Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 23:17, дипломная работа

Описание

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жолдарын талдай отырып, саланың экономикалық тиімділігін ашып көрсету және болашақта дамытудың жолдары мен мүмкіндіктеріне баға беру.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерге қол жеткізу қажет. Олардың ішінде ерекше мыналарды бөліп қарастыруға болады:
туризм түсінігінің мәні мен қалыптасуы және даму тарихы;
туристік индустрияның салаларын талдау;
туристік кәсіпорын қызметін ұйымдасытру;
саланың қазіргі даму көрсеткіштері;
Қазақстан аймақтары бойынша қаржылық –экономикалық талдау;
туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін қарастыру ;
белгілі бір аймақ бойынша туризмді дамытуға ұсыныстар енгізу және тағы басқалар.

Работа состоит из  1 файл

туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру.doc

— 731.00 Кб (Скачать документ)

2.7 Суретте Қарағанды облысындағы жастар арасында саяхаттау мақсатын көруге болады.

Студенттердің саяхатты таңдау мақсаты

 

2.7 Cурет

 

Мотивтердің негізгі сипаты болып, олардың мақсаттылығы болып табылады. Ал іс-әрекет мақсатты болу үшін, оған жетіспейтін затын білу керек. Жүргізілген сауалнаманың бір бөлімін мотивтерге арнағанымыз кездейсоқ емес. Адам өзінің әртүрлі қажетін қанағаттандыруға тырысады. Сондықтан да бұл сауалнама арқылы жастарды саяхатқа шығуға итермелейтін әртүрлі мотивтерге талдау жүргізілді (2.8 Cурет).

Сауалнама жүргізілген жастардың арасында айрықша қасиетке – жаңа жерлерді көру (45,7%) ие. Көңіл көтеру (25,6%) мотивациясы  екінші орынға жайғасқан. Бір таңқаларлығы, біздің жастарды басқа аймақтың мәдениетімен (10,9%) танысу қызықтыратындығы. Аймақ ретінде басқа мемлекет немесе Қазақстанның аймақтары және олардың әдет-ғұрып, салт-дәсүрі мен шет тілін меңгеру, өнерге деген қызығушылық, сонымен қатар діни мақсаттар.

Студенттерді  саяхаттауға итермелейтін мотивтер

 

2.8 Cурет

 

Жастардың көбі саяхат барысында әлеуметтік қарым-қатынасқа  ұмтылғандықтан, басқа адамдармен танысу (9,3%)-ға ие. Ал ең соңғы орында жағдайды өзгерту (8,9%) тұр. Бұл топтың негізгі  мақсаты - өзінің орынын анықтау және оны бекіту. Тұлға ретінде даму маманданған дайындық, мамани біліктілікті жоғарлату арқылы жүзеге асырады.

Саяхаттауға кедергі жасайтын факторлар

2.9 Cурет

Уақыт пен қаражаттың жетіспеушілігі қазіргі  кезде туризмге кедергі келтіретін факторлардың негізгісі. Кейінгі кезде  ерекше актуалдылыққа саяхаттың қауіпсіздігі, оның ішінде табиғи апаттар, көліктердің апатқа ұшырауы және терроризм қауіпі.

Жоғарыда  аталғандай, сауалнама жүргізілген  студенттер арасында уақыт тапшылығы (38,8%) мен жолдама ақысы (32,2%) салмақты орын алады. Үшінші орында қауіпсіздік деңгейі (12,0%) де алаңдатады. Денсаулық жағдайымен (7,3%), қызмет көрсетудің төмен деңгейі (5,2%) азшылықты құрайды. Және студенттердің 4,2%-ы саяхатқа шықпаған себебі туризмге деген қызығушылықтың жоқтығынан деген. Аталған факторлар турлардың жиілігі мен ұзақтығына әсер етеді (2.9 Cуретке).

 

Студенттердің саяхатқа шығу жиілігі

 

2.10 Cурет

Суреттен  көріп отырғандай, студенттердің  жартысы – 49,2% -ы жылына 1 рет бір  жерге барып демалады екен. 20,7%-ы 2-4 жылда бір рет, ал 16,6%-ы жарты  жылда 1 рет арнайы мамандандырылған турфирмалардың қызметін қолданбаса да туыстарына қонаққа бару мақсатында сапар шегеді. Сауалнама алынған студенттердің ішінде 8,9%-ы, өкінішке орай, саяхатқа шықпаған. Сонымен қатар жауаптың ішінде 3 айда 1 рет саяхаттайтын студенттер 4,6%-ды құраған.

Дегенмен, адамның қолдан келетіндігінен гөрі оның қалауы өзгеше болып келеді. Сол  себепті, студенттердің қалауы бойынша  саяхаттау жиілігін төмендегі 2.11 Cуреттен көре аласыздар.

 

Студенттердің қалауы бойынша саяхатқа шығу жиілігі

 

2.11 Cурет

 

Студенттердің басым бөлігі, яғни 27,8%-ы жарты  жылда 1 рет, 24,5%-ы жылына 1 рет саяхаттағанды  қалайды екен. Тіптен мынадай жауаптар да табылады: айына 1 рет – 19,9% және 3 айда 1 рет – 19,6%. Сонымен қатар, 4,1%-ы  өз нұсқасын ұсынған. Олар әрбір күнде  немесе қалаған кезімізде саяхаттағымыз келеді деп жауап берген.

Турист  туристік саяхат өткізетін белгілі  бір аймақта кешенді қызметті тұтынады. Турист саяхат мақсатын анықтағаннан кейін, ол әртүрлі орындар мен  қызметтерді салыстырып, олардың  ішінде ұнағанын таңдайды. Кешенді қызметті тұтынатын аймақ шекара арқылы бөлінуі міндетті емес – бұл аймақтың бір бөлігі немесе туристік орталық болуы да мүмкін. Яғни туристердің бағытын анықтау арқылы көп сұранысқа ие туристік аймақтар туралы мәлімет алуға болады.

Осы мақсатта Қарағанды облысында дәріс алып жүрген студенттердің саяхат географиясына зерттеу жүргізілді (2.12 Сурет).

 

Студенттердің қалауы бойынша саяхаттау аймақтары

 

2.12 Cурет

 

Жоғарыдағы  суреттен қандай туристік аймақтар басым  сұранысқа ие екендігін байқауға болады. Жастардың басым бөлігі Таиланд (22,6 %) пен Францияда (19,6%) демалуын қалаған. 15,8%-ы Египет, 10,3%-ы Қазақстан бойынша саяхаттауды таңдайды. Студенттердің аз бөлігі – 9,7%-ы ТМД елдері аймағын белгілеген. Бұл сұрақта өз нұсқасын жазғандардың үлесіне 22 % тиесілі. Оны келесі 2.13. Суретінен  көруге болады.

Студенттердің басым бөлігі АҚШ (4%) пен Италияны (4%) таңдаған. Көбіне олар шетелге тілді  жетік меңгеру мақсатында саяхат шеккісі келеді. Испания (2,6%), Грекия (2,3%) және БАӘ (2,3%) АҚШ пен Италиядан кейін екінші орынды иемденген. Сонымен қатар, студенттер экзотикалық аралдар (2%) мен дүниежүзілік саяхаттауды (2%) қалайды екен. Түркия (1,6%) мен ҚХР (1,6%) студенттер арасында туризм мақсатында саяхат жасауға тартатын аймақтар ретінде танымал. Жоғарыда көрсетілгенсуретте Қарағанды облысында дәріс алып жүрген студенттерді тартатын бірінші қатарға енетін он туристік аймақ тандалды.

 

2.13 Сурет

 

 

Студенттердің қалауы бойынша Қазақстанда саяхаттау  аймақтары

 

2.14 Сурет

2.14 Суретте студенттердің Қазақстан бойынша туристік аймаққа саяхаты көрсетілген. Бұл кезеңде Қазақстан басты бес аймаққа бөліп алынды. Студенттердің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан – 33,7% мен Оңтүстік Қазақстан – 28,1% туристерді тартатын туристік аймақ ретінде белгілі. Солтүстік Қазақстанда Бурабай, Баянауыл туристік зоналары, ал Оңтүстік Қазақстанда Шымбұлақ, Қапшағай, Шарын Каньоны, Алакөл, Түркістан аймақтары аталды. Үшінші орында Батыс Қазақстан - 16%, оның ішінде Каспий теңізі жағалауына, Орталық Қазақстан - 16,5%-ы саяхат жасағысы келеді. Орталық Қазақстанда туризм аймақтары баршылық, атап айтсақ, Қарқаралы таулы-орманды массивтері, Ұлытау, Балқаш көлі және еліміздің Президиенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолын бастаған Теміртау қаласы. Ең аз туристік аймақ ретінде Шығыс Қазақстан – 9,7% танылған. Бұл дегеніміз, Шығыс Қазақстанда туристік аймақтар жоқ деген сөз емес. Осы аймақта Рахман бұлағы, Алтай таулары сияқты табиғаты тамаша көрікті жерлер жетерлік. Өкінішке орай, біздің жастардың назарынан жарнаманың жеткіліксіздігінен тыс қалған.

Саяхат  жасауға кедергі келтіретін факторлар. Адамдар саяхатқа қаражатын ғана емес, сонымен қатар уақытын да жұмсайды. Кей жағдайларда ең жоғары табыс болғанына қарамай, уақыт  жетіспеушілігі мен денсаулығының  төмендігінен саяхат жасауға мүмкіндік болмайды.

Туристерді  тасымалдау үшін туризм инфрақұрылымының бір саласы болып табылатын белгілі  бір көлік түрі қолданылады. Сондықтан  да турист өзінің саяхатын жоспарлау  барысында белгілі бір көлік түріне тоқталады. Әрине, көлік түрін таңдау барысында, тариф, төлемқабілеттілік, маршруттың ұзақтығына байланысты жайлылық сияқты факторлар ескеріледі.

Халықаралық туризмді дамытуға ықпал етуші негізгі  факторлардың бірі жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта  республикаға алыс шетелдің алты авиакомпаниясы («KLM», «Lufthansa», «British Airlinees», «Asiana Air Arabia», «China South Airlines», «Turkish Airlines») тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы  “Эйр Астана” Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.

Соңғы жылдары темір жол көлігі билет  құнының қолжетімділігіне байланысты республика халқының негізгі жол  жүру құралына айналды. Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар пойызы бағдары өтеді

Таңдалып  алынған тұтынушылар жастар сегменті болғандықтан, олардың таңдайтын  көлік түрлері белгілі. Себебі, қымбат тарифті көлік түрін таңдауға олардың қаражаты көтере бермейді. Автобустар мен автомобильдер, көбіне, жергілікті және мемлекет ішінде қолданылады. Оның ішінде бірнеше қалаларға соғатын, туристер үшін тартымды жерлерді аралайтын автобуспен танымдық-экскурсиялық турлар баршаға танымал, оның ішінде жастар топтық турға қатысып, басқа адамдармен танысуға құштар келеді. Автобустардың негізгі бәсекелестері болып темір жол пойыздарын айтуға болады. Темір жолдың артықшылығы: төмен тариф, әртүрлі жеңілдіктер жүйесі, автобусқа қарағанда комфорттылық. Ал жүргізілген сауалнамада студенттердің қалайтын көлік түрлері анықталған (2.15 Сурет).

 

Студенттердің саяхат барысында қалайтын көлік  түрлері

 

2.15 Сурет

Жиналған  мәлімет келесідей нәтижие берді: студенттердің 26,6%-ы автокөлікті және 25,8%-ы әуе көлігін таңдаған. Үшінші орында су көлігі (16,7%) және одан кейінгі орынға темір жол көлігі (16,3%) жайғасқан. Ең азшылықты жаяу (7,4%) мен автобус (7%) құрайды. Себебі тұтынушылардың талғамы мен қалауы әртүрлі. Олар көліктің комфортты және тез түрін ұнатады. Дегенмен олардың таңдауы қаражатқа келіп тіреледі.

Республикалық маңызы бар жалпы  пайдаланудағы автомобиль жолдары  тізбесіне ірі туристік объектілерге апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын  соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр.

Каспий теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен   ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар./16,15 бет/

Сұрауға қатысқан студенттердің 90,3% - туризм мекемесінің көмегіне жүгінген емес, тек қана 9,7% - бір рет болса да, арнайы туристік қызметті тұтынған (2.16 Сурет).

 

Студенттердің турфирмалар қызметін тұтыну деңгейі

 

2.16 Сурет

 

Жоғарыда  көрсетілген суретте Қарағанды облысы бойынша студенттер қызметін тұтынған  турфирмалардың басым аталған түрлері көрсетілген.

 

Студенттермен қызметтері тұтынылған турфирмалар

 

2.17 Сурет

 

Атап  айтсақ, студенттердіің 2,9%-ы «Қарлығаш» турфирмасына, ал «Гульнар-Тур» мен «Жанар-Трэвел» 1,2%-дан келсе, қалған 4,4%-ы әртүрлі турфирмалар бір-бірден аталған. Аталған үш турфирмалар ғана басқаларымен салыстырғанда салмақты үлеске ие болды. Бұл дегеніміз, туристік нарықта маманданған ұйымдар студенттерге қолайлы турларын ұсынбайды деген тоқтамға келуге болады.

Студенттердің турқызметті сатыпалушылық қабілетіне баға беру. Туризмге деген қажеттілік А. Маслоу мотивациясының теориясы бойынша  адамның қажеттілік пирамидасының  ең жоғарғы деңгейінде орналасқандықтан, осы  теорияның маркетингтік зеттеулерінде пайдалылығы - тұтынушы өзінің қажеттілігін қанағаттандыруда қандай сатыда ақша төлеуге қабілетті екендігін анықтауға болады. Әрине, адам өзінің қажеттілігін төменгі деңгейден бастап, қанағаттандырады. Яғни адам саяхатқа шықпас бұрын өзінің төменгі сатыда орналасқан қарапайым қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады.

Әрине, туризм көпшілік сипатқа ие болу үшін қоғамдағы халықтың әлеуметтік жағдайы  жақсы болу керек. Адамдар қаржысы  болған жағдайда ғана белсенді саяхаттай бастайды. Туристік тауарлар мен қызметті ұсыну нарығы халықтың жоғары өмір сүру деңгейінде эффективті түрде жұмыс істей алады. Сондықтан да, студенттер өздері жұмыс істемейтіндіктен, олардың жанұяларының бір айдағы орташа жалақысы сауалнама барысында есепке алынған (2.18 Сурет).

 

Студенттер  жанұяларының бір айдағы орташа жалақысы

 

2.18 Сурет

 

Берілген  сурет нәтижесін талдай келе мынадай мәліметке қол жеткіздік: басым бөлігінің жанұясының бір айдағы орташа табысы 50000тг және жоғары (38,3%), 35000-50000тг арасында -  30,1%, 20000-35000тг аралығында 21,7% және 7,9% 20000тг-ден кем болып шықты. Ал қалған 2%-ы «білмеймін» деп жауап берген. Бұл жерде ескеретін жайт, студенттердің ата-аналары бірыңғай қалалық жерде тұрмағандықтан, 20000тг-ден кем немесе білмеймін деген жауаптар да кездеседі.

Студенттер  қауымына тән белгінің бірі – олардың  оқитын оқулары болғандықтан, қыстық немесе жаздық демалыс уақытында  тым болмағанда өзінің тұрғылықты жерінен  басқа аймаққа (ауыл, қала, басқа  мемлекет) туыстарына қонаққа барады. Ал басқа қаладан немесе ауылдан келіп оқитындар, демалысын туған үйінде өткізуді қалайды. Дегенмен, әрбір студенттің өзіне тән қалауы мен таңдауы бар екенін ұмытпаған жөн.

Сонымен, жүргізілген сауалнама арқылы Қарағанды  қаласында оқып жүрген студенттердің қандай мақсатта және қалай саяхат жасайды және жасағысы келетіндігі жайлы ақпаратқа ие болдық. Саяхаттаудың негізгі мотивтері, бағыттары, саяхатқа ыңғайлы көлік түрлері және турдың жиілігі мен ұзақтығы анықталды. Сонымен қатар, студенттер саяхат жасауына кедергі келтіретін факторларды да атап өтті, өздерінің сатып алушылық қабілетіне баға берді. Олар осыған дейін қандай турфирма қызметімен қолданғаны туралы мәлімет жиналды.

Зерттеу нәтижесінде қол жеткізілген  мәліметтерді талдай келе, сауалнамаға қатысқан студенттерді турфирма көмегіне жүгіну деңгейі бойынша екі сегментке бөлу арқылы салыстыруға болады. Зерттеу қорытындысы Кесте 2.2 түрінде берілген.

 

Кесте 2.2 Турмекеме қызметін тұтынушылар сегментінің сипаты

 

Сегмент

Сипаты

1. Турмекеме қызметін тұтынған студенттер (9,7%)

Бұл сегмент өкілдерінің әлеуметтік жағдайы жоғарырақ. Олар қызмет сапасы, яғни берген тапсырысы жедел түрде  орындалуы, орналастыру, тамақтандандыру  және тасымалдау барысында жайлылық пен қауіпсіздік шараларына көп  көңіл бөледі. Олардың басым бөлігі уақыт тапшылығы мен денсаулық жағдайы әсерінен саяхатқа шықпаған. Тек бірен-сараны ғана туризмге деген қызығушылықтың жоқтығынан деп жауап берген. Жолдама ақысын белгілегендер азшылықты құрайды. Туристік нарықта студенттердің тұтынуы бойынша «Қарлығаш» турфирмасы бірінші орын алады. «Гүлнар-Тур» мен «Жанар-Трэвл» бәсекелес турфирмалар қатарына жатады.

2. Турмекеме қызметін тұтынбаған  студенттер (90,3%)

Берілген сегменттің жанұялық табысы жеткілікті деңгейде емес. Олардың  басым бөлігі саяхат жасауға кедергі ретінде жолдама ақысы мен туризмге қызығушылықтың жоқтығынан деп жауап берген. өз нұсқаларының ішінде, ата-аналарын қауіпсіздік шаралары алаңдататындықтан, саяхат жасауға рұқсат бермеген. Сонымен қатар, денсаулық жағдайын да атағандар бар, ал турқызмет сапасына бұл сегмент өкілдері айтарлықтай көңіл аудармаған.

Информация о работе Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру