Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 23:17, дипломная работа

Описание

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жолдарын талдай отырып, саланың экономикалық тиімділігін ашып көрсету және болашақта дамытудың жолдары мен мүмкіндіктеріне баға беру.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерге қол жеткізу қажет. Олардың ішінде ерекше мыналарды бөліп қарастыруға болады:
туризм түсінігінің мәні мен қалыптасуы және даму тарихы;
туристік индустрияның салаларын талдау;
туристік кәсіпорын қызметін ұйымдасытру;
саланың қазіргі даму көрсеткіштері;
Қазақстан аймақтары бойынша қаржылық –экономикалық талдау;
туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін қарастыру ;
белгілі бір аймақ бойынша туризмді дамытуға ұсыныстар енгізу және тағы басқалар.

Работа состоит из  1 файл

туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру.doc

— 731.00 Кб (Скачать документ)

- сырттан келушілер туризмі  мен ішкі туризмді дамыту, көші-қон,  визалық және тіркеу рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын  оңайлату мәселелері жөніндегі  ұлттық заңнаманы жетілдіру;

- сырттан келушілер және ішкі  туризмді дамыту үшін инвестициялау  және салық салу мәселелері жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

- туризм  саласындағы статистикалық есеп  пен есептілік жүйесін жетілдіру,

- туристік саланың төлем теңгерімін  қалыптастыру әдістемесін Дүниежүзілік  туризм ұйымның ұсынымдарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып жетілдіру;

- шет елдермен туризм саласындағы  ынтымақтастықты саланың халықаралық  шарттық базасын кеңейту негізінде  жандандыру;

Қазақстан Республикасында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:

- санаторийлік-курорттық объектілерге сертификаттау және жіктеу жүргізу;

  - санаторийлік-курорттық объектілердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

- санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Туризм  инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулілігін  ескере отырып, мынадай өңірлерде  үш, екі жұлдызды санаттағы қонақ  үйлер желісі мен туркластар құрылысына бағытталған өңірлік деңгейдегі “Еурокемпинг” жобасын іске асыру шеңберінде мейманханалар, қонақ үйлер мен мотелдер, сондай-ақ кемпингтер желісін салудың бірінші кезектегі құрылысының басымдықтарын айқындау қажет:

- Ақмола облысы - Көкшетау қаласы Зеренді ауданының Зеренді каласы және  Щучинск қала

- Алматы облысы – Текелі қаласы, Жаркент қаласы;

- Жамбыл облысы -  Тараз қаласы («Тектұрмас» архитектуралық кешенінің  аумағында), Байзақ ауданы («Ақыртас»  көне қалашығының аумағында), Жуалы  ауданының Б.Момышұлы ауылында.

Мынадай жерлерде туркласс санатындағы мейманханалар, қонақ үйлер мен кемпингтер желісі құрылысын қамтамасыз еткен жөн:

- Шығыс Қазақстан облысында  – Алакөл және Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында;

- Қызылорда облысында – Шымкент-Самарқан трассасы бойындағы Ұлы Жібек Жолының учаскесінде;

- Атырау  облысында - Сарайшық қалашығында;

- Маңғыстау  облысында - Маңғыстау ауданы  Шетпе ауылында;

- Павлодар  облысында - Баянауыл МҰТП аумағында.

   Болжамдарды ескерсек, 2011 жылдың соңына қарай елде 368300 орынға арналған қонақ үйлер салу қажет. Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынадай мәселелерді шешу қажет:

- халықаралық бизнес-қоғамдастықтың  Қазақстанның туристік мүмкіндіктері  туралы хабардарлығын арттыру және осы бағытта шетелдік ұйымдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту;

- туристік-этнографиялық кешендер  түріндегі объектілердің құрылысы, бос уақытты өткізу және ойын-сауық  индустриясы желісін құру жөніндегі  жобаларды шетелдік және отандық  даму институттарының инвестициялауына  жәрдемдесу;

- Шағын кәсіпкерлікті қолдау  қоры мен басқа да отандық даму институттарының мүмкіндіктері мен ресурстарын тарту арқылы туристік және жәдігерлік өнім индустриясын құру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

- сырттан келушілер туризмін  дамыту үшін неғұрлым тартымды, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін туристік инфрақұрылым объектілері бар аудандар салудың өңірлік бас жоспарларын әзірлеу;

- киіз үйлер дайындайтын кәсіпорындарды  қалпына келтіру және жаңаларын салу,

- ұлттық қолөнерді қайта жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу.

- Инвестициялау институтын дамыту тиімділігі бұл бағытта жүйелі мемлекеттік саясат жүргізуге және туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік, жекеше және туристік қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады.

Қорыта  келе, туристік аядағы қызмет, әлеуметтік-мәдени, экономикалық және экологиялық алғышарттарға негізделген, әлеуетті салынған компоненттердің қайта қалпына келу мен сақталуына септігін тигізетін, күрделі жүйе ретінде көрінеді.

 Осы  компоненттердің белсенділігі барлық  қоғамдық процестердің дамуына негіз бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы заманғы әлемдік экономикада  туристік сала–аса жанды және перспективалы салалардың бірі. Мамандар есебі бойынша, бір шетелдік туристен түсетін орташа табыс әлемдік нарыққа 9 тонна көмір немесе 15 тонна мұнай, не 2 тонна жоғары сортты бидай шығару беретіндей пайда кіргізеді екен.

Бүгінгі таңда дүниежүзілік экономиканың табыстылығы  бойынша туризм салалар ішінде үшінші орынға ие, ал 1998 жылдан бастап әлемдік  қызметтер экспорты бойынша бірінші орынға шығып, мұнай өндірісінен кейінгі екінші шаруашылық саласы болып табылады.

Бүкіләлемдік  Туристік Ұйымның пайымдануынша, туризм әлемдік экономикада дамуы бойынша  ең қарқынды және пайдалы сала ретінде  қарастырылады. Ұйымның мәліметтеріне  назар аударсақ, туризмге әлемдік ұлттық табыстың 6 пайызы, әлемдік инвестицияның 7 пайызы, әлемдік тұтынушы шығынның 11 пайызы, салық бойынша түсетін табыстың 5 пайыз үлесі тиісті болса, 2007 жылдың соңына қарай туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны 231 млн. адамға жеткен. Бұл әлемдегі жалпы жұмыс орындарының 8,3 пайызын құрайды және бұрын әрбір 9-шы жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болса, қазір әрбір 12-ші адам туризм индустриясында жұмыс атқарады деген сөз. Және де 2007 жылы әлемдік туристік нарық 3,9% көбейіп, алдағы 10 жылдықта жыл сайын 4,6% ұлғайып отырады деп күтілуде. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның халықаралық туризмге берген статистикасына зейін салсақ, 2020 жылға қарай туризмнен түсетін пайда 2 триллион АҚШ долларын құрайды (2003 жылы ол 621 миллиардты құраған) және әлемдегі туристердің саны 3 есеге артып, оның жалпы саны 1 миллиард алты жүз миллион адамды құрамақшы. Сондықтан да БТҰ-ның XXI ғасырды «қызмет көрсету ғасыры» деп бекітуі тегін емес.

Жазылған  дипломдық жұмысты қорытындылайтын болсақ.

Халықаралық туристік нарық бүгінгі күні миллиардтаған  айналымы бар және қатаң бәсекелестікте жұмыс істейтін орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте  міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты нарықтың қай сегментінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.

Туризмді  дамытуға кедергі болып отырған  басты мәселе туристік бизнестің  жүйелендірілмеуі, ол дамымаған инфрақұрылымда көрінеді, атап айтар болсақ:

  1. мемлекеттік құрылымда ақпараттық –аналитикалық орталықтың жоқтығы;
  2. туризм саласынды қызмет атқаратын салардың арасында ақпараттық «вакумның» болуы;
  3. туристік фирмалар қызметінің ретсіздігі;
  4. қонақ үй саласындағы баға саясатының әлсіздігі;
  5. ұлттық парктердің жекшелігінің жоғары дәрежесі.және олардың ешбір жеткізушісіз халықаралық нарыққа шығуға ұмтылуы;
  6. ұлттық авиацияның тұрақсыздығы және сенімсіздігі;
  7. туристік нарыққа жоғары білімді мамандарды дайындаудың баяулығы, т.б.

Осы бағытта салыстырмалы өзіндік бағдарламаларды жүзеге асыруға баса назар аудару қажет. Ең алдымен бұл – туристік индустрияны дамыту бойынша ғылыми негізделген нақты мемлекеттік бағдарлама. Оның жүзеге асырылуы туристік қызмет аясына салынған капитал салымының тиімділігін арттырып, еліміздегі туристік ресурстарды мейлінше тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Орталық Қазақстан аймағы туризм нарығын зерттеу мақсатында тұтынушылар мен оларға турөнімді ұсынатын жергілікті турфирмаларды маркетинг кешені тұрғысында зерттелінді. Қарағанды қаласында оқып жүрген студенттер нарығын зерттеу мақсатында сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде алға қойылған гипотезалар дәлелденді. Яғни, жастар туризмі жеткілікті деңгейде дамымаған. Себебі, жергілікті турфирмалар экономды жастар үшін тиімді турлар құрумен айналыспайды. Тұтынушылардың жас-мөлшеріне байланысты жеңілдіктер олардың назарынан тыс қалған. Сондықтан да мемлекет тарапынан қолдау көрсету арқылы жергілікті халықты туризмге ынталандыру қажет.

Орталық Қазақстанда туризм нарығын қалыптастырып, жетілдіру үшін қомақты қаржы бөлініп, туризм бойынша қызмет атқаратын мекемелерге көмек беру қажет. Аймаққа сырттан келетін туристерді тартуды белсенді түрде жүзеге асырып ішкі туризмді жандандыру қажет. Қазіргі турфирмалар,негізінен шығу туризміне бағытталғандықтан, мемлекет қазынасына туризмнен түсетін қаржы жоқтың қасы. Ішкі туризмді дамыту дегеніміз капиталдың сыртқа ағылуын тоқтату. Сондықтан, аймақта туризмді дамыту үшін ең әуелі, жергілікті халықтың санасына қалыптастыру қажет.

Дипломдық жұмысты қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстар жасалады:

  1. Туризмді – экономиканың басты, тиімді саласы ретінде тану.
  2. Туризм саласына инвестицияларды тарту.
  3. Көлік және байланыс инфроқұрылымын дамыту
  4. Орналастыру объектілерін халықаралық стандартқа негіздеу
  5. Туризм саласында имидж бен маркетингтік, ақпараттық қызметтерді   дамыту мен жетілдіру
  6. Туризм саласына мамандар даярлау
  7. Еліміздегі туристік қызмет индустриясындағы баға мен сапа айырмашылықтарын жою
  8. Туристік визалар (рұқсатнамалар) алуды жеңілдету және оған тарифтерді төмендету
  9. Қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және жақсарту

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері Оқу құралы – Алматы:   Қазақ Университеті, 2004 жыл. – 30-41 беттер.
  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. – М., 2001 – 156б.
  3. Вуколов В.Н.  Туризмологияның даму тарихы мен теориясы. – Астана, 2005 жыл. – 9-17 беттер
  4. О.Трофимова Туризм как он есть, или большая добыча хуже малой.// МТУ.-2007.-№6 4-6 стр.
  5. Ә.Қамза Туризм туралы тың тұжырым // Егемен Қазақстан.- 2005 жыл. 30 қаңтар.
  6. Е.Балташұлы Туризм кластері // Орталық Қазақстан.- 2006 жыл, 20 мамыр.
  7. Е.Шорманов  Центр Туристской индустрий // Мир Путешествий. - 2006. №2.21-24 стр.
  8. Елизарова Р. Суровое лицо отечественного туризма // Известия. – 2006, 18-август.
  9. Т.Дүйсенгалиев глобилация в туризме и ее последствия для Казахстана //
  10. Аль – Пари.-2003.-№3,4 19-22 стр.
  11. Маханбет.Н.Р Қызмет көрсету саласынның әлеуметтік- экономикалық   маңыздылығы // Саясат.- 2008.- №2. 61- 64 бет
  12. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – М., 1999 – 112б.
  13. Гуляев  В.Г. Организация туристской деятельности. – М., 1996 – 271б.
  14. Дадалко В.А. «Мировая экономика», учебное пособие. – Минск, 2001год – 585с.
  15. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заң, - 2001 жыл 13 маусым.
  16. Қазақстан Республикасының туризмі: статистикалық жинақ.- Алматы,  2005 жыл  
  17. Қазақстан Республикасының туризмі: статистикалық жинақ 2006 жыл. Алматы, 2006
  18. О развитии туризма как доходной области экономики Республики Казахстан. Официальные материалы. Алматы, «Раритет», 2001.
  19. Реалии и возможности туристского рынка Казахстана // Деловой мир Астана 2005 - №5
  20. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  21. Матаева Б.Т. Қазақстан Республикасында туристік қызмет индустриясын дамыту мәселелері // АльПари. – 2003.-№1. 5-6 беттер
  22. Қанқожаев Д.Е. Отандық туризмді қалай дамытамыз? // Қазақстан –Заман.- 2006 жыл, 28 шілде.
  23. А.А.Титков, А.С.Телеусова Туристическая деятельность как инновационное направление развития экономики РК // Вестник ПГУ.- 2005.-№1. 121-130 стр.
  24. Р.Құлтаева Барымызды неге бағаламаймыз // Парасат.-2006. -№18 16-18 бет
  25. О развитии туризма как доходной области экономики Республики Казахстан. Официальные материалы. Алматы, 2001.
  26. Ж. Тілеубаева. Шығыс Қазақстанның туристік – рекреациялық ресурстарын кешенді бағалау // Туризм.- 2008.№1 35-37 бет
  27. Ердавлетов Н.И. География туризма  - Алматы: Баспа, 2000г. – 12-31 стр.
  28. Азар В.И. Экономика и организация туризма. – М., 1993 – 216б
  29. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М., 1998 – 164б.
  30. Чудновский А.Д. «Туризм и гостиничное хозяйство», учебное пособие. 2-ое издание перераб. и доп. – М., 2003 год – 447с.
  31. Энциклопедия туриста. – М., 1993 – 347б.
  32. Қарағанды облысы бойынша статистикалық жинақ 2007ж. 428б
  33. Туризм [www. Google. kz].
  34. Туризм [www. rambler. kz].

Информация о работе Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру