғарыдан» түскен әдістемелер негізінде, сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай ары қарай жетілдіру мақсатына түседі.
Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69
Әр ұйымда негізгі құралдар пайдалану мақсатын қарай және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш бертеін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдықтар; көлік құралдары; құрал-саймандар; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көпжылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
- жер – ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып саналады;
- үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға,әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
- ғимараттар – енбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
- өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикилық энергияны өткізу қондырғылары;
- машинамен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттары, аспаптары, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
- күш беретін машиналар мен жабдықтар – жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары түрлі энергияны механикалық энергияға яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары;
- жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық;
- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлармен аппаратуралар;
- есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;
- басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық;
көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
- шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объект бола алады;
- жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
- көп жылыдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алғанады;
- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар;
- басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе кеткен нақты өдіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.
Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымның шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
Салық заңдарына сәйкес акционерлік қоғам негізгі құралдарды технологиялық жабдықтар және негізгі құралдардың жөндеуі деген топтарға бөле отырып негізгі құралдардың салықтық есебін ұйымдастырады [4].
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдікке өткеннен; басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсүі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі құраладарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да ұйымдарға берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған аудитор әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектілерге қатысты құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, аудитор қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін ұйым дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен ұйымның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ға дейінгі сомасы алынады.
Кесте 9 - Негізгі құралдар келіп түсүінің шоттар корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | ||
1 | Негізгі құралдарды кәсіпорын ішінде ауыстыру | 2411-2415 | 2411-2415 |
2 | Негізгі құралдар
басқа заңды немесе жеке тұлғадан
алынды:
|
2411-2414 1420 |
4110 4110 |
3 | Құрылтайшылардың кәсіп-орын жарғылық қорына салған салымдарына салған негізгі құралдары кіріске алынды | 2411-2415 |
5020 |
|
Негізгі құралдар
серіктестік, туелді және бірлесіп бақыланатын
кәсіпорындар-дан алынды:
|
2411-2414 1420 2411-2414 |
3320,3330,3340 3320,3330,3340 2421-2423 |
5 | Тегін алынған
негізгі құралдар кірістелді:
|
2411-2414 2411-2414 |
6130 2421-2423 |
6 | Түгендеу барысында
есепке алынбаған негізгі құралдар
анықталды:
|
2411-2414 2411-2414 |
6130 2421-2423 |
7 | Кәсіпорынның
өзі дайындаған негізгі құралдары:
|
2411-2414 2411-2414 |
8011 8031 |
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екінші данасы тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалынады. Негізгі құралдарды басқа ұйымдарға сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші ұйымда қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалынады.
Бұл мүліктерді бір карточкада есепке алуға рұқсат етіледі.
Бұл мүліктік карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметері қайталанбайды. Негзгі құралдарды басқа ұйымға тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің ұйым ішінде орын ауыстыру кезінде “Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі” ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға “Негізгі құрал объектілерін есептен шығару актісі” негіз бола алады.
Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін “Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері” негізінде жазылады. “Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы” бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштерімен шектеліп, оған қатысты маңыдзы құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілердің тобына тұтастай береді [11].