Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 04:50, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы ......................................4
1.1 Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері ...................................................4
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану
тарихы .....................................................................................................................5
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон ...................................
2.Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері.................10
2.1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері................16
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы ..........................................20
2.3 Республика аумағындағы ұлттардың қоныстану ерекшеліктері ...............24
3 Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері.....................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............
3.2 Ұлттар арасындағы келіспеушілік жағдайларының алдын-алу ................32
3.3 Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты ..............................................................34
Қорытынды............................................................................................................38
Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі .......................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Диплом ҚР этност..doc

— 381.00 Кб (Скачать документ)

Біз болған оқиғалардан  тағылым алуымыз керек. Ұлттық саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстан  халқының ұлттық құрамын және жеңіл  де оңай өте қоймаған оны құрудың  процесін ескеруіміз керек. Сарапшылардың бағалауы бойынша, шаруалық отарлау барысында революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам келген. Ұжымдастыру кезінде КСРО-ның орталық аудан- дарынан Қазақстанға 250 мың конфискеленген шаруалар жер аударыл-ды. Соғыс алдындағы жылдарда өнеркәсіп қүрылысы үшін елдің барлық түкпірлерінен, әсіресе еуропалық бөлігінен 1 миллион 200 мың адам көшірілді.

Қазақстанға әр жылдарда 800 мыңға таяу немістер, 18,5 мың корейлердің  отбасы, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ халықтарының 507 мың өкілдері зорлықпен көшірілді. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқа да халықтардың өкілдері Қазақстанға өз еркімен келген жоқ.

Халықтарды күштеп көшірудің  салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс кезінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мүның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жүмыс күшін "үйымдастырып жинауын" және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде. Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есепптемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40-50 жылдың ішінде келді. Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің қасіретті салдарынан бір жарым мнллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге оралмастан көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейін. 1930 жмлы республикада 5 миллион 873 мың адам түратын. Сонша адам осында көшірілді. Ал 1933 жылға қарай халыктың саны 2 миллион 493 мың адамға кеміп кетті.

XX ғасыр казақтарды  өзінің Отанында азшылыққа айналдырған қайғылы оқиғалардың ғасырына айналғаны үшін қазақтардың еш кінәсі жоқ. Сондықтан бүгінгі танда осы халықтың мемлекеттікке деген құқына күмән келтірушілер оиың қасіретінің тереңдігін білмейді немесе білгісі келмейді. Қазақ ұлты басқа қай үлтпен салыстырғанда да мемлекеттікке лайық екеніне сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен көз жеткізіп отыр. Біздің республикамызға өз еркінен тыс келгендер де кінәлі емес. Сондықтан қазіргі көшіп-қонудың себебі экономикалық проблемаларда ғана емес, сонымен бірге күштеп көшірілген орыстардың, украиндардың, белорустардың, немістердің және басқа халықтардың ұрпақтарының тарихи отанына оралуды қалайтынында, ұлттық мемлекеттік құрылысына қатысуға деген ынтасында жатыр. Осындай бірегей сан ұлттығы бар (оның үстіне мүның исгізінде көптеген халықтардың қасіреті жатыр). Қазақстан бірін-бірі қырып жатқан ТМД елдеріндегі біздің жақын коршілеріміздің қайғылы жағдайына жол берген жоқ.

Ұлттық мәселені шешуде үш тәсіл бар. Біріншісі — кейбір елдер ұлты басқа халықты «күштеп көшіру» саясатын жүргізуінде. Бұл көшіп келген халықты туысқаншылықпен қарсы алған қазақ халқына ешқашан тән болған емес. Бір халықтың екінші халыққа қоятын кез келген талаптары еш мағынасыз және өзінің салдары бойынша қауіпті деп ойлаймын. Тайталасу жолы орасан зор сілкініске және сан мыңдаған адам құрбанына әкеліп соғады. Екіншісі — ұлттық мәселеге жалпы мән бермеу, сөйтіп, бұл проблемалар өзінен-өзі шешіледі деп сену. Біз үшін үшінші, ең сенімді жол қалып отыр. Біз көп еңбекті және тынымсыз жұмысты талап ететін осы жолмен келе жатырмыз. Бұл — түйісу нүктелерін, халықтар арасындағы келісім мен сенім аймақтарын кеңейту жолы. Біз келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз ешқашан міндеттерді шеше алмаймыз. Біздің басты бағытымыз мәмілеге келу және біріктіретін бастауларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтардың дамуына негізделуге тиіс. Біздің қоғамды біріктіретін тұтқалардың бірі Қазақстан халықтарының Ассамблеясы болуға тиіс. [37;11]

Қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық  келісімді қамтамасыз ету басты міндет. Біз әрқашанда сақ болып, алуан түрлі саяси жымысқы әрекеттер ұлтаралық қана емес, сонымен қатар ішкі ұлттық жанжалдарды туғызатын нақты қауіптің бар екенін әрқашанда ұмытпауымыз керек. Өйткені қазіргі қасірет-әсердің көп жағдайда ұлттардың өз ішіндегі бөлінуіне тікелей байланысты екенін көріп отырмыз. Түрлі кландардың, аймақтық топтардың арасында күрес кейбір ұлттардың өзін-өзі қырып жатқан соғыстарға әкеліп отыр. Байқаушылардың көзқарасы бойынша, бұл қазір Ауғанстан, Тәжікстанда және басқа кейбір елдерде болып жатыр. Белгілі бір белгілері бойынша біздің халқымызды бөлгісі келетіндерге бүкіл халық сайланатын Президент ретінде мүндай әрекеттерге батыл да сенімді түрде тойтарыс беретінімді мәлімдеуге тиіспін.

Ұлт саясатының негізгі элементтерінің бірі басқа үлттардың дамуы үшін барлық жағдайды жасай отырып, қазақ ұлтының мәдениетін нысаналы түрде дамыту екенін мемлекет басшылығы айқын түсініп отыр. Небір қатал сын-дарды бастан кешкен қазақтар бүл үшін басқа халықтарға кінә таққан жок, әрі өзінің ұлттық кеңпейілділігін, сенімі мен достыққа адалдығын да сақтап қалды. Бүл еліміздегі ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығының негізі болып отыр.

Сонымен, Қазақстанның ішкі мәселелермен, соның ішінде ұлттық мәселелермен Қазақстанның сыртқы саясаты тығыз байланысты Егеменді мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін және этникалық бірегейлігін сақтау арқылы халықтардың бірлесу — Еуроазиялық кеңістікте бейбіт дамудың бірден-бір парасатты және өркениетті жолы.[50;6]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дипломдық жұмыстың маңызы оның территориясында бейбітшілікте, ынтымақтастықта, бірнеше ұлттардың өмір сүруінде. Жұмыс барысында алынған статистикалық мәліметтерді, суреттерді, кестелерді Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына, гимназияларды, мектептерде география курсында қоладануларына болады.

Қазақстан Республикасында  ұлттардың қалыптасу тарихын  зерттей келе мынадай қорытынды  жасауға болады. Бүгінгі таңда мемлекетімізде тұратын орыс, украин, белорус, поляк, ингуш сияқты әртүрлі ұлттармен топтар Қазақстан жеріне әрқилы заманда әртүрлі жағдайға байланысты келіп қоныстанғанын, халықтардың Қазақстанға келіп қоныстануының үлкен бір кезеңі – Қазақстанға арнайы көшірілген немесе депортацияланған халықтар тарихымен тығыз байланысты екенін көруге болады.

Халықтың қоныстануы мен таралуында аймақтық-экономикалық ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, кейбір аймақтарда халықтың тығыз қоныстануы демографиялық үрдістердің де жоғарғы көрсеткіштерімен қатар сипатталса, өзге аймақта сирек қоныстанумен демографиялық төменгі көрсеткіштермен сипатталу байқалады. Әркелкі этнодемографиялық таралып орналасу аумағы мемлекеттің жағдайын қиындатуы мүмкін, сонымен қатар шекара маңы мемлекеттерінің қоныстанудағы қазіргі кездегі геосаяси жағдайларын ескеру қажет. Қазақстандағы Орталық Азия мемлекеттерінің миграциялық экспансиясы Қазақстанның ұлттық, діни, қылмыстық және геосаяси қақтығыстар қаупін жоғарылатуы әбден ықтимал.

Халықтың орналасуындағы аймақаралық ерекшеліктері бар. Мысалы Семей полигоны аймағында, Арал теңізі маңында, Батыс және Орталық Қазақстанда негізінен қазақ ұлттар саны басым., ал орыстар солтүстік, солтүстік шығыс аймақтарында көптеп қоныстанған.

Қазіргі уақытта этноұлтаралық  қарым-қатынас мәселелерін зерттеу  маңызды мәселелердің бірі болып  табылады. Өйткені қазіргі қасірет-әсердің көп жағдайда ұлттардың өз ішіндегі бөлінуіне тікелей байланысты екенін көріп отырмыз. Аймақтық топтардың арасында күрес кейбір ұлттардың өзін-өзі қырып жатқан соғыстарға әкеліп отыр. Байқаушылардың көзқарасы бойынша, бұл қазір Ауғанстан, Тәжікстанда және басқа кейбір елдерде болып жатыр. Біз әрқашанда сақ болып, алуан түрлі саяси әрекеттер ұлтаралық қана емес, сонымен қатар ішкі ұлттық жанжалдарды туғызатын нақты қауіптің бар екенін әрқашанда ұмытпауымыз керек.

Сонымен, Қазақстан ұлттық саясатты жүргізіле отырып, біз Қазақстан халқының ұлттық құрамын, жеңіл де, оңай құрыла қоймағандығын ескеруіміз керек. Қазақстанның ішкі мәселелермен, соның ішінде ұлттық мәселелермен Қазақстанның сыртқы саясаты тығыз байланысты. Егеменді мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін және этникалық бірегейлігін сақтау арқылы халықтардың бірлесу — Еуроазиялық кеңістікте бейбіт дамудың бірден-бір парасатты және өркениетті жолы.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қалиев С Этнопедагогика в системе образования 2008 №3 (2,37б).

2. Қартаева Т.  Этнопедагогика 3 май- июнь 2008г (37-41б)

3. Жумасултанов Т.Ж., Ибраев А.Т. Население Казахстана с древнейших времен до наших дней. — Алматы: Издательство «Казахстанская учебно-методическая ассоциация» и Казахстанский институт информационных технологий и управления, 2000. - 152 С.

4. Айтказина З. Этнодемографические проблемы и процессы урбанизации в Казахстане /Айтказина// Саясат 2004 7 (47-52б)

5. Орынбек Б.А Қазақстандағы демографиялық үрдістер соңғы жыл қорытындысы / Б.А.Орынбек//КазҰу Хабаршысы –Вестник КазНу 2006 №2 (32-36б)

6.Г.Насимова Механизмы  предотвращения конфликтов в  Казахстане: проблемы и противоречия  Этнос и конфликты 

7. Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана (численность, размещение,состав. 1870-1914). Алма-Ата: Наука, 1981. С. 85.

8. Алексеенко А. Н. Стратегия демографического развития РК: региональный аспект: Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях. Материалы V Междунар. научно-практич.конференции (г. Усть-Каменогорск, 20—21 октября 2003 года). Усть-Каменогорск, 2004. С.34.

9. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). -Алма-Ата: Ғылым, 1991.- 190 с.

10. Асылбеков М.К., Козина В.В. Казахи (демографические тенденции 80-90-х годов) Алматы, 2000.

11. Ахметова Г. Типологизация социально-профессиональных групп по уровню социальной адаптации к пореформенным условиям Саясат. 2004. №2. С. 16.

12. Баймаганбетов С.З. Демография как важный фактор социальной политики государства //Вестник ПГУ № 2, 2001.

13. Байдельдинов Л.А. Основы политологии. Алматы, 2002. C.I12.

14. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М.: АН 
СССР, 1957. С. 274—276.

15. Белгібаев М. Қазақстан халқының өсуі мен кемуі туралы /М.Белгі- баев,Е.Акишев // География және табиғат 2007жыл №4 (3-7стр)

16. Гали Д. Особенности расселения населения и проблемы трудовых ресурсов современного Казахстана // Экономика и статистика: Агентство РК по статистике, 2006. У.-С. 35-39.

17. Демографический ежегодник.-Алматы: Агентство РК по статистике, 2006. - С. 8. Қазақстан Республикасының әлеуметгік-экономикатық дамуы

18. Демографический статежегодник РК за 2004 г. Алматы: Агентство по статистике РК, 2005.С.7.

19. Демографический статежегодник Казахстана.-Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2000.- 64 с.12/6. - Алматы: ҚР Статистика агенттігі, 2007. - Б. 36-37.

20. Демографический статежегодник РК за 2004 г. Алматы: Агентство по статистике РК, 2005. С.7. 

21. Диаспоры. 1999. №2—3. С.170—186,  С.170.

22. Егемен Қазақстан №7, 18-каңтар, 2003.

23. Ертаев Қазақстан ғылыми әлемі 2006ж №5, 6

24. Ертаев М.А Еліміздегі көші-қон үрдістерімен этнодемографиялық саясат мәселелері Қазақстанның ғылым әлемі №1 (52-59бет)

25. Ертаев М.А Көші қон үрдістерімен этнодемографиялық саясат мәселелері ҚҰҰ Хабаршысы 2007 №1 (136-140стр)

26. Жусупов С. Управленческая модернизация — процесс перманентный. Бюллетень МНСП. 2005. К»7—8. С. 17.

27. Қазақстанның өнірлерінің демографиялық жылнамалығы. Статистикалық жинақ./ Редакциясын басқарған Б. Султанов/ Алматы, 2006.

28. Қазақстан өңірлерінің демографиялық жылнамалығы Алматы, 2006 жыл Қазакстан халықтары Ассамблеясының Хатшылығы, 2006 © «Жеті жарғы», 2006

29. Қошанов А.Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі. Казахская диаспора: настоящее и будущее/ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы халық санағының талдамалы есебі. - Алматы: Статистика агенттігі, 2005. - С. 16.

30. Қожахмет Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы Қарағанды, 2006 жыл

31. Майемер А Қазақстан – көп ұлтты мемлекет География в школах и вузах Қазахстана 2007год №1 (21-23стр)

32. М Татимов. Социальная обусловленность демографических процессов. М., 1989. С. 67.

33. М.Б.Тәтімов Қазақ  диаспорасы: бүгіні мен ертеңі. Казахская диаспора: настоящее и будущее/ Ред. А.Қошанов,Ә.Нысанбаев – Астана. Елорда 2005г (352)

34. Мусабаев Динамика формирования региональных различий в этнодемографической структуре населения Казахстана 2006г

35. Назарбаев НА. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации: Послание народу Казахстана. Алматы: Атамура. 2005. С.48.;

36. Назарбаев "Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии". Стратегия вхождения Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира: Послание народу Казахстана. Астана: Елорда, 2006. С. 43.

37. Назарбаев — этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы/ Жалпы редакциясын басқарған Ж.Ә.Әлиев. -Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 212 б. © Авторлар ұжымы, 2006

38. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтары Асамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы (қазақ және орыс тілдерінде). Н – 17 – Астана:Елорда, 2005.

39. Национальный состав населения РК. Итоги переписи населения 1999 года в РК.ТомІ.Алматы,2000



Информация о работе Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы