Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 23:17, дипломная работа

Описание

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жолдарын талдай отырып, саланың экономикалық тиімділігін ашып көрсету және болашақта дамытудың жолдары мен мүмкіндіктеріне баға беру.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерге қол жеткізу қажет. Олардың ішінде ерекше мыналарды бөліп қарастыруға болады:
туризм түсінігінің мәні мен қалыптасуы және даму тарихы;
туристік индустрияның салаларын талдау;
туристік кәсіпорын қызметін ұйымдасытру;
саланың қазіргі даму көрсеткіштері;
Қазақстан аймақтары бойынша қаржылық –экономикалық талдау;
туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін қарастыру ;
белгілі бір аймақ бойынша туризмді дамытуға ұсыныстар енгізу және тағы басқалар.

Работа состоит из  1 файл

туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру.doc

— 731.00 Кб (Скачать документ)

Жылдар  бойы қалыптаспаған саланы нарықтық экономикасы қатты дамыған, бәсеке қабілеттілігі жоғары батыс елдерімен  иық тіресу оңай қызмет емес екендігін білеміз. Алайда, еліміз тарихына көз жүгірте отырып, Қазақстанның қазіргі территориясында ежелден көшпенді мал шаруашылығының жоғары дамығандығы, бабаларымыздың діни мақсатта Меккеге қажылыққа барып парызын өтеуі, кең байтақ елімізден Ұлы Жібек жолының бір тармағының өтуі және өз жолында керемет қалаларды қалдыруы елімізде туристік қозғалыс нышандарының бастауы тарихтың төрінде жатқанын көрсетеді.

Енді, Қазақстандағы туризмнің  дамуының қазіргі жай-күйіне талдау жүргізейік: Туристік нарықтың статистикасына жасалған талдау арқылы Қазақстанда туризмнің түрлерінің әр жылда әркелкі жағдайда екендігін байқауымызға болады. Бұл туралы резиденттердің және резидент емес туристердің қозғалысынан көруге болады.

2.1 суретте Қазақстан Республикасындағы туристік ағын көлемінің өсу серпіні көрсетілген.

Қазақстан Республикасы бойынша 2000 жылдың ішкі туризмін талдайтын болсақ, ел өңірлерінде 941 мың адам саяхатқа шыққан, ал бұл көрсеткіш 2005 жылы 3280 мың адамға өскен. Яғни, талдауға алынған жылдар ішінде ішкі туризм көрсеткіші 2339 адамға өсті. Ішкі туризм бойынша саяхаттаушылардың санының артуына мемлекеттегі әлеуметтік–экономикалық жағдайдың тұрақтылығы, халықтың ақшалай табысының өсуі тікелей ықпал етті.

 

         Сурет  2.1 Қазақстан Республикасындағы туристік ағын көлемінің өсу серпіні

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері  бойынша сырттан келушілер туризмі  көлемінің 2004 жылғы 4291 мың туристен 2005 жылы 4365 мың туристке дейін тұрақты арту үрдісі байқалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы деректерін талдау сырттан келушілер туризмі географиясының 2000 жылғы 60 елден 2005 жылы 161 елге дейін кеңейгенін көрсетеді. Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмінің көлемі артуда. Егер 2000 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристі құрады.

Халықаралық туристік нарық бүгінгі күні миллиардтаған  айналымы бар және қатаң бәсекелестікте жұмыс істейтін орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте  міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты нарықтың қай сегментінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.

Осыны анықтау мақсатында, Қазақстанның Туристік Ассоциациясы және Халықаралық IPK (Халықаралық консалтинг компаниясы) компаниясы әлемдегі туризм индустриясының белсенділері: Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония және Франция елдерінің тұрғындары арасында, олардың Қазақстан туризмі туралы ойын білу мақсатында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнама нәтижесінде, Қазақстандық бағытқа тек Ұлыбритания және Оңтүстік Корея тұрғындары қызығушылық танытқандығы анықталды. Бұл мемлекеттердің сауалнамаға қатысқан респонденттерінің 10 пайызы ғана елімізде демалыстарын өткізуге дайындығын көрсетті. Олардың 75 пайызы жабайы табиғатты, 68 пайызы шексіз құмды даланы, 69 пайызы емдік қасиеті бар тұзды көлдерді, 59 пайызы тауға өрлеуді көздесе, 63 пайызы көшпенділер тарихына қызығушылықты көрсетті.

Туристердің тек шағын тобы ғана қала бойынша экотурларға, Каспий теңізінде  саяхат жасауға және «Байқоңыр» ғарыш айлағын көруге асығыс екен. Сондай-ақ, IPK компаниясының сарапшыларының айтуы бойынша, шет ел туристерінің демалыстарын Қазақстанда өткізуіне итермелейтін бірден-бір себеп – еліміздегі саяси – экономикалық тұрақтылық. Көріп отырғанымыздай, шетелдіктерді батыстық стильдегі көрікті жерлер қызықтыра бермейді. Олар әр елдің салтын көріп, танысуға келеді. Сондықтан ауылдық жерді туристердің көптеп келетін жеріне айналдыруға мүмкіндік бар, яғни біздің өз ұлттық менталитетімізге сай, ешкімге ұқсамайтын туристік имиджімізді қалыптастыруымыз керек.

Қазақстанда небәрі 8 ірі туристік ұйым болды. Олардың  қызметі туристік жолдаманың бағасына кірмейтін визалық, экскурсиялық және өзге де қызмет көрсетулерді ұсынуға  бағдарланған және де туристердің бүкіл ағынының 0,4%-ін ғана қамтыды. Ал, 2005 жылы туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристік ұйым мен 30 жеке кәсіпкер тіркелді. Әрекет етуші туристік фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарының басым көпшілігі Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79) Қазақстанның туристік қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың кәсіби гид пен экскурсияшы жұмыс істейді.

Туристік  нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-ін шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) білдіреді. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсіпорындар 1,3%-ті, ал ірілер 0,4%-ті құрайды. Талдауға қарағанда, туристік ұйымдардың көпшілігін шағын және орта кәсіпорындар құрайды, олар әлем елдерінің көбінде инновацияларға негізделген экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылады. Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің жетпіс елімен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Төмендегі суретте туристік фирмалар қызмет көрсеткен  келермендер туризм типтері бойынша көрсетілген (сурет 2.4).

2.2 суретінен Қазақстан Республикасының туристік фирмалар қызмет көрсеткен келермендердің жалпы саны 2003 жылы 229014 адам болса, 2005 жылы олардың саны 434943 адамға өскендігін көруге болады.

Суреттегі мәліметтерден байқап отырғанымыздай, туризмнің барлық түрлері бойынша тұрақты өсу байқалады. Оның ішінде туристік фирмалардың қызметін пайдаланатын сыртқа шығушылардың саны көп. Мысалы, 2003 жылдан 2005 жылға қарай шығу туризмі 2,23% жоғарылаған. Ішкі туризмде де айтарлықтай жетістіктер бар, Қазақстан ішінде саяхаттаушылардың саны 2003 жылы 89332 адамнан 184379 адамға жоғарылаған.

 

2.2 Туристік фирмалар қызмет көрсеткен келермендер туризм типтері бойынша

Туристік  фирмалардың қызметін пайдаланатын туристердің санының артуы халықтың турфирмаларға сенімінің артып, әл-ауқатының жақсарғандағын аңғартады. Халықаралық туризмді дамытуға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі жолаушыларды тасымалдау жүйесі болып табылады. Оның ішінде әуе көлігі маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта Республикаға алыс шетелдің алты авиакомпаниясы («KLM», «Lufthansa», «British Airlinees», «Asiana Air Arabia», «China South Airlines», «Turkish Airlines») тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы  “Эйр Астана” Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.

Бүгінде Қазақстанның халықаралық  авиатасымалдарға қол жеткізе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.

Қазақстан аумағы бойынша өзімізде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезды жүріп өтеді. Оның ішінде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергілікті қатынаста – 49, мемлекетаралық қатынаста  – 11, халықаралық қатынаста – 3 поезд жүреді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар поедзы бағдары өтеді.

Республикалық маңызы бар жалпы  пайдаланудағы автомобиль жолдары  тізбесіне ірі туристік объектілерге апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын  мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:

1)Ташкент  – Шымкент – Тараз – Алматы - Қорғас; 2) Шымкент –Қызылорда –  Ақтөбе – Орал – Самара; 3) Алматы – Қарағанды – Астана– Петропавл; 4) Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы; 5) Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай; 6) Астана – Қостанай – Челябинск − Екатеринбург.

Каспий  теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды  Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар. Елдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген туристердің Каспий теңізі бассейіні аумағына үлкен қызығушылығы жағажай туризмінде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.

Төмендегі кестеден қатынас құралдары бойынша  туризм жіктемесін көре аламыз (кесте 2.1).

 

 

Қызмет  көрсетілген туристер

 

Барлығы

(адам)

Әуе көлігімен

Темір жол көлігімен

Қала аралық автобуспен

Өзге құрлық құралдарымен

Су көлігімен

 

                                                          2003

Барлығы

229014

100973

32935

59062

36030

14

Келу туризмі

94692

58413

7723

27009

1547

-

Шығу туризмі

44990

41268

2126

401

1195

-

Ішкі туризм

80332

1292

23086

31652

33288

-

 

                                                            2004

Барлығы

292738

119025

26348

108567

38798

-

Келу туризмі

154885

80293

9868

63806

918

-

Шығу туризмі

31367

28542

1113

809

903

-

Ішкі туризм

105486

10190

15367

43952

36977

-

 

                                                            2005

Барлығы

434943

248578

44709

87615

53765

276

Келу туризмі

39872

34545

3979

614

734

-

Шығу туризмі

210692

153944

16929

30440

9379

-

Ішкі туризм

184379

60089

23801

56561

43652

276




Кесте 2.1 Қатынас құралдары бойынша туризм жіктемесі

 

Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлігі қызмет көрсетулерін 248578 турист (57,2%) пайдаланған. Ал, 2003 жылы бұл көрсеткіш небәрі 100973 туристті (44,0%) құраған. 2005 жылы темір жол көлігін 44709 турист (10,27%) пайдаланса, 2003 жылы 32935 турист (14,4%) осы көлікті пайдаланған. 2005 жылы қаларалық автобустардың қызмет көрсетулерін 87615 (20,1 %) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында тұрақты  рейстермен жұмыс істейтін 6 шетелдік авиакомпания бар. Қазақстандық авиа желілерде алыс шетелдің 7 еліне тұрақты рейстер бар. 12 авиакомпания ТМД елдерінен тұрақты рейстермен жұмыс істейді. 8 халықаралық әуе айлағы, халықаралық тарифке уақытша қол жеткізуі мүмкін 7 әуе айлағы және ішкі тарифке қол жеткізуі мүмкін 6 әуе айлағы бар. Жергілікті туристік компаниялар сандай-ақ, тікұшақтарды пайдаланады, бірақ олар негізінен қымбат турлар үшін немесе туристерді қиын аудандарға жеткізуге арналған. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиарейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мұның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиарейстерге жолаушылар сенімділік деген сөз. Оның үстіне, авиабилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімінің құнын өсіреді және тиіснше оның халықаралық нарықтағы бәсекелестік қабілетін төмендетеді.

    Жоғарыдағы талдауларға сүйене отырып, елге түсімді көбейтудің және халықты жұмыспен қамтудың стратегиялық маңызы бар көзқарас тұрғысынан алғанда, ішкі және келу бағыттарындағы туристер ағыны, әлі де ұлттық туризмде аз үлес құрайды, алайда жеткілікті дәрежеде тұрақты, ал кету бағытында тұрақты өсу байқалады. Сонымен, жоғарыдағылырдан шығатын қорытынды елімізде туризм саласын дамытуды әрі қарай жалғыстыру керек және ішкі туризм түрін арттыруға жағдай туғызу қажет.

 

 

 

 

 

 

    1.  Орталық Қазақстан бойынша жастар туризмін маркетингтік  зерттеу

 

Туристік  кәсіпорын қызметін уйымдастыру  мақсатымен маркетингтік зерттеудің нақты бағдарламасын құрып алуы қажет. Әртүрлі ғылыми әдебиеттерде бұл үрдісті әртүрлі кезеңдерге бөліп қарастырады. Е. Голубков маркетингтік зерттеуді келесідей кезеңдерге бөлуді ұсынады.

1. Зерттеу  мәселесі мен мақсатын анықтау:

– зерттеу  жүргізу барысында қажеттіліктерді анықтау;

– мәселені анықтау;

– мақсатты қалыптастыру.

2. Зерттеу  жоспарын талдау:

Информация о работе Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру