Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық санада сонымен  қатар қоғамдық психология және идеология, қоғамдық сананы тасымалдаушылардың ерекше ықпалы болып табылады. Қоғамдық сананың  құрылымдық элементі қоғамдық және әлеуметтік, психология қажеттілігін, ерекшеліктерін адамдардың жүріс - тұрысымен сипаттайды.

Идеология - қоғамдық қатынастарды өзгертуге немесе қызмет етуге және қоғамның дамуының қызметкерлерінің жүйеленген формасында және теориясында белгіленген  қөзқарастар мен идеялардың жиынтығы. Ол әлеуметтік топтың, қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне байланысты көз-қарасын білдіреді,  теория түрінде дәлелдейді және олардың әлеуметтік  саяси әрекетімен нақтылайды .

«Қоғамдық» ұғымы формасы  және мазмұны бойынша біртекті емес. Қоғамдық түсініктің келесі түрлерін көрсетеміз: ғылыми, діни саяси, құқықтық, философиялық, әдет-ғұрыптық,  эстетикалық. Олар  құбылыстардың мазмұны бойынша ажыратылады, егер де материалистік формамен, әлеуметтік функциямен ерекшеленсе. Қоғамдық сананың түрлері және формалары көп қабатты құрылым, ол күнделікті және теориялық деңгейден, қоғамдық психологиядан, идеологиядан тұрады. «Қоғамдық» түсініктің бір тұтас сипаты «қоғамдық  жағдай»  деген пікір түсінігінде көрініс табады, яғни «көпшілік» және «қоғамдық» түсініктерінде. Қоғамдық түсініктің жағдайы қандай идея мен қөзқарас арқылы осы тарихи кезеңде көрінсе, қоғамдық пікірге және көңіл күйге әсер етеді және  қоғамдық пікірде ғылым, дін, саясат және құқық қандай орын алатындығын анықтайды. Қоғамдық түсініктің сипатталу жағдайын маңызды мағынасын  ғылыми және ғылыми емес көрсетулер анықтап береді. 

 

3. Қоғам  және тарих. Тарих философиясы.

Қоғам белгілі бір уақыт  пен  кеңістікте өмір сүреді. Соңғы кезде әлеуметтік уақыт пен  әлеуметтік кеңістікке деген түсініктерге қызығушылық артуда. Соңғы он жылдықта философиялық-тарихи ойлардың толық бір бағыты - әлемтану пәні пайда болды.

Тарих оқиғалары белгілі  бір ритмде болатындығы және қайталанып отыратындығы байқалған. Бұл жөнінде Экклезиаст, ежелгі Қытай, Үнді және басқа мемлекет ойшылдары ой салған. Осылайша қоғамның тарихи даму циклының идеясы пайда болды. ХХ ғасырдың көрнекті тарихшысы Ф.Бродельдің айтуынша, тарихи оқиғалар - бұл шаң, ал негізінен -циклдар мен трендтер. Осы тарихи өлшемдердің философиялық мәні жалпы дамудың сипатын тану болып табылады. Кейбір көзқарастарға байланысты тарих-бірқалыпты немесе басқа ғарыштық күштен Мессияндық елудің соңына дейін және мыңжылдық құдай патшалығына дейін өтіп жатыр. Әрбір өз әлеуметтік  уақыттың заңдары бойынша өмір сүретін ірі қоғамдық жүйенің өз кіші жүйелері болады, сондықтан соңғы нәтиже өте күрделі болуы мүмкін. Канттың айтуы бойынша, тарихи заңдылық пен сана –масштабты сұрақтың белгілі мөлшері, егер масштаб кіші болса, онда бірінші кездейсоқ заңды, ал егер  масштаб үлкен болса, онда даму тенденциясының нақтылығымен өсу процесі анықталады. Тарихи кеңістік –уақыттық координатасы арқылы шешімін күтетін мәселе болып табылады.

Қоғам тарихының философиялық анализге дамудың жалпы жолын  білу өте маңызды болып табылады. ХХ ғасырдың 20 жылдары П.Сорокин  адам тарихындағы фундаметальді мәдениетінің 3 түрі туралы идея ұсынды. Олар: діни ,аралық және материалистік. Діни мәдениеттің негізінде Құдай туралы көзқарас пен тарихи қозғалыстың 3 серігі бар: құдайлық, адамдық және сайтандық. Материалды мәдениет тарих қозғалысының негізі болатын  шындықты сезімді түрде қабылдаудың негізінде жатыр, ал үшінші мәдениет аралық болып табылады.

Бір мәдениеттен өту мына цикл арқылы жүреді:   дағдарыс-бұзылысы-тарту-құндылықты қайта бағалау - қайта өрлеу. ХХ ғасырдың 80 жылдары жапон футурологы Ф.Фукуала «Тарихтың соңы» атты күшті идеологиялық тарихи сахнадан шыққан  мемлекеттер түсінігін ұсынды.

“Тарих  философиясы ” терминін ғылымға Вальтер енгізген. Ол қоғам дамуының негізін, ашу мақсаттары мен идеалдарын түсіруді белгіледі. Тарих философиясы антик заманында пайда болды. Оның дамуына Геродот, Фукидид, Плутарк, Августин, Г.Гегель т.б. ірі ойшылдар зор үлес қосты. Антикалық тарих философиясы дүниені гармониялық және циклды Ғарыш ретінде қарастырды. Ол мәңгілік қайтудың философиясы болып танылады.

Ежелгі Еврейлер  тарихтың басы мен соңын анықтай отырып, олар тарихтың эсхоталогиялық түсінігін ұсынды. Християндық тарих философясы антикалық айналым идеясын жеңді. Соған сәйкес, христостың алғашқы келуі, оның өлімі, екінші рет келуі- тарихтың негізгі пункттері. Өзінің күнәларынан тазару жолын өткен адам мәңгілікке қалады.

Егер адамзат құдай  ретінде болса, тарих соңғы нүктеге  ие. Әзірше болашақта тұрған, соңғы  нүктеде аяқталған тарих, мағынаға толы. Християнда философия тарихы көрегендікпен шектеле байланысқан, соған сәйкес дүниені құдайшыл көзқарас билейді. Көрегендік концепциясының алғашқы  авторы Августин болып табылады. Ағарту және қайта өрлеу дәуірінде тарихи дәуірлердің рационалды түсіндірілуі түзіледі. Құдайшыл көзқарастың  орнына прогресс түсінігімен тарихтың табиғи заңы түсінігі қойылады. Д.Виконың айтуынша, барлық халықтар тарихи бір заңға бағынады. Барлық халықтар бірдей даму кезеңінен өтеді: алғашқы дөрекілік, феодалдық, қалалар кезеңі, құқықтық заңдар. Бұл даму жүйесінің аяқтауында қайта пайда болады және сол реттілік бойынша жүреді, яғни ол прогрессивті және шексіз. Тарихта соңғы нүкте жоқ, сондықтан онда уақытша мағына жоқ. Г.Гегель үшін тарих - рухтағы абсолютты идеяның заңды дамуы. Рухтың негізі - бұл бостандық. Прогресс көркем өнер ғылымның, діннің, философияның дамуымен бекітіледі.

К.Маркс прогресс идеясын  қолдаған және қоғам еңбегінің өнеркәсіптік деңгейінің дамуын өлшем ретінде  шығарған. К.Маркс бойынша өндірістік еңбектің өндіріс құралдарының дамуы  революцияға, кейбір қоғамдық экономикалық формасының басқалармен ауысуына   алып келді. Марксизм бойынша тарихтың мағынасы мынада: қоғамның максималды дамуында және  соның нәтижесінде әрбір қоғам өкілі бостандыққа ие болатындығында. ХХ ғасырда қоғамның бірқалыпты даму концепциясы бірнеше рет сынауға алынған. О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин бірқалыпты процесс түріндегі тарихты көрсетуге мүмкіндік бермейтін, өзіндік ерекшелігі бар,  локальдық қоғамның идеясын дамытты.

Тарихты талдау мынада көрсетіледі, қоғамның дамуы мен өрістеуіне қарама-қарсы  бағыт тән-бірлікке жылжу және көпшілікке жылжу. Қазіргі кездегі өркениетпен  мәдениет  көптігінде  және оның арасындағы байланысы жан-жақты бола бастады. Шығыс пен Батыс арасындағы әрекеттестік қоғамның өмір әркетінің әр түрлі аумағында - экономикада, саясатта, ғылымда,  мәдениетте,  дінде,  философияда бақыланады. 

 

 

 

Өзіндік  тексеру сұрақтары

1. «Қоғам» ұғымының маңызын  анықтаңыз?

2. Қоғам ұғымының философиялық  ерекшелігі неде?

3. Қоғам ұғымының құрылымы  қандай философиялық талдауда?

4. Қоғамның жалпы жүйелі  астарын көрсетіңіз?

5. Қоғамдық сана дегеніміз  не?

6. Қоғамдық өмірдің мәселесі  неде? 

 

 

  

 

 

    

 

 

  

 

 

    

 

 

 

Лекция тақырыбы № 13

Мәдениет. Қазіргі  өркениет проблемалары және перспективасы.  

 

1.     Мәдениет және өркениет.

Қоғам жалпы білімді көрініс  береді. Әр халықтың өзіндік тарихи және мәдени ерекшеліктері бар. Бұл  әлеуметтік жүйелердің бірлігімен, жүйені құрайтын факторлардың негізі ретінде  көрініс береді. Қазіргі философияда  жалпы қоғам түсінігі мәдениет және өркениеттен шығады.

Мәдениет – адамның  дамуындағы іс - әрекеттің материалды және рухани еңбегі.

“Өркениет” термині түрлі  мағынада қолданылады. Біріншіден, өркениет адам дамуында талай тарихи сатылардан өтеді, яғни ол класстардың, мемлекеттердің, жазудың шығуымен байланысты. Бұл  тұрғыдан алғанда “өркениет” термині  туыстық қатынастардан құрылған әлеуметтік қоғамға қарсы. Екіншіден, өркениет түсінігі барлық мәдениеттердің жалпы сипаты мен олардың жалпыадами бірлігі ретінде қолданылады. Үшіншіден, бұл термин “материалды мәдениет”  терминінің синонимі ретінде қолданылады, яғни бізге ыңғайлық пен комфорт беретін техниканың негізінде. Төртіншіден, өркениет тарихы процесстердің бірлігін сипаттайды. Бұл түсінік әр дәуірдің қоғам байлығының дамуын тарихи жағдайларымен байланысын көрсетеді.

XVIII ғасыр ортасында өркениет  түсінігі адамның “қалыпты”  жағдайын сипаттады, ал өркениет  дамуының ретінде қоғамдық идея  себеп болды. 

Өркениет, тарихи қалыптасқан  қоғамдық құрылыс және өзгермеген әлеуметтік құрылымдармен және олардың арасындағы үнемі байланыстың негізінде  қалыптасқан деуге болады. Бұны тарихи қажеттіліктің негізі бекітілген, яғни жүйе бойынша қоғамдық өмірді сақтау және дамыту барлық қоғамдық жүйедегі жеке индивидтер мен әлеуметтік топтардың  іс - әрекеті мен қарым – қатынасы деуге болады. Қандай да болмасын өркениеттің  негізін - өндіруші нормативтік база, әлеуметтік, экономикасын, саяси және басқа да қоғамдық іс - әрекеттер  құрайды.

Өркениетте ең басты орында заттың және әлеуметтік технологиямен  байланысты нормалар: үкметтік технология, тәртіп, бірлестіктер, және бірінші  орында өндіруші технология. Қоғамдық өмірдің күрделенуіне жүйелік нормаларға сай емес тиымдар әсер етеді. Олар тарихи қалыптасқан, әлеуметтік тәжирбиенің  ұрпақтан – ұрпаққа сақталған  күйінде жетуін қамтамас етті.

Өркениет адамдардың өмірлік  даму бағытың, оның әлеуметтілігін сипаттайды.

Әлеуметтік нормалар өркениеттің  берілу тәсілдерің сақтау үшін институттардың мығым болуын қадағалады. Әрбір өркениет ерекше берілу тәсілдерің қолдана, әлеуметтік нормадағы, әлеуметтік тәжирбиені сақтау. Әлеуметтік норманың көрінісі – коллективтің іс - әрекеті болды; ойындар, көрініс, мысал, дәстүр, тағы басқа яғни тәртіптің  үлгілері. Алайда ең бірінші роль тұлға  аралық қарым – қатынас болды.

Әлеуметтік нормаларды сақтау және оны орындаудың гаранты жазалау  жүйесі болып табылады, сол сияқты дін, әлеуметтік институттар тағы басқалар. Дін мен шіркеу өркениетке ерекше түр берді. Өркениеттің жоғары біріктірушісі, құқықтық үкімет болып табылады.

Түрлі өркениеттер, түрлі  мемлекеттік үкімет жүйесін құрды: теократикалық, сословиялық, құқықтық, саяси.

Әр түрлі әмбебап нормалар жүйесінің әсер ету адамдарды  іс - әрекеті мен тәртібі, қоғамдық қарым – қатынас көптүрлі өркениеттің тууына себепкер. Олардың бір – бірінен айырмашылығы: біріншіден – діни және көзқарастың ерекшеліктер, олардың саяси, әлеуметтік мәдени процесстерде алатын орны; екіншіден – олардың техникалық – экономикалық даму сатысы, олардың тарихи сипаты. Әрбір өркениеттің өзіндік саяси жүйелік ерекшелігі мен өзіндік құқықтық құрылымдары бар. Сол сияқты өркениет берілу тәсілдері, сақталу және ақпараттың сақталу бойынша ерекшеленеді.

Қоғамдағы ең негізгі өркениеттік  негізі - өркениет типологиясы. Алдымен  европалық және европалық емес өркениеттік  типтер болып бөлінеді. 

Ең маңызды типте европалыққа  дейін пайда болған, дәстүрлі өркениет немесе европалық емес топ құрайды. А.Тойнби бұл топта 21 өркениетті бөліп  көрсетеді. Дәстүрлі қоғам өте баяу және өмір сүруші образды жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы дамытуға қабілетті. Европалық емес өркениеттік  эволюциясы мемлекеттің қарамағындағы  институттар мен нормалардың  күшіне енуімен немесе әлсізденуімен  ерекшеленеді.

Үкімет, қоғамдық құрылым, жеке адамның тұтастығы, құқықтық жетілмеуі, индивидтің төмендеуі, дәстүрлі өркениеттің  сипаты болып табылады. Қоғамның құлауы әдеуметтік мұра ретінде берілетін  өркениет түрінің өзгеруіне еш мүмкіндік  жоқ. Дәстүрлі өркениеттің рухани сферасында діни – мифологиялық көзқарас басым.

XV – XVII ғасырларда Европада  қалыптасқан европалық өркениет  әлеуметтік және мәдени даму  типім сипаттайды. Оның негізін  салған антикалық мәдениет және  европалық христиандық дәстүр. Осының  негізінде қайта өрлеу дәуірінде,  адамдар арасындағы әлеуметтік  байланыстың негізі ретінде, жедел  дамытылған технология, техникамен  қамтамасыздырылған техногенді  өркениет менталитеті қалыптасты. Бұған ықпал еткен құқықтық  мемлекеттің құрылуы, жеке адамның қоғамдық өмірде тұлға ретінде көрінуі. Мұнда адамдар өзі тудырған әлеуметтік және саяси құрылымдардан жатсынуы байқалады. Техникалық өркениеттің негізгі бір ерекшелігі адамдар арасындағы қарым – қатынастың нығаюы және дамуы. Яғни мәдениеттін рационалды ғылыми даму байқалады.

Өркениет типологиясы  европалық және европалық емес дамумен  шектелмейді, өйткені адамзат тарихында  бір – біріне ұқсас немесе ерекшеліктері  бар көптеген өркениет түрлері болған және бола береді де. Тарихи – мәдени қоғамға байланысты мына елдерді  бөліп көрсетуге болады: Шығыс, батыс, оңтүстік шығыс Европа және АҚШ пен  Канада. Бұлар европалық өркениетке жатса да, олардың мәдениетінен ерекшеліктері  бар. Пайда болу мен құлау уақыттарына  байланысты қазіргі және құлаған  өркениет болып бөлінеді. Тойнбидің  классификациясы бойынша, қазіргі  уақытта батыстық – христиандық, православиялық – христиандық, исламдық, индуисттік өркениеттер бар.

О.Тоффлер, Д.Белл, Иуусы Пенна  өндіруші күштердің даму сатысының  негізінде, мына өркениеттерді бөліп  көрсетеді: цивилизацияға дейін (архайкалық, дәстүрлі немесе алғашқы қауымдық қоғам); аграрлы өркениет, индустриалды өркениет. Әлеуметтік – саяси өмірге байланысты дәстүрлі, либералды,- және өткінші  типтегі өркениет болып бөлінеді.

Қазіргі уақытта көптеген сөздіктерде “өркениет” термині  “мәдениет” түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады. Ал шын мәнінде  өркениет түсінігінің астарында  тарихи дамудың қоғамдағы материалды және рухани дамуының жиынтығы жатыр.

Дәл сол уақытта, яғни XIX ғасырда  германия елінде “мәдениет” түсінігі “өркениетке” қарсы қойылған. Бұл  И.Кантта да бар. О.Шпенглер өркениетті мәдениет дамуының бір сәті деп қарап, елеуінің арасындағы ерекшелікті абсолюттендіруге тырысты. Сөйтіп ол мынадай түйін  жасайды – адамзат дәуірінде көптеген мәдениет болған бола береді де, және олардың әрқайсысы өлу және даму сатыларынан өтеді – міне мұны біз өркениет дейміз дейді Шпенглер.

XIX – XX ғасырлар өркениет  түсінігіне үлкен үлес қосқан  рухани әлемнің әртүрлілігі және  оның астарында жатқан үлкен  байлық, дәстүрлер, түрлі халықтардың  экономикасы мен мәдениет болды. XIX ғасырдың көрнекті этнограф  Э.Тайлор мәдениет пен өркениетті  бір мағынада қарастырды бұл  екеуі бір – бірінің боламасы  деді. Яғни, бұл екі түсінікте  тарихта адамзат ойлап тапқан  білімнің барлық қырын, моральды  – этикалық концепцияларды, заңды  қалыптасу, практикалық зерттеулерді  көруге болады.

Информация о работе Философияның пәні және әдісі