Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 04:50, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы ......................................4
1.1 Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері ...................................................4
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану
тарихы .....................................................................................................................5
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші - қон ...................................
2.Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері.................10
2.1 Ел халықтары демографиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері................16
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы ..........................................20
2.3 Республика аумағындағы ұлттардың қоныстану ерекшеліктері ...............24
3 Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері.....................................................29
3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............
3.2 Ұлттар арасындағы келіспеушілік жағдайларының алдын-алу ................32
3.3 Қазақстанның ұлттық ішкі саясаты ..............................................................34
Қорытынды............................................................................................................38
Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі .......................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Диплом ҚР этност..doc

— 381.00 Кб (Скачать документ)

Ұлыс – мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.

Көші-қон — адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен  басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір  аумақтың шекарасынан асып, тұрақты  немесе уақытша түрғылықты мекенге  қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа да себептермен ұйымдасқан (мемлекеттің және басқа да қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келуші-лердің ездерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймактарына байланысты себепті де қосуға болады. Халыктың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші–қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егінішліктің дамуымен, егін-шіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғ-дың басында) байланысты болды. 20 ғ-да көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қонға тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этникалық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.

 

 

1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы  этникалық топтардың қоныстану  тарихы

Егеменді еліміздің тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық механикалық даму жолдары ең алдымен өз халқының өсіп-өну  серпіні және әлеуметтік құрамындағы өзгерістерге байланысты. Қазақстанда тұратын халықтардың этникалық құрылымына санақ жүргізудің түпкі тарихы сонау темір дәуіріне саяды. Үйсін, қаңлы, қыпшақ тайпаларының арасында әскер санын білу мақсатында есептеулер жүрген. Қытай жазбаларында сақталған деректерге сәйкес, б.э.б. 2 ғ үйсін тайпаларының 120 шаңырағының 630 мың тұрғынының 188800 – і, ал қаңлы тайпаларының 600 мың тұрғынының 120 мыңы әскер құрамында болса, қыпшақ мемлекетінде 100 мыңнан аса әскер болған. Ерте ортағасырлық мемлекеттердің этникалық құрылымы жайында да деректер жеткілікті. Үйсін, қаңлы, найман, керей, арғын, алшын т.б. тайпалар әрқайсы 500 мыңнан 800 мыңға дейін адамды құрап, әр тайпа 100 мыңнан әскер жасақтаған деген деректер бар. Ортағасырлық қыпшақтар Алтын Орда мемлекетінің этникалық тобын жылдың және салық төлейтін адамдардың есебін білу мақсатында өз арасында санақ жүргізген. 1456-1465 жылдары Қазақ хандығы құрылған кезеңінде Жәнібек пен Керей төңірегіне 200 мыңдай адам жиналғаны белгілі. 1523 жылы Қасым хан билік құрған кезінде Қазақ хандығының құрамында миллион адам болған дейді. А.И.Левшин «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» атты еңбегінде берген мәлімет бойынша Ұлы жүзде 210000, Кіші жүзде 190000 шаңырақ болса, Орынбор генерал –губернаторы болған Г.Волконскийдің дерегі бойынша 1803 жылы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қазақтары 395100 шаңырақты құраған. Ал Б.А.Куфтин «Киргиз-казахи Культура и быт (М.,1926) атты еңбегінде «ХХ ғ-ң басында Еділден Алтайға дейін, Ертіс өзінен Әмударияға дейін 4000000 қазақ мекендеген, Орта жүз және Кіші жүз қазақтары Қазақстан халқының 61%-н құрады», деп көрсетті. Оңтүстік Қазақстандағы Шу өзені мен Талас маңына 1459 жылы орналасқан мемлекетті «Қазақ хандығы» деп атаған. Мемлекетті басқарушылар өздерінің қарауындағы адам санын немесе өздерінің әскер санын әртүрлі әдістермен (әр рудағы және тайпадағы қазақ үйлердің саны бойынша немесе соғыс алаңына шыққан адам саны бойынша) есептеген. Мысалы: тарих мәліметі бойынша халық 200 мың адамды ғана құраса, ал ХV – ғасырдың аяғында миллионға жеткені айтылады. Қазақстанның Ресей империясының құрамына XVIII ғасырда кіргені белгілі. Ресей империясы құрамында алғашқы халық санағын Қазақстан территориясында 1897 жылы Ресей статистикалық орталықтары өткізді. Мұнда халықтың саны, ұлттық және әлеуметтік құрамы, жастық және жыныстық құрылымы, некесі, тегі және атағы, туылған жері, тіркелген жері, ана тілі, еңбек жасау және сауаттылық деңгейі туралы мәліметтер жинақталды. Санақ нәтижелері Статистикалық комитеттердің жинақтарында жарияланды. Түркістан өлкесі ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында – қазақ көп ұлтты өлкеге айнала бастаған. Мысалы, 1879 жылғы Верный қаласында жүргізілген бір күндік санақ нәтижесінде қаладан 24 ұлт өкілі, яғни 11464 орыс, 624 қазақ, 820 сарт,1039 татар, 119 тараншы, 74 поляк, 11 литовтық, 1 латыш, 1 финн, 1 чех, 1 словак, 35 неміс, 1 ағылшын, 1 француз, 98 морва, 5 зыряндық, 62 еврей, 113 дүнген, 1 бұхарлық, 167 қалмақ, 108 қытай, 13 сибо-солон, 14 маньчжур тіркелген. Санақ нәтижесі «Туркестанские ведомости» газетінің 1879 жылғы №46 санында жарияланған. Түркістан өлкесінің ұлттық құрамынан, олардың орналасуынан 1905 жылы жүргізілген санақ нәтижелері де аса құнды этнодемографиялық санақ берген. 1917 жылы шығарған «Материалы к истории киргиз – казахского народа» атты еңбегінде: «Сырдария облысында – 1млн. 150 мың; Әмудария облысында –50000; Самарқанд облысында -120 мың; Жетісу облысында – 750 мың; Семей облысында – 730000; Ақмола облысында 580000 мың; Торғай облысында 530 000; Орал облысында – 590 000; Бөкей Ордасында 320 000; Маңғышлақ облысында – 100000; Алтай өңірінде –60000 қазақ тұрған.

1920 жылы сәуірде алғашқы  кеңестік санақ өткен, бұл уақытта  Азамат соғысы аяқтала қоймағандықтан  санақта Қазақстанның барлық  территориясы қамтылмады. Бұл санақ  ауыл шаруашылық санағымен қоса қабат жүрді, ал 1923 жылғы 15 наурызда өтілген халық санағы өнеркәсіп орындарын толық қамтыған. Санақ Кеңес үкіметін нығайту мақсатында жүргізілді. 1926 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан жерін де қамтыды.

ХІХ ғасырдың 70 жылдары  қоныс аударушылардың ұлғаюы Қазақстанның ұлттық құрамының өзгеруіне қатты әсер етті. 70-ші жылдарға дейін негізгі қоныс аударушылар Украина мен Ресей қазақтары болса, 90-шы жылдары және ХХ ғасырдың басында Ресейден крестьяндардың көшіп келуі жылдары ұлғайды. Сонымен қатар, бағдарламада ұлты және ұлттық құрылымы туралы сұрақтар қарастырылмағандықтан, 1897 жылы жүргізілген санақта көп кемшіліктер болды. Сонымен, украин, белорус, еврей, мордва халықтары орыс тілін өздерінің ана тілі деп санағандықтан, санақ барысында оларды орыс ұлтына жатқызды. Бұл санақтың көрсеткіштері бойынша қазақ халқының саны 4 млн.333 мың адам болды, оның 7 %-ы қала тұрғыны болып есептелді. Жергілікті халықтың (қазақтардың) саны 3,9 млн., яғни барлық аймақтарда басым болды. Қазақтардың саны қалаларда аз болды, оның себебі, көпке дейін ауыл шаруашылығына көңіл бөлгендіктен, қалалар өте баяу дамыды. Қазақ халқының 1897 жылы 6,7 % ғана қалаларда тұрды. Оның көпшілігі орыстар мен татарлар, ал қазақтар бар болғаны 1,2 %-ды ғана Ресей империясында 1897 жылы жүргізілген санақ бойынша, қазақтар бар болғаны 1,2% -ғана құрады.

Алғашқы санақтан бастап, ХХ ғ. бірнеше халық санағы 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жж. 1989 жылы халық санағы бойынша, қазақтың саны 2314 мыңға, үлесі 57,1 % (1926) 37,9% (1989) азайды. Яғни жергілікті ұлт абсолюттік және салыстырмалы саны жағынан өз Отанына екінші орынға ауысты. (Сурет 1-4;)

 

Қазақстан халқының ұлттық құрамы 1926-2008жж. бойынша (%).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Сурет 1 1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Сурет 2 1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Сурет 3 Қазақстандағы  ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы

 

  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Сурет 4 Қазақстандағы  ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы

 

1.2 Қазіргі Қазақстан  аумағындағы этникалық топтардың қоныстану тарихы

Қазақстанда халықтың табиғи өсуі 1926-1959 жылдары жалпы КСРО деңгейіне  қарағанда, едәуір жоғары болғанын көреміз. Мысалы, 1940 жылы КСРО көлемінде табиғи өсу 13,2 промилле (1000 адамға шаққанда) болса, Қазақстанда 19,4 промиллеге жетіп, 6,2 промиллеге Одақтың табиғи өсім көрсеткіштерінен асып түскен. Соғыс жылдарынан соң бұл көрсеткіш өсті: 1950-1954 жылдары Одақ бойынша табиғи коэффициенті 17,0 промилле болса, Қазақстанда 26,4 промиллеге, 1955-1959 жылдары Одақта 17,6 промилле, ал Қазақстанда 29,1 промиллеге жеткен. Яғни бұл екі кезеңде табиғи өсім 11,5 промиллеге артық болған. Одақта Қазақстан табиғи өсу жөнінен төртінші және бесінші орындарды тұрақты алып отырған. Дегенмен, зерттеліп отырған кезеңнің алғашқы он бесінші, жиырмасыншы жылдарында қазақтардың табиғи өсу деңгейі, республикадағы басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда төмен болды. Жоғарғы өсім,1960 жылы қазақ ұлтының демографиясының күрт дамуына негіз болады. 1992жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының осы мәселелерді зерттеуге байланысты комиссиясының қорытындысы 1992 жылы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып, онда қазақ елі аштықтан және соған байланысты міндеттерден, сондай-ақ, өлім деңгейі үнемі жоғары болуынан 2200000 адамнан, яғни барлық қазақ халқының 49 %-нан айырылған деп атап көрсетілді.

Сонымен этностардың  Қазақстан жерін ерте кезеңнен бастап қоныстан -ғанына көзіміз жетті. Негізгі  Қазақстанның ұлттық құрамының өзгеруіне  Украина және Ресейден келген қазақтар болған.

 

 

1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші қон

Қазақ халқының ежелгі замандардан  бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі  тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып  отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айла-рында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Қазақ халқының қалыптасуының этникалық процесінің келесі кезеңі біздің дәуірімізге дейінгі соңғы мыңжылдықта Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпаларымен тікелей байланысты. Орасан зор аумақты мекендеген сақ тайпалары туралы зерттеулер қазақ халқының бұдан былайғы қалыптасу процесінде сақтардың ата-бабалық негіз қалағанын дәлелдеп отыр. Антропологиялық зерттеулер олардың бет пішінінде еуропалық белгінің басым болғандығын және аз да болса моңғолоидтық белгілердің біліне бастағанын анықтады және бұл моңғолоидтық белгі бірте-бірте өсіп көбейіп отырған. Сақ заманы тайпаларының этникалық бірлестігінің орнын басқан жаңа тайпалық одақ үйсіндер де негізінен еуропоидтық нәсілге жатады, бірақ олардың антропологиялық белгілерінде моңғолоидтық элементтер көбейе түседі. Дегенмен олардың тілі жөніндегі пікірталас аяқталған жоқ. Сақтардың тілі сияқты үйсіндердің де иран және түрік тілдес болғаны туралы болжамдар бар. Оңтүстік және Оңтүстік-батыс Қазақстан аумағында өмір сүрген қаңлы тайпалары туралы да осыны айтуға болады.

Қазақстан аумағындағы  этникалық процестің келесі және шешуші кезеңі біздің заманымыздың бірінші  мың жылдығының орта кезінен түрік тайпаларының батысқа қарай жылжуынан күшейе түсті. Солтүстік Моңғолиядан Амударияның төменгі ағысына дейінгі кең-байтақ аумақта орналасқан түрік тайпалары осы аудандарды мекендеген, олардың ежелгі тұрғындары сақтардың, сарматтардың, үйсіндердің және қаңлылардың ұрпақтарымен араласып сіңісіп кетті. Түріктер далаларға ғана емес, қалалар мен елді мекендерге де орнықты. Жаңа әлеуметтік қатынастардың құрылуы, Түрік қағанатының, одан кейін Батыс түрік қағанатының ұйымдасуы түркі тілдес тайпалардың батысқа қарай көшуін тездетті. Түрік тілі басым бола түсті, антропологиялық түрдің моңғолдануы тездей түсті. Түркеш, қарлұқ мемлекеттері өмір сүрген дәуірде Қазақстан аумағындағы этникалық процестерде бірігу әрекеті одан әрі белсенді жүрді.

IX—XI ғасырлардағы оғыздар  мемлекеті мен VIII—XIII ғасырлардың  басындағы қимақ, қыпшақ мемлекеперінің  қазақ халқының калыптасуын - дағы ықпалы ерекше зор болды.  Әсіресе, қыпшақ тайпаларының  мемлекеттік бірлестігі Ертістен  Еділге дейінгі орасан зор  аумақты мекендеген түрік тайпаларының этникалық саяси және шаруашылық-мәдени байланыстарына қолайлы жағдай жасады. Осындай қолайлы жағдай нәтижесінде XII ғасыр және XIII ғасырдың бас кезінде ерте феодалдық түрдегі халық болып құралуға қыпшақтар жақын қалған еді. Қазақ халқының калыптасу процесіне белгілі бір дәрежеде XIII ғасырдың бас кезінде Шынғыс хан шапқыншылықтарының себептерінен Монғолия мен Алтайдан Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазакстанға қоныс аударған наймандар мен керейлер де ықпал етті. XIV—XV ғасырларда өмір сүрген Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің де экономикалық дамуы бірдей болды. Әрбір мемлекеттің құрамында болса да Қазакстан аумағындағы тайпалар бұл дәуірде бір тілді-қыпшақ тілін пайдаланған. XIV-XV ғасырлардағы рухани және материалдық мәдениеттің ортақ белгілері де этникалық процесті топтастырған елеулі факторлардың бірі болып табылады. Бұған сол замаңдардағы көшпелі тұрмыс мәдениеті мен эпостық жырлар да, аңыздар да мысал бола алады. Қазақстан аумағының негізгі тарихи-этнографиялық аудандарында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр, Ноғай мемлекеттері негізінен осы аумақтың автохтанды халқын және түріктенген (қыпшақтанған) моңғол-80 дардың шағын топтарын қамтыды. XI—XII ғасырларда Ертістен Еділге дейінгі аумақты жайлаған және XIV-XV ғасырларда өмір сүрген орта ғасырлық мемлекеттердің негізгі бөлігін кұраған кыпшактардың қазак халқынын қалыптасу процесіне, оның қазақ халкы болып орнығуына ерекше маңызды роль атқарғанын ерекше айту керек.

Мемлекеттердің орта кезеңдегі көші-қоны жайында да деректер жеткілікті. Үйсін, қаңлы, найман, керей, арғын, алшын т.б. тайпалар әрқайсы 500 мыңнан 800 мыңға дейін адамды құрап, әр тайпа 100 мыңнан әскер жасақтаған деген деректер бар. Ортағасырлық қыпшақтар Алтын Орда мемлекетінің этникалық тобын және салық төлейтін адамдардың есебін білу мақсатында өз арасында санақ жүргізген. 1456-1465 жылдары Қазақ хандығы құрылған кезеңінде Жәнібек пен Керей төңірегіне 200 мыңдай адам жиналғаны белгілі. 1523 жылы Қасым хан билік құрған кезінде Қазақ хандығының құрамында миллион адам болған дейді. А.И.Левшин «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» атты еңбегінде берген мәлімет бойынша ХІХ ғасыр кезінде Ұлы жүзде 210000, Кіші жүзде 190000 шаңырақ болса, Орынбор генерал –губернаторы болған Г.Волконскийдің дерегі бойынша 1803 жылы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қазақтары 395 100 шаңырақты құраған. Ал Б.А.Куфтин «Киргиз-қазақи.Культура и быт. (М.,1926) атты еңбегінде «ХХ ғ.-ң басында Еділден Алтайға дейін, Ертіс өзінен Әмударияға дейін 4 000 000 қазақ мекендеген, Орта жүз және Кіші жүз қазақтары Қазақстан халқының 61%-н жылдың»,деп көрсетті. Оңтүстік Қазақстандағы Шу өзені мен Талас маңына 1459 жылы орналасқан мемлекетті «Қазақ хандығы» деп атаған. Мемлекетті басқарушылар өздерінің қарауындағы адам санын немесе өздерінің әскер санын әртүрлі әдістермен (әр рудағы және тайпадағы қазақ үйлердің саны бойынша немесе соғыс алаңына шыққан адам саны бойынша) есептеген. Мысалы: тарих мәліметі бойынша халық 200 мың адамды ғана құраса, ал ХV –ғасырдың аяғында миллионға жеткені айтылады.

15 — 18 ғ. жоңғар шапқыншылығы  кезінде қазақ халқы «ақтабан  шұбырынды, алқакөл сұламаға»  ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп,  мәжбүрліктен қоныс аударып отырған. 19 ғ-дың 2-жартысы — 20 ғ-дың басында  Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді. 18 — 19 ғ-дың қазақ халқының патшалық самодержавияға қарсы ұлт-азаттық көтерілістері мен со-ғыстары, Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 ж. маусым жарлығында қарсылықпен басталған ұлт-азаттық қозғалысы, 1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократия және Қазан төңкерістері, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, 1918 — 20 жылдардағы азамат соғысы, 1920 — 21 жылдардағы ашаршылық, "соғыс коммунизмі", азық-түлік отрядтарының жорығы Қазақстан жеріндегі көші-қонның саяси себептері еді. Бұл кезеңдерде талай қазақтар қанды кырғын мен аштықтан бас сауғалап жат жерге ауып кетті. 1928 — 30 ж. бай-кулак ретінде тәркіленген ауқаттылар ата мекенінен аласталып, жер аударылды. Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. Жаппай күштеп ұжымдастыру кезеңінде казақтарға қарсы геноцидтік саясаттың жүргізілуі салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа ұшырап, қырылған зұлмат жылдарда (1931 — 33 ж.) 1 млн-нан астам қазақ ата жұртынан ауып кетті, олардың 616 мыңы тарихи отанына қайтып оралмады. Олар шалғай шет жерде — Монголия, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Түркия елдерінде, сондай-ақ, кейбір Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасын құрады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1939 — 45) тұтқындалған, Еуропа еддеріндегі Қарсыласу козғалыстарына катысқан, Түркістан легионында болған көптеген қандастарымыз шет мемлекеттерде қалып койды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттын құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ, жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 ж. Қазақстанға Манчжурия өлкесінен 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 — 44 ж. қазақ жеріне Кавказдан шешендер, ингуштар, балкарлар, карашайлар, Қара теңіздің солтүстік жағалауынан қырым татарлары, месхед-түріктер, поляктар, болгарлар, күрдттер, Еділ бойынан немістер, 1947 — 52 ж. мындаған латыштар, эстондар, батыс украиндар қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстаңцырылды. 1953 ж. еврейлер, абхаздар жер аударылды. 1953 — 55 ж. тың игеру деген желеумен Қазақстан жеріне өзге ұлттардың миллиондаған өкілдері көшіп келді. Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық жымысқа саясаттың салдарынан байырғы ұлт — казақ халқы өз жерінде азшылыққа ұшырап, Қазақстан 130-дан астам этникалық диаспораның өкілі тұратын «интернационадық» мекенге айналды. Ал 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы шет жерде мекендеді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткіп, егеменді елге айналған 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап соңғы он жыл ішінде көші-қон басқаша сипат алды. Қазақстан Республикасының 1992 ж. 26 маусымда қабылданған «Көшіп келу туралы», 1997 ж. 13 желтоксанда кабылданған «Халықтық көші-қоны» туралы заңдары көші-қон саласындағы коғамдык катынастарды реттеп, көші-қон. үдерістерінің құкықтык, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Сөйтіп, өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасау мәселесін мемлекеттік тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, Дүние жүзі қазақтарының кауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекеттік мекемелер құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың белгіленген аймактарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден каржы бөлініп тұратын болды. Сондай-ак, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жүртына көшіп баруға мүмкіндік алды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы