Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 23:17, дипломная работа
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жолдарын талдай отырып, саланың экономикалық тиімділігін ашып көрсету және болашақта дамытудың жолдары мен мүмкіндіктеріне баға беру.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерге қол жеткізу қажет. Олардың ішінде ерекше мыналарды бөліп қарастыруға болады:
туризм түсінігінің мәні мен қалыптасуы және даму тарихы;
туристік индустрияның салаларын талдау;
туристік кәсіпорын қызметін ұйымдасытру;
саланың қазіргі даму көрсеткіштері;
Қазақстан аймақтары бойынша қаржылық –экономикалық талдау;
туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін қарастыру ;
белгілі бір аймақ бойынша туризмді дамытуға ұсыныстар енгізу және тағы басқалар.
Осы мемлекеттік ұйымдар еліміз тәуелсіздік алғаннан бері туризмді жүйелі түрде реттеу үшін келесідей нормативтік-ќұқықтық актілер ќабылдап, жүзеге асыруда:
Сурет 3.2 Қазақстан Республикасында туризм саласын реттеудегі құқықтық - заң актілері
Жалпы туризм ел экономикасына жағымды әсер ететіндігі жөнінде жоғарыдағы тарауларда айтылған болатын:
- шет ел валютасының құйылуына және де экономиканың төлем балансы және жиынтық сұраныс сияқты көрсеткіштеріне жағымды әсер етеді;
- ұлттық валюта курсының тұрақтануына негіз болады;
- халық жұмысбастылығына әсер етеді;
- ел инфрақұрылымын және
- халық мәдениетін жоғарылатады, т.б.
Қазақстанда туризмнің дамуындағы жағымды аспектілер төмендегі суретте көрсетілген:
Сурет 3.3 Қазақстанда туризмнің дамуындағы жағымды аспектілер
Осы құрамдас салалар бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда туризмді дамытудың бірқатар проблемалары бар.
Туризмді дамытуға кедергі болып отырған басты мәселе туристік бизнестің жүйелендірілмеуі, ол дамымаған инфрақұрылымда көрінеді, атап айтар болсақ:
Осы бағытта салыстырмалы өзіндік бағдарламаларды жүзеге асыруға баса назар аудару қажет. Ең алдымен бұл – туристік индустрияны дамыту бойынша ғылыми негізделген нақты мемлекеттік бағдарлама. Оның жүзеге асырылуы туристік қызмет аясына салынған капитал салымының тиімділігін арттырып, еліміздегі туристік ресурстарды мейлінше тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Туристік қызмет индустриясының дамуын жоспарлау барлық деңгейлерде халықаралық, ұлттық, өңірлі, сонымен қатар нақты аудандар мен объектілерге қатысты жүргізілуі қажет. Онымен қоса, ол дамуды үнемі бақылап, тиімді бақылауға негіз болып, туристік қызмет секторының ұзақ мерзімді табысты қызметін қамтамасыз етеді.
Жоспарлауға деген жүйелі қадам ғана экономика, экология және әлеуметтік – мәдени орталардың бірлігін қамтамасыз етіп, туристік қызмет индустриясының тұрақты дамуына септігін тигізіп, елімізге және жеке өңірлерге айтарлықтай экономикалық тиімділік алып келеді. Күрделі экологиялық немесе әлеуметтік мәселелердің туындауына жол бермей, туристік ресурстар болашақ ұрпақтардың пайдалануы үшін сақталынады.
Екіншіден, туристік объектілерді жөндеу және жаңаларының құрылысын қолға алу үшін жеке, ұлттық және шет ел инвестицияларын жұмылдыру жолымен туристік қызмет индустриясын қаржыландыру үшін нақты мемлекеттік бағдарламалар жасау қажет.Туристік орталықтың құрылысы, оның іске қосылу нақты тұрғылықты жердің, өңірдің экономикасымен тығыз және тікелей байланыста болуы қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, туристік объектілер мен инфрақұрылымның құрлысы, туристік қозғалыстың шоғырлануы, табиғи ортаның «бұзылуымен», табиғи ортаның бейтабиғи объектілерге кері әсерімен, заңсыз ұйымдастырылған аң аңлаудың таралуымен, туристік объектілердің тәртіпсіз салынуымен тығыз байланысты. Мұның өзі қоғамға зиян келтіріп, жергілікті ланшафтылардың эстетикалық тартымдылығын төмендетеді. Сондықтан табиғи территория мен қоршаған ортаны туристік қызмет процесінде қорғау мәселелері бағдарламаларда орын алуы қажет.
Өркениетті нарықты қатынастардың дамуы, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бақылайтын, кешенді және тұрақты негізде реттейтін мемлекеттің араласынсыз мүмкін емес. Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік – экономикалық жағдайларға толық жауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдары мен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің рөлін арттыру қажет.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Сауда және Индустрия министірлігі Сауда мен Туристік қызметті реттеу Комитетіне қарасты туризмді дамыту және қолдауымен айналысатын Фонд құрылуы қажет. Бұл Фонд туризм саласындағы субьектілер мен әлеуетті, маңызды жобаларды қаржыландыруға жәрдемдесуі қажет.[ 22 ]
Фонд міндеттері мен
Фонд сонымен қатар коммерциялық банктар арқылы льготтық кредиттер ұсына алады. Мұндай тәсіл льготтық кредиттерді икемді жүзеге асыруға және нарықтық экономика қағидаларына сәйкес, бір-бірімен бәсекелес коммерциялық банктер арасында нейтральды бағыт ұстап отырады.
Фонд барлық аудандар мен қалаларда филиалдары бар банктер арқылы да кредиттер ұсына алатын болады. Бұл шалғай аудандардағы жұмысты жылдамдатып, дамуға септігін тигізетін еді.
Банктер өзіне кредиттің қайтарылмай қалу мүмкіндігі бар тәуекелдің минимум 50% алады, алған қалған бөлігін Фонд өзі көтереді. Банктің тәуекелі неғұрлым жоғарлаған сайын, олардың алатын маржа мөлшері соғұрлым жоғары болады.
Төмендегі суретте туристік саланы дамытудағы әлеуетті бағыттар сандармен көрсетілген. Ондағы:
Жақында ІРК International компаниясы жүргізген зерттеулер бойынша Қазақстанды әлемдік нарыққа жылжытатын «болашағы» бар деген туристік өнімдердің кейбір тәсілдері анықталды. Қазақстанның туристік өнімдерін алға жылжытудың бірінші орындағы мәселесі Қазақстанның өзіндік имиджын құру және саяхаттап келуші туристердің қызығушылықтарын арттыратын Қазақстан жайындағы қызықты оқиғалар немесе аңыздар (мифтар) шығару. Олардың кейбіреулері мыналар:
Келесі қадам туристік өнімді алға жылжытудағы -құралдарды айқындау:
1) Бірінші орында ең
тиімді маркетингтік стратегия,
2) Туристік нарық тұтынушылары ақпараттық қажеттілікті сезінеді. Көптеген туристер ақпаратты Интернет арқылы алады. Ол өте тиімді, және үлкен аудиторияны қамтиды, ақпараттың сыйымдылығы үлкен. Дегенмен, отандық туроператорлар әлемдік нарықта танымал болмағандықтан көптеген туристер еліміздің он-лайн ұсыныстарынан назар аудармайды.
3) Алға жылжудың тағы бір түрі, ол – тікелей туристік көрмелерге қатысып отыру. Мұндай көрмелерге қатысудан кейін, Қазақстанның туристік өнімдері тұтынушылар шеңберіне кеңінен танылады және тұтынушыларға оң әсерін тигізе алады. Көрмелерде туристер тек қана ұсынылған бағыттармен ғана таныспайды, сонымен қатар елді-мекендердің халқымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен де танысады. 2007 жылы Германияда өткен ITB Berlin көрмесінде Қазақстанның көрікті жерлері ұсынылған стенд Азия, Австралия мен мұхит елдері арасында бірінші орынға ие болды. Бұл үлкен жетістік.
4)Туристік тауарларды алға жылжытудың тағы бір тиімді тәсілі ол әлемге әйгілі жолсеріктерге қосылу. Олар Pliglot, Lonelу және Routard, т.б. Осы жол көрсетушілер туристердің «библиясы» болып табылады. Жаңа бағытты таңдаудатуристер міндетті түрде осы деректерге сүйенеді. Сондықтан да үнемі болып жатқан, алдағы уақытта болатын туристік бағыттармен және де саланың басқа қызметтерімен таныстырып, ақпараттар ағымын толықтырып, жаңартып отыру қажет.
Жоғарыда аталып кеткен стратегиялардан басқа көптеген туристік ағымдардың ұлғаюына әсер ететін жанама факторлар бар:
А) ІРК International компаниясының ұйымдастыруымен өткен, «World Travel Monitor 2006» (Пиза, Италия) форумында, «Туристік тарауларға кино индустрияның әсер етуі» деген тақырыпта зерттеу ұсынылды. Бұл зерттеу «Peter Roth Marketing» компаниясымен жүргізілді. Мысалға келтірілген фильмдердің бірі, Стивен Спилбергтің «Үшінші деңгейдегі байланыс» фильмі, негізінен бұл фильм толығымен «Devils Tower» (АҚШ ұлттық ескеткіші, Вайоминг штаты) аймағында түсірілген. Өткізілген зерттеулер нәтижесі бойынша бұл ескерткішке келушілердің саны 1978 жылы (74%) және фильмді түсіріп, кинотеатрлар мен теледидарлардан көрсеткеннен кейін 1981 жылы (39%) айтарлықтай өскен.
«Властелин Колец» фильмін түсіру Жаңа Зеландияда туризмнің дамуына әсер етті. Бұл фильм туристік ағымды 10% ұлғайтты және ел бюджетіне 400 млн. АҚШ долларын түсірді. Фильмнің негізінде арнайы интернет-сайт ашылды, онда фильм түсірілген жердің маршруттарымен, жергілікті турлармен таныстыратын туроператорлар жайында ақпараттар енгізілді.
Соңынан айтылған қорытындылар бойынша, мұндай маркетингтік құралдар, мысалы фильмдер туризмге әсер етеді, бірақ олар тек қана қосымша фактор ғана болып табылады.
Б) Ұлттық фестивальдар мен ойындар өткізу де Қазақстанға саяхаттаушылардың санын арттыруыға септігін тигізуі мүмкін. Мысалы, 2006 жылы өткен халықаралық футбол чемпионаты Германияға 2 млн. шетел халқының қызығушылығын арттырды. Бұл факт Германияны тек туристтік бағыт ретінде ғана емес, сонымен қатар олардың ұлттық имиджін де жоғарылатты. Anholt GMI National Brand Index (әлем елдерінің имиджі мен брендтерінің құнын бағалаушы жалғыз аналитикалық рейтинг) рейтингіне сәйкес 2006 жылы Германия ұлттық имиджі бойынша Канададан кейінгі үшінші орынға ие болған.
2011 жылдың қаңтар-ақпан
айларында Қазақстанның
С) Соңынан айта кететін
жай, антижарнама ол бәрібір жарнама
болып қала береді. Мысалы, «Борат»
фильмін көрсетуінен кейін
Қорыта келе, туристік тауарлар тек қана қолда бар құралдармен шектелмеуі керек, нарыққа қатысушылар әрекеттерін бағыттау қажет, таңдалған және өңделген стратегияларды құрамдастыру қажет. Бүгінгі күнде ҚР туризм және спорт министрлігі Қазақстан туризмін дамыту стратегиясын әлем нарығына шығаруды қолға алуда. Бұл стратегия туристік имиджді қалыптастыруда әртүрлі тәсілдерді қарастырады: ұлттық брендтер мен логотиптерді дайындау, жарнамалық роликтер мен видеофильмдерді түсіру, оларды әлем телеарналарынан көрсету.
Осы және басқа да іс-шараларды дамыту мақсатында мемлекет келесілерді іске-асыру қажет:
- Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
Информация о работе Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру