Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2012 в 23:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – м
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке ықпалы………………………..……....………………………..……....……………20
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар………………......………..26
2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі………………………..……....………………………..….…....……………31
2.3 Экономикалық қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және шешу жолдары….……41
3.2 Туризм саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....47
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..……....…….…
Бұл жобаның мақсаты - Қазақстандағы кластерлердің өміршеңдігін құптау, бәсекеге қабілетті артттыру үшін индустриалды базаны жасау мақсатында 5 – 7 пилоттық кластерлерді анықтайды. Экономиканың табылмайтын секторларының бәсекелестік дамуы еңбек өнімділігін арттыруға, елдің экономикалық өсуін жеделдетуге көмектеседі. Бұл секторға кіретін кәсіпорындардың көбі: шағын және орта кәсіпорындар. Бұл кәсіпорындардың басты артықшылығы инновацияға негізделген, жылдам экономикалық өсуді арттырады. Жобаны табысты жүзеге асырудың Қазақстан үшін маңызды салдары бар, оның көбі жобаның соңына қарай белгілі болады. Мынадай нәтижелер күтіледі:
- тұрақты экономикалық өсу және одан болған кірістерді тең бөлу;
- экономикалық диверсификацияның өсуі;
- ішкі инвестицияның өсуі;
- табылмайтын
өндіріс саласындағы мықты
негізделген, іскерлік климаттың нақты жақсаруы;
- тікелей шетел
инвестициясымен байланысты
- көршілес елдермен сауда байланысы.
Кластер
жобасының маңыздылығы
Индустрияның дамуына кластерлік көзқарасты қолдануда – максималды тәжірибелік тиімділігі бар, алдыңғы халықаралық тәжірибе енгізіледі.
Бұл көзқарас өндіріс факторларының критикалық салмағын бір орынға бағыттауда және әлемдік, аймақтық нарықта дайын өнімнің бәсекеқабілеттілікке қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Қойылған мақсаттарға жету жолында даму инстититуттары тиімді құрал болуы тиіс. Кластерды дамытуда бизнес үшін тиімді пайдалардың ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- жеткізушілермен жұмыстың тиімділігін арттыру (алдымен жергілікті);
- жаңа өнім мен технологияны жасауда инновациялық потенциалмен икемділікті арттыру;
- мамандандырылған
және өндіруші адам
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кластерлік көзқарас аймақтық экономикалық дамудың тиімді құралын ұсынады (бұл құралдарды әкімшілік, сондай-ақ аймақтағы қызығушылық топтары да қолдана алады, мысалы, бизнес ассоциациясы немесе тұтынушылар қоғамы). Бұл экономикалық дамудың көрсеткіштері бола алады:
- аймақтағы жұмысбастылықтың артуы;
- еңбекақының өсуі;
- әртүрлі деңгейдегі бюджетке шығарылымдардың өсуі және ең маңыздысы, аймақтық өндірістің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің артуы. [24]
"Қазақстандық кластерлік бастама" жобасын нәтижелі жүзеге асыру үшін бес негізгі компонент қажет:
1) іскерлік ортаны және оларға байланысты сұрақтарды, өндіріс салаларын білу;
2) кластер
қатысушыларымен, дамуымен
3) мемлекет
пен бизнес арасындағы
4) қоғамды ақпараттандыру және берілген сұраққа деген қатынасын өзгерту;
5) потенциалды арттыру.
"Қазақстандық кластерлік бастама" жобасын нәтижелі жүзеге асыру үшін бес негізгі компонент қажет:
1) іскерлік ортаны және оларға байланысты сұрақтарды, өндіріс салаларын білу;
2) кластер
қатысушыларымен, дамуымен
3) мемлекет
пен бизнес арасындағы
4) қоғамды ақпараттандыру және берілген сұраққа деген қатынасын өзгерту;
5) потенциалды арттыру.
Қазіргі таңда әлемдік нарыққа шығу үшін бір өнім мен бір сала емес, бір кәсіпорындардың жетістігі онымен байланысты басқа кәсіпорындардың жетістікке жетуіне себеп болатын, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестікте үлкен жетістікке жетуге кедергі болатын ортақ проблемаларды шешуге бірігетін үлкен кешен қажет. Көбінесе, бұл кешен бірнеше мамандандырылған жеткізушілермен, техникалық тізбекпен байланысқан негізгі өндірушілер мен тұтынушылардан тұрады. [25,26]
Кластер
мүшелерінің байланысы тігінен
ғана емес (жеткізуші – сатып алушы),
көлденең (жалпы клиенттер, технология,
делдалдар, инфрақұрылым т.с.с) болуы мүмкін.
Кластерлік механизм бәсекеқабілеттілікті
арттырудағы аумақтық-ұйымдық фактор
бәсекелестік артықшылық үшін алғашқы
қажетті негіз жасайтын өндіріс факторына
қосымша қызмет атқарады. Өндіріс аншалықты
аумақтық ұйымдасқан болса да, бірінші
кезекте техникамен, прогрессивті технологиямен,
жоғары сапалы жұмыс күшімен жабдықталуы
тиіс. Туризм кластерлердің артықшылығы
үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: қызмет
көрсетудің тиімділігі, инновация, бизнесті
дамыту (сурет 3)
Сурет 3.
Туризм кластерінің артықшылықты бағыттары
Серіктестік бойынша ұйымдар кластер дамуы мен құрылуында негізгі рөл
атқарады (сурет 4).
Туризмді дамытудың экономикалық тетіктерінің негізгі мақсаты - туристік қызметтердің бәсекелестігін арттыратын ұтымды даму үлгісін құру. Аймақтық деңгейде туризм кластерін құрудың жобасын былай келтіруге болады.
Сурет 4.
Серіктестік бойынша ұйымдар кластер
дамуы мен құрылуында негізгі рөлі
Туризм
кластерінің бәсекелік
Туристік кластердің бәсекелік (экономиканың басқа салаларымен және
басқа елдердің туризмімен салыстырғанда) мүмкіншілігін арттыратын жеке
өлшемдерді қарастыратын болсақ, онда туризмнің кластерлік дамуының
факторлар өлшемі бойынша қазақстан туризм дамуының факторларына өте бай
(сурет 5).
Бұл байлықтың туризм саласының дамуына оң және теріс әсерлері жетерлік. себебі, табиғи ресурстары төмен елдерде туризм саласының бәсекелік мүмкіншіліктері технологиялық жағынан арттырылып отырады.
Сурет 5.
Қазақстан Республикасында туризм кластерін
құрудың үлгісі
Қазақстандағы
сұраныс факторы бойынша оң өзгерістерге
елдегі болып жатқан «құрылыс үрдісін»
жатқызуға болады (сурет 6). Себебі, елдегі
құрылыстың өсуі туризмнің инфрақұрылымын
жақсартуға септігін тигізеді.
Сурет
6. Туристік кластерді дамытудың факторлық
өлшемдері
Туристік қызметтер жүйесін үлгілеуде оның: қызметтер көрсетілген туристер көлемі, туристік фирмалар саны, туристік қызметтерден түскен қаржы көлемі, қонақ үйлер, тағы басқа негізгі туристік ресурстар сияқты негiзгi көрсеткiштерi қарастырылады. [30,31]
2006 жылдың 29 желтоқсанында № 231 Елбасы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2007-2011 жылдары туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында экологиялық туризм республикамызда туризмді дамытудың басымды бағыттарының бірі ретінде танылды. Берілген бағыт бойынша алғашқы кезектегі міндеттер ретінде табиғатты, жергілікті мəдениетті қорғау жəне ұлттық дəстүрлер мен генетикалық қорларды сақтау бойынша шараларды ескеру есебімен экотуризмді дамыту бойынша ұлттық, аймақтық жəне жергілікті саясатты өндіру қарастырылады. Ол жергілікті халықпен, жеке меншік сектормен жəне мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестікте қарастырылады. Алайда Қазақстанда саясаттың өзі де, сонымен қатар экотуризмді дамытудың бірыңғай ұйымдастыру тəсілдері əлі де болса қалыптаспаған. Практикада көбінесе экотуризмді туристердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) мен ауылды аймақтарға бару мүмкіндіктерінің кеңеюімен, мұндай туристердің ұлттық жəне халықаралық ағымының ұлғаюымен жəне туризмнің сəйкес инфрақұрылымының жасалуымен байланыстырады. Сөйтіп, туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2007-2009 жылдардың Іс-шаралар жоспары экотуризм бағыты бойынша келесі шараларды қарастырады:
Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы Ақмарал ауылында туристік кешен салу жəне Алматы облысында тауда шаңғы тебу курорты құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды Қатон-Қарағай жəне Іле-Алатау МҰТП туризмнің инфрақұрылымының бас жоспарларына Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жетекшілік 12 сəйкес жүзеге асыру. Аса тартымды туристік бағыттағы аудандарда қазіргі талапқа сай туризм инфрақұрылымын - кемпингтердің, туристік базалардың, қонақ үйлердің және киіз үйлер қалашықтарының құрылысын жүргізу мәселесі инвестициялық жобалар арқылы шешіледі. Осыған орай, 26 жоба жинақталып, сараптамадан өтті. Солардың ішінде ең өзекті деген үш жоба – «Катонқарағай» сауықтыру туристік кешенін, «Алтай Альпісі» демалыс базасын жаңғырту, Алакөл көлінің жағалауындағы «Бұғаз» қонақ үйін салу облыстың индустрияландыру картасына еніп, қазіргі заманғы нысандарды іске қосуға жағдай жасалды. Пайдалануға берілгенде меймандардың әртүрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер қамтамасыз етілетін болады. Демалыс үйлері мен базаларда, қалалардағы мұражайлар мен саябақтарда қол өнері шеберлерінің сый-кәделік бұйымдарын сату үшін көрмелер ұйымдастырылған. Олардың жасаған бұйымдарына арнап теміржол және автобекеттерде, әуежайларда жарнамалық жайма сөре ашу мәселесі қарастырылып жатыр.Экотуризмнің қазіргі тұжырымдамасына тікелей сəйкес келетін жəне туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған берілген құжат бойынша іс-шараларға төмендегілер енеді:
- экотуризм бойынша Квебек декларациясының жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
- жергілікті тұрғындармен, жеке меншік сектормен, мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестікте табиғатты, жергілікті мəдениетті қорғау жəне ұлттық дəстүрлер мен генетикалық қорларды сақтау бойынша шараларды ескере отырып, экотуризмді дамыту бойынша ұлттық, аймақтық жəне жергілікті саясатты өндіру;
- қоршаған ортаға жағымсыз əсердің алдын алуға арналған ықпалды механизмдерді дамыту;
- шағын жəне орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржылық жəне адамдық
қорларды дамытуға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. [32,33]
Жергілікті тұрғындар мен туристер – мақсатты тыңдаушылардың бірі, олар жұтшылық пен байланыс бойынша туристік іс-əрекетімен немесе PR (Public Relations) қамтылу керек. Кез келген жағдайда PR-іс-əрекетін алдын ала жоспарлау (өз-өзінен іске асыру емес) аса маңызды. Сонымен қатар PR- жоспарларды (ең болмаса, аз аспаптар жиынтығымен) жеке – мысалы, жаңа жəне бірегей – турөнімдер үшін əзірлеуге кепілдеме беріледі. Сонымен бірге, 2008 ж. 23 қырқүйекте бекітілген ҚР Туризм жəне спорт министрінің міндеттерін атқарушысының бұйрығымен Туризм саласында қызмет ететін мамандардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау ережелеріне сəйкес өтініш берушінің туроператорлық қызметіне лицензия алу кезінде біліктілікке қойылатын негізгі талаптарының бірі туризм қызметі жайында білімі бар
жұмыскерлердің болуы, оның ішінде жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашы), экскурсия жүргізетін қызметкерлердің жəне туризм нұсқаушысы қызметін атқаруға лицензиясы бар туризм нұсқаушылардың болуы, ал турагенттік іс-əрекеттер үшін лицензия алуда кем дегенде бір жылдан астам іс-тəжірибесі бар, туристік білімі бар қызметкердің болуы шарт.
Туризм саласында орын алған мәселелерді шешу үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
– туризмдегі болашағы бар бағыттар бойынша пилоттық жобаларды және халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып эксклюзивті бағдарларды әзірлеп іске асыру және оларды халықаралық деңгейге жылжыту
қажет;
– туристік инфрақұрылымның инвестициялық жобаларын жылжытуда көмек көрсету жөніндегі әрекеттерді белсендіру.
– Спорт және туризм департаменті виртуалды туристік бағдарлар әзірлей
отырып еліміздің туризм жөніндегі WEB сайт ашу;
Информация о работе Миграция түсінігі және оның топтастырылуы