Миграция түсінігі және оның топтастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2012 в 23:44, дипломная работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – м

Содержание

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке ықпалы………………………..……....………………………..……....……………20
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар………………......………..26
2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі………………………..……....………………………..….…....……………31
2.3 Экономикалық қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және шешу жолдары….……41
3.2 Туризм саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....47
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..……....…….…

Работа состоит из  1 файл

диплом миграция.doc

— 672.50 Кб (Скачать документ)

– туризм саласында туристік рынокқа халықаралық  деңгейде

қыйсындастырылған бәсекеге қабілетті туристік қызметтер  әзірлеп енгізу, сондай-ақ бәсекелестік ортаны құру үшін туристік қызметтерді сертификаттау

және  стандарттау жөніндегі шараларды  іске асыру қажет. [34,35] 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Диплом  жұмысымды зерттеу арқылы келесі тұжырымдармен ұсыныстарға тоқталғым  келеді Қазақстанның туристік қызметінде кіру туризмі мен ішкі туризмнен шығу туризмі артық болып, көптеген халықаралық туристік іс-шараларға Қазақстан белсенді қатысып, 2007-2011 жылдарға туризмді дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарлама жасалып, республиканың туризмнің орталығына айналуы үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр. Зерттеу нәтижесінде туристердің көбінің негізгі мақсаты – рекреациялық, коммерциялық және іскерлік, хикаялық түрлерін тандау сияқты негізгі даму тенденциялары анықталды. Талдау нәтижесі бойынша туризм түрлерінің құрылымында өзгерістер байқалды, сонымен бірге шығу және ішкі туризм көрсеткіштерінің қаржылық дағдарысқа дейінгі кезеңде өсуі, туристік фирмалардың саны және табысы да өсті. Дегенмен, Қазақстан елдегі бар барлық туристік әлеуетті қолдана алмай отыр, сондықтан басты міндеттердің бірі туризмде тартымды турөнімді қалыптастыру болып отыр.

     Туризмдегі  тұрғындардың көші-қоны өзінің функциональдық мазмұны тұрғысынан қарастырылған кезде заңды байланыстарды және өзара тәуелділіктерді бейнелейтін күрделі, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде көрініс табады. Ол өмірлік іс-әрекеттің көптеген жәйттерімен тәуелділенген қоғамдық дамудың бір мезетте әрі құралы, әрі факторы болып табылады. Бұндай жәйттер — әлеуметтік-экономикалық қатынастар, мигранттарды еңбектік және физиологиялық бейімдеудің мәселелері, қоныс аударушы халықтың демографиялық құрылымының ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік-мәдени және этникалық ортаға енуінің жағдаяттары. Халықтың көші-қонының үдерісінде туындайтын қарым-қатынастардың күрделі жүйесін талдап-зерттеулер оны басқарудың механизмдерін жасап шығу мақсатымен осы құбылыстың ерекшеліктерді анықтауға, сыртқы жайыттардың астарынан оған тән болған заңды үрдістерін ашуға мүмкіндік береді.

    Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсiнiктер тән. Бiрiншiсi бiр елге жұмысқа орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және басқада себептерге байланысты басқа елге барып кiрудi бiлдiредi. Екiншiсiнде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты иммигранттар және эмигранттар болып бөлiнедi. Халықаралық миграция континент аралық (мәселен, Еуропадан АКШ-қа және Австралияға) және iшкi континенталдық (мысалға, Еуропа шеңберiнде) болып бөлiнедi.

    Ішкi миграция дегенiмiз - бiр мемлекеттiң  территориясы көлемiндегi қозғалыс. Ішкi миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлiнедi: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.

  1. Iшкi және сыртқы миграцияларға да мынандай негiзгi түрлер тән. Атап айтар болсақ, қоныс аудару қайтарымсыз және тұрақты уақытша миграцияға бөлiнедi, бiрiншiсi тұрақты мекен-жайын, азаматығын өзгертумен байланысты, ал екiншiсi болса жаңа жерде (жаңа елде) шектеулi бiр уақытпен жүрудi бейнелейдi, кей кезде ол бiршама ұзақ мерзiмге де созылады (БҰҰ-ның анықтамасы бойынша, бiр жыл   және одан көп уақытқа кететiндер «ұзақ мерзiмдi» мигранттар болып есептеледi).

    Маусымдық миграция мiндеттi түрде қайта оралу  деген сөз, ол бiрнеше айға созылады, алайда бiр жылдан аспайды. Маусымдық  миграция негiзiнен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгiлi бiр  маусымдық жұмыстарда көрiнедi, мысалға: құрылыстарда, ауыл шаруашылығындағы егiн пiскен кезiнде, т.б. Нақты мысал келтiретiн болсақ, Оңтүстік Қазақстандағы мақта терiмiне Өзбекстаннан келетiн маусымдық мигранттар.

    Маятниктiк  миграция (челноктық, шекаралас) бұл  тұрақты мекен-жайынан оқу немесе жұмыс мақсатымен басқа бiр облыс, ауданға немесе басқа бiр мемлекет территориясына күнделiктi (апталық та болады) орын алмастыруды айтады. Мәселен, фронтьерлiк (ағылшынша - шекаралық) миграциялық алайық. Фронтьер-жұмыскерлер күнделiктi, немесе апта салып мемлекет шекарасынан өтiп, басқа бiр елде еңбек өтетiндер. Мәселен, шекаралас жатқан Қазақстан мен Ресей арасында. Мұнымен қатар кейiнгi жылдары «желiлiк маркетинг» еңбек миграциясының түрi де кең тарауда. Желiлiк маркетинг - бұл дистрибьюторлар арқылы тауарды өткiзу.

    Эпизодтық миграция - бұл төртiншi және негiзгi түр болып табылады. Ол iскерлiк, туристiк  және т.б. құралады. Мәселен, 1993 жылдардағы әлемдегi туризм мен саяхаттаудан түскен пайда 3,5 трлн долларға бағаланса, ал туристер саны 443 млн-ды құраған.

Сыртқы  миграцияға байланысты тағы бiр түрдi заңсыз (астыртын) миграцияны да бөлiп  алуға болады. Заңсыз мигранттар дегенiмiз  – жұмыс табу, өмір сүру мақсатында басқа бiр елдерге заңсыз келушiлер. Дүниежүзінде, әсіресе, 70-жылдардың  ортасынан бастап заңсыз мигранттар  саны өсіп, қазiргi кезеңде көлемi одан сайын ұлғаюда.

     Туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға  ыңғайлы жерлердің пайда болуына  қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның мол мүмкіндігі бар деп есептеледі және әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін.

     Туризмнің экономикаға үш түрлі әсері бар:

1.Шетелден тікелей қаржы құйылады.

2. Экономикадағы  төлем балансы мен экспорттық саудаға жағымды әсер   етеді.

3.Халықтың жұмыспен қамтылуына септігі тиеді.

Туризм  тікелей және жанамалы түрде экономиканың 32 саласы мен елдің инфрақұрылымының дамуына тигізетін әсері мол.

     Туризм-тұрғындар миграциясының ерекше түрі ретінде түсінігін айқындағанда мынадай келесі  көрсеткіштерді ескерген жөн:

    1.Орын өзгерту. Бұл жағдайда  іс-әрекет  күнделікті ортадана  тыс жерге орын ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс  орнына немесе  оқу орнына бару арқылы  орынын өзгерткен тұлғаны  турист ретінде қарастыру мүлдем теріс түсінік.

  1. Өзге жерге келу.  Бұл жағдайдың басты  мақсаты: өзге келген  жер тұлғаның  үнемі немесе ұзақ мерзімді  өмір сүру ортасына  айналмауы тиіс. Сонымен қатар бұл еңбек қызметімен де байланысты  (жолаушының еңбекақысы мен іс-сапар ақысын төлеу) болмауы керек.  Тағы да бір ерекшелігі  саяхаттанушылар жаңадан келген  ортасында 12 ай бойы немесе одан да ұзақ  мерзімде тұрақтамауы тиісті.  Нақты бір өзге ортада  бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған  немесе болуды  жоспарлаған адам  туризмнің критерийлері бойынша  саяхаттанушы (турист)  болып саналмайды.

   Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі  ортасы.  Бұл жағдайда  саяхаттың  немесе жолсапардың  негізгі мақсаты  жаңадан келген  ортада  арнайы бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай-ақ  бос уақытын өткізу  мақсатындағы саяхат  - бұл күнделікті  өмір сүру  және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала  тұрғыны сол қаладан сауда-саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын  тастап кетпейді. Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ауқат деңгейінің өсуінің нәтижесі болып табылады.

     Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм  экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыра бастады. Туристік қозғалыс төлем балансына тауар айырбасы секілді әсер етеді деген қорытындыға келді. Сондықтан да халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстардың  бір түрі ретінде білген жөн, яғни ол сыртқы сауданың бір түрі. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Халықаралық туризмге сыртқы саудада қалыптасқан операциялар түрі тән: экспорт,  импорт және реэкспорт. Халықаралық экономикалық қатынастардың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің өзіндік басты ерекшелігі туристік фирма немесе шетел  туристері өзі бола алатын барлық сыртқы сауда, келісім сияқты қызметтерді иемедену шетел турагентері арқылы жүреді. Осыған байланысты халықаралық туризмде экспортты шетел қонақтарын қабылдау. Ал импорты осы мемлекеттегі туристерін шетелге жіберу ретінде түсіндіреді. Халықаралық туризмде  реэкспортты түсінуде қиыншылықтар бар. Теория бойынша осы категорияға бұл мемлекеттің туристік ұйымынан үшінші  мемлекетке сапар шегу үшін  тур сатып алған барлық шетелдік туристердің  жатуы. Бірақ қазіргі кезде санақ жүйесінің  жетілмегендігінен бұл категориядағы туристерді көрсету өте қиын. Халықаралық туризмнің тағы бір ерекшелігі елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атаймыз. Оған қарсы туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша  мөлшернің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Туристердің белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристік іс-әрекетпен қаражат нәтижесіне байланысты, ол халықаралық туризмде ғана болады. Кейбір жағдайларда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын жылдамдатуы мүмкін. Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетінін көрсетеді, мұнда басты ролді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасында тауар алмасуы жүреді. Халықаралық туристік алмасуда нақ солай жүреді. Әлемдік негізгі туристік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ , солар және экономикалық ортасы дамыған елдер де (Тунис, Тайланд) арасында  жүреді және іске асырылады. Осыған байланысты Дүниежүзілік туристік ұйым келесі анықтаманы қабылдады: «туристерді жеткізуші елдер» және «туристерді қабылдаушы елдер». Экономикалық жағынан белсенді туризм (туристерді қабылдау) туристік игіліктерді экспорттау, ал белсенді емес туризм (азаматтар шығу)-импорттау деп аталады. Урбандалу процесі қалаларда көрініп келе жатыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрес дәуірінде халық өсіп, экономикасы дамып, урбандалу процесі индустриализацияның  басталуымен едәуір жылдамдады, жер шарының тұрғындарының жартысы қалаларға жиналған, оның саны өсуде, Қазіргі қала адам өміріне екі жақты әсерін тигізеді. Бір жағынан, адамдарды материалдық-техникалық, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары жақсарса, екінші жағынан, қала өмірінің жылдамдығынан, ауасының ластануынан адамның жүйкесі мен психологиясына қысым көбейді. Туристік сұраныс пен рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуында урбанизациялаудың ролі зор. Қала неғұрлым үлкен болса, оның тұрғындары демалысты қаладан тыс жерде өткізуге ынтасы жоғары болады.

Туризм  және саяхат дүниежүзілік кеңесінің мәліметтері бойынша 2014 жылда туризм өнеркәсібінде жасайтындар саны бүкіл дүние жүзіндегі жұмыс жасайтындар 8,6% құрайды.

      АҚШ-та, ұлттық статистика бойынша, туризм өнеркәсібі 16,7% млн. жұмыс орның қамсыздандырады; бұл елдегі жалпы жұмыс орнының 11,9% болып табылады.

      Жұмыспен  қамсыздандырыуға және жаңа жұмыс орнын  ашуда туризм үлесі осы сектордың  әлеуметтік-экономикалық мағынасын  анықтайды.

      Сонымен қатар, халықаралық туризм көптеген елдер үшін табыстарды арту және ұлттық экономика өсуінің маңызды қайнарына айналды.

      Швейцария, Австрия, Франция сияқты жоғары дамыған елдер өз әл-ауқатының көпшілік үлесін туризмнен түскен пайдадан жапты.

      Халықаралық туризм көптеген дамыған және дамитын  елдер үшінде валюталық түсудің  қайнары болды. Мысалы, шетелдік туризм арқылы келген табыстың ара салмағы тауар мен жұмыс көрсету экспортынан түскен табыстың жалпы сомасында төмендегідей Испанияда – 18,3%, Австрияда-11,8%, Грецияда-33,6% Португалияда-14,9%, Кипрда-53%.

      Дамитын елдердің көпшілігінде тауар мен жұмыс көрсету экспортынан түскен табыстың 10-15% шетелдік туризм үлесі болып табылады (Индия, Египет, Перу, Парагвай, Коста-Рика).

      Дүниежүзілік  туризм ұйымының топтастыруында туристерді жабдықтаушы елдер мен туристерді қабылдаушы елдерге бөлінеді. Туристерді жабдықтаушы елдерге жататын: АҚШ, Бельгия, Дания, Германия, Голландия, Жаңа Зеландия, Швеция, Канада, Англия. Туристерді қабылдаушы елге жататын: Австралия, Италия, Швейцария, Франция, Кипр, Греция, Мексика, Португалия, Испания, Туркия.

   Қазақстан тәуелсіздiк алғаннан кейін туристiк қызметтi реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшiн негiз қаланды.

Бүгiнгi күнi бiздiң мемлекетiмiзде туризмдi дамыту "Туризм туралы" Қазақстан  Республикасының 1992 жылғы 3 шiлдедегi № 1508-ХII Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Түркi тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын iске асыру туралы, Ұлы Жiбек жолының Қазақстан Республикасындағы туристiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi ЮНЕСКО және Дүниежүзілiк Туристiк Ұйымның жобасы туралы" 1997 жылғы 30 сәуiрдегi № 3476 және "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етiлдi.

     Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға бағдарламаға сәйкес әзірленді.

     Осы құжаттарды қабылдау туризмнiң қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер еттi. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында туризм саласының белсенді дамуы байқалады. Бұл республикамыздың географиялық қолайлы орналасуы туристік қызықты маршруттарды ұйымдастыруға әлеуеті жеткілікті.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, бүгін Қазақстанда  2011 жылдың қыркүйектегі статистикалық мәліметіне сәйкес 1515 туристік фирма тіркелген. Кірістің көп бөлігі шет ел туристтерінің туристтік қызметтердің экспортынан, сонымен қатар отандық транспортқа билет сатудан және елде болғандағы басқада қызмет түрлерінен түседі. Елдің туристтік импорты ол сол елдің азаматтарымен шет елдерге бару кезінде қолданатын ақша көлемімен, жол ақысы және қызмет көрсетулерге, сонымен қатар,  туризм индустриясына атсалушы шет ел инвесторларына диведент төлеуден құралады

     Еліміздегі  эпизодтық миграцияның 2007-2010 жылдардағы сапар мақсаттары бойынша резиденттер мен резидент еместер динамикасы келесі кесте-5 көрсетілген. Кесте-5 де мәліметтерге сәйкес шетелге Қазақстан Республикасы резидент келушілерінің жалпы саны 63% өскенімен, оның ішінде шетелге шыққан еліміздің туристері  2007 жылмен салыстырған, 2010 жылы 23 % төмендеген. 2007-2010 жылдар арасында Қазақстан Республикасына келген резидент емес келушілердің  жалпы саны 11% төмендеген, оның ішінде туристер қарқыны 42% қысқарған.

     Қазақстаннан  туристердің мейлінше көп баратын елдері: ТМД елдер бойынша үлесі Ресей (35%), Қырғызстан (29%), Өзбекстан (20%) ТМД елдерінен өзге мемлекеттер бойынша үлесі Қытай(3,9%), Германия(0,5), Турция (2,7%), БАЭ(0,7%), Тайланд(0,25%). Ал біздің елге келетін туристердің елдері жалпы көлеміндегі үлесі: ТМД елдерінен Қырғызстан (23,6%), Өзбекстан(29,5%), Ресей (26%) , ТМД елдерінен өзге мемлекеттерден  елге келетін туристер үлесі Қытай 1,3%, Германия 1,75%, Англия 0,5%, Италия 0,3% және Турция 1,4%  туристік мигранттардан тұрады.

     2010 жылы келушілердің келуі мен кетуі үлесі шетелге шыққан еліміздің резидент келушілер саны туризм бағыты бойынша үлесі 2 %-ды құрайды. Қазақстан Республикасына келген резидент емес келушілер санының туризм бойынша үлесі 1%-ды құрады.

Информация о работе Миграция түсінігі және оның топтастырылуы