Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 23:17, дипломная работа

Описание

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жолдарын талдай отырып, саланың экономикалық тиімділігін ашып көрсету және болашақта дамытудың жолдары мен мүмкіндіктеріне баға беру.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерге қол жеткізу қажет. Олардың ішінде ерекше мыналарды бөліп қарастыруға болады:
туризм түсінігінің мәні мен қалыптасуы және даму тарихы;
туристік индустрияның салаларын талдау;
туристік кәсіпорын қызметін ұйымдасытру;
саланың қазіргі даму көрсеткіштері;
Қазақстан аймақтары бойынша қаржылық –экономикалық талдау;
туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін қарастыру ;
белгілі бір аймақ бойынша туризмді дамытуға ұсыныстар енгізу және тағы басқалар.

Работа состоит из  1 файл

туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру.doc

— 731.00 Кб (Скачать документ)

Туристік  аудандардың құрылу механизмін былайша  түсінуге болады.  Жұмысшылардың  жылдам туристік қызмет көрсетуді қажет етуініңарқасында демалыс пен туризм сферасында территориялық еңбектің бөлінуі өзіне өте қажетті жерді табады, ол жер табиғи және әлеуметтік – экономикалық жинағы жағынан белгілі бір туристік іс-әрекетпен айналысудың талабына және бұндай шаруашылық саласын ұйымдастырудың террториялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі қажет. Демалыс пен туризм сферасының дамуының белгілі бірсатысында туристік іс -әрекет белгілі бір территорияға нақты орналасады, ішкі және сыртқы байланыстары сәйкестенеді, реттеуші орталықтардың иерархиясы жасалынды, территориялық жоспарлы ұйымдастыру басқармасы құрылады. Рекреациялық мақсатпен территорияны аудандастыру және оған баға беру үшін көптеген факторлар есепке алынады: табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық, экологиялық, сәулетті – көркемдік және тағы басқалар. Дұрыс қортынды алу үшін зерттеудің негізгі объектісі тбиғи территориялық кешен болуы керек. Туризмүшін бағалысы–жер бедері, сулар, өсімдіктер, климат, табиғат пен мәдениеттің көрнекті оъектілері.

Қазірдің  өзінде-ақ азды – көпті тұрақталған таксономиялық сатылы территориялық рекреациялық жүйені байқап, көруге болады. Мысалы, біздің пікірімізше, екі ірі автордың жұмысын алып қарауға болады.Е.А.Котляровтың (1978 ж) айтуынша, туристік – рекреациялық аудандастырудың таксономиялық мөлшері төрт сатылы жүйе болғаны дұрыс: республика (өлке, облыс), аудан, рекреациялық жер, рекреациялық шағын аудандар. Н. С. Мироненко және И.Т.Твердохлебов (1981 ж) бұл жүйені шынжырдың бес буыны ретінде көреді: рекреациялық зона (аймақ), рекреациялық макроаудан, рекреациялық мезоаудан, рекреациялық микроаудан, рекреациялық пункт.

Сурет 1.6 Туристік ресурстарға баға беру

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туристік – рекреациялық аудандастыру туристік саланы жоспарлау мен басқарудың негізін құрайды. Туристік аудандастыру арқылы оның негізгі даму бағыты анықталады, туризмнің материалдық – техникалықбазасының қоғамдық әсерлі өсуінің территориялық жабдықтары бағаланады. Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар (1.6 сурет).

Медико  – биологиялық (физиологиялық) баға беру – демалысты ұйымдастыру үшін табиғи ланшафты ортаның комфорттық дәрежесін табу.  Мұнда факторлардың адам организміне әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы бағаланады. Медико – биологиялық баға бергенде климат басты рөль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен туристердің климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген (А.Чубуков, 1975 ж). Климат дегеніміз – белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі. Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға адам организмінің жағдайы болуы керек.   

Сондықтан, климатқа рекреациялық баға беру адам организмінің метерологиялық факторларға  байланысын тексеру болмақ. Шартты температура ілімімен «комфорт зонасы» байланысты, көптеген адамдар үшін 17° пен 23° арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін «комфорт зонасы» 12° пен 16° арасындағы эквивалентті - әсерлі температурада болады.

Адам  организмінің жақсы күйде болуы келесідей температура мен ауа ылғалдылығының үйлесімінде болатындығы анықталған (Кесте 1.1).

Комфортты жағдай – денеге өте жағымды 31°  – 33°  температурадағы жылы сезім, бұл жағдайда адам ыстықты да, суықты да сезбейді. Оның белгілі бір мөлшерге төмендеуі адамденесінің белгілі бір мөлшерде салқындауына әсер етеді. Ыстық ауада температураны реттеу механизмі арқылы адам терлеп – тепшісе, суық ауада тері температурасының орта өлшем мөлшерімен бағаланады. Осы соңғысына байланысты Е.М.Ратнер (1967 ж) ауа райы түрлерін бақылауда кездесетін жайларды кластарға бөлді. Көрсетілген әдістемені қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге болады: климат жағдайының қолайлығына байланысты демалу, туризм, емдеу үшін географиялық аудандар жасауға болады.

 

Кесте 1.1 Адам организмінің жақсы күйде болу температурасы мен ауа ылғалдылығының үйлесімі

 

Температура, °С

          Шартты  ылғалдалық, %

20

85

25

60

30

44

35

33


 

Климатқа  медико – биологиялық баға беру жұмысында ең негізгі көрсеткіш  – адам организмі үшін қолайлы ортаның ұзақтығы. Территориясы кең елдер үшін климатқа медико – биологиялық баға берудің жұмыстары өте керек. Өйткені ұзақ рекреация үшін орындарды іздестіруде ауа райының жиі өзгеру құбылыстарымен санасқан жөн.

Психолого – эстетикалық баға беру – адамға табиғи ланшафт пен оның компоненттерінің ерекше әсерлерін бағалайды. Ол адамның табиғи кешенге эстетикалық реакциясымен анықталып қана қояды. Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ланшафтың эстетикалық қасиетін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынды. Сонымен, АҚШ – тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары тартымдылық әсер алатыны – шектік зоналар мен фокустік пунктер. Шектік зоналар деп әр түрлі екі ортаның арасындағы шекаралық сызықты айтады: су – құрлық (қатты әсер), орман – алаңқай (орташа әсер), төбешіктер – жазық (нашар әсер). Осындай бақылаулардаң арқасында біршама сандық көрсеткіштерді шығаруға мүмкіндіктер туды, жеке алғанда «шекті» әсері деген территорияның қанықтық көрсеткіші: Н ш.ә.= L ш / S, мұнда L ш – шеттік сызықтың ұзындығы,  S – территорияның көлемі.

Территорияның фокустік пунктермен қанықтығы көбінесе бедерлік сипатқа байланысты. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық  құндылық ландшафтың морфологиялық  құрылымына, табиғат пейзаждарының элементтерінің әртүрлілігіне тәуелді. Міне, осылар «табиғат пейзаждарының әртүрлілігі» деген түсінік енгізеді. Бұлар келесілерден  тұрады.                

Табиғат пейзаждарының ішкі әртүрлілігі–ландшафт морфологиясының ішкі құрылымы арқылы анықталады (жер бедері, өсімдік түрлері, гидрологиялық ерекшеліктер, әртүрлі компоненттердің өзара байланыстары арқылы және т.б).

Табиғи  кешендердің эстетикалық ішкі қасиеттері мынадай көрсеткіштермен де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т.б. Тегістіктегі орманды аудандар үшін белгі – кеңістіктің қоныстану дәрежесі. Қоныстану пайызына байланысты кеңістік ашық және жартылай  жабық болып бөлінеді. Мысалы, орманның тығыздығы 50% арқасында ланшафттың эстетикалық қасиеті өте төменейді. Қалың орманмен рекреант жаяу жүргенде жылдам шаршайды және табиғат пейзаждарының өзгірісін дұрыс қабылдай алмайды. Ашық кеңістік әртүрлілік жағын қамтамасыз етпейді.

Табиғат пейзаждарының сыртқы әртүрлілігіне келесілер жатады: бірден көрінетін көрші табиғикешендердің саны, сыртқы табиғат пейзаждарын қабылдау бұрышының тікелей және көлденең мөлшері, тереңдік перспктивасы, көкжиек сызықтарн кесіп өту, сондай-ақ көп орынның болуы арқылы сыртқы табиғат суреттерін жақсы көре алады. Мысалы, таулы аудандарда ең жоғарғы бағаны тау шыңдары алуы керек, ойткені солар арқылы барлық табиғи кешендер қабылданады, ең төменгі бағаны – тау шатқалы алады.

Технологиялық баға беру адам мен табиғи ортаның  өзара әсерлері рекреациялық іс-әрекетте  «технология» арқылы ерекшеленеді. Демек, бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, бүкіл рекреациялық жүйенің жұмыстарының мүмкіндіктері бағаланса, екінші жағынан территорияны игерудегі инженерлік – құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды. Көпшілік географтардың пікірінше, территорияның туристік – рекреациялық ресурстарына баға берудің ең жақсы негізі – ландшафт картасы болады, өйтекені бұндай жағдайда бағалау объектісі синтетикалық бірлік (территориялық табиғи кешендер) болады. Баға беру жұмысының қортынды кезеңі – бұл бағаның түрін табу. Қазіргі жағдайда баға берудің екі түрі бар: сапалық және баллдық.

Рекреациялық  мақсат үшін табиғат жағдайларына объективті баға мөлшерін берумен әлемнің көптеген елдерінің ғаламдары айналысуда. Сондай зерттеулердің ішінен өте жоғары көңіл аударуға жататыны, Д.И.Мухинның «Табиғи кешендерге технологиялық баға берудің әдістері мен принциптері» атты еңбегі (1973 ж), бұнда рекреациялық баға беру әдістемелері туралы Ю.А.Ваденина мен Н.Н.Мирошниченконың жұмысы (1969 ж) бар.

Е.В. Ефременконың (1980 ж) айтуынша, кешенді бағаға келесілер кіруі керек: 1 – табиғаттың мүмкіншіліктері; 2 – территорины мәдени игерудің дәрежесі; 3 – экзотикалық; 4 – туристік мүмкіншіліктегі әртүрліліктің дәрежесі; 5- тарихи-мәдени объектілер; 6 – тұрмыстық қызметтер; 7 - әйгілілік дәрежесі мен дәстүр.

Осы факторлардың ішінен біреуінің басымдығына  қарай рекреациялық іс- әрекеттің  функциялық түрін бөлуге болады.

Жұмыстың  келесі тарауында Қазақстан Республикасында  туризм саласының қалыптасуы, дамуы және туристік – рекреациялық аудандардың қызмет көрсету ерекшелігі талданылады.

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ  МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 

 

2.1 Қазақстан Республикасында  туризм саласының қазіргі уақыттағы даму жағдайын талдау

 

Президент Н.Ә.Назарбаев республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын анықтап берген «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында адамзаттың ұлы көшінен қалып қоймау үшін қазақстандықтардың алуан тарапты экономикалық жобаларға белсене араласуы қажеттігін, онсыз толқын қуған жаңқадай жағалауға шығып қалатынымызды шегелеп айтқан болатын.

Елбасы көрсеткен, әлемдік нарықта  сұранысқа ие, қалауын таба білсе, қазақстандықтар үшін экономиканың ең табысты саласы болудан үміткер бизнес түрі - туризм.

Туризм - әлемдік экономиканың маңызды, тез қарқынды дамып келе жатқан салаларының  бірі болғандықтан, туризм саласын  зерттеу, оның өзекті мәселелерін анықтау  және шешу жолдарын іздестіріп, ұсынысты ортаға салудың маңызы зор. Болашағы бар ел болуды ойласақ, тек мұнаймен ғана алысқа бара алмайтындығымызды түсінген жөн. Себебі, мұнай көп көңіл бөлген сайын азаяды, ал туризм керісінше берері еселене түседі. Бұл жөнінде  Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында,  шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу және  сервистік-технологиялық бағыт  бойынша даму керектігі жөнінде айтылған.

Осы заманғы әлемдік экономикада  туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі. Мамандар есебі бойынша, бір шетелдік туристен түсетін орташа табыс әлемдік нарыққа 9 тонна көмір немесе 15 тонна мұнай, не 2 тонна жоғары сортты бидай шығару беретіндей пайда кіргізеді екен.

Бүгінгі таңда дүниежүзілік экономиканың табыстылығы  бойынша туризм салалар ішінде үшінші орынға ие, ал 1998 жылдан бастап әлемдік  қызметтер экспорты бойынша бірінші  орынға шығып, мұнай өндірісінен  кейінгі екінші шаруашылық саласы болып  табылады.

Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның пайымдануынша, туризм әлемдік экономикада дамуы бойынша ең қарқынды және пайдалы сала ретінде қарастырылады. Ұйымның мәліметтеріне назар аударсақ, туризмге әлемдік ұлттық табыстың 6 пайызы, әлемдік инвестицияның 7 пайызы, әлемдік тұтынушы шығынның 11 пайызы, салық бойынша түсетін табыстың 5 пайыз үлесі тиісті болса, 2007 жылдың соңына қарай туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны 231 млн. адамға жеткен. Бұл әлемдегі жалпы жұмыс орындарының 8,3 пайызын құрайды және бұрын әрбір 9-шы жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болса, қазір әрбір 12-ші адам туризм индустриясында жұмыс атқарады деген сөз. Және де 2007 жылы әлемдік туристік нарық 3,9% көбейіп, алдағы 10 жылдықта жыл сайын 4,6% ұлғайып отырады деп күтілуде.Сонымен қатар, Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның халықаралық туризмге берген статистикасына зейін салсақ, 2020 жылға қарай туризмнен түсетін пайда 2 триллион АҚШ долларын құрайды ( 2003 жылы ол 621 миллиардты құраған) және әлемдегі туристердің саны 3 есеге артып, оның жалпы саны 1 миллиард алты жүз миллион адамды құрамақшы. Сондықтан да БТҰ-ның XXI ғасырды «қызмет көрсету ғасыры» деп бекітуі тегін емес.

Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған «XXI ғасырдың көрнісі» аталып отырған туристік сервис индустриясы өзінің мемлекеттік қазынаға қосқан экономикалық саламы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік салаларымен теңесті. Шетелдік экономистер қалаға келген әрбір туристің бір сағатта 17,5 АҚШ долларын жұмсайтындығын есептеп шығарған. Демек, 100 мың турист екі сағатта 350 мың АҚШ долларын қала қоржынына салып кетеді екен. Ал, әрбір саяхатшының тамағын, сатып алатын киімі мен қолданатын қажетті заттарын есептегенде бұл мұнайды сатқаннан да көп табыс әкеледі деген сөз.

 Сонымен жоғарыда айтылғандар,  шикізат сату өзіндік тығырыққа тірелу болып табылса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ екендігін дәлелдейді.

Қазіргі кезде туризм көптеген елдің табыс  көзіне айналып отырғандықтан, біздің мемлекет те туризмді дамытуға мүдделілік танытып отыр. Қазақстан осы саладан қомақты қаржы түсіруге мүмкіндігі бар елдің қатарына жатады. Жалпы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БТҰ) мемлекеттерді туризм саласы бойынша екіге бөледі:

Өкінішке орай, Қазақстан бүгінгі  таңда туристерді «ұсынушы мемлекеттер» қатарына жатады. Бірақ, Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның болжамына сәйкес таяу арадағы туризмнің дамуы туризм картасында жаңа территориялардың пайда болуымен тығыз байланысты болады. Яғни, туристік нарықтың дәстүрлі аудандарының рекреациялық шегіне жетуі және туристер келетін аумақтардың тізімін жаңалау мен кеңейту қажеттілігі Қазақстанның әлемдік туристік нарықта лайықты орын алуына нақты мүмкіндік туғызыды.

Информация о работе Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру