Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 04:50, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;
Кіріспе …................................................................................................................3
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы ......................................4
1.1 Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері ...................................................4
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану
тарихы .....................................................................................................................5
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон ...................................
2.Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері.................10
2.1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері................16
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы ..........................................20
2.3 Республика аумағындағы ұлттардың қоныстану ерекшеліктері ...............24
3 Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері.....................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............
3.2 Ұлттар арасындағы келіспеушілік жағдайларының алдын-алу ................32
3.3 Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты ..............................................................34
Қорытынды............................................................................................................38
Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі .......................................................................40
2 Қазақстан Республикасындағы
ұлттардың таралу
2.1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері
Қазақстан халық шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болған М.Мацкевичтің 1935 жылы 20 қыркүйекте сол кезеңдегі Қазақстанның басшысы Л.И.Мирозянға жазған Қазақ АКСР-ындағы халықтың жалпы санын есептеу туралы баяндау хатында 1930-1933 жылдарда Қазақстанда ауыл халқы санының 2351,6 мың адамға кеміп кеткендігін атап көрсеткен. Тарихшы-демографтар М.Асылбеков пен Ә.Ғалиевтің есептеуінше, бұл жылдардағы қазақ халқының 8,6-%-ы ғана қалаларда тұрған екен. Осыны ескерсек, жоғарыда аталған кемудің шын мәнінде қазақтарға қатысты екенін мойындауға тура келеді. Мұрағат құжаттарын негізге ала отырып,белгілі ғалым-тарихшы Т.Омарбеков 1930-1933 жылдарда аштықтан Қазақстанда халық саны 3379,5 мың адамға кеміп кеткен. 1934 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстандағы босқындардың саны 628,2 мыңды құрағандығын, сонымен бірге 1933-1934 жылдары Қазақстанда 640 мыңдай адам босқындар ретінде шаруашылықтарда орналастандырыл- ғандығын атап айтады. Яғни Т.Омарбековтың зертеулері бойынша күштеп ұжымдастыру- дың қарсаңында қазақ халқының саны 483600 адамға жеткен. 800000 қазақ ауылдарынан 1932 жылдың көктемінде 45000 ғана қазақ ауылдары қалған. Қазақстанда қазақтардың алапат ашаршылықта 1933 жылы 1149000-нан астамы босқындар болды. 1930-1933 жылдардағы қазақ ауылында күрт кеміп кеткен адамдар санынан жоғарыда көрсетілген босқындарды шығарып тастаған кезде күштеп ұжымдастыру жылдарында 2230000-нан астам адамның опат болғанын анықтауға болады. Сондай-ақ, Т.Омарбеков Қытайға және шетелдерге КСРО териториясынан өтіп кеткен босқындар санын 1 00000-дай деп көрсете келе, Кеңестік Республикаларға бытырап кеткен босқындар санының 300000–нан астам адам екендігін, 1929-1931 жылдары Қытаймен шекаралас Қазақстан аудандарындағы халықтың саны шамамен 87000 адамға кемігенін, 1932 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанның Батыс Қытайға өтіп кеткен қазақтарының саны 60000–ға тарта адам болғандығын айтады. Қазақ халқының осыншама қысқаруының салдары қазақ халқы үшін ауыр қасірет болды, бұл шығынды қазақ халқы тек 40 жылдан кейін, 1969 жылдардан бастап қана келтіре бастаған. Жоспарлы түрдегі «халық жауының» ізіне түсу саясаты 1950 жылдардың аяғына дейін жалғасты. «Отарлау», «орыстандыру», ассимилизациялау», «ұжымдастыру» саясаттары, әрине халықтың ашу-ызасын туғызбай қоймады. Тек 1929-1931 жылдары ғана 527 саяси қаруланған қозғалыстар мен көтерілістер тіркелген. 1929 жылы Ақкөл ауданы шаруалары көтеріліске шықты.Олар аудандық орталықты басып алып,жиналған астықты ашаршылықтан азап шегіп отырған халыққа таратты. 1930 жылы қаңтарда жеті күнге созылған созақ көтерілісі болды. Осы жылы көтеріліске Жетісу шаруалары да шықты. Ақсуат көтерілісін басу кезінде 161 адам өлтіріліп, 509 адам қамауға алынды.«Адай» көтерілісіне қатысқан мыңдаған адайлар жеңілістен кейін шетелдерге кетуге мәжбүр болды. Қазір олардың ұрпақтарының 5000 – солтүстік Кавказда, 90000- Түркменияда, 15 000- Иранда тұрды. Барлық қозғалыстар мен көтерілістер күштеп аяусыз басып тасталып отырды.Орталық әкімшілікке қарсы күрес соғыстан кейінгі жылдарда жалғасқан. 1954 жылы 16 мамыр – 25 маусым күндері «Степлаг» лагеріндегі 20698 қамаудағылар көтеріліске шыққан.Көтерілісті басу үшін үкімет 16 солдат, 5-танк, 98 ізші итті жұмсаған. Соғыс жылдарынан кейінгі алғашқы санақ 1959 жылы жүргізілді.
1897 жылғы санақтағы қазақтардың
саны 1960-шы жылдардың аяғында
табиғи өсімнің арқасында
Бұл кезеңдегі қала халқының қысқаруына көші-қон үрдістері әсер етті, сондай-ақ қала халқы арасындағы өлімнің көп болуы мен туудың аздығынан туындайтын табиғи қозғалысындағы айырмашылықтарға байланысты болды. Ал ауыл халқының кетуі мен табиғи кемуі тұрғындарының саны ұсақ елді-мекендердің көбеюіне әсер етті. Олардың көбісі «иесіз ауылдар», тұрып жатқандардың басым көбі еңбекке жарамды жастан асқандар және ол жерлерде әлеуметтік және зкономикалық инфрақұрылым жоқ немесе нашар дамыған.
Ресей империясының колониялық режимі,
одан жаппай қоныс аударумен жергілікті
халықты табиғат жағдайы
Қорытындылап келгенде, Қазақстан басынан үш демографиялық шығынды өткізген. Ұлы отан соғысы жылдарындағы құрбан болған және басқа елдерге көшіп кеткен қазақ этносының саны 4,5 млн адам болды. Сонымен бірге Қазақстанда көп шығынға украиндықтар, өзбектер, ұйғырлар, мордвалықтар, дұнғандар мен қырғыздар ұшырады. Егер Қазақстанда тұратын 7 ұлттың құрбандығына жоғарыда көрсетілген 10 жылдағы табиғи өсім арқылы көрген шығынды қоссақ, бұл көрсеткіш жалпы халықтың 60%-на жетеді.
2006 жылдың 1-қаңтарында еліміздегі халық 15219291 адамды құрады, орташа тығыздық 1 ш.ш-ға - 5,6 адамды құрады. Жер көлемі жағынан алдыңғы орында Қарағанды облысы болса (428,0 мың ш.ш), халық санының тығыздығы жөнінен алдыңғы орында Оңтүстік Қазақстан облысы (19,0), ең ірі қоныстанған Маңғыстау облысы болып табылады. Қазақстанның ең ірі бұрынғысынша оңтүстік астанамыз Алматы қаласы (1247896 адам) орташа тығыздығы жағынан 1ш.ш-ға келетін адам саны: 19,0-6,8 аралығында - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары; 6,8-6 аралығында Павлодар облысы; аралығында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары: аралығында Атырау, Карағанды, Қызылорда облыстары; 2,7-0 аралығында Маңғыстау облыстары (кесте 1). Республиканың қалалық мекендерінде 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауылдық елді мекенде 6522,8 мың адам (42,9 %) өмір сүрген. Еліміздің жеке аймақтарында қала және ауыл халқының ара-қатынасы әркелкі. Осылайша урбандалғандарға Қарағанды (қала халқының үлес салмағы 84,3 %-га жетті), Маңғыстау (70,2 %) және Павлодар (65,8 %) облыстары жатады. Мұнда қала халқының үлесі oрташа республикалық көрсеткіштен 8,7-2,7 %-ға жоғары. Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қазақстан және Қызылорда облыстарында халқының 53,2-59,5%-ы қалалық мекендерде тұрады. Басқа облыстарда ауыл халқының үлесі басым. Алматы облысынынң 70%-ы, Солтүстік Қазақстан облысының 65,7%-ы, Оңтүстік Қазақстан облысының 60,1%-ы, Қазақстан облысының 56,1%-ы, Жамбыл облысының 54,9%-ы және Ақмола облысының 52,5%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады [3;26]
Еліміздегі халық саны 2006 жылдың 1 желтоқсанындағы деректер бойынша 15380,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық-8826,9 мың адам (57,4 %), ауылдық-6554 адам (42,6 %). Жыл басымен салыстырғанда ол 161,6 мың адамға өсті. Осы кезең Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа өңірлерде халық санының өсуі байқалды. 2008 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының аймақтарында, Қостанай, Солтүстiк-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарын санамағанда, басқа облыстарда халық санының өсуi байқалды. Жалпы халық санының максималды өсiмi Оңтүстiк-Қазақстан облысына - 49 031 адам, Алматы облысына - 22 582 адам, Алматы қаласына - 37 493 адамнан келедi. Ал, оның максималды кемуi - Шығыс-Қазақстан облысында - 7129 адам және Қостанай облысында - 6141 адам. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елдегі халық саны нақтыланған деректер бойынша 15219,3 мың адамды құрап, 2005 жылдың басымен салыстырғанда 144,5 мың адамға өсті, одан табиғи өсім 121,8 мың адамды немесе халықтың жалпы өсімінен 84,3% жылдың. Халық саны туудың және иммиграцияның жоғарылап, ал эммиграцияның төмендеуі нәтижесінде өсті. Жалпы табиғи өсім 79,9% құраса, миграция 20,3 %-ды жылдың.2005 жылдың жағдайы бойынша қала тұрғындарының мөлшері жоғары облыстар Қарағанды облысы (84%), Маңғыстау (75,9%) және Павлодар облысы (65,9%), ал ауыл халқы мөлшері жоғарғы облыстар –Алматы облысы (70,2%), Солтүстік Қазақстан (65,8%) және Оңтүстік Қазақстан облысы (59,9%).
1939 жылы қала халқы 3,3 есе өсіп,
қалалық елді мекендер саны 81-ге
жетті. Соғыс жылдарында
2006 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0 мың адамды, орыстар - 3962,1 мың, украиндар - 444,7 мың, өзбектер - 433,5 мың, ұйғырлар - 231,4 мың, татарлар - 229,1 мың, немістер - 222,5 мың адамды жылдың Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар - 58,9% және орыстар - 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер - 4,6 мың немесе 1,1%-ға, ұйғырлар - 1,6 мың немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар - 4,1 мың немесе 0,9%-ға, татарлар - 0,5 мың немесе 0,3%-ға және немістер - 0,2 мың немесе 0,1%-ға азайды.Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды жылдың (57904 адам - осы жерде және бұдан әрі жақшаларда өткен жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштер келтірілген). 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар – 58,6% және орыстар – 26,1% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқы- ның 15,3% тиесілі. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қазақтардың саны 8913,3 мың адамды, орыстар – 3979,3 мың, украиндар – 448,8 мың, өзбектер – 428,9 мың, ұйғырлар – 229,8 мың, татарлар – 229,6 мың, немістер – 222,7 мың, корейлер – 101,7 мың адамды жылдың. 2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 188,1 мың адамға немесе 2,2%-ға, өзбектер - 9,4 мыңға немесе 2,2%, ұйғырлар - 3,3 мыңға немесе 1,4%, корейлер – 0,7 мыңға немесе 0,7% өсті; орыстардың саны 45,0 мың адамға немесе 1,1% тиісінше украиндар – 10,2 мыңға немесе 2,2%, немістер – 5,4 мыңға немесе 2,4% және татарлар – 1,6 мыңға немесе 0,2% азайғаны байқалды. Қазақтардың саны әрі табиғи өсім (134460 адам) есебінен, сондай-ақ көші-қонның оң айырымы (54958) есебінен өсті, бұл 2005 жылғы жалпы өсімнен тиісінше 71,0% және 29,0%. Өзбектер мен ұйғырлар са-нының өсуі, негізінен, табиғи өсім есебінен болды, жалпы өсімде олардың үлесі 94,7% және 96,5%, ал корейлер саны, негізінен,жалпы өсімінде 72,8% құраған көші-қон өсімімен қамтылды. Орыстардың санының азаюы әрі 20045 адамды құраған табиғи кему есебінен, сондай-ақ 22740 адамды құраған көші-қон кемуімен байланысты болды, осындай себептер украиндар санының тиісінше - 6451 және 3393, белорустардың -1252 және 603 және татарлардың - 886 және 605 адамға азаюына әсер етті. Немістердің санының азаюы тек қана 6861 адамды құраған көші-қон кемуімен байланысты.
2008 жылдың бiрiншi тоқсанында АХАЖ органдарының мәлiметiне сәйкес 86 927 сәби дүниеге келген, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9 126 сәбиге өскен. Дүниеге келудiң жалпы коэффициентi 1000 тұрғынға 21,0 сәбиден келедi. Елiмiздiң аймақтары бойынша туу деңгейi 1 000 тұрғынға шамамен 12,7-30,3 сәбиден келедi. Неғұрлым урбаниза- цияланған қалалар Қарағанды мен Маңғыстау облыстары, мұнда қала тұрғындарының саны 84,7% және 69,4% құрайды. Оңтүстiк Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан және Алматы облыстарында ауыл тұрғындарының саны басым ол жалпы санның - 60,2-69,9%-iн құрайды.
Республикадағы жалпы халықтың санының өсiмi 2007 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 175,3 мың адамды жылдың, олардың 141,6 мыңы - қала тұрғындары. Осы мерзiм iшiнде 13 аумақтағы тұрғындардың жалпы санының артқаны байқалады (Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан- нан басқа) басым бөлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысында және Алматы қаласында, бұл аймақтарға 48,5 мың және 39,1 мың адамнан келедi, ал неғұрлым кему саны - Шығыс Қазақстан облысында байқалады - 6,7 мың адам.Жалпы елiмiзде тұрғындардың санының артуы 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 2008 жылдың 1 қаңтарына 174 650 адамға өсiп, 15 620,6 адамды құрайды. Елiмiздегi тұрғындар санының көбеюi туу деңгейiнiң өсуiмен байланысты. Республиканың жасы үлкен тұрғындары- ның саны 2008 жылдың 1 қаңтарында мынадай сипатта болды: 15 жасқа дейiнгi балалар саны - 3729,9 (3691,7) мың адам немесе 24%, жасы 15-тен 65 жас аралығындағы адам саны - 10635,6 (10497,3) мың адам немесе 68,3% (68,2), 65 жастағы және одан үлкен адам саны - 1206,0 (1207,9) мың адам, немесе жалпы санның 7,7% (7,8%) жылдың. 2007 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 0 ден 15 жасқа дейiнгi балалардың және 15-тен 64 жастағы адамдардың саны 38,2 мың адамға немесе 0,1% артты. 65 жастан үлкен адам саны 1,9 мың адамға азайды немесе 0,2%-ға азайды. Гендерлiк тұрғыдан республикада әйел адамдардың саны артып отыр. 1000 ер адамға 1 078 әйел адамнан келедi.2009 жылы қазақстандықтар саны 15,1 мың адамнан 16 млн адамға өседі деген болжамдар бар.Мұндай болжамды әлеуметтік және статистикалық департамент бастығы Ерболат Мусабеков жасаған. Оның ойынша халық санының өсуі елдің әлеуметтік экономикалық жағдайының өсуіне тікелей байланысты.
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы
Қазақстанның егемендiгi елдегi этнодемографиялық жағдайының толық трансформациясына әкелдi. Қазақстаннан Ресейге және басқа да елдерге кең аумақтық миграциялық үрдiстер ақырғы бiр жарым жүз жылдықта халықтың жалпы санының едәуiр азаюына себеп болды - 16 464 464 адам (1989 жыл жазбасы бойынша) 14 953 126 адамдарға дейiн (1999 жыл жазбасы бойынша), яғни 9,1%-дан астам. Қазақстанның немiс және славян тұрғындарының санының азаюының маңыздылығы болды. Германияға массалық кету нәтижесiне орай (германия үкiметiнiң бастамасы және көмегiмен) немiстердiң саны 957 518 адамнан 353 441 адамға дейiн азайды (кемуi 63,1%). Орыс тұрғындарының саны 6 227 549 адамнан 4 479 618 адамға дейiн (28,6%-ға), украиндер - 896 240 адамнан 547 052 адамға дейiн (38,9%-ға), татарлар - 327 982 адамнан 248 952 адамға дейiн (24,1%-ға), белорустар - 182 601 адамнан 111 926 адамға дейiн (38,7%-ға), кәрiстер - 103 315 адамнан 99 653 адамға дейiн (3,5%-ға), әзiрбайжандар - 90 083 адамнан 78 295 адамға дейiн (13,1%-ға), поляктар - 59 956 адамнан 47 297 адамға дейiн (21,1%-ға) және тағы басқа сандары төмендедi (Сурет 5). Сонымен қатар шешендердiң, башқұрттардың, молдавандардың, ингуштардың, мордвалардың, армяндардың, гректердiң, қырғыздардың, болгарлардың, лезгиндердiң, түрiкмендердiң және Қазақстанның басқа ұлттардың көпшiлiгiнiң саны төмендедi. Байқалғандай, егемендiк жылдары Қазақстан ұлттарының абсолюттi көпшiлiгiнiң саны азайды. 1989-1999 жылдар аралығында тек қазақтардың 6 534 616 адамнан 7 985 039 адамға дейiн (22,1%-ға), өзбектердiң - 332 017 адамнан 370 663 адамға дейiн (11,6%-ға), ұйғырлардың - 185 301 адамнан 210 339 адамға дейiн (13,5%-ға), дұнғандардың - 301 658 адамнан 36 945 адамға (22,4%-ға), курдтардың - 25 425 адамнан 32 764 адамға дейiн (28,8%-ға) саны өстi. Тұрғындар санының азаюының негiзгi себептерi механикалық себептер мен көшi-қон факторлар болғанына көзiмiз жеттi (1 кесте). Қазақстан аумағынан жергiлiктi емес халықтарының кең масштабты көшi-қонудың себептерiне, ең алдымен, КСРО-ның құлдырауы мен барлық кеңестiк кейiнгi кеңiстiкте билiкке этнократикалық тәртiптiң келуi болып табылады. Оның нәтижесiнде Қазақстаннан жүз мыңға жуық орыс, немiс және басқа да еуропалық елдерi кеттi. Көшi-қонның себептерi перманентi экономикалық дағдарыс, жұмыс- пен қамтудың азаюы, нарық дағдарысы, адаптацияның қиын өтуi сияқты экономикалық және саяси факторларды жатқызатын авторлардың пiкiрлерi неғұрлым объективтi болып табылады. Бұның барлығы, аналитиктердiң ойынша, қазақ емес тұрғындарды мемлекеттiк этнократияға бейiмделу үрдiсiне қиындық туғызатын психологиялық дискомфорт пен терең стресспен күрделенедi.
Информация о работе Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы