Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 04:50, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы ......................................4
1.1 Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері ...................................................4
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану
тарихы .....................................................................................................................5
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон ...................................
2.Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері.................10
2.1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері................16
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы ..........................................20
2.3 Республика аумағындағы ұлттардың қоныстану ерекшеліктері ...............24
3 Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері.....................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............
3.2 Ұлттар арасындағы келіспеушілік жағдайларының алдын-алу ................32
3.3 Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты ..............................................................34
Қорытынды............................................................................................................38
Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі .......................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Диплом ҚР этност..doc

— 381.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік масштабта  көші-қондық саясат арқылы күштеп қоныстандыру арқылы орыстар, татар мен белорустардың сандары қайта қалпына келтірілді. Бұған қарамастан, Қазақстан саны 1939 жылы халық санағының мәліметі бойынша, жаппай ұжымдастыру, аштық, тәркілену, репрессия жылдарының басталуына дейінгі халықтың санынан 2,5 млн. адамға жуық кем болды. Сол кезеңдегі зорлық түрде көшіру (шешендер, корейлер, немістер, немістер, месхет түріктері, қырым татарлары) ықтиярсыз қоныстандыру одақтық концентрациялық лагерлер (Карлаг, олжирлаг т.б) ұйымдастыру немесе құрылыстарға (мысалы, Қазақстан Магниткасы), тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты басқа республикалардан шақыру арқылы еліміздегі шығын болған халықтың орнын толтыра бастады. Мұның бәрі жекелеген адамдардың, жанұя- лардың, ұлттардың демографиялық даму ерекшелігіне үлкен әсер етті. М.Х. Асылбеков пен А.Б.Ғалиевтің есептері бойынша, 1897-1926 жж. халықтың саны 49 %-ға өсті, ал 1926-1939 жж. 104960 адамға азайды, яғни 1926 ж. халықтың 98,3%  деңгейіне тең болды, 1939-1959жж. Жаппай көші-қон процестері арқасында халықтың саны 53% -ға көбейді. Халықтың төмендеу шегі 1999 жылы байқалады, 65,1 мың адам. Соңғы 2000 жылдан бастап табиғи өсім аздап та болса көтеріле бастайды. Екіншіден, 1993 жылдан бастап көшіп кетушілер санының ұлғайып, шарықтау шегі 1994 жылы 409,1 адам болды, яғни 1993 жылдан 2002 жылға дейін адамның табиғи өсім саны көшіп кетушілердің орнын толыра алмады. Халықтың саны сырттан көшіп келушілер (иммигранттар) арқылы да өседі, бірақ иммигранттар мен эмигранттардың сальдосын қарасақ (1991-2003 жж.) әлі де теріс көрсеткішті көреміз. Мысалы, 2003 жылы Қазақстанға көшіп келушілер 65308 адам болса, көшіп кетушілер 74370 адам сальдосы 9062 адам болды.

2003 жылдан бастап республикадағы  табиғи өсім халықтың сыртқа  көші-қон арқылы кеміген санын  табиғи өсімнің есебінен толтыру басталды, 19,3 мың адамға өсті. Мұндай процестердің болуына мынадай үрдістер әсер етті:

Кеңес одағының ыдырауына  байланысты экономикалық және әлеуметтік дағдарыстар;

бұрынғы Кеңестік Одақтық  республикалардың тәуелсіз егеменді элементтерге айналуы;

экологиялық жағдайлардың нашарлауы (ядролық қаруды сынау, уран рудаларын ашық әдіспен алу);

алыстағы және жақындағы шетелдерге көші-қонның көбеюі;

жоғарғы себептерге байланысты мемлекетаралық көші-қон сальдосының  теріс болуы;

Республикамызда 1989 жылы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстанда 12461 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп,қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе орыстардың, украиндіктердің, немістердің, кавказ халықтарының т.б.өз ата-мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстары, Алматы, Астана қалаларында байқалды. 1999 жылдары халықтың ұлттық құрамында айтарлықтай өзгеріс болды. Мысалы қазақ ұлты - 1468,1 мың адамға (22%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын), сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3 %-ға), ұйғыр (15,9% -ға), өзбек (12 %-ға) халқының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1% -ға) кеміді, немістер – 593,5 (62,7 %), украиндер – 328,6 мың (37,5 %), татарлар – 71,7 мың (22,4%), беларустер – 66 мың (37,1 %), азербайджандар (13,1%), поляктар - 21,1 % адамға кеміген. Сонымен қатар – шешендер, башқұрттар, молдавандар, ингуштер, мордвалар, гректер, қырғыздар, болгарлар, лезгиндермен түркмендер саны кеміген. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, Астана қаласына 1989-1999 жылдар арасында 8 3787 адам тұрақты тұруға., Алматыға 17926 4 адам, ал оңтүстік Қазақстан облысына 44557 адам тұрақты тұруға көшіп келген. 2008 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының аймақтарында, Қостанай, Солтүстiк-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарын санамағанда, халық санының өсуi байқалды. Жалпы халық санының максималды өсiмi Оңтүстiк-Қазақстан облысына - 49 031 адам, Алматы облысына - 22 582 адам, Алматы қаласына - 37 493 адамнан келедi. Ал, оның максималды кемуi - Шығыс-Қазақстан облысында - 7 129 адам және Қостанай облысында - 6 141 адам.

Сонымен, осы екі жылдың мәліметтерін салыстырып қарайтын болсақ, халық санының азайып кеткенін көреміз. Бұған себеп, басқа ұлт өкілдерінің тарихи отанына оралуына, табиғи өсім көрсеткіштерінің төмендеуіне Кеңестік дәуірде Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937-44 жылдары тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді. 1937 жылы алғашқылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді. Олар негізінен Қазақстаннның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аудандарында қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзірбайджан, 1944 жылы Грузиядан күштеп көшірілген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нің 1940 ж 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға  Украина мен Беларусьтің батыс  облыстарынан поляктар көшіріліп әкелінді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Семей облыстарына ірге тепті. Соғыс басталысымен 1941 жылы КСРО-ның батыс аймақтары мен Еділ бойынан неміс жұртшылығы, соннан соң 1944-45 жылы Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немістер көшірілді. 1943 жылы қазанда қарашайлар Жамбыл облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшірілді. Одақтық үкіметтің 1943 жылы күзде қабылдаған шешімі бойынша келесі жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанға Солтүстік Кавказбен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшірілді. 1944 жылы ақпанда Қазақстанға шешендермен ингуштар жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңтүстік аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелінді. Л.Берияның «Қырым АКСР –ның аумағының Кеңеске қарсы элементтерді тазарту туралы» 1944 жылы 13 сәуірдегі бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлармен гректерді көшіру науқаны жүргізілді. Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қоныс тепті. 1944 жылы 13 маусымда Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қаулысымен Грузиядан көшірілетін арнайы қоныс аударушыларды республика аумағына қоныстандыру туралы Қазақстан үкіметіне өкім берілді.1944 жылы қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттік түріктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейін Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшіп келуі тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954-56ж) және өнеркәсіп нысандарын салу жылда- ры (1959-65) көбейді. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төмен деңгейге жетті (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60-70 мыңдай адам болды.80–жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардың көшіп кетушілер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 жылы қаңтарда 14862,5 мың адамға жетті. 1990 жылға дейін Қазақстан халқының демографиялық жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсумен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман, тектес тұрғындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты,сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қон әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады. Төңкеріске дейін Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7-%-ы тұрды. Соғысқа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне Қазақстанның бай минералдық шикізат қорларын игеру, ірі темір жол құрылыстарын салу, т.б. факторлар әсер етті.

Қазақтардың арасындағы көші-қон үрдісінің қарқынды болуы  нәтиже- сінде олардың территориялық  орналасуында үлкен өзгерістер болды. Бұл өзгерістер әсіресе, 1920-1930 жылдары Кеңес Одағының аймақтарынан халықтың түгелдей шет елдерге жаппай көшуі, сондай-ақ, ауқатты шаруаларды тәркілеу, қазақтарды түгелдей күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру - дың тікелей нәтижелері еді, олардың саны 600 мыңды 1920-1930 жылдары қазақтардың шет елдерге кетуі, олардың өз республикасындағы саны мен үлесіне кері әсерін тигізеді. 1935-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін нәтижесінде 135 мың қазақ азаматтары саяси қуғындалудың құрбаны болды. 1939-1959 жж. қазақтардың саны бар болғаны 480 мыңға ғана ұлғайды, яғни 1926 жылы көрсеткішке 926,4 мың адам жетпеді. Сол жылдары қазақтардың саны 1525 мың адамға көбейіп, ал үлесі 42,7 % -ға жетті, олардың ішінде бірінші орын алды. 1939-жылы Қазақстан жеріне 54696 поляк, 3569 латыш, 808 литовтықтар депортацияланды.1941 жылы тамыз айында елімізге 349713 неміс қоныс аударса, жалпы Республика территориясында 441713 мың адамды, ал қалған неміс ұлтын Қазақстанға көшіру 1944-1945 жылдар аралығында жүрді. Украиндардың саны 105 мың адамға, белорустар – 76 мың, татарлар 85 мыңға көбейді.1944 жылы Кавказдан шешендер мен ингуштерді, наурыз айында балкарларды, қараша айында түрк-месхитиндерді күштеп көшіру жүріп жатты. Дегенмен 1926 жылмен салыстырып қарағанда 1959 жылы украиндер мен өзбектердің саны осыған сәйкес 99,8 және 77,5 мың адамға кеміді. Этникалық құрылымдағы мұндай өзгерістердің себептері олардың өсу динамикасына талдау жасағанда айтылып кетті. Орыс, украин, белорус, татарлар т.б. халықтардың 50-ші жылдары жылдам өсуі ірі өнеркәсіп орталықтарын салу, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Қазақстанда түрік, латыш, литва, неміс, шешен, балқар, қырым татарлары, месхеттер, қарашайлар т.б. халықтар депортацияланды. 1954ж бастап тың және тыңайған жарлерді игеруге байланысты КСРО-ның батыс аймақтарының 2 мыңға жуық адам көшіп келді.[25]

1963-1964 жж бастап республикадан  басқа аймаққа қоныс аударушылар  саны көбейе түсті. Оның себептері  сталиндік репрессиядан депортацияға ұшыраған халықтар біртіндеп өз Отанына қайта бастады. Мұндай жағдайлар тың және тыңайған жерлерді игеруге келген халықтардың арасында кездесті. 1979ж – 1989 жж. қазақтардың саны (негізінен табиғи өсімнің арқасында) 2301 мың адамға көбейді, ал олардың үлесі 39,7% -ға жетті. Орыстардың абсолюттік өсімі 705 мың адам болып, үлесі 42,5 % -дан 37,8 % -ға кеміді. Мұның себебі, орыс халқының ішінде бала табудың төмендеуі (басым көпшілігі қалада тұрады) және «горбачевтің қайта құру» кезеңінде Ресейге қоныс аударушылардың көбеюіне байланысты болды. 1920 жылдардан кейін 1980 жылдардың ортасынан бастап қазақтар өз елінде абсолюттік саны және үлесі жөнінен алғашқы рет бірінші орынға шықты. КСРО-ның ыдырауы, тәуелсіз егеменді мемлекеттердің құрылуы, социалистік жүйенің күйреуі, дүние жүзінде саяси жағдайдың өзгеруі неміс, еврей, грек, украин, белорустар т.б. ұлттарға (Ресей,Украина, Беларусь т.б) қоныс аударуға (эммиграция) мүмкіндік туғызды. Керісінше Монғолия, Қытай, Иран, Түркия, Ауғаныстан, ТМД елдерінен көшіп келушілер, оның ішінде ашаршылықтан,сталиндік геноциндік «қашып» кеткен қазақтардың ұрпақтары қайта көшіп келе бастады.1989-1996 жж. қазақтардың саны 1498,4 мың адамға көбейді, яғни олардың жалпы халық санындағы үлесі 1997 жылдың басында 50,6 % -ға жетті. Бұл жылдары қазақстандық орыстардың саны 1122,4 мың адамға азайды, яғни барлық халық санағындағы үлесі 32,2 % -ға төмендеді. Осы жылдары Қазақстаннан 653,4 мың немістер 175,7 мың украин, 50,4 мың татарлар басқа елдергеқ елдерге қоныс аударды. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан 1 млн 202 мыңнан астам адам әскер қатарына шақырылса, оның 601 мыңнан астамы елге қайтып оралмаған. 4-кесте. Сонымен, 1926-1959 жылдары аралығында республика халқының арасында қазақтардың саны 27,1%-ға кеміген.Осы кезеңде қазақ халқы үшін айтарлықтай өзгерістер болды. Көшпелі шаруашылықпен айналысатын халық, енді отырықшылық шаруашылығына көшті. Соның себебінен, республика қалаларының саны өсіп, ондағы қала халқының арасында қазақтардың саны көбейді.Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдары Қазақстанға басқа халықтардың көшіп келуі өсті. 1950-1960 жылдары ірі өнеркәсіп орындарына, ірі темір жол магистралі мен дала жерлерін өңдеуге халықтар келе бастады. Осы жағдайға байланысты республиканың ұлттық құрамы біршама өзгерді. Қазақстанда 1960 жылдардың аяғында көші-қон үрдісі баяулай бастады. Ал, 1970 жылдардың ортасынан бастап, қазіргі күнге дейін республикадан тыс жерлерде халықтардың көшіп-қонуы жалғасуда және халықтың ішкі көші-қонда өсті.

ХХ-ғасырда Қазақстан  тарихында көші-қон үрдісінің  бірнеше жоғары- лаған және төмендеген кезеңдері болған. Осы көші - қон үрдістерінің оң және теріс жақтары да бар. Ең негізгісі 1959-1969 жылдары 740 мыңға жуық адам немесе осы кезеңдегі республикадағы бүкіл халықтың өсімінің 20 %-ы, көші-қон үрдісінің үлесіне тиеді. Қазақстан халқының өсімі, көбінесе, табиғи өсім факторына байланысты. Өйткені,1970-1980 жылдары халықтың біраз бөлігі республикадан тыс жерлерге үздіксіз кетіп отырды, бұл әрине көші-қонның теріс сальдосына алып келді. Олай болса, 1970-1980 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон үрдісінің өсуі, табиғи өсімнің азаюына алып келді. Сөйтіп, 1970-1990 жылдары Қазақстан халқы 1,5 млн адамға кеміді (таза көші-қон сальдосы). Негізінен, олар Ресей, Украина, Беларусь және Балтық жағалау елдеріне кетті. 1980 жылдардың аяғында Қазақстанда шет елдерге кетушілердің саны тез өсті, әсіресе немістер, гректер, поляктар, еврейлер және т.б. ұлт өкілдерінің арасында қатты байқалды. Мысалы 1987 жылы – 7113 адам, 1988 жылы – 235789, 1989 жылы – 52972, 1990 жылы – 92700 адамға жетті. 1985-1988 жылдары Қазақстанда болған қолайсыз саяси және  экономикалық үрдістердің әсерінен халықтың біраз бөлігі Ресейге көшті. 1989 жылдан бастап Өзбекстаннан,Түркістаннан және Ресейдің кейбір аудандарынан қазақтар қайтып орала бастады.[44;52] Мигрант- тардың саны этникалық құрамы бойынша әр түрлі. Эмигранттардың жалпы санында орыстардың үлесі басым, 1991-1996 жж 44% - 57 % -ға дейін жетті. 1994ж. Орыс эмигранттарының басым болған жылы болды, яғни 73,1 %.1995 ж. бастап Қазақстанға Ресейден келген иммигранттардың да көпшілігін орыстар жылдың, яғни 63%. Қазақстандағы шетелге кетуші эммигранттардың 1990-1996 жылдағы орта есеппен алғандағы үлесі – 29,1% (1990ж – 30,3%,1994 – 24,8, 1996 жылы 32,3 %). Сыртқы көші-қонның Қазақстандағы негізгі бағыттары Израиль, Греция және АҚШ елдерімен байланысты. Қазақстан эмигранттарының жалпы санында орыстар 54,6%немістер 23,4, украиндер – 7,3, қазақтар -3,4, татарлар – 2,6, беларус- тар- 1,5. Алыс және шетелдерден Қазақстанға келген иммигранттарда: орыстар – 44,3%, қазақтар – 29,5, украиндар – 6,2, татарлар 2,8, немістер -3,9, өзбектер – 1,2, беларустар – 1,1%. Қазақ иммигранттарының басым көпшілігі Түркменстан және Ресейдің шығыс аудандарынан.1991-1996жж. тарихи Отаны Қазақстанға Монғолиядан – 62 мың, Түркиядан -2,3 мың, ТМД елдерінен – 85 мың қазақтар келді. Сонымен бірге қазақтар Қытай, Ауғаныстан елдерінен: немістер Ресейден, Өзбекстаннан Тәжікстаннан, Қырғызстаннан көшіп келе бастады. Қазақтар негізінен Батыс және Шығыс Қазақстанға, ал немістер Солтүстік және Шығыс Қазақстанға қоныстанды. Өзбектер, әзірбайджандар, корейлер, ұйғырлар Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын теуіп жатыр. 1990-2002 жылдар аралығында эмигранттардың басым көпшілігі Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан, яғни орыс тұрғындары басым аймақтардың үлесіне тиді. Егер эмиграциялық процесті әр жыл бойынша талдасақ, оның көрсеткіші әр түрлі екенін көреміз. Мысалы, 1990-1994 ж.оның саны көбірек болса, бұл көрсеткіш 1996 ж. бастап біршама төмендегенін аңғаруға болады. Сонымен бірге алыс шетелдерге кетуші эмигранттардың саны азая бастаса, жақын шетелдерге ұлғая бастады.1996 ж бастап реэмиграция процесінің етек алғанын көруге болады. Мысалы, Ресейден Қазақстанға көшіп келушілердің 70%-ң көбісі реэмигранттар. Мамандардың айтуы бойынша, Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына жолдауы және оның орындалу барысына байланысты 2000-шы жылдарында реэмигранттар толқыны көбейе түсті. Республика көлеміндегі ішкі көші-қонның белсенділігінің артуымен жаңа проблемалар қалыптасуда. Бұл құбылыс қылмыстардың өсу, қалалардағы жұмысшы күшінің көбеюі мен оның шағын қалалар мен ауылдарда жетіспеушілігін тудыруда және т.б. Қала шетіндегі мекендерден қалаларға келген жастар жұмыс таба алмай қылмыспен айналысады, ал ішкі және сыртқы көші-қонның шағын қалалардан әлеуметтік проблемалары туындады.

ХХ ғасырдың басында  Қазақстан жеріне шаруалар көптеп келді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 1906-1915 жылдары қазақ жеріне яғни, Ақмола, Семей, Торғай және Оралға 883 мың  адам көшіп келді. Сол себепті, 1914 жылы қазақтардың саны 58,5 %-ға дейін төмендеп, ал орыстардың саны 29,6-ға өсті. Қазақтардың санының азайып кетуі, қазақ халқының арасындағы өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болуында еді. Бұған қоса Жетісу өңірінен 150 мың қазақ шетелге көшіп кеткені белгілі. 20 ғасырдың басында демографиялық үрдістің негізінің қалануы, өзінің туған жерінде қазақ халқының этникалық азаюына себепші болды. Бұл үрдіс 1916 жылы Ақмола және Жетісу өңірлерінің аумағында басталды, онда қазақтар тек 33,3 %-ды жылдың және 42,4%-ды ғана құраған.

Қазақстанда 2003-2005 жылдар арасы «Ауыл жылы» деп жарияланды. Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында ауылдың жаңғыруын басты мақсат етіп қойды қойды. Ауылдың жаңғыруына арналған бағдарламаның бастамасы және ауылдың дамуына белгілі мақсаттар жүктеледі: «Біріншіден, әрбір ауылдың экономикасын сараптап, оның мүмкіндіктерін анықтау қажет. Екіншіден, перспективалы ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымның дамытып, мүмкіндігі жоқ ауыл адамдарын қабылдауға жағдай жасауға шара қолданылуы қажет» - деп атап көрсетті. Қазірдің өзінде елдің бірқатар аудандарында адамдардың материалдық, әлеуметтік жағдайының салыстырмалы түрде жақсарғаны байқалады. Еліміздің өзге өңірлері мен алыс және жақын шетелдерден соңғы он жылдан астам уақыт ішінде Оңтүстік Қазақстан облысына 35254 қазақ көшіп келген. Екінші орында орыстар – 2885, кейінгі орындарды өзбектер – 2116, түріктер – 1185, тәжіктер-494, татарлар-466, кәрістер – 451, әзербайджандар – 395, украиндар – 311, немістер-137, қырғыздар-132, ұйғырлар-111, күрдтер-109, қарақалпақтар - 55, шешендер-51, армяндар – 46, белорустар-44, башқұрттар -34, ауғандықтар-28, түкмендер-28 және 225 өзге ұлттар өкілдері болды. Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің есебінен алынған. Халық санының азаюы 1992 жылы басталған, Қазақстаннан өзге ұлт өкілдерінің жаппай өз тарихи отандарына көшуі себеп болды. Халық саны, әсіресе, елдің, өндірісі дамыған аймақтарынан Қостанай Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан халық- тың шетелге көшіп кеткендігінен азайды.Сыртқы көші-қон негізінен орыстар, немістер, украиндер ұлттық топтары арасында ерекше байқалды. Осылайша 1994 жылы Қазақстаннан  кеткен 400 мың адамнаң жартысы орыстар болса, 26 %-ы неміс ұлттық-этностық тобының үлесіне тиген. Әр ұлттың саны мен сапасы демографиялық ахуалы, халықтың өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі мен жан басына шаққандағы табысы, денсаулығы және т.б. мәліметтер ұлттың күш-қуатын, жігерін, нарыққа бейімделуін, оның даму үрдістерін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің демографиялық қолайсыз жағдайы  қалыптасқанымен, соңғы 2-3 жылдағы өзгерістер қазақ ұлтының әлеуметтік, рухани, геогенебиологиялық қуатының сарқылмағанын көрсетеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы