Миграция түсінігі және оның топтастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2012 в 23:44, дипломная работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – м

Содержание

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке ықпалы………………………..……....………………………..……....……………20
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар………………......………..26
2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі………………………..……....………………………..….…....……………31
2.3 Экономикалық қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және шешу жолдары….……41
3.2 Туризм саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....47
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..……....…….…

Работа состоит из  1 файл

диплом миграция.doc

— 672.50 Кб (Скачать документ)

      АҚШ-та, ұлттық статистика бойынша, туризм өнеркәсібі 16,7% млн. жұмыс орның қамсыздандырады; бұл елдегі жалпы жұмыс орнының 11,9% болып табылады.

      Жұмыспен  қамсыздандырыуға және жаңа жұмыс орнын  ашуда туризм үлесі осы сектордың  әлеуметтік-экономикалық мағынасын  анықтайды.

      Сонымен қатар, халықаралық туризм көптеген елдер үшін табыстарды арту және ұлттық экономика өсуінің маңызды қайнарына айналды.

      Швейцария, Австрия, Франция сияқты жоғары дамыған елдер өз әл-ауқатының көпшілік үлесін туризмнен түскен пайдадан жапты. [13]

      Халықаралық туризм көптеген дамыған және дамитын  елдер үшінде валюталық түсудің  қайнары болды. Мысалы, шетелдік туризм арқылы келген табыстың ара салмағы тауар мен жұмыс көрсету экспортынан түскен табыстың жалпы сомасында төмендегідей Испанияда – 18,3%, Австрияда-11,8%, Грецияда-33,6% Португалияда-14,9%, Кипрда-53%.

      Дамитын елдердің көпшілігінде тауар мен  жұмыс көрсету экспортынан түскен табыстың 10-15% шетелдік туризм үлесі болып табылады (Индия, Египет, Перу, Парагвай, Коста-Рика).

      Дүниежүзілік  туризм ұйымының топтастыруында туристерді жабдықтаушы елдер мен туристерді қабылдаушы елдерге бөлінеді. Туристерді жабдықтаушы елдерге жататын: АҚШ, Бельгия, Дания, Германия, Голландия, Жаңа Зеландия, Швеция, Канада, Англия. Туристерді қабылдаушы елге жататын: Австралия, Италия, Швейцария, Франция, Кипр, Греция, Мексика, Португалия, Испания, Туркия.

      ЮНТВО болжауларына сәйкес, халықаралық туризмнің дамуы тұрақты түрде өсе береді. Дәл осылай 2010-2011 жылдар дәуірінде халықаралық туризм қарым-қатынасы өсуінің қарқыны 4,5% құрады.

      Халықаралық туризм дүниежүзілік масштабта экономикалық және әлеуметтік дамуға жағдай жасайды.

      Келтірілген мәлімет халықаралық туризм дүниежүзілік экономикасында маңызды орын алатындығын тағы да растайды.

      Дүние жүзіндегі экономикалық ахуал жақсарған  сайын халықаралық туризм да тез  қалпына келеді.

      2008-2009 жылдардағы глобальды қаражаттық  дағдарыстан және экономикалық басылудан кейін бұл жағдай күтілмеген.

      2009 жылмен салыстырғанда, халықаралық  туристік қатынасыу 6,7%-ға өсті, сонымен қатар өсу шегінің  позитивтік екпіндері дүние жүзінің  барлық аймағында тіркелген.

      Дүние жүзіндегі халықаралық туристік қатынасу саны 935 млн. көлеміне дейін жетті, бұл көрсеткіш 2009 жылындағы көрсеткіштен 58 млн. асады, сонымен қатар 2008 жылғы кризис алдындағы деңгейден (913 млн) 22 млн.ға жоғары.

      Халықаралық туристік қатысуының өсуі барлық аймақтарды белгіленген, осы өз қалпына келу процессінің  негізгі қозғалтқыштары болып өсіп жатқан экономикалар табылады.

      Халықаралық туризм дамуының және оның дүниежүзілік экономикаға ықпалын зерттеу мақсатында дүниенің келесі аймақтарға бөліп қарап шығу қажет.  Дүниежүзілік туристік ұйым дүниежүзіндегі негізгі 5 аймақ белгілеп отыр: АҚШ, Африка, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Шығысы, Еуропа.

Дүние жүзінің әрбір аймағы ұсақ аймақтарға бөлінеді.

      Әлемде  халықаралық туризм аса бірдей емес. Оның себебі; біріншіден, елдер мен  аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының әртүрлі деңгейі. Халықаралық туризм батыс еуропалық елдерде көп дамыған. Осы аймаққа дүниежүзілік туристік рыногының 50% үлесі келеді; қалған 20% -Азия – Тынық мұхиты аймағына, 17%-тен кем АҚШ-қа, 5% - Африкаға, 6% дан көбі Жақын Шығысқа тиесілі.

      Халықаралық туристік айырбастаудың Географиялық шоғырлануы географиялық сауда сәйкес, бірақ 2 маңызды айырмашылығы бар.

      Біріншіден, туризмнен түсетін пайдалы теңдігі  бар елдердің (АҚШ, Испания, Португалия, Греция) саудада көбінесе жағымсыз теңдігі бар.

      Керісінше, туристік айырбастауда жағымсыз теңдігі  бар елдердің (Германия, Жапония) пайдалы  сауда теңдігі бар.

      Екіншіден, ұқсас сұраныстың үлгілері бар өнеркәсіпті  елдер арасында туристік қызмет көрсетуін  айырбастау тауар саудасындағы айырбастауына ұқсас болуы міндетті емес.

      Қабылданған шетел туристердің санына қарғанда Еуропа басқа аймақтар арасында 1-ші орынды берік ұстап келеді. 2002-2008 жылдары Еуропаға келген туристердің  саны 400 млн. адамнан 480 млн. адамға дейін көбейген. Алайда 2009 жылы дүниежүзілік туризмде Еуропа үлесі төмендеген және Еуропаға келудің жылдық орта мөлшердегі өсудің түбегейлі тербелістеріне қарамастан, төмендеп кетті.

      Дегенмен, екінші жартыжылдықтан бастап сектор айналымдарды ожаулай бастады да, кейбір елдер аймақтық көрсеткіштерді едәуір аса басып түсетін нәтижеге жетті. Алайда, бұл 2009 жылда түсіп кеткен көрсеткіштерін жаба алмады.

      Осы аймақта ең көзге көрінетін жетекшілері  болып Франция мен Испания  табылады. Олар халықаралық туристерді қабылдаған саны және халықаралық туризмнен түскен пайда бойынша жақсы көрсеткіштерге ие.

     Дүниежүзілік  туристік ұйымның  болжамдары бойынша 2020 жылдары  Шығыс Азия және Тынық  мұхиты аймақтары Еуропадан кейінгі  танымал халықаралық  туризм аймағы болады  есептелінуде және  ХХІ ғасырдың  туризм түрлері мен басым бағыттары кесте 3 сәйкес анықталды.

 

   Кесте 3

2020 жылдардағы  әлемдегі  туристік басым бағыттары

(ДТҰ   болжамы бойынша)

Мемлекеттер Келетін туристер саны, млн
1 Қытай 137,1
2 АҚШ 102,4
3 Франция 93,3
4 Испания 71,0
5 Сянган 59,3
6 Италия 52,9
7 Ұлыбритания 52,8
8 Мексика 48,9
9 Ресей 47,1
10 Чехия 4,0

 

     2020 жылдарда  туризмнің қызықты түрлері  болып экологиялық, тақырыптық, мәдени-танымдық, круиздік  анықталды. Қорыта айтқанда әлемдік туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасап төмендегідей қорытындыға келуге болады.

     - Саяси және экономикалық дағдарыстарға қарамастан, туристтік секторда туризм қызметінің екендігі көрінеді;

     - Аймақтар арасында бәсекелесудің күшейгені байқалады;

     - Жекелеген туристік компаниялардың капиталдарының шет елдік нарықка шығу белсенділігі көрінеді;

     - Туризм өндірісіне қызмет көрсетудің  бірігуі жүріп жатыр.

     Осы жағдайларға байланысты жаңа мыңжылдықтың алғашқы 10 жылдығы туризмнің дамуының негізгі белгілері айқындалады.

     - Халықаралық туризм қызметінің көрсеткіштерінің өсуі.

     - Әлемдегі экономикалық және саяси  жағдайлардың туризмге тигізетін  әсері.

     - Туризмнің анықтаушы факторлары  әлеуметтік-демографиялық өзгерістер, электрондық хабар, коммуникациялық  жүйе болады.

 Сонымен  қатар туризмнің дамуына кері әсер ететін факторлар табиғи апаттар, экономикалық дағдарыс, азаматтық соғыспен халықаралық терроризмді атап өткен жөн. [14] 
 

2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі  

     Қазіргі заманғы туризм  индустриясы   халықаралық  сауда қызметі айналымының аса жоғары қарқынмен дамып келе жатқан   күрделі  саласының бірі болып табылады.   Туризм саласының өсуі  жаңа экзотикалық  демалыс орындарының  пайда болуы мен ашылуына байланысты жүзеге асырылады. Сонымен қатар дүниежүзі халықтарының арасында туризм саласы қызмет түрлеріне деген сұраныс күшеюде, тіпті ол экономикалық тұрғыдан алғанда тауарлы қызмет түріндегі ұсыныстан да артып отыр. Бүкіләлемдік туризм ұйымының  және  туристік қызмет түрлерін ұсынатын арнайы мамандандырылған  халықаралық ұйымдардың  зерттеулерін,   мемлекеттердің туристік саясатын талдасақ,  туризм саласы  белгілі бір мемлекеттік  әлеуметтік, мәдени және экономикалық  өміріне  тікелей әсер ететін   қызмет түрі  болып табылады.

  Қазақстандағы алғаш туризм саласының пайда болуы мен қалыптасуының алғышарттары  - бұл   біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтан бастау алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуымен  ұштастыруға болады.

  Кеңес үкіметі құрамында  Қазақстанда ішкі туризмге аса көп көңіл бөлінді.  Халықаралық туризмнің  рөлі өте төмен дәрежеде болды. Кеңес Үкіметі  туризмі  идеологиялық тұрғыдағы мәдени-танымдық  жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырылды, туризм саласына экономикалық тұрғыдан баға беру мүлдем қарастырылмады.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алған жылдарда туризм   саласында айтарлықтай   принциптік  құрылымдық  өзгерістер болмады.   Туризм индустриясын комплексті  жорамалдау,  ұзақмерзімді жобалау,  мемлекеттік емес туризм  құрылымдарын және аймақтық туризмді ұйымдастыруға  көңіл бөлінбеді. Сонымен қатар туризм саласының қарқынды дамуына тежеуіш болған факторлардың бірі осы саланы нақты бір мемлекеттік орган құзіретіне енгізбей, қайта құрылып, ауысып жатқан мемлекеттік құрылымдарға әлсін-әлсін ауыстырылып отырды. Сондықтанда нақты бір туризм саласын бақылауға алатын, жыл сайын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын  ведомстовалық мемлекеттік  ұйым болмады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар да  туризмнен түсетін кірістердің жергілікті бюджетке құйылатынына қарамастан, туризм саласын басым экономикалық  қызмет саласы ретінде  мойындамады.

     Тек қана соңғы жылдары ғана тиімді Қазақстан  Республикасының туризм индустриясын қалыптастыру және болашақ дамыту жоспарлары қолға алына бастады. Қазақстан  Республикасы Президенті, Үкіметі, заң шығарушы органдары тарапынан  экономиканы қарқынды дамытушы өндіріс саласы ретінде қарастыра бастап, арнайы заң актілерін, нормативтік құжаттарын,  мемлекеттік бағдарламалар  мен аймақтық кластерлік бағдарламаларын жасақтай бастады. [15]

     Мемлекет  белгілеген басымдықтардың бірі ретінде туризмге кейінгі уақытта мемлекет қоржынына кіріс келтірерлік сала ретінде барынша қолға алынып, енді-енді аяғынан нық тұра бастады.

   Қазақстан тәуелсіздiк алғаннан кейін туристiк  қызметтi реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшiн негiз қаланды.

Бүгiнгi күнi бiздiң мемлекетiмiзде туризмдi дамыту "Туризм туралы" Қазақстан  Республикасының 1992 жылғы 3 шiлдедегi № 1508-ХII Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Түркi тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын iске асыру туралы, Ұлы Жiбек жолының Қазақстан Республикасындағы туристiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi ЮНЕСКО және Дүниежүзілiк Туристiк Ұйымның жобасы туралы" 1997 жылғы 30 сәуiрдегi № 3476 және "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етiлдi.

     Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға бағдарламаға сәйкес әзірленді.

     Осы құжаттарды қабылдау туризмнiң қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер еттi. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында туризм саласының белсенді дамуы байқалады. Бұл республикамыздың географиялық қолайлы орналасуы туристік қызықты маршруттарды ұйымдастыруға әлеуеті жеткілікті.

     Әлемдік деңгейде Қазақстанның ерекше табиғи аймақтар, қорықтары, тарихи-мәдени орталықтардың  болуы туристердің қызығушылығын туғызады. Осы ресурстарды тиімді қолдану арқылы еліміздегі туризмнің барлық түрлерін дамытуға болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бүгін Қазақстанда 2011 жылдың қыркүйектегі статистикалық мәліметіне сәйкес 1515 туристік фирма тіркелген. Кірістің көп бөлігі шет ел туристтерінің туристтік қызметтердің экспортынан, сонымен қатар отандық транспортқа билет сатудан және елде болғандағы басқада қызмет түрлерінен түседі. Елдің туристтік импорты ол сол елдің азаматтарымен шет елдерге бару кезінде қолданатын ақша көлемімен, жол ақысы және қызмет көрсетулерге, сонымен қатар,  туризм индустриясына атсалушы шет ел инвесторларына диведент төлеуден құралады.

Информация о работе Миграция түсінігі және оның топтастырылуы