Узак мерзімді активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 19:20, дипломная работа

Описание

Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Сапалық «нұсқау ережелер» және «жоғарыдан» түскен әдістемелер негізінде, сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай ары қарай жетілдіру мақсатына түседі.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Работа состоит из  1 файл

№ 216 узак мерзимде -диплом.doc

— 565.50 Кб (Скачать документ)

     Серіктестіктің  мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда ұйым мүшелері оның міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиялық) жауапкершілікке ие болады

     Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс  алу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

     - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, дайындау және сату;

     - мал шаруашылығы;

     - көкөніс өнімдерін өсіру;

     - астық өнімдерін, май шығару  өнімдерін өсіру;

     - қоғамдық тамақтандырудан ұйымдастыру;

     - құрылыс жүргізу;

     - көтерме-бөлшек сауда;

     - сыртқы экономикалық қызмет;

     - сатып алу, делдалдық қызмет;

     Қазақстан Республикасы заңдарында тиым салынбаған басқа қызмет түрлері:

     - серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері;

     - серіктестіктердің мүшелерінің мүліктік үлестері;

     - серіктестіктің қызметінен алынған табыстар;

     - Қазақстан Республикалық заңдары тиым салмайтын басқа көздер;

     - серіктестік мүліктік үлесі 19889880 теңгені құрайды.

- серіктестіктің меншігінде мүлік оның мүшелерінің пайларына бөлінеді.

     Пай серіктестік мүшесінің серіктестік мүлкіндегі және жер учаскесі болып табылады. Жер пайлары серіктестікке пайдалану құқығы ретінде ғана беріледі.

     Серіктестік мүшелерінің мүліктегі үлестері пайыздық түрде есептелінеді.  Мүліктік жарналар серіктестіктің бастапқы қорын құрайды және оны құру мен қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығындарды жабуға арналады. Серіктестік жаңадан қабылданған мүшелерінің жарналарының мөлшері серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен айқындалады.

     Серіктестік мүліктік жарна, ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы, ақыл-ой меншігіне және басқа мүлікке құқықты болуы мүмкін.

     Серіктестік жоғары органы оның мүшелерінің жалпы  жиналысы болып табылады.

     Серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысының айырықша күзіретіне:

  1. Серіктестік жарғысын өзгерту.
  2. Атқару, ревизия органдарын 1жыл мерзімге құру және олардың мүшелерін мерзімінен бұрын алып тастау.
  3. Серіктестіктердің қорлары мен резервтерінің түрлері мен мөлшерін және оларды пайдалану бағыттарын белгілеу.
  4. Серіктестіктердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін серіктестіктердің лауазымды адамдарының оның мүшелерінің және жалданған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу туралы ережелер және серіктестік басқа ішкі актілерін қабылдау және өзгерту.
  5. Серіктестік филиалдары мен өкілдерін құру, шаруашылық серіктестерін құру мен оларға мүше ретінде кіру.
  6. Қосымша пай жарналарын енгізу туралы мәселелерін шешу.
  7. Серіктестік мүшелеріне қабылдау және шығару.
  8. Серіктестіктің қаржылық есебін және бухгалтерлік балансын бекіту және таза табысты бөлу.
  9. Тексеру комиссиясының есебін бекіту.
  10. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдау.

     11) Серіктестік басқармасының (төрағасының) есебін тыңдау жатады.

     Басқарма  өз шешімдерін үнемі өткізіліп тұратын отырыстарда қабылдайды.

     Серіктестіктің әрбір мүшесі оның қызметіне жеке еңбек үлесін қосуға міндетті. Серіктестіктің мүшесінің жеке еңбек үлесінің сипаты мен тәртібінің жалпы жиналыста айқындайды және жалпы жиналыстың хаттамасымен рәсімделеді.

     «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі.

 

Кесте 1- «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қорытынды есебі

     (мың  тенге есебімен)

Көрсеткіштердің аталуы      табыстар      шығындар
2009 2010 2009 2010
Өнімдерді (жұмыстар, қызметтер)

 сатудан түскен табыс

3060107 282860              
Сатылған өнімдердің (жұмыстар,

 қызметтер)  өзіндік құны

              276038 242949
Жалпы табыс 30979 39911              
Есепті кезең  шығындары,барлығы

-Жалпы  және әкімшілік

шығындары

-Сату жөніндегі шығындар

-Пайыздық  шығындар 

              14602

5257

9345

-

20100

7236

12864

-

1-ші кестенің  жалғасы

Негізгі қызметтен  түскен табыс  16377 19811              
Негізгі қызметке жатпайтын табыс 3033 3555              
Салық салынғанға дейінгі табыс 19410 23366              
Табыс салығы жөнінегі шығындар               2538 3055
Салық салығынан  кейінгі табыс 133702 201290              
Төтенше жағдайдан  шеккен зиян - -              
Таза табыс (зиян) 133702 201290              
 

     Серіктестіктің  қаржы және шаруашылық қызметінің нәтижесі жоғарыдағы кестеде көрсетілген. Өнімдерді өткізген (сатудан) түскен табыс 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 3060107 мың теңгеден 282860 мың тегеге дейін төмендеген. Оның басты себебі өндіріс көлемінің азайтқанымен байланысты болып отыр. Сатылған өнімдердің өзіндік құны өндіріс көлемінің азайғанына байланысты 242949 мың теңгені құрайды, яғни 12 пайызға 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы төмендеген. Жалпы табыс 2010 жылы 39911 мың теңге 2009 жылмен салыстырғанда 8932 мың теңгеге көбейген.

     Есепті  кезең шығындары үлкен мөлшерде қалып отыр. Ол 2010 жылы 20100 мың теңге болып, 5498 мың теңгеге немесе 37%, 2009 жылмен салыстырғанда жоғарылап отыр. Бұл шығындардың басым көпшілігі, жалпы және әкімшілік шығындардың үлесінде, яғни 2010 жылы 7236 мың теңге болса, 2009 жылы 5257 мың теңгені құрап отыр.

     Шығындардың қалған бөлігі сатуға байланысты шығындар ол 2010 жылы 12864 мың теңге болса, 2009 жылы 9345 мың теңге болған немесе 16109 мың теңгенің көлемін құрап, 37% жоғарлаған. Негізгі қызметтен түскен табысқа келетін болсақ, (жалпы табыс пен есепті кезең шығындарының айырмасы) бұл көрсеткіш 2010 жылы 19811 мың теңгені құраған, 2009 жылмен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Негізгі қызметке жатпайтын табысқа келетін болсақ, ол негізгі құралдарды жалға беруден және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерден түскен табыстардан құралған, оның көлемі 2010 жылы 3555 мың теңге болса, 2009 жылы 3033 мың теңгеге немесе 17%,-ға өскен. Салық салынғанға дейінгі табыс 2009 жылы 19410 мың теңгені құраған болса, 2010 жылы 23366 мың теңгеге дейін өсіп 20% көтерілген.

     Таза  табыстың көрсеткіші ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Белгілі кезеңде түскен пайданы қандай көздермен қызметтерден қалыптасқандығы жөніндегі мәліметтерді толығымен қамту үшін жасалынатын қорытынды есептің бұл түрінің атқаратын рөлі зор.

     Жауапкершілігі  шектелген серіктестік «Дарынның», «табыстар мен шығындар» жөніндегі  қорытынды есебіне  талдау жасай келіп, бұл ұйымның бірқалыпты ұтымды жұмыс істеу барысында, ауылшаруашылығын өнімдерінен табыс алып отырғаны белгілі болып отыр.

     Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беруі халықаралық қаржылық есептіліктің №1 „Қаржылық есептілікті ұсыну” –деп аталатын стандартында және Қазақстан Республикасының 2010-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  -деп аталатын №234-III заңының негізінде дайындалып  Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 21-маусым 2008-жылғы №217 бұйрығымен бекітілген №2 Ұлттық қаржылық есептілік –деп аталатын стандартында қарастырылған. «Дарын» ЖШС -ның қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі “қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері” кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:

     Актив айнылымдылығы = негізгі құралдардың  орташа жылдық құны/өндірілген өнім көлемі

     Қор сиымдылығы = негізігі құралдардың орташа жылдық құны/өнімді өткізуден түскен табыс

     Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден  түскен табыс/негізгі құралдардың  орташа жылдық құны

     Сату  рентабелділігі = Таза табыс/өнімді өткізуден  түскен табыс 

     Активтердің рентабелділігі = Таза табыс/активтердің жалпы орташа құны*100%

 

     Кесте 2 - «Дарын» ЖШС - ның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

 
Көрсеткіштер Өткен жыл (2009ж) Есепті 

жыл (2010ж)

Ауытқулар
Сомада %
1 Өткізуден (сатудан) түскен табыс (мың.тг) 299862,2 382993,31 +83131,11 28,0
2 Өнімнің өзіндік  құны (мың.тг) 291463,4 371550,29 +80086,89 27,0
3 Салық салынғанға дейінгі табыс (мың.тг) -23667,1 -47237,18 -23570,08  
4 Таза табыс (мың.тг) -23667,1 -47237,18 -23570,08  
5 Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны (мың.тг) 236111,97 245508,53 +9396,56  
6 Қор қайтарымдылығы (мың.тг) 1,27 1,56 0,29 23,0
7 Қор сиымдылығы (мың.тг) 0,30 0,001 0,299 11,1
8 Сату табыстылығы (рентабелділігі), %  0,0006 0,004 0,0034 6,4
9 Активтердің пайдалылығы (рентабелділігі), % 0,0004 0,005 0,0046 12,5
 

     Мұндағы көрсеткіштер қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп  отырғанымыздай 2010 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2009 жылы 291463,4 тг. болса, 2010 жылы 371550,29 тг. болған.

     2010 жылы сатудан түскен табыс 382993,31 тг. болып, өнімнің өзіндік құны 371550,29 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған  байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жоғарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шығындар мөлшері де көп.

     Сондықтан ұйым корпоративтік табыс салығын  төлемейді. Өйткені салық салынғанға  дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг.). Жалпы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2009 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993,31 тг. болса 2009 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы (+83131,11 тг.) болды. Мұнда көріп отырғанымыздай өткен жылмен салыстырғанда сату мөлшері (+83131,11 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны (+80086,89 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. Яғни, мұнда әсіресе кезең шығындарының үлесі артып отыр.

     Ұйымның есепті жылғы, яғни 2010 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2009 жылы 3491636 тг. болса, 2010 жылы 12766806 тг. жоғарылаған. Бөлінбеген пайда 2009 жылы (-48424407 тг.) ал, 2010 жылы (-93598568 тг.) құраған. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір  дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Ұйым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз – бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2009 жылы  79448 тг. , 2010 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық “мезгіл дефицитін” кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады [6]. 

Информация о работе Узак мерзімді активтер