Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2012 в 23:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – м
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке ықпалы………………………..……....………………………..……....……………20
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар………………......………..26
2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі………………………..……....………………………..….…....……………31
2.3 Экономикалық қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және шешу жолдары….……41
3.2 Туризм саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....47
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..……....…….…
Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет және 2) бағытта көрсетілетін қызметтер кешені.
Туристік пакетті туроператорлар ұсынады және бағытта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады [9]:
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – нақтылы міндетті жағдайы. Төрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, туристік оператордан едәуір жеңілдікпен басқа да фирманың туристік өнімін алады, туроператордан оны басқа да қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады.
Туроператор туризмде маңызды роль атқарады. Өйткені әр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т.б.) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады, оны турагент арқылы таратады.
Турагент – туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің айырмашылығы турагент турдың сапасына жауапты емес.
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы- туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.
Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын келесідей бөлуге болады:
Тур – 50%;
Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер –30%;
Тауарлар - 20%.
Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз – бұл жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік органдар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т.б. Қосымша қызметтерді туристер бөлекше өз ақшасына алуы керек.
Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған жататындар: туристік карталар және қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ тұрғылықты елдегі тапшы тауарлар және т.б.
Туристік
индустрияда өндірілетін
Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа біріктіруге болады: көлік қызметі – туристердің туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану және т.б.); бір реттік қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер және т.б.). Әрбір туристік қызметттер мен тауарлар тобы тағы да жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтері көліктің түріне, жайлылығына қарай жіктеледі.
Туристік сұраныс пен ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық элементі болып туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату саласын құрайды.
Туристік нарықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Егер дүниежүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына туристердің көліктік шығыны да кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында.
Туристік
қызметтер құрылымында
Қазіргі туризм экономикалық құбылыс ретінде:
Сонымен,
туризм аймақтың немесе елдің экономикасына
белсенді түрде әсер ете алады, онда ол
оның шаруашылық, әлеуметтік және гуманитарлық
негізінде дамиды.
Қазақстан
Республикасы үкiметiнің 2000-жылғы 5-қыркүйектегi
1346-сандық қаулысымен мақұлданған Қазақстан
Республикасының миграциялық
Қауiпсiздiктi жоғары бағалау батыс елдерiнде оның тарихындағы революциялық кезеңмен байланысты. Осы беделдi санкция сол кезеңдерден қалған негiзгi текстiлерден: құқық жөнiндегi 1689 жылғы ағылшын Биллiнен, 1776 жылғы американдық тәуелсiздiк декларациясынан, әсiресе 1789 жылғы адам және азаматтың құқығы туралы француз декларациясынан алынды. Бұларда қауiпсiздiк еркiндiкпен қатар, адам құқығының бөлiнбес табиғи бөлiгi деп аталған болатын.
Қауiпсiздiктiң субъектiлерi мен объектiлерi - бұлар қауiпсiздiктi жасаушылар және оның нәтижесін көрушiлер. Субъект немесе объект ретiнде бiр адам, қоғам, мемлекет немесе мемлекеттiк қауымдастық шығады ма, қауiпсiздiк деңгейi осыған байланысты болады. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мен қорғаудың пәнi өзiндiк жеке немесе индивидуалдық қауiпсiздiк, социалдық қауiпсiздiк немесе қоғам қауiпсiздiгi, ұлттық қауiпсiздiк немесе мемлекеттiң қауiпсiздiгi, халықаралық немесе ұжымдық қауiпсiздiк табылады.
Қауiпсiздiктiң қатерлерi шынымен көрiнiс беруi немесе әлеуеттi болуы мүмкін. Осымен қатар, қауiпсiздiктiң әр деңгейiнде олар қауiпсiздiктiң субъектiлерi мен объектiлерiнiң iшiнен де, сыртынан да шығуы сөзсiз. Осыған байланысты сыртқы қауiпсiздiк және iшкi қауiпсiздiк пайда болады. Субъектiлер тартылатын қызмет салаларының және субъектiлер мен объектiлердiң көптiгiнен қауiпсiздiктiң түрлерi көп. Мәселен, тұтастай экономикалық қауiпсiздiк жөнiнде жазғанда азық-түлiк немесе энергетикалық қауiпсiздiк туралы сөз болады, тұтастай әлеуметтік немесе демографиялық қауiпсiздiк туралы айтқанда тұрғындардың денсаулығының қауiпсiздiгi жөнiнде де сөз болады және т.с.с.
Ұлттық қауiпсiздiктiң тұжырымдары ең күштi факторы ретiнде мемлекеттi таниды. Ол өзiнiң азаматтарын қамтамасыз етушi, басқа мемлекетпен қарым-қатынасындағы занды және тән әрiптесi. Ұлттық қауiпсiздiк жөнiнде екi тұжырым бар. Бiрiншiсi бойынша «қауiпсiздiк заңмен қамтамасыз етiледi, ал ол мемлекеттiң билiкке деген монополиясының тiкелей аралығы болып табылады. Екiншiсiн қарастырсақ, қауiпсiздiк егемендiкпен ажырамас бiрлiкте: яғни, тек қана егемендi мемлекет халықаралық қауiпсiздiктiң толык құқықты субъектiсi бола алады. Әр мемлекеттің қауiпсiздiгiне басты қатер оның территориясына қауiп және ондағы қауiптiң басты көзi - басқа мемлекеттер мен сепаратистiк қозғалыстар.
Қауiпсiздiк ұлттық қауiпсiздiк тұрғысынан былай көрiнедi: оның негiзгi факторлары, объектiлерi мен субъектiлерi ролiн алмастыратын және өзiндiк маңызы жағынан белгiлi бiр деңгейде тұратын тiрек — бұлар мемлекет, қоғам, адамдар. Олардың басты мақсаты мемлекеттің қауiпсiздiгi болып табылады, ал оған қол жеткiзбесе, басқа субъектiлер арқылы негiзгi мақсаттарға: мемлекеттiң территориялық тұтастығын, оның құрылымы принциптерiн бақылау, халықаралық қатынастар жүйесiнде толығымен саяси субъектiлiгiн сақтау мүмкін емес.
Миграция бәрiбiр де қауiпсiздiкке ықпал етерi анық. Мәселен, белгiлi бiр жерден жылдан-жылға мектеп мұғалiмдерi кете берсе, ерте ме, кеш пе, олардың көшiп кете беруi жергiлiктi тұрғындардың этномәдени жағынан қайта жаңғырып, өсiп-өнуiне қатер төндiредi. Ал бұл өз кезегiнде дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, басқару саласындағы қызметкерлердiң және тағы басқа адамдардың миграциялануына себеп болады. Өйткені олар балаларының жақсы бiлiм алуы олардың келешектегi қалыптасуының басты шарты екендiгiн түсiнедi. Миграция тiзбектесе жалғасу сипатына да ие, себебi өмiр қауiпсiздiгiнiң аймақтық жүйесi аспектiден аспектi жоғалта бастайды, егер мемлекет бұл жағдайға араласпаса ыдырауы мүмкін.
Миграцияның
қауiпсiздiкке тигiзетiн ықпалы миграциялық
ағымдардың түрлерi мен типтерiне күштi
тәуелдi. «Бұл әлеуметтік-демографиялық
феномендi зерттеудiң теориялық
Кеңiстiктегi қатынасында миграциялық орын ауыстырулар екi орын ауыстыру полюстары аралығында бөлiнедi: кету мен келу полюстары. Жағдайға байланысты кету мен кiруде миграциялар ерiктi және ерiксiз болып бөлiнедi. Олардың арасындағы айырмашылық еркiн емес миграцияға кету полюсiнде итермелеу факторлары үстемдiк өтедi, ал еркiн түрдегi миграцияда - келу полюсiнде тартушы факторлардың ықпалы басым. Өз кезегiнде еркiн емес миграциялар итерiп шығару әдiстерiне байланысты болады, яғни зорлықшыл (физикалық күш қолданғанда немесе қолданылады деп қорқытса), итермелеушi (билiк шешiмi бойынша кейбiр адамдарды немесе толығымен топтарды көшiру) және мәжбүрлi (мигранттар өздiгiнен шешiм қабылдау нәтижесiнде, бiрақ та тұратын жерлерiнде дұрыс өмiр сүрудi мүмкін емес өтетiн қатерлi факторлардың ықпалына байланысты) миграциялар.
Ендi миграция және мигранттардың қауiпсiздiгiн қарастырайық. Миграциялық матрицаны қауiпсiздiк құрылымымен байланыстырғанда мынандай көрiнiс шығады. Бiрiншiден, миграциялық таңдау еркiндiгiнiң шектелмейтiн өмiрлiк жағдайлар арасындағы алшақтықпен, яғни көбiне қауiпсiздiктiң қандай аспектiлерiмен, қаншалықты көлем мен диапазонда адамға жеткiлiктi екендiгiмен анықталатындығында. Бұнымен қоса өзiнiң мiндеттерi туралы ойлап немесе оларға эмоционалды қарай отырып, адам өзiнiң жеке тәжiрибесiн және қауiпсiздiк туралы түсiнiгiн негiзге алады. Осының көмегiмен ол өзiнiң тұрғылықты жерiндегi қауiпсiздiктiң ескi түсiнiгiн түзетiп, жаңа мақсатын бағамдайды да, қайда баратыны жөнiнде шешiм қабылдайды.
Екiншiден, еркiн және еркiн емес коныс аударудағы мотивациялық ерекшелiктер айқын көрiнедi. Жалпы айтқанда, адамдар қауiпсiздiкке қатысы жоқ немесе жаттама ғана қатысы бар себептерге байланысты да қоныс аудара алады, мәселе некеге отыруына байланысты не бiлiм алу үшін. Мұнымен қатар, миграцияның себебiнде көбiне қауiпсiздiктiң бiр ғана емес, бiрнеше аспектiлерiмен де байланыс болатындығы көрiнедi. Ерiксiз миграцияның басты ерекшелiгi, мигранттардың өзiнiң өмiрiне, экономикалық негiзгi жағдайларына төнетiн қатерге байланысты қоныс аударуында. Яғни, ерiксiз миграцияның шығатын полюсiне байланысты нашар себептер көп екенiн көремiз. Ал ерiктi миграция себептерiнде жақсы мүдделер көп: мигрант бұрын қол жеткiзген қауiпсiздiк аумағын кеңейтуге ұмтылады, бұрын өзектi болмаған немесе санасына кiрмеген аспектiлерiн қамтамасыз етуге тырысады.
Ерiксiз
мигранттар миграция туралы шешiм қабылдарда
қауiпсiздiктiң кейбiр
Информация о работе Миграция түсінігі және оның топтастырылуы