Миграция түсінігі және оның топтастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2012 в 23:44, дипломная работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – м

Содержание

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке ықпалы………………………..……....………………………..……....……………20
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар………………......………..26
2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі………………………..……....………………………..….…....……………31
2.3 Экономикалық қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және шешу жолдары….……41
3.2 Туризм саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....47
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..……....…….…

Работа состоит из  1 файл

диплом миграция.doc

— 672.50 Кб (Скачать документ)

    Бұрыннан  бiзге белгiлiсi, мигранттарды қабылдаудың  жағымсыз факторлары шыққан жерiнен  гөрi, келген жерiнде өте қуатты байқалады. Ол түсiнiктi де: өйткені, мигранттардың келетiн полюсiндегi шиеленiс субъектiсi адамдар болады да, олар үшін сол әлеуметтік ортаға кiру мүмкіндiгi қиындай түседi. Әсiресе «келгiнбайлар» мен «жергiлiктiлер» арасындағы қарсылық айқын бiлiнедi, мигранттардың ол ортаға енуi, тез араласып кетуi проблемадан проблема туындатқызады. Бұған классикалық үлгi - Ресейдегi «кавказдықтарға», «бөтендерге» деген қорқыныш сезiмi. Бiрақ, бұрынғы КСРО республикаларындағы орыс мигранттардың тәжiрибесi көрсеткендей, кiшiгiрiм әлеуметтік қауымдастықтар үшін олардың этникалық туыстықтары «келушiлермен» ешқандай байланыста болмайды. Шығу полюсiнде мигранттар шынымен де «өздерiмен» өздерi оңайға қалады, ал миграция фактiсiнде қауымдастық пен қоғамның жағымсыз қатынасын жоқка шығарады және оның азайтады. Тек кейбiр ерекше жағдайларда ғана мұндай қатынасты алады - мәселен, мынандай жағдайда, кетушiлер белгiлi бiр этникалық бiр кәсiби топқа жататын жағдайда. Бiрiншi жағдайда азшылықтың, этникалық азшылықтың орналасулары төмендейдi, ал екiншi жағдайда әлеуметтік инфрақұрылымның дұрыс қызмет етуi қиындайды; екi жағдай да жағымсыз әсер өтедi. Негiзiнен, бұл мигранттарды шығаратын қауыдастықтарға ғана қатысты. Басқа қауымдастықтар, әсiресе сол территориядағы қалыптасқан этноәлеуметтiк жiктелудi өзiнiң пайдасына өзгерткiсi келетiндер, керiсiнше эмиграцияны қуана қолдайды.

    Миграциялық ағымдар барлық әлеуметтiк салаларға  әсерiн тигiзедi. Ол iс жүзiнде қауiпсiздiктiң  әр аспектiсiне шынайы немесе болатын  мүмкін қатерлердi құрай алады. Мәселен, мигранттар жiберетiн қауымдастықтар мен отбасының ыдырауы басталады, қалғандары рантье сипатына ие болады, яғни негiзiнен мигранттық қаржы аударулары арқылы күн көретiн болады. Өзiнiң демографиялық, территориялық және әлеуметiк кәсiби құрылымының бұзылуына орай қоғам тұтастай «ақылдылардың кетуi» проблемасымен қақтығысуы мүмкін. Бұл қауiпсiздiк қатерлерiнiң көбеюiне әкелiп соғады. Атап айтқанда мигранттардың кетуiнен пайда болатын, мигранттардың қайтып келуiнен туындайтын қатерлер қосылуы мүмкін. Келу полюсiнде миграция қабылдаушы тұрғын халықтың жеке немесе топтық қауiпсiздiгiне қатер төндiруi де ықтимал. Мәселен, жергiлiктi еңбек нарқы мен тұрғын үй үшін бәсекелестiктiң өрлеуi кейбiр экономикалық беделдi секторларда мигранттар үстемдiгiнiң орнауына, этникалық және субэтникалық стереотиптер мен мiнез-құлық нормаларының өзгеруiне, мигранттардың әлеуметтiк және мәдени маргиналдануына, олардың криминалдануына әкеледi. Қабылдаушы қоғамга миграция тағы қандай қиындықтар әкелуi мүмкін дейтiнге келетiн болсақ, мигранттар көп шоғырланған жерлерде әлеуметтiк шиеленiс ошағының, аймақтық этникалық қақтығыстардың пайда болуын, ксенофобияның, шиеленiс пен жанжалдар арандататын саяси радикализм мен экстремизмнiң өсуiн айтуға болады.

    Екiншi бiр мүмкін бағыт, бұл мемлекетаралық қатынастардың нашарлауы болып табылады, яғни Ресейге мигрантофобсың деген сын айту, мигранттарды әкiмшiлiк қысым жасап шығарып жiберу, т.б.

    Алайда, миграция қауiпсiздiктiң қатерi ретiнде  ғана саналмайды. Рас, миграция, бiрiншiден  қатер ретiнде қарастырылуы керек, себебi ол бұрынғы деңгейдегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, екiншiден оны сапалы түрде көтерудi талап етедi. Алғашында инерциялық қоғамдық сана бiрiншi жауапты ғана көредi, дегенмен, ерте ме, кеш пе - бәрiбiр де екiншiсiнiң қажеттiлiгiн түсiнедi. Оның таңдалатындығынан мигранттардың позитивтi субъективтiлiгi көрiнедi.

    Миграция  қауiпсiздiктiң қатерлерiн ғана туғызбайды, осымен бiрге оның ұлғаюы мен баюына жаңа құралдар бередi. Көптеген әдебиеттерде мигранттар жiберетiн қауымдастықтар, қоғам, мемлекет үшін оның жақсы, тиiмдi жақтары да көрсетiлген, олар: ауыл шаруашылығына мигранттардың сiңiп кетуi, депрессиялық аудандарға ақшалай төлемдердiң келуi, территорияаралық экономикалық және әлеуметтiк байланыстардың құрылуы, қала мен ауыл мәдениеттерiнiң өзара араласуы, ел көлемiндегi мигранттарды тартатын орталықтар ролiнiң, саяси интеграция ролiнiң күшеюi, оның жағдайының халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiндегi жақсаруы, т.б.

    Мигранттардың келу полюсiндегi жақсы үлесi онша емес. Бiрақ бұл жерде де берiк пiкiр  бар. Мәселен, бұрыннан қалыптасқан көзқарас бойынша, Қазақстанға «отандастарымыздың» қайтадан келуi, тұтастай елдің немесе оның белгiлi бiр аудандарындағы еңбекке жарамды тұрғын халқының табиғи азаюының орнын толтырады деген сенiм бар. Мысалға, Ресейге келушi «басқа орыстар» қабылдаушы тұрғындардан бiлiмдiлiгi мен кәсiбилiгi жағынан, өздерiнiң еңбек этикасы мен азаматтық жауапкершiлiк деңгейi көрсеткiштерi бойынша да жоғары, сондықтан да ол қабылдаушы қауымдастықтарға жақсы қоспа болып, бiрте-бiрте интеграцияланады.

    Бұл жерде айта кететiн тағы бiр мәселе, КСРО кезiнде орыстар әрбiр одақтас республикада жоғары ұлт болып саналып, оларға барлық жағдайлар жасалды бiлiм алу, еңбек ету, т.б салаларда. Сол себептен Қазақстаннан орыс ұлтының миграциясы  Ресей үшін өте тиiмдi. Ал бiзге келiп жатқан оралмандарды Монғолия, Қытай мемлекеттерi төмен санап, оларға жағдай жасамады. Нәтижесiнде, Қазақстанға келген оралмандардың көбi сауатсыз, жағдайлары төмен болды, ал бұл бiздiң елiмiз үшін қаншама шығын едi.

    Қазiргi кезенде Қазақстанның экономикалық қауiпсiздiгi тұрғысынан алып қарағанда еңбекке жарамды тұрғындардың ағымы жақсы болғанымен, бұлардың болашақтағы ұлттық және мәдени әркелкiлiгiнiң көбеюiне,  этникалық жанжалдарға әкелмеуiне қандай кепілдiк бар? Көптеген басқа этникалық «келушiлер» әзiрше бiр жерге шоғырлана қоныстану принципiмен жүргенi жоқ, олар қалаларға, әсiресе iрi қалаларға қоныстануда. Миграция туындататын шынайы қатерлердiң өзi бiркелкi зұлымдық деңгейiмен ғана өтпейдi: ол билiктiн күшеюiне, қауiпсiздiк реадаптациясына (қайта бейiмделуiне) әкеледi. Мұның өзi өмiрлiк күштермен түсiндiрiледi. Егер де күш жоқ болса және қауiпсiздiктiң идеалы тыныштық болса, онда ешқандай кедергi шаралар миграциялық ағымдарға бөгет бола алмайды, миграция қауiпсiздiктi қамтамасыз етiп тұрған бүкiл бөгеттерге өзiнің ыдыратушы күшін әкеледi. [11] 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ  МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-

    ІН  ТАЛДАУ 
     

2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар 

     Халықаралық туризм-бұл өте күрделі және сирек  кездесетін құбылыс. Бәрімізге  белгілі мемлекеттің сыртқы экономикалық  байланысы айырбастың әр түрлі формалары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдегі салымдар, халықтардың миграциясы, мәдениет төңірегендегі айырбас, сауда қызмет көрсету және тағы басқалар. Қандай да бір ел болмасын оның ең күрделі экономикалық іс-әрекеті сыртықы экономикалық айырбас, жеке алғанда нәтижесі валютамен түсетін сыртқы сауда. Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм  экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыра бастады. Туристік қозғалыс төлем балансына тауар айырбасы секілді әсер етеді деген қорытындыға келді.Сондықтан да халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстардың  бір түрі ретінде білген жөн, яғни ол сыртқы сауданың бір түрі. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Халықаралық туризмге сыртқы саудада қалыптасқан операциялар түрі тән: экспорт,  импорт және реэкспорт. Халықаралық экономикалық қатынастардың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің өзіндік басты ерекшелігі туристік фирма немесе шетел  туристері өзі бола алатын барлық сыртқы сауда, келісім сияқты қызметтерді иемедену шетел турагентері арқылы жүреді. Осыған байланысты халықаралық туризмде экспортты шетел қонақтарын қабылдау. Ал импорты осы мемлекеттегі туристерін шетелге жіберу ретінде түсіндіреді. Халықаралық туризмде  реэкспортты түсінуде қиыншылықтар бар. Теория бойынша осы категорияға бұл мемлекеттің туристік ұйымынан үшінші  мемлекетке сапар шегу үшін  тур сатып алған барлық шетелдік туристердің  жатуы. Бірақ қазіргі кезде санақ жүйесінің  жетілмегендігінен бұл категориядағы туристерді көрсету өте қиын. Халықаралық туризмнің тағы бір ерекшелігі елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атаймыз. Оған қарсы  туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша  мөлшернің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Туристердің  белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристік іс-әрекетпен қаражат нәтижесіне байланысты, ол халықаралық туризмде ғана болады. Кейбір жағдайларда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын жылдамдатуы мүмкін. Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетінін көрсетеді, мұнда басты ролді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасында тауар алмасуы жүреді. Халықаралық туристік алмасуда нақ солай жүреді. Әлемдік негізгі туристік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ , солар және экономикалық ортасы дамыған елдер де (Тунис, Тайланд) арасында  жүреді және іске асырылады. Осыған байланысты Дүниежүзілік туристік ұйым келесі анықтаманы қабылдады: «туристерді жеткізуші елдер» және «туристерді қабылдаушы елдер». [12]

       Экономикалық жағынан белсенді  туризм (туристерді қабылдау) туристік  игіліктерді экспорттау, ал белсенді  емес туризм (азаматтар шығу)-импорттау  деп аталады. Урбандалу процесі қалаларда көрініп келе жатыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрес дәуірінде халық өсіп, экономикасы дамып, урбандалу процесі индустриализацияның  басталуымен едәуір жылдамдады, жер шарының тұрғындарының жартысы қалаларға жиналған, оның саны өсуде, Қазіргі қала адам өміріне екі жақты әсерін тигізеді. Бір жағынан, адамдарды материалдық-техникалық, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары жақсарса, екінші жағынан, қала өмірінің жылдамдығынан, ауасының ластануынан адамның жүйкесі мен психологиясына қысым көбейді. Туристік сұраныс пен рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуында урбанизациялаудың ролі зор. Қала неғұрлым үлкен болса, оның тұрғындары демалысты қаладан тыс жерде өткізуге ынтасы жоғары болады. Мысалы: 1950 жылы әлемде 25,3 млн туристер болса, 2001 жылы 700 млн -ға артты. Қазіргі кезде туризм бүкіл әлемде кеңірек тарауда. Бірақта олардың өсу деңгейі әр аймақта әр түрлі оны кесте 2 сәйкес көруге болады. 

     Кесте 2

     1999-2001 жылдардағы әлемдік туризмнің даму деңгейі 

Аймақтар Туристердің келуі млн. адам %-тік

өзгерісі

Туризм түсімі АҚШ млрд. долл. %-тік  өзгерісі
 
 
1999 2000 2001 99/0 0 00/01 1999 2000 2001 99/00 00/01
Африка 21,5 23,2 24,9 7,4 7,5 8,3 9,0 9,6 4,5 5,9
Америка 115,4 118,5 120,2 5,4 1,4 112,7 118,8 121,2 5,8 2,1
Шығыс Азия және тынық мұхит аймағы 87,5 88,0 86,9 1,0 -1,2 81,3 76,6 73,7 1,1 -3,8
Европа 350,2 361,5 '372,5 3,6 3,0 216,5 218,2 226,1 5,8 3,6
Таяу  Шығыс 14,1 14,8 15,6 6,1 5,3 7,7 9,1 9,7 10,5 6,4

 
 

     Жалғасы Кесте 2

Оңтүстік  Азия 4,3 4,8 5,1 5,1 5,0 3,9 4,3 4,4 6,5 2,8
Барлық  әлем 594,1 610,7 652,2 3,8 2,4 435,1 435,9 444,7 1,0 2,0

     Туризм, болып жатқан дағдарыстарға қарамастан тұрақты дамуда. Әлемдік туризмде 2 бағыт көрініс тапқан. Біріншісі сыртқы экономикалық және саяси факторларға әсері, екіншісі соған қарамастан қиындық жағдайында өз көлемін тез арада қалпына келтіру.

     2001 жылғы көрсеткіштерге қарасақ  АҚШ-тағы және Таяу Шығыстағы  күшті экономикалық дағдарысқа  байланысты туризм 1,2 % төмендеген, табыс  4% ке қысқарды. Туризмнің Африкада  дамуы 7,5% өсті, оның себебі Оңтүстік  Африканың табиғатына қызығушылықтың артуынан болды. Европадағы туризм индустриясы жалпы аймақтағы экономикалық өсу бағытына байланысты. Туристік көрсеткіштерге ықпал еткен жағдай әлемдік көрмелердің, әр түрлі спортты сайыстардың әсерінен болды.

Дүниежүзілік  жалпы өнімнің 10-шы бөлімін қамсыздандырып, туризм дүниежүзілік экономикасында басты рольдерінің біреуін атқарады. Экономиканың бұл бұтағы жылдам екпінімен дамиды және жақын арадағы жылдарда оның маңызды секторы болып табылады. Туризм өнеркәсібіне жыл сайынғы инвестициялар шамамен 30% құрайды. Соңғы жылдары туризм дүние жүзінде бизнестің ең пайдалы түрі болып табылады.

      Ол  дүниежүзілік капиталдық шамамен 7%- н қолданады. Көп елдердің экономикалық дамуында туризмнің өсіп жатқан мағынасы келесідей жағдайды растайды: жақындағы онжылдықта халықаралық туризмнен түскен үлес өсе келеді. Халықаралық туризм халықты жұмыспен қамсыздандыру проблемасына маңызды ықпал көрсетіп, уақытша немесе тұрақты негізінде жұмыс орындарымен қамсыздандырады.

      Туризм  және саяхат дүниежүзілік кеңесінің  мәліметтері бойынша 2014 жылда туризм өнеркәсібінде жасайтындар саны бүкіл дүние жүзіндегі жұмыс жасайтындар 8,6% құрайды.

Информация о работе Миграция түсінігі және оның топтастырылуы