Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 04:50, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы ......................................4
1.1 Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері ...................................................4
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану
тарихы .....................................................................................................................5
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон ...................................
2.Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері.................10
2.1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері................16
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы ..........................................20
2.3 Республика аумағындағы ұлттардың қоныстану ерекшеліктері ...............24
3 Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері.....................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............
3.2 Ұлттар арасындағы келіспеушілік жағдайларының алдын-алу ................32
3.3 Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты ..............................................................34
Қорытынды............................................................................................................38
Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі .......................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Диплом ҚР этност..doc

— 381.00 Кб (Скачать документ)

Ф.4-78

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министірлігі

Павлодар мемлекеттік  педагогикалық институт

  •  

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Қазақстан Республикасының  этноұлттық географиясы

     

    ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Павлодар

    2009

     

     

    АҢДАТПА

     

    Бұл дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы қарастырылған.

    Жұмыстың негізгі мақсаты: этникалық топтар географиясын анықтай- тын географиялық ерекшеліктер анализі  негізінде Қазақстан Республикасы халқы- ның қалыптасу және орналасу факторларын айқындау болып табылады.

    Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланған  әдебиеттер тізімінен және қосымша  материалдардан құралған. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері белгіленген. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасындағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы, екінші тарауда еліміздегі ұлттардың қалыптасу ерекшеліктері және де үшінші тарауда этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері сипатталып, қорытынды бөлімінде жеткен нәтижелері және ұсыныстары баяндалған.

    Бұл жұмыстағы мәліметтерді жоғарғы оқу орындарында, колледж, лицей, гимназияларда, орта білім беру мектептерінде Қазақстан Республикасының география курсын оқыған кезде пайдалануға болады.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    АННОТАЦИЯ

     

    В данной дипломной работе  рассматривается национальный состав Республики Казахстан.

    Цель дипломной работы: На основе географических особенностей формирования и размещения народов  Республики Казахстан выявить факторы, определяющие географию этнических групп.

    Дипломная работа состоит  из введения, из трех глав, заключения и списка использованных литератур.

    Введений рассматривается  актуальность, цели и задачи дипломной  работы. В первой главе рассматривается формирования нации и национальностей, во второй главе  - особенности размещения нации, в третей главе этнонациональные отношения, а в заключении выводится мысль по дипломной работе в целом.

    Данные дипломной работы можно использовать в высших учебных  заведениях, в колледжах, в лицеях, в гимназиях и в средних  учебных заведениях  Республики Казахстан на курсах географии.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    THE SUMMARY

     

    In the given degree work the national structure of Republic Kazakhstan is considered.

    The Purpose of degree work: On the basis of geographical features of formation and accommodation of people of Republic Kazakhstan to reveal the factors defining geography of ethnic groups.

    Degree work consists of introduction, from three chapters, the conclusion and the list of the used literatures.

    Introductions the urgency, the purposes and problems of degree work is considered. In the first chapter it is considered formations of the nation and nationalities, in the second chapter - features of accommodation of the nation, in thirds to chapter ethno national attitudes, and in the conclusion the idea on degree work as a whole is deduced.

    Data of degree work it is possible to use in higher educational institutions, in colleges, in lice, in grammar schools and in average educational institutions of Republic Kazakhstan on rates of geography.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мазмұны

     

    Кіріспе …................................................................................................................3

    1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы ......................................4

    1.1 Этнос, ұлт, ұлыс  пен диаспора түсініктері ...................................................4

    1.2 Қазіргі Қазақстан  аумағындағы этникалық топтардың  қоныстану 

    тарихы .....................................................................................................................5

    1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон ...................................9

    2.Қазақстан Республикасындағы  ұлттардың таралу ерекшеліктері.................10

    2.1 Ел халықтары демографиялық  көрсеткіштерінің ерекшеліктері................16

    2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы ..........................................20

    2.3 Республика аумағындағы  ұлттардың қоныстану ерекшеліктері  ...............24

    3 Этноұлтаралық қарым-қатынас  мәселелері.....................................................29

    3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............29

    3.2 Ұлттар арасындағы  келіспеушілік жағдайларының алдын-алу  ................32

    3.3 Қазақстанның ұлттық  ішкі саясаты ..............................................................34

    Қорытынды............................................................................................................38

    Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі .......................................................................40

    Қосымша А ........ ...................................................................................................44

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    НОРМАТИВТІ  СІЛТЕМЕЛЕР

     

    Берілген дипломдық  жұмыста келесі стандарттарға сәйкес сілтемелер қолданылған:

    ГОСТ 2.105-95 ЕСКД. Общие требования к текстовым документам;

    ГОСТ 2.301-68 Формат

    ГОСТ 7.1-84 Библиографическое  описание документов;

    ГОСТ 7.32-2000 Отчет о  НИР. Структура и правила оформления;

    ГОСТ 8.417-81 Единиы физических величин;

    ГОСТ 7.9-95 (ИСО 214-76) и ГОСТ 7.32-91 «Реферат и аннотация»;

    ГОСТ 2.106-96 «Текстовые документы»

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Қысқартылған сөздер

     

    Жж.- жылдар

    Қ.Р. – Қазақстан Республикасы

    ғ.ғ. – ғасырлар

    ш.ш.  шаршы шақырым 

    б.з. – біздің заманымызға 

    б.э.б.-  біздің эрамыздан  бұрынғы

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    КІРІСПЕ

     

    Қазіргі кездегі Қазақстандағы  жағдайдың ерекшелігі, оның территориясында  бейбітшілікте 130-дан астам ұлт  өкілдерінің өмір сүріп жатқандығында. Мемлекетіміздегі негізгі саны жағынан  көп этностар: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар. Бүгінгі күні жергілікті ұлт саны өсуде, мұның басты себебі, табиғи өсіммен қатар, өзге этностардың өкілдерінің өз тарихи отандарына көшіп кетуімен да байланысты. Мұндай әралуандылық рухани-адамгершiлiк құндылықтар- дың қайнар көзi бола отырып, белгiлі бiр мәселелерді туындатады.  Үйлесiмдi этносаралық өзара қатынастарды дамыту Қазақстанның ішкі және де сыртқы саясатымен тығыз байланысты. Егеменді мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін және этникалық бірегейлігін сақтау арқылы халықтардың бірлесу — Еуроазиялық кеңістікте бейбіт дамудың бірден-бір парасатты және өркениетті жолы болып табылады. 

    Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаев белгiледi: "...Ұлтаралық бiрлiк баршамыздың  қауiпсiздiгiмiздiң, тұрақтылығымыздың, Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының негiзi әрi азаматтық және жалпы ұлттық келiсушiлiктi сақтау болып табылады және елдегi бейбiтшiлiк пен тыныштылықты қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының дүниежүзiндегi 50 бәсекеге жарамды елдердiң санына кiру үрдiсi болып жатқанда бұл бағыттағы жұмыс өзектi...".

    Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.

    Дипломдық жұмыстың міндеттері:

    • Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
    • Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
    • Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;

    Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазiргi таңда, жаһандану кезеңiнде әр түрлi нәсiлдердiң, этностардың және ұлттардың адамдары арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесi аса өткiр мәселелердің бірі болып табылады. Нәсiлдiк, этникалық, ұлттық кемсiтушiлiк мәселесi ешқашан жоғалмай, қандайда бiр тарихи уақыт кезеңiнде қалыптасқан саяси, әлеуметтiк-экономикалық жағдайына байланысты белгiлi бiр дәрежеде әрқашанда болған. Ұлттардың аймақтар бойынша әркелкі орналасуы.

    Дипломдық жұмыстың практикалық ғылыми мәні: Дипломдық жұмыс Қазақстаннның этноұлттық географиясы жайында, бұл жұмыста алынған мәліметтерді, карталарды, диаграммаларды, кестелерді мектептерде, лицейлерде, жоғарғы оқу орындарының география мамандығы студентеріне ұсынуға болады.

    Тақырыптың  жаңалығы:Қазақстан Республикасы ұлттарының қоныстану ерекшеліктерін, ұлттық құрамын және ұлттардың аймақтар бойынша әркелкі таралу факторларын анықтау.

    Зерттеу нысаны:

    • Қазақстан республикасы ұлттарының қоныстану ерекшеліктері бойынша зерттеу.

    Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: Барлық экономикалық – географиялық зерттеулерде уақытша талдау қолданылады. Дипломдық жұмыс барысында негізгі қолданылған әдістер келесілер:

      Тарихи әдіс халықтың пайда болуы,  құрылуы, дамуынан тұрады. Бұл әдістің көмегімен географиялық ортаның, шаруашылықтың, халықтың қоныстануының және территорияның өзгерістерін қарастыруға мүмкіндік туады. Сондықтан әлеуметтік географиялық зерттеулерде дамудың тарихынан, яғни пайда болуынан басталады.

    Географияда кеңінен  қолданылатын келесі әдісі, ол салыстырмалы әдіс. Елдердің, аудандардың, шаруашылығының және де халықтың дамуын зерттейді. Зерттеу объектілеріне әсер етуші факторларды  анықтайды.

    Әдеби әдіс географияда  кеңінен қолданыс тапты. Бұл әдіспен  кез келген зерттеуші жұмыс жасайды. Себебі өзінің тақырыбын зерттеу  барысында әдебиеттерді толығымен пайдалану қажет.

    Математикалық әдіс экономикалық географияда жиі қолданылады. Стаистикалық мәліметтерді пайдалану, оларды өңдеу  осы әдіске жатады.

    Картографиялық әдіс зерттеу объектіне карталарды пайдаланумен сипатталады. Бұл әдіс келесі кезеңдерден тұрады. Біріншісі мәліметттерді өңдеу және карталарды жасау; алынған мәліметтерді қорытыдыда, ұсыныстарда және болжамдарда пайдалану.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1 Қазақстандағы ұлттар  мен ұлыстардың қалыптасуы 

     

     

      1. Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері

    Этнос гректің «etnos» - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс», «ұлт» ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, «халық» сөзінің «бір топ адам» деген мағынасы бар екені белгілі. Көрнекті тарихшы –этнограф Лев Гумилев: «Этнос дегеніміз – жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік ортаның бірлігінде жатқан салт-дәстүрі,тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы» деген анықтама берген.[1;2]

    Этнос термин ретінде б.з.б. Грекияда қалыптасып, алғашқыда «тайпа, шығу тегі грек емес халық» деген мағына берді. Қазіргі таңда этносқа өзіндік жалпы белгілерімен ерекше мәдениеті, психологиясы, тілі, сонымен қатар өз қауымы мен атауын сезінетін белгілі бір аумақта тарихи тұрғыдан қалыптасқан адамдардың тұрақты био-әлеуметтік қауымдастығы ретінде баға берілген.

    Диаспора (грек сөзі – «diaspora» шашырау, бытырау) деп ұлттың атажұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін бір бөлігін айтады. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарын репатрианттар деп атайды.

    Диаспора термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты ІІ Навиходоносордің, одан соң б.з. І-ІІ ғасырда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударғаннан кейін қолданыла бастаған. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этникалық рухани топ болып табылады да әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылықтық байланыста болуға тырысады.

    Ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады.

    Ұлт және этнос ұғымдары біріне – бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Ұлттың этностан айырмашылығы, ұлттар этностық белгілеріне қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Ұлт дегеніміз «этнос» негізінде пайда болатын әлеуметтік қауымдастық. Ұлттық белгілер этнос белгілерінен туындайды.

    Информация о работе Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы