Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 06:49, курсовая работа

Описание

Қонақ үй шаруашылығының пәнің оқығаның бәрін осы оқу тәжірбесінің есебіне жазылған.Қысқаша айтқанда қонақ үйлер қай жерде бірінші пайда болғанын, қалай дамығаны туралы жазылған.Қазақстанда қонақ үй индустриясы туралы. Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін кадрлардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру туралы жазылған.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
I-тарау. «Абай» қонақ үйі туралы сипаттама
1.1.Абай» қонақ үйі және сипаттамасы...................................................42
1.2.Қонақ үйдің негізгі қызметтері және оларға сипаттама.............
II-тарау. Қонақ үйдің даму индустриясы
2.1. Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы..............4
2.2.Қазақстандағы қонақ үйлердің дамуы.......................................................8
ІІI-тарау. Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы
2.3. Халықаралық қонақ үйлер тізбектері........................................................11
2.4. Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар..................25
3.2Қонақ үйде нөмірді және орынды брондау тәртібі....................................32
3.1.Қонақтарды тіркеу және орналастыру реттілігі. Туристік топты тіркеу ерекшеліктері..........................36
«Қосымша мәліметтер......................................................................................58
Қорытынды.....................................................................................................62
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................63

Работа состоит из  1 файл

3 курс Абай к.у.docx

— 1.13 Мб (Скачать документ)

     Алдын ала  тапсырыс жасаған қонақтың берілгендері  жасаған броннан анық болады. Администратор тапсырыстың нөмірін  анықтағаннан кейін, компьютерлік  жүйеден қажетті модульді  таңдағаннан  кейін тіркеуді жасайды. Қонақтан  тек тіркеу картасына қол қою  талап етіледі. 

     Брондау жасалмаған  қонақтарды тіркеу ұзағырақ болады, кейде 5 минут. Берілген жағдайда  администратор қонаққа қажетті  орналастыру түрін таңдап жасайды. 

     Сонымен қатар,  қонақтармен нөмірдің құны, орналастыру  уақыты, төлем жасау тәртібі туралы  сұрақтарды талқылау керек. Осындай  талқылаудан кейін, қонақ үй  қызметкері клиенттің  психологиясын  зерттей отыра басқа да сұрақтар  қояды. Көптеген қонақ үйлер  үшін келген қонақ өзінің несие  картасын көрсетуге міндетті. Бұл  оның төлем жасайтындығына кепілдік  болып табылады. Егер клиент «Амрикан  экспресс», «Виза» және «Мастер  кард» сияқты адыңғы қатарлы  алтын картаның иегері болса,  онда төлем жасайтындығына кепіл  түрде сенген дұрыс. 

     «ҚР-ның қонақ  үй қызметін көрсету ережелері»  заңына сәйкес «қызметті орындаушы  тұтынушымен қызметтерді ұсыну  келісіміне отыруы тиіс. Қызметтерді  ұсыну келісімі клиенттің азаматтығн  растаушы құжаты болғанда ғана  жасалады».

     Егер тіркеуге  рұхсат берілсе, қонақ Тұтынушы  мен Өндіруші арасындағы келісім  болып табылатын, тіркеу картасын  толтырады. Анкетада қонақ тұрақты  тұратын мекен – жайын, төлем  ақыны жасайтын ұйымның мекен  – жайын (егер төлем ақыны  үшінші жақ жасайтын болса), және  төлем жасаудың түрін (ақшалай,  чек немесе несие картасы арқылы).

     Ресейдегі  қонақ үйлерде анкета екі данада  толтырылады. Бір данасын олар  туристер келетін елдің әкімшілігіне  жіберіледі, ал екінші данасы  қонақ үйдің паспорттық үстелінде  сақталынады. 

     Қазақстанның  көптеген қонақ үйлерінде тіркеу  құжаты бір дана толтырылады  және ол компьютерге тіркеледі. 

     Анкетаны толтырғанда  өте мұқият болған жөн, себебі  клиенттің берілгендері қонақ  үйге шақыруда, іскерлік және  демалыс кезінде шақырту жіберуге  өте қолайлы болуы мүмкін. Қате  жазылған мекен – жай, қонақ  затын ұмытқанда жөнелтуге қиындық  туғызуы мүмкін. Сонымен қатар,  дұрыс жазылған мекен – жай  қонақ көрсетілген қызметтер  үшін төлем ақысын жасамағанда  да ақысын алуға кепілідік  беретін жол. Шығу күні қате  жазылған болса да, қонақ кетпей  тұрып немесе кеткеннен кейін  нөмірдің сатылуына әкелуі мүмкін. Несие картасының нөмірін дұрыс  жазбау қызметтер үшін ақының  төленбеуіне әкеледі. 

      Қонақ картаны  толтыра отырып, көрсететін қызметтер  үшін, тұру ұзақтығы мен төлем  ақысы туралы қонақ үймен келісімге  отыра  қол қояды. 

     Қонақ анкетаны  толтырып болған соң, әкімшілік  оның анкетадағы берілгендерін   және  жеке куәлігін тексеріп, анкетаға қонақ тұратын бөлменің  нөмірін, келу уақытын көрсете  отырып, қол қояды. Одан ары  қарай  әкімшілік орналасуға  рұхсат береді – бөлмеге орналасуға  құқық беретін құжат. Орналасуға  құқық беретін құжат екі данада  жазылып шығады (кассир үшін және  кезекші әкімшілікке).

      Төлем жасағаннан  кейін қонақ есеп – құжаттың  2 – ші көшірмесін алады, осы  арқылы ол тұруға және қосымша  қызметтер үшін төлеуге мүмкіндік  алады. Тіркеу кезінде қонаққа  тұру үшін есеп жазылып беріледі. Ол өзіне нөмір құнын, брондау  ақысын, қосымша қызметтер үшін  төлем ақыны қосады.

     Кезекші администратор  қонақтың картасын толтырады  – яғни қонақ үйге кіруге  және бөлменің кілтін алуға  арналған рұхсат құжат. Қонақтың  картасы бір данада жазылады  және онда мынандай мәліметтер  болуы тиіс: қонақтың аты –  жөні, тұру уақыты және бөлме  нөмірі.

      Көптеген  қонақ үйлер өздерінің қонақ  карталарын  жарнама құралы ретінде  пайдаланады. Онда қонақ үй  туралы және оған жету жолдары,  көрсетілетін қосымша қызметтер  түрлері туралы, жұмыс уақыттары  көрсетіледі. 

     Қонақ тіркеуден  өтіп болғаннан кейін жүктасушы  немесе «Белбой» бөлмеге дейін  шығарып салып, қонаққа бөлмені  таныстырады. 

     Тіркеу кезінде  қонақ үйге келуші қонақтардың  жүктері вестибюлде тұрады. Көптеген  қонақ үйлерде арнайы бөлме  болады, сол жерге қонақтардың  жүктері жүк тасушылар апарып  қояды. Арнайы талондар ілініп  қойылады, ол жерде қнақтың аты  жөні, тіркеуден өткен соң бөлмесінің  нөмірі жазылып қойылады. Мұндай  талонды кіре берісте қонақтарға  швейцар немесе белбой береді. Егер талон болмаса қонақ өзінің  жүгін және бөлме нөмірі көрсетілген  орналастыруға арналған құжатты  көрсетеді, содан соң  жүк  тасушы жүктерін жеткізіп береді. Нөмірге келген соң ол қонаққа,  құрал – жабдықтарды қалай  пайдалануы керектігін және қауіпсіздік  ережелерін түсіндіреді. 

     Алдын ала  орынға тапсырыс жасау орналасуға  арналған бөлмелерді дайындауға, әкімшіліктің және жүк тасушының  жұмысын сәйкестендіріп жоспарлауға  мүмкіндік жасайды. Мәселен топ туристер келерде  әкімшілік  нөмірлерге орналастырудың және дайындықтың картасын (брондау картасы) толтырады.

     Топтық туристерді  қонақ үйге орналастырғанда, топтың  басшысы әкімшілікке жөнелтуші  фирманың бағытын және топтың  тізімін жариялайды.

     Әкімшілік  берілген топтың брондаған бөлмелерінің  нөмірін жариялайды. Топтық туристердің  көпшілігі әдетте екі орынды  нөмірлерде, және топтың басшысына  бөлек бір орынды нөмір ұсынады.  Барлық туристер анкета толтырады,  келу мақсаты бөліміне – «туризм»  деп көрсету керек. Әкімшілік  топтық туристерге орналасуына  рұхсат құжатты береді, онда туристердің  тұратын  бөлмелердің нөмірі  көрсетіледі. 

     Әрбір қонаққа  әкімшілік қонақ картасын жазып  береді. Тұру үшін төлем ақыны  тіркеуде бермейді.

      Көптеген  туристік фирмаларда көп жағдайда  туристерге туристік жолдамамен  бірге жүкке арналған талондар  береді. Талондағы нөмір басшының  тізіміндегі туристің кезекті  нөміріне сәйкес келеді. Жүктегі  нөмірмен тізімдегі нөмірді салыстыра  отырып жүк тасушы қонақтардың  заттарын бөлмелеріне жеткізіп  береді.

     Туристер көп  жағдайда нөмірге тағы қосымша  1 тәулікке ақы төлемес үшін, жүктерін  жүк қоймасына өткізеді. Бірақ  топ туристер үшін, яғни олардың  демалуы үшін бір нөмір ұзартылады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нөмірді брондауға  арналған өтініш – хат

 

 

 

 

   «Тезтур» туристік  фирмасы                                   «Алматы»  қонақ үйінің 

    Алматы, Абай көш.,56                                            директорына

    Счет № 00000002                                                   

        

 

 

                                                       Өтініш

 

      Біздің  фирмамыздың қызметкерлері Аліпов  Д.Р пен  Арманова М.П үшін 01.01.2009 – 05.01.2009ж.ж уақыт аралығы  үшін екі бір орынды нөмір  брондауларынызды сұраймыз. Келу  уақыты 14.00 – де.

     Төлем ақыны  12-А келісіміне сәйкес төлеуге  кепілдік береміз. Брондауды мына  нөмір бойынша растауға болады 95-45-66.                                      

    

 

            Директор                                                                      Адилова Е.Н

            Бас бухгалтер                                                               Оспанова Г.Д

            25.12.2008ж.




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-тарау. «АINURA»  қонақ үйі туралы

3.1«АINURA» қонақ үйі және сипаттамасы

Қонақ үйдің аты “AINURA” қонақ үйі. “AINURA” қонақ үйі Астана қаласында Тұран даңғылында орналасқан.Бұл қонақ үй ойын-сауық орталығында орналасқан. “AINURA” қонақ үйі 5 қабаттан тұрады.Бұл қонақ үй  4 жұлдызды.

   Қонақ үй, жайлы  77 бөлмеден тұрады. Оның 52-сі Стандарт  бөлме, 12-сі Екі кісілік стандарт  бөлмесі, 4-і Жартылай Люкс бөлмелері, 7-і Люкс категориялы бөлме  және бір Президенттік бөлме.

   “AINURA” қонақ үйінде - сыныптық жайлы және ыңғайлы нөмірде сіздің демалуыңызға және еркін сезінуіңізге мүмкіндік жасалған. Қала көшелерінен оқшауландырылған және сіз үшін жабдықталған бөлмеде жеке санитарлық торап, қалааралық және халықаралық байланысқа шығатын телефон, кабелді ТВ, ауа баптағыш, шағын бар, 2 адамға арналған шай ыдыстары жинағы, қонақтарға арналған жеке жинақтар бар. Ілтипатты қызметкерлер мейманханамызға келуіңізді аса жағымды және қолайлы ететіндей сіздің барлық қалауыңызды біліп отырады.

    Біз іс-шаралар  өткізуді жоспарлаған сәттен  бастап барлық жауапкершілікті  және оны абыроймен орындап  шығуды жақсы түсінеміз. Сондықтан " AINURA" қызметкерлері сіздің сұрау салуыңызға тез жауап беруге кепілдік береді.

    2 сағаттың ішінде  кепілдікпен берілген жауап қызмет  көрсетуді тез арада ұйымдастыруға  көмектеседі. Коммерциялық қызметтің  менеджерлері 24 сағаттың ішінде  сіш үшін мейлінше барлық ақпаратты  дайындайды.

   Коммерциялық қызмет  басшысының дербес жауапкершілігі. Сіз біздің барлық менеджерлермен  қарым-қатынаста бола аласыз, ал  атқарылып жатқан жұмыстың барысына  коммерциялық қызметтің басшысы  тікелей бақылау жасайды. Сіздің  ісіңіздің немесе өтінішіңіздің  шұғыл болғанына қарамастан біз  барлық мүмкіндікті жасауға, сізге  көмектесуге тырысамыз.

   Қаржылық есеп  жұмсалатын шығындарға бақылау  жасауға көмектеседі. Біз сізге  және сіздің бизнесіңізге құрметпен  қараймыз. Әрбір іс-шара аяқталғаннан  кейін біздің қызметкерлер сіз  үшін көрсетілген қызметтер жайлы егжей-тегжейлі қаржылық есепті дайындайды. Міне, осылардың барлығы сізге өзіңіздің бюджетіңізді жоспарлап, жұмсалатын шығындарыңызға бақылау жасауға көмектеседі деген сенімдеміз.

    Біздің мейманхана келген қонақтарымыздың " AINURA " қызметкерлерінің қонақжайлылығына және бізде жақсы жағдайлардың жасалғанына назар аударғандарын қалаймыз. Біздегі қосымша қызметтер түрлерінің көбеюі және қызметкерлеріміздің ақ жарқын, кішіпейілділігімен қызмет көрсетуі осында келушілердің демалысын нағыз жоғары деңгейдегі демалысқа айналдыратынына сенеміз. Ал іскер адамдар үшін оның бизнесін жүргізуге барынша жағдай жасалған, конференц-залдардың, келіссөз жүргізетін бөлмелердің, мейрамханалар мен әртүрлі бағыттағы барынша мүмкіндіктер жасалған ойын-сауық орындарының есіктері әрдайым ашық.

 

 

Қонақ үйде:

• Wi-Fi интернет желісі бар;

• кір жуумен химиялық тазалау қызметтері бар;

• көлікті қызметтер бар;

• көліктік тұрақ бар;

• халқыаралық желіге шығатын телефон бар.

• Жүктерді қою

 

Бөлмелердің кез-келген санаттарында орналасқандардың қысқаша тізімі.

 

Әр бөлмеде:

• Киімді тазалау үшін жиынтық

• Аяқ киімді тазалау үшін жиынтық

• Шәйнек жиынтығы

• Киім үтіктейтін тақтамен үтік

• Сейф

• Шай жиынтығы

• Іскерлік  жиынтық (блакноттар, папка, конверттер)

• Спутниктік теледидар

• Тегін желсіз Интернет

• Жуынатын  жиынтық

• Фен

• Телефон

• Кондиционер

 

       

 

Бірінші қабатты:

     " STAR "   қонақ үйдің бірінші қабатында  киім ілетін орын, демалатын орын, мейрамхана және дәретхана орналасқан.Лифт  және баспалдағы бар. 

     Мейрамхана 80 орынды, жоғары деңгейлі сервис, авторлық дизайн, сіздің іскер  кездесуді немесе романтикалық  кешті өткізуге арналған, банкетті, балалардың туған күндерін де  өткізуге болады.

      Киім ілетін  орын 50 ілгішті, екі жақты ілгіштермен  жабдықталған, ілгіштердін арасындағы  арақашықтығы 75 см. Қонақ үйдің бірінші  қабатында орналасқан.

       Аван  зал жиналу, күту, демалу бөлмесі  бар. 4 жұмсақ отыратын диван, бір  үлкен үстел бар.

       Дәретханада  ыстық су бар, үлкен айналар  бар, электра сүргі және сұйық  сабын бар, дәретхана қағазы  бар.

 

 

 

 

Екінші қабатты:

     Қонақ үйдің  екінші қабаттында бильярд, бар,  сұлулық салоны орналасқан.     Бильярд 4 үстелді, 4 диванды 1 үстелмен  жабдықталған. Барда бар тұрағы, 11 орындықпен жабдықталған. Сусындардың  барлық түрі бар.

      Сұлулық  салоны  үстелдермен, айнасымен,  орындықтармен, демалуға арналған  дивандармен жабдықталған. Теледидар  түрлі түсті және тумбочкалармен  де жабдықталған.

 

Үшінші қабатты:  

     Қонақ үйдің  үшінші қабатында стандарт номерлер  орналасқан. 52 Стандарт бөлме. Нөмерде  балкон, дәретхана бөлмесінде душ  кабинасы бар, холодильник, төсек   және креслолар бар.

 

Төртінші қабатты:

Информация о работе Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру