Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)

Көптеген зертеушілердің пікірі бір – біріне ұқсас келеді. Олардың ойынша әлемнің адамға қатынасы оған қарама – қарсылық тудыратын  ішкі процесс, сол сияқты мәдениет те адамның рухани байлығының дамуының өлшемі ретінде көрінетін адамның  ішкі күйі.

Бұл пікір адамзат іс - әрекетінің бағытын рухани тұрғыдан қарауға негізделген.

XIX ғасыр мәдениетті құндылықтар  мен ойлар жүйесі тұрғысынан  көре бастауы. Г.Гегель мәдениетті  өзіндік танымның абсолютті идеясының  басталуы мен аяқталуы деп  түсінді. О.Шпенглер халық мәдениетін  тұйықталған қайталанбас организм  ретінде, өзінің дамуында түрлі  даму сатыларынан өткен түрінде  қарастырады.

XX ғасыр мәдениет этнография, әлеуметтік антропология тұрғысында  қарастырды. XX ғасырдың екінші жартысында  мәдениеттің құрлымы мен ерекшеліктерін  оқу үшін тілге көп мән берілді.

Мәдениетті оның барлық құрлымдық  элементтерін құрайды тұтастық ерекшелендіреді. Мәдениеттің маңызды механизімінің  бірі – дәстүр. Дәстүр дегеніміз  – рухани құндылықтың ұрпақтан –  ұрпаққа берілуі. Дәстүр түсінігі мәдениеттің  мынадай көріну түрлерін көрсетеді: ядро, эндогенділік, спицифика, мәдени динамика. Мәдениет ядросы – принциптер жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ол ғасырлар бойы қалыптасып, қоғам  болмысының талаптарына икемделуді қамтамасыз етеді. Эндогенділік – мәдениеттің  негізі, оның жүйелік бірлігі ішкі принциптердің қалыптасуын қадағалайды. Спицифика – мәдениетке әкелетін қоғамдық өмірдің негізгі көрінісі.

Мәдениет түсінігі – материалды және рухани құндылықтар жүйесі. Қандай болмасын мәдениеттің тарихи жағдайларға  байланысты пайда болатын және жойылатын  тұрақты мәдени элементтер бар.

Әмбебап мәдениетке барлық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық формалары кіреді; жалпы өндіріс, еңбек және ойын, қарым – қатынас, жалпы тәртіп, білім және тәрбие, рухани өмір. Бастапқыда олар табиғи ортаға негізделген іс - әрекет негізінде  қалыптасады. Сол сияқты элементарлы  әмбебап мәдениеттер бар: денені күту, бала тәрбиелеу, тамақ әзірлеу, үй жинау, өлген адамды жерлеу. Бұл  айтылған іс - әрекет барлық тарихи дәуірде, барлық өркениетті қоғамды қамтиды.

Әрбір мәдениеттің ішкі құрлымы  оның функциялануымен ерекшеленеді. Мәдениетте мынадай маңызды компонеттер  бар: мәдениеттің субъектісі, адамзат  іс - әрекеті, адамдар арасындағы қарым  – қатынас.

Мәдениеттің субъектісі жеке индивид немесе әлеуметтік топ болғандықтан, топтың және индивидуальды мәдениеттің  көптүрлі формалары көрініс табады. Топтық мәдениет дегеніміз ұлттық, мәдени класс, профессионалдық топтар. Қазіргі қоғамда басты орында массалық және элитарлы мәдениет. Индивидуалды мәдениет – бұл адамның әлеуметтік өлшемі.

Алайда мәдениетке құндылық ретінде қарасақ мәдениет пен  өркениетті бір түсінік деп айта алмаймыз. Өйткені мәдениет индивидуалды шындық, сондықтан ол адамға сыртқы байланыс. Мәдениет әлеуметтік өмірдің  барлық жағын қамтыған өркениетің құрлымының бір бөлшегі. Бұл - өркениеттің нормалары  өздігінен қоғамның сақталуына гарантия бере алмайды деген сөз. Олар берілген нормаларды іске асыратың адамдардың құрлымын іздейді, іс - әрекетте шындыққа айналдыруын талап етеді. Соңында  даму процессінің шешуші ролін мәдениет ойнауға тиісті.

Өркениет пен мәдениет бірге, олар бір – бірінсіз өмір сүре алмайды. Өркениет мәдениеттік  процесске бағып береді. Ал мәдениет жаңаша жаңалықтармен өркениет дамуына  ықпал етеді. Бірақ мәдениет пен  өркениет бір мағынада емес. Мәдениет - әлеуметтік нормаларды шыңдыққа айналдыратын ерліті іс - әрекет. Ол материалды және рухани, қоғамдық құндылық.

“Мәдениет” термині алғашында  табиғатқа негізделген: Ортағасырда, кейінгі рим империясында мәдениет түсінгі қалалық өмірмен байланысты болды. Қайта өрлеу дәуірінде  мәдениет жеке қасиеттердің тұрғысында анықталды. Бұл дауытта мәдениет түрлі рухани іс - әрекет тенденцияларының баламасы ретінде қаралды; ғылыми даму, мораль, өнер, философия, дін. Мәдениет антикалық рухани іс - әрекет дәстүрінің дамуы ретінде, тәртіп  жиынтығының бір үлгісі ретінде қаралды. Осы мағынада мәдениет XVIII ғасырға шейін өмір сүрді.

Жаңа дәуір философтары  мәдениетті адамзат іс - әрекетінің спецификалық, автономды және өзіндік  сфера тұрғысынан қарстырды. Олардың  түсінігінше мәдениеттің негізгі  аспектісі – адамзатқа әмбебап  мақсаттар қоятын және әлеуметтік өзгерістерді өздеріне бағындырғысы келген – зерде  болды. Қайта өрлеу мәдениет деп  санауға болатын жүйелер құрды. Мәдени іс - әрекет – интеллектуалды, шығармашылық, өнімді, адамзат мүмкіндіктерінің сферасын кеңйтетін болу керек. Мәдениеттің  негізі адамзат зердесінің абсолюттік еркіндігі болып табылатын рухани іс - әрекет.

И.Кант мәдениет түсінігің  ғылым мен өнермен шектеді. Кантша, ғылымда пайымның күші басым, ал өнерде – елестің өнімді күші басым. Олар бір – біріне объективті білім  және субъективті сезім сияқты қарсы. Онымен қоймай Кант ғылым мен өнердің  қатынасын толықтыру түрінде  қарастырды. 

 

2. Мәдениет жүйе  ретінде.

Мәдениет қандай болмасын зерттеуде күрделі объект. Ол табиғатпен байланысы болса да, табиғи білім  емес. Мәдени тұтастай адамға тәуелді, яғни объективті мазмұны бар субъектен  шығады. Біріншіден ол адамзат іс - әрекетінің белгілі бір нәтижесі. Алайда, егер мәдениет адамзат іс - әрекетінің нәтижесі болса неге біз қиындықтарға тап  боламыз. Қандай болмасын мәдени объект адам іс - әрекетінен шығады және ол субъект  үшін маңызды болғанда ғана, пайдалану  барысында бастапқы болмысын сақтап қалады.

Адам – үнемі өзгеріп  отыратын, дамып отыратын құбылыс. Ол іс - әрекет негізінде әлемді өзіне  бағындырады және мәдениетті тірі организім  ретінде қабылдайды. Адам және мәдениет – бірге дамушы, бір – біріне әсер етуші, бірін бірі сақтайтын  және бірін бірі тудыратын объектілер. Мәдениетті жүйе ретінде қарастыру  үшін біз әуелі мына сұраққа жауап  іздеуіміз керек. Әлемдік мәдениет тұтастық болып қарастырыла ма, Егер солай болса оның құрлымы қандай?

Әлемдік мәдениет өзінің тұтасқан күйінде өшпейтін, әртүрлілікке ие, дамыған мәдениет. Сонымен қатар  оған жалпы атаулар; биологиялықтан тыс, яғни мәдениеттің негізгі субстанциясы ретінде; технологиялық, яғни субъектінің  ортаға механикалық қатынасы; өнімділік - әлемдегі болмыстың шығармашылық сипаты.

Мұндай қарастырудан кейін  әлемдік мәдениет іс - әрекеттің  тәсілі, адамзаттық технологиясы болып  табылады. Мәдениет формалары қаншалықты түрі болса да, онда мәдени бөлшектердің ұқсастығы, бірлігі, адамдар іс - әрекетінің тәсілінен байқалады. Әлемнің бөлінбейтіні, әлемдік мәдениеттің бірлігі, адамдардың жалпы мәдени бірлігі барлық прогрессивті ойшылдардың мәдени зертеулерінде  айтылған. Мұндай идея Э.Тайлордың “Первобытная культура”, Дж.Фрейзердің “Золотая ветвь” және басқа да шығармашылықтарында  көрініс табады. Қандай болғанда да мәдениеттің көптүрлі формалары  адамзат іс - әрекетінде бір –  біріне ұқсамайды. Э.Тайлор мәдени формалардың  бір – бірінен айырмашылығын  этнологиялық музей материалды мәдениет пен географиялық ауысуына тәуелсіз іс - әрекет тәсілдері бірлікте болмақ.

Қазіргі уақытта адамзаттың тарихи жолдарын зерттеуде түрлі  бағыттар қалыптасты; тарихи – мәдени, өркениетті, формация, бұлардың әрқайсысы  зерттелетін объектінің тұтастығын, адамзат тарихының бірлігін көрсетуге  тырысады. Критерийлердің ішінде экономикалық, техникалық факторлар, “рухтық” факторлар, “ментальдылық” көзқарастар, діншілдер, этнос факторы және тағы басқалары  бар. Сонымен әлемнің тарихи мәдени процесінің тұтастығын, әлемдік мәдениетті не құрайды.

Барлық адамзат тарихының  негізін, әлемдік мәдениетті генетикалық  тұтас әлемдік мәдениет ретінде, тарихи және жүйелі – құрылымдығын адамдардың іс - әрекеті, адам дамуының негізінде жатқан еңбек, мәдениет, қоғам, табиғат әсер етеді.

Әлемдік мәдениет тарихи бірліктін  тұтастық негізі ретінде қаралды, онда субъект материалды және рухани құндылықтарды  өндіретін әлемдік процесс ретінде, жалпы өнімдік механизмі бар, адамзат мәдениетінің сақталуы, таралуы қарастырылған. Әлемдік мәдениет сипаты оның даму болмысының тұтастығына шек қоймайды, қайта тарихи дәуірде оның синхронды бірлігін мойындайды. Сонымен бүкіл әлемдік іс - әрекет ақпараттар арқылы бір субъектен екіншіге “негізгі күш” беріп, алмасады.

Жүйелілік принципі мәдениет дамуына келгенде басты философиялық методты қолданады. Онымен тұтастық құрылым негізінде зерттелетін  объектіні жүйе ретінде түсіну үшін нормативті талаптар қатары байланысты. Мұндай зертеудің нәтижесі синтетикалық білімді береді, яғни көпөлшемді болмыстың  бейнесі – мәдениет.

Ал Марксистік метод бойынша, мәдениет – материалды мәдениеттің  ролі қоғамның рухани өміріне қатысы анықтайдын экономикалық құрлымынан шығады. Бұдан мәдени түсінігі көп мағыналы деген тұжырым жасауға болады.

Гарварт университетінің  ғалымдары А.Кребер мен К.Клакхон  мәдениеттің 170 анықтамасын тапқан. Олардың ойынша әрбір анықтамада мәдениет феномені үшін маңызды жүйелі құрлымдық білім бар.

Мәдениет бөлшектелмеген, полимедальді, көпөлшемді. Жалпы мәдениеттің  әрекет етуші субъектке қатынасының  негізінде оның субъективтік болмысын, объективтік болмысын сипаттайды. Мәдениеттің  екі жағын айтуға болады: оның сыртқы сипаты, техникалық жағы мен ішкі сипаты. Бұл тұрғыдан алғанда барлық адамзат  мәдениеті алдымен ішкі болмысымызды жетілдіру керек. Яғни субъектіні объектіге  айналдыру керек. Мәдениетте объективтену формалары әртүрі: индивидтің миынан шығатын жүйелі объектілену; оның санасы, әлемге көзқарасы, шығармашылығы, іс - әрекеттегі мақсаттары сияқты сипаттар негізінде мәдени қорға кіретін  объектіленуге  дейін іс - әректтің рухани сәті, одан кейін материалды объектіге айналуы көрініс береді. Бұл елестер аса үлкен вниманияны қажет етеді, өйткені онда әлемдік мәдениетке шығатын субъективті формадағы болмыс ақиқаты бар.

Субъект, өзінің іс - әрекетінің арқасында қоршаған ортаны жалпыадамзаттық  мәдениет пен “өз” социумын бағындырады. Субъект мәдениетті негіз ретінде  қабылдайды, материалды объект ретінде, яғни оған әлеуметтік санасында сақталған  материалды және рухани іс - әрекеті, дәстүрлі тәртіп, қоғамда басым тұратын  ойлау, миф рационалдылық типі кіреді. Болашақтың образы субъект негізінде  көрінеді және ол әлемдік мәдениеттің  анықтамасын талап етеді. Жекелеген  мәдениетті қабылдау, өзінің соған  қатынасын сезіну, мәдениеттің “адам  әлемі” тұрғысынан түсіну (“мен әлемдемін”, “әлем менде”, “әлем мен үшін”, “мен әлем үшінмін”) субъектінің әлемдік  процессне белсенділігін көрсетеді. Осылайша, болмыста, образ, болашақтың моделі, субъектің өзі де үнемі  дамуда болады.

Мәдениет қоғамдық – тарихи дәрежеге талпыныс бере отырып, адамзат  іс - әрекетіне ақпараттандыра отырып, алға қарай дамуға жол ашады. Мәдениет қоғам негізінде қалыптасқан  құндылықтарды ұрпақтан – ұрпаққа  жеткізу механизмі сияқты. Мәдениет болмысы материалды және рухани өнімдерінің біріккен кезінде ғана күшіне енеді.

Материалды және рухани мәдениет болып бөліну екі түрлі іс - әрекет типінің мақсатқа бағытталған іс - әрекеті.

Мәдениетті тәсіл ретінде  анықтай отырып, қоғам өмірінің түрлі  мәдени жақтарын көрсетуге болады: еңбек мәдениеті, ойлау, өнім, саяси, құқықтық, әлеуметтік мәдени қатынас. Бұл адам болмысының және әрбір әлеуметтік дамудың бірден – бір тәсілі.

Мәдениет – саналы іс - әрекеттің ақиқаты болғандықтан мәдени құндылық (культурная предметность) деген ұғымға келеді. Бұл түсінік  білімді, нормаларды, қоғам құндылығын қамтиды. Осыған қоса “материалды мәдениет”  деген бар, ол материалды өнімді, рухани мәдениетті, өнерді, діни рәсімдерді қамтиды. Жалпы, мәдениет еңбектің, іс - әрекеттің  негізін салушы адамның рухани әлемі.

Мәдениет қоғамдық құбылыстағы  көптүрлі функциялармен толықтырады. Ол адамның танымдық іс - әрекетке негізделген. Сол сияқты мәдениет нормативтік  функцияларды да толықтырады, яғни нормалар өндіреді, адам өміріне ықпалын байқайды.

Мәдениеттің ең басты функциясы  – адамзат шығармашылығы. Индивид  мәденитетті ие болу процесінде ғана тұлға бола алады. Мәдениет әлеуметтік қатынас жүйесін, ондағы өзгерістер мен дамуды, адамның маңызын қалыптастырады. Бұның тікелей, яғни құқық, мораль, тиым салу жүйесі негізінде де қалыптасуы мүмкін. Мәдениет шығармашылықтың негізі бола отырып, қоғамдағы пісіп тұрған проблемаларды шешу үшін тарих пен  табиғаттың “сұраныстарына” жауап  береді. Мәдениет құндылықтарды жинау  механизмі болғандықтан, оны бұзушы объектілерге қарсы тұрады. Бұл өркениеттің  феномені. 

 

3. Адам, мәдениет  және қазіргі глобальді проблемалар.

Мәдениет іс - әрекет тұрғысынан қарағанда , адамзат іс - әрекетінің дамуының тәсілі ретінде қаралады. Ол материалды және рухани еңбектің, әлеуметтің нормалар мен рухани құндылықтардан, адамның табиғатқа, адамға қатынасында  көрінеді.

Қоғамдағы адамның іс - әрекет формаларының көптүрлілігін көрсететін көптеген мәдени түрлер бар. Әлемдік  мәдениет бірлігі оның тұтастығынан көрінеді, ол тұтас күйінде қызмет етеді. Мәдениет - өзінің тірі тасымалдаушысы – “адамсыз” өмір сүрмейді.

Индивид мәдениеті тік, тәртіп, қарым – қатынас арқылы усваевает. Әлемдік сурет, құндылықтар, табиғатты  қабылдау тәсілдері тұлға санасында  дәстүрлі түрде сақталады. Қоғамдық нормаларды, дәстүрлерді, іс - әрекеттің  әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, индивид  мәдениетті меңгеріп, өзгертеді.

Әлемдік мәдениетте басты  орында моральды – этикалық, эстетикалық  аспектілер. Мораль адам өміріне қандай жағынан болсын, жанұяда, жұмыста, ғылымда, саясатта қажет. Адамзат арасындағы қарым – қатынас мәдениетінде адамгершіәлік принциптер мен нормалардың  болуы шарт. Сол сияқты аадамдар арасындағы жақсылық пен жамандық, тұлғааралық қатынастардың тарихи шектеулері бар.

Информация о работе Философияның пәні және әдісі