Узак мерзімді активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 19:20, дипломная работа

Описание

Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Сапалық «нұсқау ережелер» және «жоғарыдан» түскен әдістемелер негізінде, сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай ары қарай жетілдіру мақсатына түседі.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Работа состоит из  1 файл

№ 216 узак мерзимде -диплом.doc

— 565.50 Кб (Скачать документ)

қатынасы

     

2.4 Басқа да

 

     

     

     Гудвилл

 

     

 
 
 
 

3 Кәсіпорыннан  да,

жеке  тұлғадан да

(индивидуалдық)  бөліп қарауға болатын материалдық емес

активтер

 

3.1Фирмалық маркілері мен

белгілері

 

3.2 Лицензия мен

патентер

     

3.3 Сатуға, жалдауға

жасалған  контрактілер

     

3.4 Жаңа техноло-

гияның  ноу-хауы

     

3.5 Жерді және суды

пайдалануға берілетін

құқығы

 
 
 

     4 сызба- Материалды емес активтер

 
 

     Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста),  кәсіпорынның болшақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланыста анықталған бағасына сатылатыны немесе  сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайына пайда болатын заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құны оның балансындағы активтернің асып түсуі « фирма бағасын» құрайды.

     Демек, кәсіпорын өзінің баланстық құнынан  артық бағаға сатылуы оның біршама  үстемдігі ( артықшылығы) бар болғандығынан.

     Олардың ішіндегі ең айыршысы, ерекше тиымды  жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік ритингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылы, жабдықтаушылықтармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, тағы басқа гудвилл кәсіпорынның бүкіл қызметінің барысында жоғары келтірілген факторларға сәйкес тұрақты түрде қатысып отырғандығын, бірақ ол есеп беруде тек кәсіпорынды сатқанда ғана  көрініс табатындығын көреміз. Дегенмен де, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның өз табысын бағалаумен, тікелей байланысты болып келеді.

     Гудвиллді анықтаудың мысалы: «Тұлпар» ЖШС –тігі «Виста» ЖШС-гін 2200 мың тенге сатып алды делік. Сатып алынғанға дейін кәсіпорынның балансының көрсеткіштері мынадай болған.

 

     «Тұлпар»  ЖШС бухгалтерлік балансы

 
Баланс  баптары Сатып алынған  кезеңдегі

мәліметі, мың теңге

Ұзақ  мерзімді активтер 3 000
Ағымдағы  активтер 2 000
Ақша  қаражаттары  2 500
Активтердің жиыны 7 500
Меншік  капиталы 4 000
Ұзақ  мерзімді міндеттемелер  2 000
Ағымдағы  міндеттемелер 1 500
Меншік  капиталы мен міндеттемелердің

 жиыны

7 500
 

     «Виста» ЖШС бухгалтерлік балансы

 
Баланс  баптары Сатып алынған  кезеңдегі

мәліметі, мың теңге

Ұзақ  мерзімді активтер 2 200
Ағымдағы  активтер 1 500
Ақша  қаражаттары  500
Активтердің жиыны 4 200
Меншік  капиталы 1 400
Ұзақ  мерзімді міндеттемелер  2 000
Ағымдағы  міндеттемелер 800
Меншік  капиталы мен міндеттемелердің

 жиыны

4 200
 

     «Тұлпар» ЖШС-нің сараптаушылары «Виста»ЖШС-нің активтері мен міндеттемелерін тексеріп, оның нақты нарықтық бағасын шығарды. Ол мынадай болды:

 
Баланс  баптары Сатып алынған  кезеңдегі

мәліметі, мың теңге

Ұзақ  мерзімді активтер 5 200 (3 000+2 200)
Гудвилл 800
Ағымдағы  активтер 3 500 (2 000+1 500)
Ақша  қаражаттары  800 (2 500-2 200+500)
Активтердің жиыны 10 300
Меншік  капиталы 4 000
Ұзақ  мерзімді міндеттемелер  4 000(2 000+2 000)
Ағымдағы  міндеттемелер 2 300(1 500+800)
Меншік  капиталы мен міндеттемелердің

 жиыны

10 300
 

     Негізгі құралдардың жіктелуі. Жалпы негізгі  құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт  бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелінген амортизациялық аударым мөлшерінеде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашалық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 –шы «Негізгі қорлар (құрал жабдықтардың) есебі» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандарттына сәйкес жүргізіледі.

     «Негізгі  құралдарға»- қозғалмайтын мүлік, жер  учаскілері, үйлермен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналармен жабдықтар, өлшеуіш  және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машингалары  мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың  ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

     Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көпшілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір  жылдан аспайтын өндіріс негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъестісін қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтармен машиналар күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік емес болып екі топқа  бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар - деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланытын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдалынылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй жай (коммунальдық) шаруашылығында денсаулық сақтау, әлеументтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын  негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы тасымалдау, байланыс, құрылыс материалдар-техникалық жабдықтау және сату өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсетті және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

     «Негізгі  құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде  олардың қатысумен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған   жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

     Егер  шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың  бәрі тек қана субъектінің негізгі  шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

     Мысалы: өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі  өнеркәсіп өнімдерін өндіру процессіне тікелей байланысты негізгі құралдардың  барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп  саласына жатады.

     Егер  шаруашылық субъектнің балансында осы субъектінің негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістер мен бөлімшелерімен болса, онда  осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы, қызметі түріндегі топқа жатады.

     Шаруашылық  субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары  халық шаруашылығының, тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады. Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

     а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары);

     ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды  қоймалар, эстокадаяар, скважаяар, т.б.);

     б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары);

     в) машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, манометрлер, таразылар, кассалық аппараттармен тағы басқалары);

     г) тасымалдау құралдары  (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл  көліктер , көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және т.б. )

     ғ) құрал-саймандар жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы да басқа негізгі құралдар);

     д) шаруашылық құрал- жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер, тағы да басқалары);

     з) жер (шаруашылық субъектінің сатып  алған жер көлемінің құны);

     и) жерді жақсартуға (өңдеуге)  жұмсалған  күрделі шығын;

     к)  басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары).

     Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде  екендігіне қарай меншіктік, шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша  жалға алынған болып екіге  бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы 001-«Жалға алынған негізгі құралдар»- деп аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін  және сақтауда тұрған - деп үш топқа бөлінеді.

     Жұмыс істемейтін өндіріс процессіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

     Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың  қатарына тоқтатылған белгілі себептермен  басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған, басы артық жабдықтар жатады. Сақтауға тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты  істен шығатын   негізгі құралдардың орынына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады. Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді.

     а) негізгі құралдар;

     ә) тауарлы –материалдық қорлар;

     б) қаржылық инвестициялар.

     Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын  өзінің пайдалануы мақсатында сатып  алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы материалдық қорлар құрамында есептелігнеді. Шаруашылық субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

 

      2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

     2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы

 

     «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестік  өндірістік ұйым оның мүшелерінің мүлік және жер түріндегі үлестерін біріктіру негізінде құрылған.

     Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар мен өкілдіктер құралады. Еріктілік негізінде Қазақстан аумағында және одан басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге одақтарға кіруге, басқа заңды тұлғалар қатысушы болуға құқылы.

Информация о работе Узак мерзімді активтер