Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2012 в 23:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – м
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке ықпалы………………………..……....………………………..……....……………20
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар………………......………..26
2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі………………………..……....………………………..….…....……………31
2.3 Экономикалық қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және шешу жолдары….……41
3.2 Туризм саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....47
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..……....…….…
Бір көзге қарағанда «туризм» түсінігі кез келген адамға түсінікті термин, өйткені біз бәрімізде бөтен жерлерге сапар кештік, туризм туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, мақалалар оқыдық, саяхаттар туралы әртүрлі телебағдарламаларды тамашаладық, өз еңбек демалысымызды жоспарлай отырып, туристік агенттіктердің кеңестері мен қызметтерін пайдаландық. Алайда, ғылым және білім саласында халықшаруашылығының ажырамас бір бөлігі ретінде туризмнің құрамдық элементтерінің қатынасын айқындап алғанның маңызы зор. Туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның мол мүмкіндігі бар деп есептеледі және әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін.
Туризмнің экономикаға үш түрлі әсері бар:
1.Шетелден тікелей қаржы құйылады.
2. Экономикадағы төлем балансы мен экспорттық саудаға жағымды әсер етеді.
3.Халықтың жұмыспен қамтылуына септігі тиеді.
Туризм тікелей және жанамалы түрде экономиканың 32 саласы мен елдің инфрақұрылымының дамуына тигізетін әсері мол.
Туризм-тұрғындар миграциясының ерекше түрі ретінде түсінігін айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген жөн:
Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда саяхаттың немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан келген ортада арнайы бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай-ақ бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат - бұл күнделікті өмір сүру және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол қаладан сауда-саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді. Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ауқат деңгейінің өсуінің нәтижесі болып табылады. Туристік қызметтерге қол жетерлік, олардың сапасы және әр түрлілігі демалыс нысанын таңдауда да маңызды фактор болып табылады. Кәсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты [4]:
Қазіргі кезде Қазақстанда демалысты жайлылықпен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін туристік қызметтерді көрсететін туристік компаниялар желісі дамыған.
Қазақстан
Республикасы экономикасының салаларының
бірі ретінде туристік қызметтің
құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру
негіздері «Туристік қызмет туралы»
қазақстан Республикасының
Туроператорлық қызмет - өзінің туристік өнімдерін қалыптастыру, дамыту және туристік агенттер мен туристерге сатуға лицензиясы бар заңды тұлғалардың қызметі.
Турагенттік қызмет – туроператормен қалыптастырылған туристік німді дамыту мен сату бойынша осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі.
Олардың
арасындағы айырмашылық –
Туристік
өнімді қалыптастыру – шет елдік
әріптестерді табу, қонақ үйлерді, экскурсияларды
таңдау, авиакомпаниялармен келіссөздер,
көрмелердегі жұмыстар, қонақ үйлер
мен авиарейстерде сақтап қою
орындарының нақты санын
Басқа сөзбен айтқанда, туроператор әр түрлі қызметтермен – визаларды рәсімдеу, ұшу, трансерт, қонақ үй, сақтандыру, экскурсиялар ұйымдастырумен айналысып, тур өнімді «жинайды», оны нарыққа шығарады және тұтынушыларға немесе турагенттерге тікелей өткізеді. Ал турагент- туроператор мен тұтынушы арасындағы делдал болып табылады.
Тур өнім туристік саяхат мерзімінде көрсетілетін туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер және осымен байланысты саяхат мақсатына сай көрсетілетін басқа да (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушысының, гидтің, гид-аударушылардың қызметтері) қызметтер жиынтығын білдіреді.
Туристердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының көрсететін қызметтері лицензияланады.
Туроператорлар мен турагенттердің лицензияны алуы үшін туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шарты қажет. Осы келісім шарт оның заңды күшіне енген күннен бастап 12 ай мерзіміне жасалады, іс-әрекет ету аумағы туристік бағыттардың (турлардың) өткізілетін аумағы болып табылады.
Туроператорлар мен турагенттердің қызметі міндетті түрде сертификатталынады. Сертификаттарды рәсімдемеген жағдайда жауапкершілік лицензияны берген мезеттен 7 ай өткеннен кейін басталады.
Туризм миграциясы төмендегілерге бөлінеді [6]:
Келу туризмі - Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрмайтын тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында саяхат жасауы;
Кету
туризмі – Қазақстан
Ішкі
туризм - Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасы аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызметтерді көрсету туристік қызметтердің экспорты болып табылады. ал басқа елге кетумен байланысты туристік қызметтерді көрсету импорт болып саналады.
Турист энциклопедиясында туризм индустриясы туралы мынадай анықтама берілген: бұл материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстардың пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтердің айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емес сала өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.
Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топқа бөледі [7]:
Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы ресурстарға болжам; екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік; үшіншіден туризм инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.
Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар, ол солар арқылы халық шаруашылығының басқа да салаларынан бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) бұл жерде өндіріледі және бірден қолданылады. Екінші ерекшелігі- оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы қызмет өндірісіне дейін өндіріс обьектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты- турист алған өнімдерді «өзімен алып кетеді», яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күй, жаңадан толтырылған білім, пікір, ақпарат арқылы.
Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрде келесідей анықталады:
Туристерге әр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдйындағы қызметтер мен тауарларды ұсынуы;
Туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады;
Туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әр түрлі іс-әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтауда пайда болған;
Қызмет әр түрлі кәсіптік дайындықтағы және білім деңгейіндегі адамдармен көрсетіледі.
Туризмде
ұсынылған қызметтер аумақ
Қызмет көрсетуді туристерге бағыттап, үлгі бойынша былай бөлуге болады:
Қызмет пен тауарларға тарту;
Олардың туристік өнімге қызығушылығын тудыру;
Ұсынылған
тауар мен қызметтерді
Туристік қызмет пен тауарларды пайдалануда тура шешім қабылдауға көмектесу.
Туристік индустрия дегеніміз- туристік өнім шығарушылар, солар арқылы халықтың туристік сұранысын өтейді, олар адамдардың рекреациялық қажеттілігінің арқасында құрылады.
Қандай бір фирма болмасын оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдерінің тартымды болуына, бағасына, нарықтағы өтімділігі және жылдам таралуына байланысты.
Өнімнің экономикалық дәреже ретінде терең мазмұны бар, бірақ, осы уақытқа дейін жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің маркетинг профессоры, Американың маркетинг ассоциациясының белсенді мүшесі Ф.Котляр мынадай анықтама береді: Өнім-өзіне тарту, алу, пайдалану және қолдану мақсатымен нарыққа ұсыналатын және адамның ынтасымен өтей алатын қандай да болмасын зат. Өнім физикалық обьектілер, көрсететін қызметтер, ой-пікір және басқалар бола алады.
Туризмде өнім болатыны көрсететін кешенді қызмет, яғни бір пакетте туристерге сатылатын қызметтер жиынтығы. Өндірушілерге қарағанда, туристер туристік өнімді кең түрде ұғынады. Туристік сапарға шыққанда, адамдар өзіне көрсетілетін қызметтерден басқа да ерекшеліктерді іздестіреді. Біреулері ұзақ демалысқа шығып, курортқа барып демалып, денсаулығын түзеп қайтса, басқалары іс-сапарларға барып, іскерлік келіссөздер жүргізіп, шартты келісімдер жасайды. Демек, туристер туристік өнімдерге мұқтаж емес, олар жаңа сезімге, қызық оқиғаларға мұқтаж немесе өзінің бизнесін ұлғайтуға мүдделі.
Атақты
ағылшын туризмологы В.
Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлімге бөлінеді [8]:
Тур дегеніміз – тұтынушыға біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.
Информация о работе Миграция түсінігі және оның топтастырылуы