Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 04:50, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;
Кіріспе …................................................................................................................3
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы ......................................4
1.1 Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері ...................................................4
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану
тарихы .....................................................................................................................5
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон ...................................
2.Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері.................10
2.1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері................16
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы ..........................................20
2.3 Республика аумағындағы ұлттардың қоныстану ерекшеліктері ...............24
3 Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері.....................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............
3.2 Ұлттар арасындағы келіспеушілік жағдайларының алдын-алу ................32
3.3 Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты ..............................................................34
Қорытынды............................................................................................................38
Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі .......................................................................40
Жер шарында мыңдаған жылдар бойы мемлекеттік құрылымдар өмір сүріп келе жатқаны белгілі. Ал іс жүзінде олар белгілі бір дәрежеде көп ұлтты болады. Мыңдаған жылдар бойы оларда мейілінше күрделі, мейілінше нәзік проблема сол елдегі мекендейтін барлық ұлттық топтар мен халықтардың шиеленіссіз өмір сүруін қамтамасыз ету болып келгені белгілі. Мұндай жағдайда ұлттық саясаттың түзу жолын таба білген, елдегі мекендейтін барлық халықтардың мүдделерін баянды да үйлесімді келісімде болуын қамтамасыз ететін Мемлекет басшысы тек даңқты, көрнекті немесе еңбек сіңірген қайраткер ғана емес, сонымен қатар тындырған ісі ғасырлар бойы адамдардың жадында жақсы жағынан қалатын тарихи жаңғыртушы тұлға болып қалады. [39; 43]
Қазақстан халқының көпұлтты құрамы республиканың өркениетті дамуының маңызды факторы болып табылады, оның ішінде мына салаларды айта кетуге болады, елдің кауіпсіздігі және қорғаныс қабілеттілігіне тікелей ықпал ететін әскери контингентті көбейту; отандық мәдениет пен ғылымды, техниканы, өндірісті, денсаулық сақтауды, кадрлар даярлауды дамытуда әр түрлі мамандыктағы біліктілігі жоғары мамандардың қатысуы; Қазакстан нақты Отанына айналған көптеген этностар мен ұлттардың тарихи отандарымен (Ресей, Украина, Германия, Польша, Корея, Белоруссия және т.б.) достастық қарым-қатынас орнату және дамыту, мұндай шара тарихи отан делінетін елдерде Қазақстанмен жақсы қарым-қатынас боуына жол ашады. [34;43].
Ассамблея Кеңесінде, оның сессияларында ұлттық мәдени орталықтарда орын алған әр түрлі проблемалар шешіледі. Мәселен, курдтар мен түрік диаспоралары арасындағы түсініспеушілік арнайы шақырылған Ассамблея Кеңесінде толығымен оң шешімін тапты, онда екі диаспора арасындағы шиеленіс пен қарсы тұрушылықтың тігісі жатқызылды. Осылайша ұйғыр, татар, түрік, әзірбайжан, неміс, күрд, армян мәдени орталықтарының ішкі түсініспеушіліктері де осындай әдіспен шешілді. Мәдени орталық қызметкерлерінің, оның ішінде ҚХА хатшылығының өкілдерінің немесе оның төрағасы мен орынбасарларының бірде-біреуі мәдени орталықтардың ісіне араласпайды. Бұүл орайда барлық мәселелер ұсыныс жасау, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасына сәйкес талқылау жолдарымен шешімін табады.[40;8]
Ежелгі қазақ жерінде халықтардың, өркениеттердің, мәдениеттер мен алуан діни сенімдердің бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүруінің бай да бірегей тәжірибесі жинақталған. Бұл тәжірибе біздің бірлігіміздің түп-тамырын айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруге жәрдемдеседі. Қазақстандағы ішкі саяси жағдай бүгінгі танда тұтас ал-ғанда тұрлаулылығымен сипатталады. Түрлі этникалық топтар өздері түратын аймақтардағы үлтаралық қатынас-тарды қанағаттанарлық әрі жарасымды деп бағалайды. Қазақстан қоғамының өзі тәрізді елдегі ұлт аралық қаты-настар да соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Экономикалық және саяси реформаларды жүргізу барысында жаңа әлеуметтік топтар түзілді, қоғамда ой еркіндігі мен төзімділік орнығу үстінде. Қоғамдық демократияландыру Қазақстан халықтарының мәдениет пен тілдерінің қайта түлеуі және дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етті. Бұл даму күллі Қазақстан этностарының аймақтық біртұтастығы негізінде жүріп жатыр, ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне ықпал етеді. Бүгінгі күні елімізде әртүрлі тарихи процестердің негізінде қоныс аударған жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өмірсүріп отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздегі диаспоралар өздерін жат санамасы үшін мемлекетіміз оларға қал-қадірінше жағдай жасап бақты.Әсілі, мемлекеттіңбіртұтастығын қамтамасыз етуде көпұлтты болудың тиімділі-гінен гөрі, «тиімсіз тұстары басым екендігі белгілі. Се-бебі, дербестікке қол жеткізгеннен кейін мемлекетіміздіңүш ғасырға жуық отарланған Қазақ халқының еңсесін тузеугебасымдық; беруіне ең басты кедіргі болған Қаэақстанның «көпұлтты мемлекет» болып қалыптасуы болатын.
Қазақстан халқы Ассамблеясынын. жартытысында Қазақ ұлты Ассамблея жұмысын ұйымдастырушы ұлт ретінде қарастырылған. Бірақ, Ассамблея тізгіні қолымызда бола тұрса да елімізде орын алып жатқан кішігірім ұлтаралық қақтығыстарды бейбіт шешуге дәрменсіз.
¥лттық саясат проблемаларын қорытындылай келіп, оның алдағы уақытта да айқын және әділетті принциптерге құрылатынын айтпақпын. Олардың ішінде ең бастылары: ұлттық мәселені әділетті шешудің базасы ретінде қоғамдық тұрақтылық; заңның үстемдігі;мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту және белсенді бірігу саясаты.Біздің қазіргі өмірімізде, бүгін жетіп отырған қоғамды реформалаудың қазіргі кезеңінде еліміздің әрбір азаматына қатысты емес проблемалар жоқ болар. Сондыктан Қазақстан халықтарының Ассамблеясы тәрізді өкілетті орган біздің қоғамымыз үшін аса көкейкесті міндеттерді шешуге қатыса алады және қатысуға тиіс деп санаймын.
Облыстар деңгейінде
халықтардың өңірлік
Біздің этносаралық келісім моделі көпұлтты қоғамда іске асқан азаматтық келісім формуласы ретінде планетаның мемлекеттеріне ұсынылды. Мұның өзі бізді көп нәрсеге міндеттейді.
Сарапшылардың есептеуі бойынша, 2003 жылы әлемде он төрт жергілікті соғыс және ондаған қарулы қақтығыс белгілі болыпты. Негізгі себебі - ұлттық-діни себептер. Агрессия және ұлттық төзбеушілік көп ретте өз ұлтының немесе дінінің артықшылығын қалай да атап корсету ниетінен туындайды. Көп адам діни мөраттардың өз түсінігі үшін өлуге бар. Ал енді кез келген ұлы дін, ең әуелі, нұр құүйып, тыныштық ұрығын себеді емес пе.
Құдай адамдардың бәрін бірдей етіп жаратады, тек біз өзіміз ғана тілі, түр-түсі немесе көзінің қиығы бойынша ерекшеліктерге сондайлық мән беріп жатамыз.
Қазақстан Президенті Н.Э. Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан бүкіл әлемге этносаралық қатынастар төңірегіндегі тиімді саясатты паш етеді. Нарықтық экономикасы бар демократиялық құқықтық мемлекет кұруға бағытталған егеменді Қазақстанның даму кезеңі барысында бірде-бір этносаралық шиеленіс жағдайы, қанды соқтығыстар мен соғыстар болған емес. Қазақстанда тұратын барлық этностар әрекет етуші Конституция негізінде білім және еңбек салаларына табыстарға қол жеткізуге, ана тілін, мәдениетін, дәстүрлерін өркендетуге, тұрғын үй алуға және өз меншігін қорғауға тең дәрежеде құқылы. Қазақстан Республикасы Конституциясына жазылған адам және азамат қүқығын қорғау туралы бұл іргелі Ережелер әрбір Қазақстанның этностық және оның нақты өкілінің шынайы өлеуметтік көрсеткішінде жүзеге аса отырып, бұдан ары да өмірде орындала береді.
3.2 Ұлттар арасындағы
келіспеушілік жағдайларының
Республиканың әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарына ену мақсатында Қазақстанда реформалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жағдайда саяси дамудың заңдылықтары болып әлеуметтік-саяси жүйе ресурстарын пайдалану қоғамның барлық саласында жедел жаңартулар жүруде. Саяси жаңартулардың маңызы саяси жүйенің толық сапалы өзгеруі,. ол экономикалық, әлеуметтік және мәдени қоғамның әр түрлі салаларындағы өзгерулермен тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар жаңарту – жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тууындауына себепші. Сол саяси үрдістердің жаңаруы әртүрлі жан-жалдардың тууына әкеліп соғады, мұның нәтижесінде жаңарту жобасының жүзеге асырылуында және қоғамның эффективті динамикалық дамуында кедергі болады.Қазіргі уақытта қоғамның алдында тұрған тапсырманың бірі жан-жалдардың алдын-алу, мәселелерді шешуде шараларды пайдалану.Бұл жағдайларда саяси жүйе пайда болған жан-жалдарды шешу негізінде механизімдерді жасап, оның алдын-алу және реттеу шараларын қолданылады.
Саяси жаңартулардың маңызы саяси жүйенің толық сапалы өзгеруінен тұрады. Ол экономикалық, әлеуметтік және мәдени қоғамның әр түрлі салаларындағы өзгерулермен тығыз байланысты болып келеді.Сонымен қатар жаңғырту–жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің туындауына себепші. Сол саяси үрдістердің жаңаруы әртүрлі жан-жалдардың тууына әкеліп соғады, мұның нәтижесінде жаңарту жобасының жүзеге асырылуында және қоғамның эффективті динамикалық дамуында кедергі болады. Қазіргі уақытта қоғамның алдында тұрған тапсырманың бірі жан-жалдардың алдын-алу, мәселелерді шешуде шараларды пайдалану. Бұл жағдайларда саяси жүйе пайда болған жан-жалдарды шешу негізінде механизімдерді жасап, оның алдын-алу және реттеу шараларын қолданылады.
Әлеуметтік-экономикалық
және саяси жаңғырту күйзелісті жанжалдарды
болдырмау рөлі күшеюде. Мұндай жағдайларда
шетел ғылымымен жасалған қақтығыстарды
реттеу әдістерін меңгеру қажет.
Біздің Республикамыз саяси
Сонымен, жан-жалдардың алдын алу мәселелерін қарастыруда келесідей қорытынды жасауға болады: Қазақстанда болып жатқан барлық әлеуметтік жан-жалдардың алдын-алуға болады, егер де зияндылығын бірінші белгілерінде-ақ қажетті шараларды қолданса, себебі жан-жалдар кенеттен пайда болмайды. Наразылықты және қауіпті алғашқы дабылдарын көруге болады. Жан-жалдардың алдын-алу мәселесінде жүйелі түрде жақындау қажет. Ол дегеніміз жаңа мүмкіндіктерді ашып, жаңа технологияларды жетілдіру болып табылады.Ұзақ мерзім шешілмеген сұрақтар әлеуметтік ортада наразылық туғызып, агрессияның өсуіне және психикалық шаршауға алып келуі мүмкін. Жан-жалдарды шешудегі кез-келген қате жіберу жаңа қақтығыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Әр-түрлі толерантты тәрбие беру формаларын (мектептегі дебаттар, диспуттар, конференциялар) енгізу; халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту ең алдымен саяси жанжалдарды болдырмау болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет халық өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге талпынады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында кедейлік деңгейін төмендетуде ұзақ және қысқа мерзімді шаралар жасалған. Жұмыссыздықпен күрес программасы жүзеге асырылуда. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында тұрғын үй құрылысына, денсаулық сақтау сферасына, еңбек ресурстары жүйесін шығаруға көңіл аударады.
Бүгінгі әлемде халықтардың
өзара қарым-қатынас
Сонымен қатар ұлтаралық қатынастардың жай күйіне кері әсер ететін: өмір сүру деңгейінің төмендегі, жүмыссыздық пен қылмыстың орын алуы, құқықтық мәдени жеткіліксіздігі, этникалық оқшаулану үрдістері көрі- ністері сияқты бірқатар объективті факторлар бар.
3.3. Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты
Бұрынғы КСРО-да жүргізіліп
келген ұлттық саясатты зерттеу және
ой елегінен өткізудің принципті
маңызы бар. Егер бүгінгі таңда кеңестік
заман біржолата өткенге
Біздің тарихи түсініктеріміз,
әсіресе жаппай сана деңгейіндегі түсініктеріміз
объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген
тұрпайы социологиялық
Бұрынғы жүйенің басты тарихи кемшілігі неде? Оның себебі тоталитарлық мемлекеттің аясына, оның үстіне пролетарлық интернационализм туы астында бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде Бұл ұлттық сана-сезімнің серпінін ширықтыруға әкеп соқты. Қоғам капиталистік немесе социалистік даму жолын таңдап алса да, қорғау институттарын нығайту және ұлттық сана-сезімді дамытпайынша мемлекеттік құрылыстың сөзсіз жеңілетінін тарих көрсетіп отыр.
Бүкіл кеңес тарихы халықтардың құқықтары сан рет бұзылғанын және тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсетеді. Бұл миллиондаған азаматтар каза тапқан 20-30-шы жылдардың аштығы. Қазақтардың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айырылды. Көптеген ұлттардың гендік қорына нүқсан келтірілді. Бұл мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен қоғамдық ойдың ең таңдаулы өкілдерін жаппай қуғынға салу мен ату болды. Бұл халықтарды жаппай күштеп көшіру мен ұлттық қүрылымдары жою болды.
Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және "ғасырлар жобаларын" жүзеге асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызметі зор зардаптарға әкеліп соқты. Мұның біз үшін Семей полигонының проблемасына, Арал теңізінің, Возрождение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондардың қасіретіне айналды. Мұндай саясат кәдімгі қарсылықты туғызды. Ол кей жағдайда қоғамдық игіліктің, ұлттық құндылықтарды қорғау жөніндегі ашық әрекеттерге де ұласты. Бұлардың түпкі мақсаты шынайы ұлттық теңдікке жету болатын.
Информация о работе Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы