Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)

Эстетикалық қарым – қатынас  шындығында жалпы сипатта. Әдемілік, әсемдік сияқты құндылықтарды адам табиғаттан, қоғамнан алады. Әр адамның  өзіндік эстетикалық талғамы, эстетикалық  қабылдауы, эстетикалық уайымы бар. Қоғамда эстетикалық, моральды, саяси, діни, танымдық, рухани мәдени нормалар бар. Бұл нормалар барлық қоғамдық организмнің  бірігуі, тұтасталуына әкеледі.

Мәдени нормалар, тәртіп пен даму заңдылықтарының анықталған үлгілері сияқты. Ол қоғамдық білімнің жетілуінде қалыптасады. Бұл тұрғыдан алғанда мәдени нормалардың пайда  болуында дәстүрлік және саналы сәттер үлкен роль атқарады. Дәстүрлер мен  тәсілдер мыңдаған жылдар нәтижесінде  қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа  берілді. Мәдени нормалар өндірілген түрінде  идеологияда, этикалық білімде , діни тұжырымдамаларда бар.

Қандай болмасын әмбебап  мәдениеттің сипаты дәстүрдің бірлігі  ретінде көрінеді. Олар адам білімінің  жетілуінде қалыптасып, анықталады. Дәстүрдің  жүйесі құндылықты, қоғамдық организмнің  тұрақтылығын көрсетеді. Адамдар әрқашан  алдына мақсат етіп тек шешімі бар  тапсырмаларды ғана қояды. Сондықтан, глобальды мәселелерге тоқтала  отырып, мәдениет тағы да тарихи процесстерден  туындаған кедергілерге тап болады.

“Қазіргі глобальды проблемалар” түсінігі XX ғасырдың 60 – 70 – жылдарында күшіне енді. Глобальды мәселелер  деп отырғанымыз – жалпы адамзаттық сипат алатын, әр планетаның түкпірінде жекелеген адамдардың тұтас қызығушылығын  айтамыз. Олар әлемдік экономикалық және әлеуметтік дамуындағы күшті объективті фактор бола отырып, жекелеген елдердің дамуына әсерін тигізеді.

Глобальды мәселелер мына ерекшеліктерден көрінеді:

1)    Оны шешу үшін белгілі мақсат талап етіледі;

2)    Глобальды мәселелер тек жекелеген адамдардың ғана емес, бүкіл адамзаттың өміріне қызығушылық тудырады;

3)    Бұл проблемалар әлеуметтік дамудың объективтік факторы;

4)    Глобальды мәселелердің шешім таппауы, барлық адамзат пен ортаға түсетінше іс қалдырады.

Қазіргі глобальды меселелер  үш үлкен топқа бөлінеді.

Бірінші топқа қоғамдағы актуальды проблемалар жатады. Олар мемлекетаралық қатынастардан туатындықтан олар көп ұлтты деп атайды. Осы жерде екі түрлі проблема туады. 1) Қоғам өмірінде соғысқа жол бермеу және әділетті әлемді қамтамасыздандыру. 2) Жаңа халықаралық экономиканы құру.

Екінші топқа адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынастан туатын мәселелер; яғни адамдар жылумен, электрмен, сумен қамтамасыздандыру. Бұған экологиялық проблемалардың да қатысы бар.

Үшінші топқа адам мен қоғам арасындағы жүйелі қатынас құрайды. Бұл демографиялық мәселе денсаулық сақтау мен білім мәселесін қамтиды.

Тағы бір өзекті мәселе тұрғындар саны. Специалистердің ойынша, әлемдегі энергетикалық және тағы басқа ресурстар жер бетіндегі 1 млрд адамның ғана өмірін толыққанды қамтамасыздандыра алады. Осы уақытта, кейінгі мыңжылдықта біздің әлемнің тұрғындары 15 есеге, яғни 6 млрд адамды құрады. Осыдан демографиялық ауытқу мәселесі туындайды.

Демографиялық ауытқудың  себебі, білім мәселесімен байланысты. Сауатсыздықтың саны көбеюде. Мұнымен қоса функционалды сауатсыздық та өсуде, яғни адамдардың алған білімдері қазіргі қоғам өміріне сай емес. Ал қазіргі қоғам өмірінде ең бастысы технология мен компьютерлік техниканы меңгеру талап етіледі.

Тұрғындар саны мен олардың өмір сүруі және қоршаған орта тағы бір мәселенің тууына себеп болады. Қоршаған ортада түрлі аурулар мен антропогенді ауытқулар бар. Экономикасы жақсы дамыған елдерде жүрген – қан тамырлары мен психологиялық аурулар саны күрт көтерілген, онымен қоса СПИД пен рак сияқты “өркениет аурулары” туындаған. Дамушы елдерде эпидемиялық инфекционды аурулар көп сыр білдіруде.

Массалық аурулар мен  адам өмірінің қысқаруының бірден –  бір себебі өнім мәселесі. Үнемі дұрыс тамақтанбау аштыққа және витаминнің жетіспеушілігіне әкеледі. Бұл – баяу дамушы елдерде байқалады. Нәтижесінде әлемде жыл сайын аштықтан бірнеше ондаған миллион адам қаза болады.

Тағы бір өзекті мәселе – адамзатты энергетикалық және басқа да ресурстармен қамтамасыздандыру. Бұл ресурстар материалды өнімнің негіздерін құрайды.

Жоғарыда аталған барлық өзекті мәселелерден құтылу үшін соғысты болдырмау және әлемді тұтас күйінде қамтамасыздандыру. Ядролық қарудың шығуы, жердегі өмірді құрту мүмкіндігінің ашылуы, оның 1945 жылы бірінші рет қолданылады, адам өмірінің барлық сферасында өзгерістердің тууына себеп болды. Осы уақыттан бастап барлық адамзатқа “өлім” деген қауіп тууы. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзаттың өзін - өзі құртып жібермей, бір – бірімен қарым – қатынасты әскери жағдайда анықтауға ең ақырғы мүмкіндік болды.

Көптеген зерттеушілер глобальды  мәселелердің пайда болуын мәдениеттің  дамуымен, жаңа этикалық санамаен байланыстырады. Адамзат проблемаларының алғашқы қадамын сезіну, жаңа гуманизммен, жаңа көзқарастармен байланысты болмақ.     

 

 

  

 


Информация о работе Философияның пәні және әдісі