Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 23:17, дипломная работа

Описание

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жолдарын талдай отырып, саланың экономикалық тиімділігін ашып көрсету және болашақта дамытудың жолдары мен мүмкіндіктеріне баға беру.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерге қол жеткізу қажет. Олардың ішінде ерекше мыналарды бөліп қарастыруға болады:
туризм түсінігінің мәні мен қалыптасуы және даму тарихы;
туристік индустрияның салаларын талдау;
туристік кәсіпорын қызметін ұйымдасытру;
саланың қазіргі даму көрсеткіштері;
Қазақстан аймақтары бойынша қаржылық –экономикалық талдау;
туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін қарастыру ;
белгілі бір аймақ бойынша туризмді дамытуға ұсыныстар енгізу және тағы басқалар.

Работа состоит из  1 файл

туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру.doc

— 731.00 Кб (Скачать документ)

       – зерттеу жүргізу тәсілін  таңдау;

       – қажетті ақпарат түрі мен  оны алу көздерін анықтау;

       – қажетті мәселелерді жинау  тәсілдерін анықтау;

       – мәліметтерді жинау формасын таңдау (сауалнама және т.б.);

 –  таңдау жоспарын талдау және таңдау көлемін анықтау.

  1. Зерттеу жоспарын жүзеге асыру:

       – мәліметтерді жинау;

       – мәліметтерді талдау.

  1. Алынған нәтижені талқылау:

       – қорытынды мен ұсыныстарды талдау;

      – зерттеу нәтижесін қалыптастыру. /14,32 бет/

Туристік  нарықтың негізгі сегментінің бірі жастар (студенттер) болып табылады. Жастардың көпшілігін студенттер құрағандықтан, оларға талдау және маркетингтік зерттеу  жүргізу үшін осы нарық сегменті жеке таңдалып алынды. Жастарды туризм қызықтырады..

Жастардың бос уақытын туризм мен саяхатқа бағыттау арқылы олардың тәрбиесіне оң әсер етуге болады. Адамдар жас-мөлшері  мен әлеуметтік мәртебесіне байланыссыз  саяхат жасағысы келеді, оның денсаулығы мен психологиясы, жұмысқа қабілетін қалпына келтіру мен оның деңгейін көтеру, танымдық, интеллектуалдық және коммуникативтік қабілетін дамытуда туризмнің орыны ерекше. Сондықтан, туристік-экскурсиялық шараны дұрыс ұйымдастыру арқылы қоғамда жиі кездесетін келеңсіз мәселелерден (нашақорлық, құмар-ойындары және т.б.) жастар бойын алшақ ұстауға септігін тигізеді.

Жастар  туризмі – бұл демалу саласындағы  болашағы зор бағыт. Себебі, жастар ұлт болашағы, олар мемлекеттің дамуына  үлкен үлесін қосады. Жастар туризмін дамыту арқылы оларды белсенділікке баулып, қымбат емес және сапалы туристік қызметке деген қажеттілігінің деңгейін көтереді, жаңа ойлар мен романтизмге жетелейді. Жоғары туристік белсенділік жастардың танымдық пен басқа адамдармен танысып, әңгімелесуіне деген ұмтылысымен түсіндіріледі. Жастар өмір қызығына тоймайды және олар жаңалыққа құмар болып келеді. Бірақ, туризммен шұғылдануына студенттердің бос уақыты мен қаржысы көтере бермейді.

Жас-мөлшері  бойынша берілген нарық сегменті, даусыз, анық мінез-құлық стереотипі мен туристік артықшылықтары басқа сегменттермен салыстырғанда ерекшеленеді. Туристік қозғалыс тұтынушылардың жас-мөлшері, жынысы және жанұялық жағдайына байланысты.

Дегенмен, мемлекеттегі экономикалық және басқа  да себептерге байланысты оқып жүрген студенттердің көпшілігі өздерінің тұратын немесе оқып жүрген аймағынан аса алмайды. Олар өзінің дүние танымы мен көзқарасын дамыту үшін тарихи және мәдени құндылықтарды қолданбайды. Осы айтылған жайттар, бірінші кезекте, студенттерге қатысты./1338 бет/

Туризм  мамандарын даярлайтын оқу орындары тәжірибе алмасуға мұқтаж, студенттер қауымы дәріс пен тәжірибе алмасу барысында туристік қызмет көрсету жөнінде хабардар болады.

Әрине, Қазақстанның әрбір аймағында бұл  мәселені шешудің өзіне тән ерекшелігі бар.

Ескере  кететін жайт, Қарағанды қаласында  қызмет атқаратын бірде-бір туристік фирма жастар туризмін зерттеумен айналыспайды. Турфирмалар жарнама, өзінің ұсынатын турөнімін жан-жақты зерттеу, бәсекеқабілетін жоғарлату және әртүрлі жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу сияқты аспектілерге көп көңіл аударады. Олардың назарынан жастар сегменті тыс қалуда, себебі жергілікті турфирмалардың көбі шығу туризміне маманданған. Олар жастар туризмі бойынша маманданғысы келмейді, себебі нарықтың бұл сегментіне турөнімді ұсынуда пайданың орынына шығын көп әкеледі. Студенттер туристік қызметті тұтыну барысында қымбат емес турөнімді және қозғалу транспорты ретінде бағасына байланыссыз онша ыңғайлы емес көлікті таңдайды. Сондықтан турфирмалар жастар сегментіне терең зерттеу жүргізілген емес.

Сауалнама жүргізу барысында келесідей  гипотезалар алға қойылды:

– Қарғанды облысында дәріс алып жүрген студенттердің туризм нарығы жеткілікті деңгейде дамымаған.

– Жергілікті турфирмалар экономды  жастар турын жасауға ынтасы жоқ.

– Берілген тұтынушылар категориясы әлі де болсын жетік зерттелмеген.

– Жастардың жоғары туристік белсенділігі іс жүзіне асырылмаған.

– Берілген турнарық сегменті спецификалық турөнімді қажет етеді.

– Турөнім бағасы тұтынушының төлемқабілет деңгейіне сәйкес келуі қажет.

Жоғарыда  аталған Е. Голубковтың ұсынған  кезеңдеріне сүйене отырып, маркетингтік зернттеу жүргізілді.

Маркетингтік  зерттеудің мәселесі мен мақсаты  келесідей.

       – Зерттеудің мақсаты: Қарағанды облысындағы жастар туризмі саласындағы тұтынушылардың туристік қызметті тұтынуға қалауы мен қазіргі кездегі нақты тұтынушылық қабілетін зерттеу және талдау.

– Зерттеу  мәселесі келесідей:

а) Қарағанды  облысы жастар туризмінің қазіргі кездегі  жай-күйі;

ә) Нарық  конъюктурасын болжау және талдау;

б) Жастардың туризмге деген таңдауын анықтау;

в) Жастар туризміндегі негізгі тенденцияны  анықтау;

г) Жастар сегментіне бағытталған турөнімді  зерттеу және талдау;

Зерттеу барысында жаңа турөнімді құру және оны нарыққа жылжытуға көмектесетін мәліметтер жинау жоспарланған.

Туристік  қызметті тұтынушы нарығын зерттеу (жастар сегментін зерттеу).

Туристік  нарықтың жастар сегментін зеттеу келесідей  жосапар бойынша жүргізілді:

– сауалнама  құру;

– сауалнама  арқылы сұрау жүргізу;

– жүргізілген сауалнама нәтижесіне баға беру және талқылау.

а) Сауалнама  құру. Респонденттерге жеке сұрау  қою арқылы олардың қалауын анықтауға  бағытталғандықтан, жастар туризмін зерттеу  жеке сұрау тәсілімен жүргізілді.

Жеке  сұрауды әртүрлі тәсілдермен  жүгізуге болады. Бұл дипломдық жұмыста  біріншіретті ақпарат жинау тәсілі ретінде сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың артықшылығы мынада, сұрау арқылы алынған жауапты талдау нәтижесінде сандық көрсеткіштер, зерттеліп отырған құбылыстың статистикалық сипаты анықталады және себеп-салдарлы байланыс орнатылады.

Сауалнама бірнеше бөлімдерден тұрады:

1-бөлім: турөнімді таңдау барысындағы  тұтынушылардың қалауы мен артықшылықтарын  зерделеу (жыл мезгіліне байланысты  саяхатқа шығу, жастар арсындағы  танымал турмаршруттар мен турорталықтарды  және әйгілі туризм түрін анықтау);

2- бөлім:  саяхат мотивін анықтау;

3- бөлім:  сяхат жасауға кедергілерден  хабардар болу;

4- бөлім:  тұтынушылардың Қарағанды қаласы  бойынша қызмет ететін турфирмалар  жайлы ақпартқа ие болу деңгейін  анықтау;

5- бөлім:  респонденттердің тұтынушылық қабілетін зерделеу;

6- бөлім:  «төлқұжат», яғни респондет туралы  мағлұмат.

 Сауалнама 1200 студентке арналған. 1176 студент қойылған сұраққа жауап берді. Ақпараттың негізгі көзін студенттер құрағандықтан, олардың жасы 16-дан 24 жас аралығындағы жастар. Студенттер арасында сауалнама кездейсоқ таңдау арқылы жүргізілді.

 

Сауалнамаға қатысқан студенттерді ЖОО-ры бойынша  бөліп көрсету

 

2.3 Сурет

 

Жоғарыда  келтірілген суреттен көріп отырғандай, ҚарМУ-дан 288 студент сауалнамаға  қатысқан, яғни оның үлесіне 24 %  тиесілі. ҚарМТУ -26 %, 300 студенттердің барлығы тегіс сауалнамаға жауап брген. ҚЭУ мен ҚҚМА-нан 294 студенттен қатысты, яғни қалған олардың үлесіне 25 %-дан тиесілі.

б) Алынған  мәліметтерге баға беру және талдау жүргізу. Сауалнаманың нәтижесінде келесідей  мәліметтерге ие болдық: сауалнамаға 41,8% ер адам мен 58,2 % әйел адам қатысты (2.4 Сурет).

Әрбір ЖОО-рына арнап 300-ден сауалнама жасалғанымен, студенттердің байқамай немесе аса  көңіл қоймай толтырғандықтан, сауалнамалар қате деп есептеледі.

 

Сауалнамаға жауап берген студенттердің жынысы

 

2.4 Сурет

 

Сауалнамаға ер адамдармен салыстырғанда қыздар белсенді түрде ат салысқан.

Сауалнамаға қатысқан студенттерді курстары бойынша  сегменттеу

 

2.5-сурет

 

Сауалнамаға қатысқан студенттердің басым көпшілігі  І курс (29%), ІV курс (27%), ІII курс (26%) болса, ал  ІІ курс (15%) студенттері болса, азшылықты V курс (2%) пен VІкурс (1%) студенттері құраған. Бұл мәлімет 2.5 Cуретте көрсетілген.

Жиналған  мәлімет арқылы студенттердің саяхаттауды  ұнату деңгейі анықталды. 98 %  - жағымды, 2 % - жағымсыз деп жауап берді.  Бұны төмендегі 2.6 Суреттен көруге болады.

 

Студенттердің саяхаттауды ұнату деңгейі

 

2.6 Сурет

 

Ендігі  кезекте, жастар үшін турқызметті ұсынатын нарыққа талдау келесідей көрсеткіштер арқылы жасалған:

– Саяхаттаудың мотивациясы;

– Туризм қызметін тұтынушылардың сатып  алушылық қабілетіне баға   беру;

– Саяхатқа кедергі келтіретін факторларды  анықтау;

– Турдың жиілігі және ұзақтығы;

– Туристік саяхаттың бағыттары;

– Туристерді тасымалдайтын көлік түрлері.

Туристік  нарықта барлық ұсынылатын қызметтер арнайы бір сегментке бағытталуы тиіс, сонымен қатар оның жағдайы және саяхаттау мақсаты мен талғамын да ескеру қажет. Сондықтан келесі кезеңде туристердің қалауы мен мотивтерін қарастырамыз.

Турөнімді таңдау мен саяхат жасауға әсер ететін маңызды факторлардың бірі ретінде саналатын мотивация туристік саяхаттың негізі болып табылады. Әрбір адамның талғамы бар. Бұл көптеген факторларға байланысты. Әрбір адамның саяхаттау мақсаты да әртүрлі: біреу жаға-жайда демалғанды таңдаса, өзінің демалысын спортқа арнайтындар да бар, ал кейбіреулері мұражайға барып, танымдық экскурсияны таңдайды. Сонымен қатар, бар демалысын көңіл көтеруге жұмсайтындар да кездеседі. Тұтынушылардың мінез-құлқын, олардың көзі, яғни мотивтерін анықтап алмай түсіну мүмкін емес.

Мотивтер  – бұл кейбір іс-әрекеттерді, оның ішінде тұтынушы мінез-құлқын тудыратын  қоздырғыш күштер, арман, тілек немесе белгілі бір ойлар. Саяхат мотиві – бұл себеп, тұтынушылар себепсіз саяхатқа шықпауы да мүмкін.

Туристік  саяхатты таңдау мотивациясы (уақыт, саяхат ұзақтығы, бағыты, түрі, жұмсалған шығыны, кәсібінің сипаты) – туристің демалуды жоспарлау, таңдауы, турды сатып алу мен іс жүзіне асырудағы мінез-құлқына ықпал ететін маңызды ұғым.

Туризм  саласында тұтынушы мотиві белгілі  бір деңгейде ол туристік қызмет пен тауарды сатып алушы және тұтынушы ретінде  мінез-құлқының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Нарықта тұтынушы сұранымына жауап бермейтін бірде бір өнім өндірілмейді. Турөнімді ұсынатын фирмалар үшін, олардың қызметіне жүгінетін потенционалды туристің мотивін түсіну үлкен орын алады. Бұл дегеніміз нарықта тұтынушы күтімін ақтайтын туристік өнімді өндіру мен ұсыну./2,91 бет/

Рекреациялық  географияның негізгі ұғымдары болып  бос уақыт, демалыс және туризм саналады. Рекреация арқылы ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекеттердің мәнін түсінуге болады.

Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің  жиынтығы: recreaiio (латынша) – қайта  қалпына келтіру, recreaiion (французша) – демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің  өзгеруі.

Рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәуілікті, апталық және өмір циклдеріндегі адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтырру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.

Ұзақтығы  жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа  мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация территорияның табиғи зоналармен (көлікпен немесе бір-екі сағаттық қашықтықты жаяу жүріспен) шектелсе, ал ұзақ мерзімді рекреация тек қана территориямен шектелмей, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.

Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін  толықтырады, жүйке-жүйесі мен психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді.

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық қызметке және емдеуге, спортқа, сауықтандруға, танымдық туризмге жарайтын табиғаттың және адамдардың күшімен салынған объектілер мен қоршаған ортаның құбылыстарының жиынтығы./15,113бет/

Қарағанды облысы жастарының арасында саяхат  мақсатын анықтай келе мынадай қорытынды  шығаруға болады: студенттердің басым бөлігі демалу (49,9%) мақсатын таңдаған. Екінші орында танымдық туризм (9,5%), үшінші орынды емдік туризм (7%) алады. Шопинг (6,9%), оқу (6,5%), туыстарға қонаққа бару (5,9%), кәсіби-іскерлік (5,4%) жастар арасында танымал. Ал аз бөлігі келесідей мақсаттарға тиесілі: спорт (3,8%), экстрималды (3,6%). Діни туризмін (1,6%) студенттердің кейбіреулері ғана таңдаған. Физикалық мақсат дегеніміз демалу, емдік және спорт. Алынған мәліметтерден мынадай қорытынды шығаруға болады: студенттер көбіне белсенді, яғни физикалық күшін қалпына келтіру, сонымен қатар денсаулығын жақсарту мақсатында саяхаттағанды қалайды. Психологиялық мақсат та маңыздылығы жағынан артта қалмайды. Негізгі психологиялық мақсат – танымдыққа ұмтылуы, дүние танымын кеңейту.

Информация о работе Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру