Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 04:50, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы ......................................4
1.1 Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері ...................................................4
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану
тарихы .....................................................................................................................5
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон ...................................
2.Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері.................10
2.1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері................16
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы ..........................................20
2.3 Республика аумағындағы ұлттардың қоныстану ерекшеліктері ...............24
3 Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері.....................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............
3.2 Ұлттар арасындағы келіспеушілік жағдайларының алдын-алу ................32
3.3 Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты ..............................................................34
Қорытынды............................................................................................................38
Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі .......................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Диплом ҚР этност..doc

— 381.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы этнодемографиялық  қоныстану ерекшеліктеріне тарихи және географиялық аймақтық-экономикалық ерекшеліктер тән. Атап айтқанда, кейбір аймақтарда халықтың тығыз қоныстануы демографиялық үрдістердің де жоғарғы көрсеткіштерімен қатар сипатталса, өзге аймақта сирек қоныстанумен демографиялық төменгі көрсеткіштермен сипатталу байқалады. Әркелкі этнодемографиялық таралып орналасу аумағы үлкен, алайда сирек қоныстанған мемлекеттің жағдайын қиындатуы мүмкін. Шекара маңы мемлекеттерінің қоныстанудағы қазіргі кездегі геосаяси жағдайларын (координаттарын) ескеру қажет. Қазақстандағы Орталық Азия мемлекеттерінің миграциялық экспансиясы Қазақстаннаңы ұлттық, лингвистикалық, діни, қылмыстық және геосаяси қақтығыстар қаупін жоғарылатуы әбден ықтимал. Бүгінгі таңда мемлекетімізде тұратын орыс, украин, белорус,поляк, ингуш сияқты әртүрлі ұлттармен топтар Қазақстан жеріне әрқилы заманда әртүрлі жағдайға байланысты келіп қоныстанған. Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдерінің қоныстануы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылу кезеңінен кейін бастау алған. Ресейдің отаршылдық саясатын толыққанды іске асыру нәтижесінде әскерилер қаусыра бекіністер салып, олар кейін Верный, Петропавл, Ақмола, Көкшетау сияқты елді мекендерге айналды. Халықтардың Қазақстанға келіп қоныстануының үлкен бір кезеңі – Қазақстанға арнайы көшірілген немесе депортацияланған халықтар тарихымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға Маньчжурия өлкесінен 102 корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938-1944 жылы қазақ жеріне Кавказдан ингуштар, шешендер, балкарлар, қарашайлар, Қаратеңіздің солтүстік жағалауынан қырым-татарлары, месхед-түріктер, поляктар, балқарлар, күрдтер, Еділ бойынан немістер, 1947-1952 жылы мыңдаған латыштар эстондар, батыс украиндар қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп,түпкілікті қоныстандырылады. [3;25]

Қазақстанда саны жағынан ең көп этнос–орыс халқы. 1989 жылғы бүкілодақтық санақ нәтижесінде орыстар Қазақстандағы халықтың 37,8% жылдың. Қазақстандық орыстардың 51,3% қалалық жерде, 19,3% ауылдық жер- де тұрады. Ресейдің Қазақстанның жеріне көз тігуі сонау Х ғ. Хазар қағанаты- на Киев Русінің шабуылы кезінен басталады. ХVІ ғ – ң ортасында Казань, Қырым, Астрахань хандықтары болады. 1731 жылы жаппай қоныстандыру Қазақстанның Ресейдің қол астына кіруінен басталады. 1717-1723 жж Царицин,1652-1656жж. Закам, 1663-18ғ басына Сібір, 1716-1720 жж. Ыртыш, 1730-1740 жж. Орынбор, 1743 ж, Уйская және Яицкая, 1725 ж. Сакмар, 1613ж. Яицк 1752 – 55 жж. Ескі Сібір әскери линиялары құрылды. Орыс әскерлерінің қаусыра бекініс салуы да орыстардың қоныстану тарихының бастамасы. Түркістан көші-қон басқармасы, Мемлекеттік меншік министірлігі,1865 жылдан бастап құрылған Сырдария статистикалық партиясының атқаратын басты міндеттері орыс шаруаларының қоныстануына ыңғайла шұрайлы жерлерді іздестіру және орналастыру болды. 1887 жылы Әулие-ата мен Шымкент уездеріне 203 орыс шаруаларының отбасылары көшірілді. 1891-1905жж. Транссібір теміржолы,1906 жылы «Столыпиндік» реформа Ресейдің түкпір-түкпірінен шаруалардың Қазақстанға қоныс аударуының легін тудырды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстан саяси тұтқындардың (троцкишілер,бухариндіктер т.б.) жер аударылған жері болды.1932 жылы жер аударылған орыстар саны 180,0 мыңға жетті. [2;97].

Қазақстанда (1999 жылы) тұратын  орыстардың жалпы саны - 4479620. Ақмола облысында – 329454, Ақтөбе облысында  – 114416, Алматы облысында – 339984, Атырау облысында – 38013, Шығыс Қазақстан облысында – 694705, Жамбыл облысында –179258, Батыс Қазақстан облысында- 174018, Қарағанды облысында – 614416, Маңғыстау облысында -46630, Павлодар облысында – 337924, Солтүстік Қазақстан облысында – 361461, Оңтүстік Қазақстан облысында 162098, Астанада – 129480, Алматыда – 510366 орыс халқы тұрды.

Украиндер Қазақстан  жеріне ХІХ ғ. орта кезінен келе бастаған. Олар Жер аударылып келген антимонархиялық  көтерілісшілер еді. Олар Сібір қазақ әскерінің құрамында Ертіс әскери бекінісін салуға қатысты. 1861 жылы 1868 жж. ережелерден кейін ерікті шауаларға жер иеленуге несие және жол қаражат төлей бастады, осы жеңілдікті украиндық шаруалар да пайдаланды. Украиндықтардың келесі легінің келуі 1894 жылы Сібір темір жолы Столыпин реформасымен байланысты. Сталиндік репрессия жылдарында көптеген украин интелегенттері репрессияланды. Олардың көбі украин ұлттық ұйымның мүше-лері еді. Ал көптеген украиндықтар Қазақстанға тың және тың игеру кезінде келді. Қазақстанда жалпы саны 547054 (1999ж) украин тұрды. Ақмола облы-сында – 62228, Ақтөбе облысында – 46848, Алматы облысында – 13512,Атырау облысында – 1442, Шығыс Қазақстан облысында – 15696,Жамбыл облысында – 10013, Батыс Қазақстан облысында – 19634, Қарағанды облысында – 78755, Қостанай облысында 130449, Қызылорда облысында – 844, Маңғыстау облысында -4124.Павлодар облысында – 62585,Солтүстік Қазақстан облысында -46980,Оңтүстік Қазақстан облысында – 13039, Астана облысында – 18070, Алматы қаласында – 22835 украин болды.Қазақстандағы белорустар саны - 111927 тұрды, Ақмола облысында – 19475, Ақтөбе облысында – 2569,Алматы облысында -2053, Атырау облысында -347, Шығыс Қазақстан облысында-4525,Жамбыл облысында – 1481, Батыс Қазақстан облысында -3577, Қарағанды облысында – 21579, Қостанай облысында – 25018, Қызылорда – 8781, Солтүстік Қазақстан облысында- 11184, Оңтүстік Қазақстан облысында – 1312,Астанада- 5761, Алматы 3438 белорус тұрады. Татарлар қазақ жеріне Иван Грозный заманынан бастап келе бастаған. Татарлардың Батыс Сібірге, Қазақстан мен Орта Азия қоныс аударуының бірнеше толқыны болған. 1552 жылы Қазан Хандығының ыдырауы да татарлардың ауа көшуіне әсер етті. Империя қалаушығына қарсы көтерілістің басып тасталуы, татарларды күштеп, христиан дініне өткізу, салық жүйесінің өсуі де татарларды қазақ даласына алып келді. Қазақстанда 248954 (1999) татар тұрады. Ақмола облысында 17272,Ақтөбе облысында – 11675, Алматы облысында – 15647, Атырау облысында – 2728, Шығыс Қазақстан облысында – 24506, Жамбыл облысында – 12576,Батыс Қазақстан облысында – 10104, Қарағанды облысында – 39313, Қостанай облысында – 20070, Қызылорда облысында – 2309, Маңғыстау облысында – 2490, Павлодар облысында – 17064, Солтүстік Қазақстан облысында – 16472,Оңтүстік Қазақстан облысында – 23672, Астана қаласында- 8286, Алматы қаласында 24770 татар тіркелген. Сондай-ақ Қазақстанда жалпы саны 1006 болатын қырым татарлары тұрады. Жалпы алғанда 1990 жылдан бері еліміздегі қала және ауыл халқының ара-қатынасы айтарлықтай өзгермеген.Осы кезең ішінде ауыл халқының үлесі 1995 жылы ең жоғары көрсеткішке ие болған.

Оңтүстік Қазақстан  халқының үлесі бойынша алдыңғы  орында (35,8 %) және бұл көрсеткіш өсімге бейім. Сонымен қатар Батыс Қазақстан аймағы, Алматы және Астана қалаларыньң үлестерінде бірқалыпты өсімді байқауға болады. Солтүстік Қазакстан. Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан халқының үлестері кемуде.

Қазақстан Республикасының  территориясында ұлттардың орналасуында да ерекшеліктер бар. Қазақтардың басым  көпшілігі Оңтүстік Қазақстан (1552 мың  адам), Алматы (1007 мың), Шығыс Қазақстан (748 мың), Жамбыл (684 мың) облыстарында, бұдан басқа 525 мыңнан 590 мыңға дейін - Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында тұрады; Орыстар – Солтүстік Шығыс Қазақстан (609 мың), Қарағанды облыстарында (548 мың) және Алматы қаласында (467 мың) тұрады, 300-ден 375 мыңға дейін – Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында мекендейді; Украиндар - Қостанай (109 мың), Қарағанды (66 мың), Павлодар (51 мың) және Ақмола (50 мың) облыстарында; татарлар - Қарағанды облысында (35 мың), Алматы қаласында (25 мың), Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан (22 мыңнан) облыстарында тұрады. Ең көп немістер саны Қарағанды (39 мың), Қостанай (34 мың), Ақмола (31 мың), Солтүстік Қазақстан (25 мың) және Павлодар (24 мың) облыстарының аумақтарында тұрады. Корейлер саны Алматы қаласында 23 мың адамды жылдың, ал 13-тен 17 мыңға дейінгі саны - Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарында. Ұйғырлардың едәуір саны Алматы облысында – 148 мың адам, ал 71 мыңы - Алматы қаласында тұрады. Қазақстандағы 428,9 мың өзбектің 385 мыңы - Оңтүстік Қазақстан, ал 23 мыңы - Жамбыл облыстарында тұрады (2 кесте).

 

 

 

 

Кесте 2 Қазақстан Республикасында  тұратын облыстар бойынша үлес салмағы  жоғары ұлттар, мың адам

 

 

Барлық халық

Соның ішінде

   

қазақтар

орыстар

украиндер

немістер

беларустар

Қазақстан Республикасы

15396878

9111596

3945512

440507

222296

90658

Ақмола

748559

325819

273046

49181

30768

15602

Ақґөбе

695454

535667

92321

35693

6734

1952

Алматы 

1620696

1025472

299755

9813

12729

1539

Атырау 

480687

437025

33064

1256

559

279

Батыс Қазақстан 

612479

427139

145951

15908

1544

2849

Жамбыл

1009210

691676

146641

4969

6782

979

Қарағанды

1339368

573227

543120

65053

39450

17543

Қостанай 

900333

313921

371141

107477

33680

20356

Ќызылорда

625070

597361

12687

538

170

154

Маңғыстау

390531

331415

38808

3408

430

448

Оңтүстік Қазақстан 

2282474

1592053

148267

8889

37111

918

Павлодар 

744860

332789

292337

50490

23935

6790

Солтүстік Қазақстан

660950

216451

323972

38601

24627

9319

Шығыс Қазақстан

1424513

751151

6000073

11615

20471

3530

Астана к.

574448

345735

158729

19316

9386

5544

Алматы к.

1287246

614695

465600

18290

7320

2856


 

Экономикалық заңдылықтар  негізінде объективті халықтың және өндірістің территориялық ұжымдасу заңдылықтары пайда болады. Халықтың және өндірістің территориялық ұжымдасу заңдылықтары зерттеу ғылыми принциптер, немесе ауыл шаруашылықта қоғамның негізгі шаруашылығы болып табылады. Олар әлеуметтік-экономикалық, табиғи, экологиялық, географиялық және де басқа да факторларға тәуелді. Оған мысал ретінде өндіріс орындарының шикізат көзіне, отынға жқын маңда орналасу. Территориялық даму факторларына ресурстар жиынтығы, оларды рациональді пайдалану өндіріс объекттерінің орналасуына, территориялық жүйенің әлеуметтік –экономикалық дамуына әсер етеді.[36: 25]

Сонымен, елімізде ұлттардың  орналасуындағы ерекшеліктердің бар  екеніне көзіміз жетті. Негізінен  ұлттардың орналасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі бұл әлеуметтік-экономикалық фактор болып отыр. Өндіріс орындары көп, географиялық жағдайы тиімдіболған сайын, халық та сол жерге тығыз орналасуы байқалады.

 

 

 

3 Этноұлтаралық қарым-қатынас  мәселелері

 

 

3.1 Қазақстан Республикасындағы  ассамблеялардың қазіргі ахуалы 

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығында біз үшін аса мәнді оқиғалардың бірі бұл — Қазақстан халықтары Ассамблеясының дүниеге келуі. Нақ осы Ассамблея арқылы, барлық мәдени-ұлттық орталықтардың күш-жігерін біріктіру арқылы біз Қазақстанның барлық көп ұлтты халқымен сындарлы тіл табысуды қамтамасыз еткен, олардың мүддесін, арман-мұратын біліп, ескеріп отыруға мүмкіндік берген ұйым құруға қол жеткіздік. Менің ойымша, бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы - ұйымдық құрылым ғана емес, ол — біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі десек асыра айтқандық емес.[36;78]

Қазақстан экономикалык, әлеуметгік-саяси демократиялық  тұрғыдан жедел даму жолына түсті  және де ол тек бұрынғы кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге  әлемдегі карқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине, мұндай жетістік өздігінен келе койған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралык қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді.

Ассамблеяның басты  мақсаттары:ұлттық мәселені әділетті шешудің негізі ретінде қоғамдық тұрлаулылықты нығайту; мемлекеттік  тіл мен қазақ халқы мәдениетінің өзекті топтастырушы рөлін арқау  ете отырып, Қазақстан этностарын қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негізіңде шоғырландыру жолымен қазақстақдық сәйкестікті қалыптастыру; азаматтардың өркениетті әрі демократиялық нормаларға сүйенетін саяси мәдениетін қалыптастыру; Қазакстан Республикасының беделін түсіруі ықтимал іс-әрекеттердің, сөз сөйлеу мен пікір айтудың алдын алу және болдырмау; этносаралық қатынастарды үйлестіруді қамтамасыз ету, түрлі этностар өкілдері арасындағы қарым-қатынастарда төзушілік пен сенімді нығайту болып табылады.[36;182]

Ассамблея қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталған: рухани бірлік идеясын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау; Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының бірыңғай жүйесін жасау арқылы ұлтаралық катынастар саласындағы келеңсіз үрдістердің алдын алу; ұлтаралык қатынастар саласындағы ахуалға мониторинг жүргізу және талдау жұмысты ұйымдастыру, олардың негізінде қоғамды топтастыруды қамтамасыз ететін практикалық ұсынымдарды тұжырымдау; мемлекет жүргізіп отырған ұлт саясатында әр алуан ұлттық мүдделердің ескерілуін қамтамасыз етуге жәрдем-десу;Ассамблея мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін ұлттық-мәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіру.

Осындай тарихи міндеттерді шешуде біздің көп ұлтты республикамыздың Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты рөл атқарды.Кешегі өткен қиын-қыстау дағдарыс кезінде сәл ғана ағаттықтан орын алатын ұлттық шиеленіс бүкіл елді дүрліктіріп, қанды оқиғаларға әкеп соқтыруы әбден мүмкін еді. Мұны ондаған жылдарға созылған этносаралық қақтығыстарға тап болған, қоғамды бейбіт арнаға кайтаруға мүмкіндік бермеген көптеген мемлекеттердің тарихы дәлел бола алады.

Мемлекет басшысы - интернационалдықты берік ұстанатын адам. Оның жеке қадір-қасиеттерінің, кең дүниетанымының арқасында әр алуан этникалық топтардың адамдары біздің тарихымыздың ең бір қиын-қыстау кезенінде оған үлкен сеніммен қарады және байырғы қазақ жерінде мемлекеттікті дамытудың бірден-бір колайлы жолы ретіндегі егеменді мемлекетті құрудың ол жариялаған принциптерін кабыл алды, бұл орайда бейбітшілік сүйетін коғамда бостандықтын, тендіктің және келісімнің идеалдарын ұстануды бірінші кезекке қойды. Бұл туралы осы басылымда ұлттык мәдени бірлестіктердін жетекшілері, ғалымдар, діни және қоғамдық кайраткерлер, Қазақстан халықтары Ассамблеясы мүшелері өз ойларын ортаға салды.

Қазақстандық азаматтық  қоғамның ұйытқысына айналған Қазақстан  халықтары Ассамблеясы шын мәнінде  біздің Президентіміздің өміршең әрі  болашағынан мол үміт күттіретін перзенті тәрізді.

Ассамблея кұрылғаннан  бері он жыл ішінде халықтар достығының феноменальді институты, өркениет институты  дәрежесіне көтерілді, қазіргі кезде  оны XXI ғасырдағы адамзат тәжірибесінің  қол жеткен ұлы жетістіктері ретінде  бүкіләлемдік қауымдастық мойындады. Қазақстан халықтары Ассамблеясы Президент жанындағы кеңесші-консультативті орган мәртебесін иелене отырып, халық парламентаризмінің кең ауқымды диалогтік алаңына, мінберіне, этносаралық қатынастардың, аз ұлттардың құқықтарын қорғаудың, Қазақстандағы көп ұлтты мәдениеттер мен тілдердін еркін дамуының нағыз демократиялық реттеушісіне айналды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы