Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2012 в 23:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – м
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке ықпалы………………………..……....………………………..……....……………20
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық туризмдегі миграциялық ағындар………………......………..26
2.2 Қазақстан Республикасы тұрғындарының туризмдегі миграциялық үдерісі………………………..……....………………………..….…....……………31
2.3 Экономикалық қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және шешу жолдары….……41
3.2 Туризм саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....47
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..……....…….…
Ал демалу аймағын таңдау
2.3
Экономикалық қауіпсіздік
және миграция
Қазақстан Республикасының
Миграциялық процестердiң Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiне ықпалына келетiн болса, бiздiң отандық ғылымда ол әлi де аз қарастырылған, тiптi зерттелмеген де деуге болады. Бұл бiрнеше жағдайларға байланысты.
Бiрiншiден, көбiне посткеңестiк миграциялардың жаңа сипатына байланысты. Адамдардың iрi қоныс аударуы Кеңес Одағында болып жататын процесс едi, бiрақ олар қазiргiге қарағанда басқаруға келетiн. Соңғы жылдардағы миграция - мемлекет тарапынан әлсiз бақыланады. Осымен бiрге миграциялы ағымдар өздерiнiң этникалық және әлеуметтік толығуымен, себептерiмен, бағыттарымен, ұзақтығымен және уақытымен, т.б. бiрдей емес.
Екiншiден,
экономикалық қауiпсiздiктi тудыратын
миграциялық процестердiң
Үшіншiден, «экономикалық қауiпсiздiк» түсiнiгiнiң көптеген түсiнiктерi бар болғандықтан, оған миграцияның ықпалын талдау қиын. Мұнда пiкiр алуандығы көп, өйткені экономикалық қауiпсiздiк аспектiлерi адам iс-әрекетiнiң көптеген салаларында кездеседi.
Сондықтан, экономикалық қауiпсiздiк проблемасын қарастырмас бұрын, оған анықтама берiп және оның құрылымын бөлшектеп алу керек. В. Сенчагов экономикалық қауiпсiздiк мәнiн «билiктiң институттары мен экономиканың, iшкi және сыртқы процестердiң ең нашар дамуы жағдайындағы тұтасымен елдің әлеуметтік даму бағытын, ұлттық мүдделердiң қорғалуын қамтамасыз етуiне кепiлдiк беруiне де» деп теңейдi. Бұдан «экономикалық қауiпсiздiк бұл ұлттық мүдделердiң қорғалуы ғана емес. Отандық экономиканың дамуындағы билiк институттарының ұлттық мүдделердi қорғау мен iске асыру тетiктерiн, қоғамның саяси-әелеуметтiк тұрақтылығын ұстап тұруға әзiрлiгi мен мүмкіндiгi» көрiнетiнiн байқаймыз.
Осындай пiкiрлердi жинақтай келе былай деп тұжырым жасауға болады: экономикалық қауiпсiздiк - бұл экономиканың қоғамдық кажеттiлiктердi ұлттық және халықаралық деңгейде тиiмдi қанағаттандыруды қамтамасыз етуi болып табылады.
Ресей академигi Л. Абалкиннiң осы мәселе бойынша пiкiрi негiздiрек. Ол экономикалық қауiпсiздiктiң басты құрылымдық элементтерi ретiнде мыналарды бөлiп алады: экономикалық тәуелсiздiк; ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен берiктiлiгi; өзiндiк даму мен прогреске мүмкіндiк туғызу. Бұл Л. Абалкин айтқан үш элементтi экономикалық қауiпсiздiк жағдайын нақты бағалаудың әмбебап өлшемi ретiнде есептеуге болады, оның iшiнде миграциялық процестердiң контекстiнде де. Қазақстан Республикасына байланысты миграция тудыратын мынандай қатерлер бар:
Миграцияның
қауiпсiздiкке ықпалын екi ракурста
көруге болады. Бiрiншiден, әр түрлi үш деңгейдегi
көрiнiс табуынан: жекелiк, аймақтық
және ұлттық. Екiншiден, үш миграциялық
ағын бойынша: iшкi (аймақаралық және iшкi
аймақтық) миграция, Қазақстан Республикасынан
эмиграция және алыс шет елдерден Қазақстан
Республикасына иммиграция. Қазақстандағы
iшкi миграцияға тоқталар болсақ, тұрғын
халықтың iшкi миграциясы
елдегi миграциялық жағдайдың басты құрамдас
бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасындағы
саяси-әлеуметтiк және экономикалық реформалардың
нәтижесiндегi өзгерiстер елдегi iшкi миграциялық
құрылымның өзгеруiне себеп болды. Яғни,
тұрғын үй құрылысының, өндiрiстiң тоқтап
қалуы, кәсiпорындардың жаппай жабылуы
нәтижесiнде жұмыссыздықтың өсуi, бiр жағынан,
шаруашылықтағы мигранттарды итерiп шығарушы
факторға айналса, ал екiншi жағынан халықтың
өмiр жағдайындағы жаппай кедейлену аймақтық
айырмашылықтарды теңестiрiп, олардың
тұратын жерлерiн ауыстыру ұмтылысын шектедi.
2009 жылдағы елдің iшiндегi миграцияға –
406 251 адам қатысса, ал 2010 жылы ол - 416 158 адам
болды. Нәтижесiнде, соңғы жылдардағы тұрғын
халықтың территориялық ұшқырлығы (мобильность)
негiзiнен Алматы қаласына (42 627), Астана
қаласына (49875), осымен қатар Ақмола облысына
(15305), Павлодар облысына (15848), Маңғыстау
(20480), Қарағанды облысына (31597), ал қалған
облыстарда миграциялық азаю болған.
3
ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
БОЛАШАҒЫ
Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқада экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО - ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен, бірге, Қазақстанның бірқатар сэулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі әлементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады. 2004 жылы 16-желтоқсанында «Қазақстанда туристік кластердің даму мүмкіншіліктері» атты тақырыпта талқылау шаралары өткен еді. Маркетингтік және талдамалық-зерттеу орталығы мен АҚШ-тың бірнеше компаниялары бас қосқан бұл талқылауда, Қазақстан туризмінің бүгінгі мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі талқыланды. Аталған жиынға туристік операторлар, компаниялардың басшылары, шетелдік өкілдер қатысып, Қазақстандық туризм саласының дамуына кері әсер тигізген мәселелерді жекелей анықтап, ортаға салды. Туристік компания өкілдері мынадай факторлардың бар екендігін айғақтады: біріншіден, Қазақстанның дүниежүзілік туризм ассоциациясының негізінде жарнаманың және де ел имиджін қалыптастыру жолында қажетті жобалардың жасалмағандығы деп таныса. Екіншіден, туризм саласында қызмет жасайтын мамандардың жалақысын көбейту. Үшінші мәселе, Қазақстан елшіліктерінен туристік визаларға рұқсат алудың қиындықтары екенін жасырмай айтады. Тур жасайтын орындарға тасымалдайтын көлік пен жолдардың дамымауы төртінші жағдай болса, бесіншіден үш-төрт жұлдызды арзан қонақүйлер мен мотельдердің жоқтығы болып табылады. Жоғарыда айтылған, еліміздің туристік жағдайларына қатысты мәселелер осы принциптерді қолдану барысында жүзеге асары анық.[18]
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда.
Қазақстанда әзірге дейін туризмнің толық жүйесі жоқ. Сондықтан да, туристерді барлық керекті жабдықтармен, жарнамамен, сауда қызметімен, көлікпен, қонақ үйлерге орналастырумен, тамақтандырумен қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар өз шешімін таппай отыр.
Туризмнің дамуының жеткіліксіздігінің тағы бір себебі – туризмді дамытуға қажетті факторлардың ғылыми негіздемелерінің жоқтығы. Біліктілігі жоғары мамандарсыз туризм саласын дамыту мүмкін емес. Туризм саласындағы фирмалар елге ұлттық табыс ретінде валюталық ресурстарды тартатын болғандықтан, оларға белгілі бір жеңілдіктер қарастырылуы тиіс. Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Екінші кезекте, шоптуризм еліміздің бюджетіне кері әсер етеді Сондай-ақ, елімізде туристік қызмет саласын дамытуда тосқауыл болып отырған жасанды кедергілер де аз емес, виза процедурасы жәнне оның құны , бақылау жүйесінің күрделілігі, «туристік өнімнің» қымбаттылығы, салық ставкасы, әуежай билеттернің құны және т.б. Мұндай жалпылама мәселелерді жеке компаниялар шеше алмайды. Сондықтан олар мақсатты бағыттаған мемлекеттік саясат жүргізетін елдермен бәсекеге түсуге тыс қалған. Қазақстанда көптеген туристік сервистердің сапасы мен бағасы сәйкес келмейді. Себебі сапасы төмен де, бағасы жоғары. Бұның шешімі сапасын жоғарлатуға қаржы бөлу.
Ішкі бұқаралық туризмді тежеуші басты фактор, кейбір мамандардың пікірінше, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің көп төмендеуі болып табылады. Өкінішке орай, біздің көптеген азаматтарымыздың еліміз бойынша туристік сапарларға шығып демалуға мүмкіндігі жоқ. Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады:
1) аймақтың қолайлығы;
2) табиғаты және климаты;
3) келушілерге тұрғылықты халықтың қатынасы;
4) аймақтың инфрақұрылымы;
5) бөлшек сауда жағдайы;
6) баға деңгейі;
7) спорттық
және білім беру
8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.
Сондай-ақ, туристердің ағымының төмендеуіне әсер ететін басқа да мәселелер бар:
1) виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар. Визасыз кіріп-шығуға болатын елдер бар. Біз үшін осындай әкімшілік рәсімінің жеңілдеуі өте маңызды;
2) Қазақстан
Республикасының туризм
3) тұрақты
негіздегі авиарейстің
4) көрсетілген
қызметтердің бағасының
5) салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді жіберуге немесе қабылдаумен айналысатынына қарамастан туристік қызметке қосымша құн салығы салынады.
Туристің
қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына,
туроператорлар мен турагенттердің турларды
ұйымдастыру кезінде қабылдайтын шараларына
тікелей байланысты. Террорлық актілердің,
індет пен техногендік сипаттағы жағымсыз
зардаптардың өсіп отырған жағдайында
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі
өткір қойылып отыр. Туристердің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін факторлардың бірі
ретінде сақтандыруды айтуға болады. Алайда
мұның өзі туристің өмірін толығымен қорғайды
дегенге сенім жоқ. Оған басты себеп –
қаржы, яғни шетелдік аурухана қызметі
құнының удай қымбаттылығы. Туризмнің
дамуын тежейтін факторлар төмендегі
сурет-2 көрсетілген.
Сурет 2
Қазақстан Республикасында
Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемелекттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады. Қазақстандық желісіз мейманханалардағы еңбек персоналдары өнімінің төмендеуін тұрғындардың кіріс деңгейі мен салықтық тәртіптің дұрыс орындалмауынан сұраныстың азаюына алып келгендігімен түсіндіруге болады. АҚШ-да қонақ үй тиімділігіне қарай менеджерлерге сыйақы тағайындауды басқару шарты кең тараған. Ал қазақстандық желісіз қонақ үйлер келісімдерінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру мен басы артық штаттан арылуға ынталандыру көзделмеген.
Информация о работе Миграция түсінігі және оның топтастырылуы