Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 23:17, дипломная работа

Описание

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жолдарын талдай отырып, саланың экономикалық тиімділігін ашып көрсету және болашақта дамытудың жолдары мен мүмкіндіктеріне баға беру.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерге қол жеткізу қажет. Олардың ішінде ерекше мыналарды бөліп қарастыруға болады:
туризм түсінігінің мәні мен қалыптасуы және даму тарихы;
туристік индустрияның салаларын талдау;
туристік кәсіпорын қызметін ұйымдасытру;
саланың қазіргі даму көрсеткіштері;
Қазақстан аймақтары бойынша қаржылық –экономикалық талдау;
туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін қарастыру ;
белгілі бір аймақ бойынша туризмді дамытуға ұсыныстар енгізу және тағы басқалар.

Работа состоит из  1 файл

туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру.doc

— 731.00 Кб (Скачать документ)

 

Турист  энциклопедиясында туризм индустриясы  туралы мынадай анықтама берілген: бұл – материялдық - техникалық базалардың құрылуын, туристік рекрияциялық ресурстардың  пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтердің айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емес сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.

Туристік  кәсіпорын қызметін ұйымдастыру  үшін алдымен оның түпкі мән-мағынасын  терең түсіне білу қажет. Ол үшін ең алдымен туризм индустриясының құрамдас бөліктерін талдаймыз. Сонымен қатар  туристік кәсіпорын қызметін дұрыс  ұйымдастыру үшін сапалы маркетингтік сараптама жүргізген жөн.

  Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді:

1. туристік  мекемелердің орналасуындағы ресурстарға  болжам; 2. туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік; 3. туризм инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.

Экономика саласы ретінде, туризмнің өзіне тән айрықша ерекшеліктері бар, солар арқылы халық шаруашылығының басқа да салаларынан бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) бұл жерде өндіріледі және бірден қолданылады. Екінші ерекшелігі-оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды.

  • Ж.Н.Алиева «Туризмология негіздері»

Туристік  қызметті тұтынушыларды зерттеу  мен олардың туристік өнімдер мен қызметтерді тұтыну барысында мінез-құлқына талдау жасау үшін қазіргі нарықтық заман мамандардан өзінің тұтынушыларын жан-жақты зерттеп,білуді талап етеді. Маркетинг принципінің негізгі қағидасы – «өзінің тұтынушыларын терең білу».

Қазіргі кезде туризм адам өмірінің бөлінбес және қажетті бөлігіне айналды. Ерте ме кеш пе әрбір адам саяхатқа шығу қажеттілігін сезінеді. Адам шаршағанын басып, өміріне өзгеріс енгізу мақсатында өзінің бос уақытын үйден тыс жерде өткізіп, әртүрлі әсер алуға тырысады.

Туризм саласында тұтынушы мотиві белгілі бір деңгейде ол туристік қызмет пен тауарды сатып алушы және тұтынушы ретінде мінез-құлқының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Нарықта тұтынушы сұранымына жауап бермейтін бірде бір өнім өндірілмейді. Турөнімнің бағыты оның сатылу қабілетінің кепілі. Турөнімді жоспарлау, құру және ұйымдастыру үрдісінде потенционалды туристің мотивін түсіну үлкен орын алады. Бұл дегеніміз нарықта тұтынушы күтімін ақтайтын туристік өнімді өндіру мен ұсыну.

Туристік  мотивация – туристік өнімді талдау мен жетілдіру және тиімді жоспарлау жүйесіне қажетті база.

Туристік  қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы – қызмет өндірісіне дейін өндіріс обьектісіне тұтынушыларды  тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты- турист алған өнімдерді «өзімен алып кетеді», яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күйі, жаңадан толықтырылған білім, пікір, ақпарат арқылы.

Туристік  қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, қызмет көрсету процесінің түрін  білу керек. Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі келесі анықтауыштар арқылы анықталады:

  1. туристерге әртүрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы;
  2. туристік қызмет көрсету материалдық - техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейманханаларда, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады;
  3. туристерге ұсынылатын тауарлар мен қызметтер әртүрлі іс-әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтауда пайда болған;
  4. қызмет әртүрлі кәсіптік дайындықтағы және білім деңгейіндегі адамдармен көрсетіледі.

Туризмде  ұсынылған қызметтер территория бойынша бөлінеді. Туристерге қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін  жерінде көрсетіледі (ақпараттық қызметтер). Басқаларын турист саяхат кезінде (ақпараттық, көліктік қызметтер) алады. Үшіншісін туристер туристік орталықтарда (орналастыру, тамақтану, емдеу, көңіл көтеру, т.б) алады.

Қызмет  көрсетуді туристерге бағыттап, үлгі бойынша былай бөлуге болады:

1) Қызмет  пен тауарларға тарту; 2) Олардың туристік өнімге қызығушылығын тудыру; 3) Ұсынылған тауар мен қызметтерді пайдалануға қызығушылықтарын тудыру; 4) Туристік тауарлар мен қызметті пайдалануда тура шешім қабылдауға көмектесу.

Туристік  индустрия дегеніміз - туристік өнім шығарушылар, солар арқылы халықтың сұранысын өтейді, олар адамдардың рекреациялық қажеттілігінің арқасында құрылады. Қандайда бір фирма болмасын оның нарықтағы өтімділігі және жылдам таралуы да соған байланысты.

Сурет 1.4 Туристік өнім құрамы

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

       Өнімнің экономикалық категория ретінде мазмұны бар, бірақ осы уақытқа дейін жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. АҚШ-тың Солтүстік–Батыс университетінің маркетинг профессоры, Американың маркетинг ассоциациясының белсенді мүшесі Ф.Котлер мынадай анықтама береді: «Өнім - өзіне тарту, пайдалану және қолдану мақсатымен нарыққа ұсынылатын және адамның ынтасы мен керегін өтей алатын қандай да болмасын зат». Өнім физикалық объектілер, көрсетілетін қызметтер, ой-пікір және тағы басқалар бола алады. Туризмде өнім болатыны көрсетілетін қызмет, яғни бір пакетте туристерге сатылатын қызметтер жиынтығы. Өндірушілерге қарағанда, туристер туристік өнімді кең түрде ұғынады. Туристік сапарға шыққанда, адамдар өзіне көрсетілетін қызметтерден басқа да ерекшеліктерді іздестіреді. Біреулері ұзақ демалысқа шығып, курортқа барып демалып, денсаулығын түзеп қайтса, басқалары командировкаға барып, іскерлік келіссөздер жүргізіп, шартты келісімдер жасайды. Демек, туристер туристік өнімдерге мұқтаж емес, олар жаңа сезімге, қызық оқиғаларға мұқтаж немесе өзінің бизнесін ұлғайтуға мүдделі. Атақты ағылшын туризмологы В. Мидлтонның анықтамасы бойынша, кешенді туристік өнім дегеніміз «сезілетін және сезінбейтін компонентті пакеттер, оның құрамы туристік орталықтағы адамдардың іс-әрекеттерімен анықталады. Алған әсерлерінің бағасы ретінде пакетті туристер қабылдайды».

     Тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.

    1.5 суретте Турдың құрамы көрсетілген.

Туристік  пакетті туроператорлар ұсынады және маршрут міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:

- туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып келу;

- трансфер

- орналастыру және тамақтандыру

- міндетті  түрдегі экскурсиялық және мәдени  бағдарламалар.                                         

Туристік  өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы - нақтылы міндетті жағдай.                           

Сурет 1.5 Турдың құрамы

 

 


Төрт  базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдікпен басқа да фирманың туристік өнімін алады, туроператордан оны басқа да қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі жасай алады.

Туроператор туризмде маңызды рөль атқарады. Өйткені ол әртүрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т.б) бір турпакетте жинап, турөнімді шығарады; оны турпакет арқылы таратады.

    Турагент – туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің айырмашылығы – турагент турдың сапасына жауапты емес.

Туристік  өнімнің туристік пакеттен ерекшелігі - туристік пакет туристік өнімнің  бір бөлігі.

Туристік  өнім элементтері бойынша туристің шығынын келесідей бөледі:

-тур-50%

-қосымша туристік- экскурсиялық қызметтер-30%

-тауарлар-20%

Қосымша туристік- экскурсиялық қызметтер дегеніміз-бұл  жолдамада көрсетілмеген, бірақ  туристерге қажетті болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер.

Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т.б. Қосымша қызметтерді туристер бөлекше өз ақшасына алуы керек.

Тауарлар  дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған жататындар: туристік карталар және қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің тұрғылықты елдегі дефицит тауарлар және т.б.

Туристік  индустрияда өндірілетін туристік өнім екі әдіспен бағалануы мүмкін:

- барлдық  өндірістің шығынының жинағы есебінде;

  - туристердің барлың шығынының жинағы немесе туризмнен түскен кіріс есебінде.

Қандай  бір әдіспен бағаланса да, сөз  туристік индустрияда өндірілетін  туристік өнімдердің жалпы табысы жөнінде  болып отыр.

Өзінің  арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа біріктіруге болады:

  1. көлік қызметі;
  2. туристердің туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану т.б); 
  3. бір реттік қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер, т.б).

Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тағы да түрлерге жіктеледі. Мысалы: көлік қызметтері көліктің түріне және комфорттылығына қарай жіктеледі.

Туристік  сұраныс пен ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық элементі болып туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату сферасын құрайды.

Туристік  нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежүзілік нарықта тауарлардың  бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына туристердің  көлікке шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан ерекшелігі міне осында.

Қорыта  келе, туризмдегі қажеттіліктерді қанағатандыруда көрсетілетін негізгі қызметтер қатарына көлік, қонақ үй, қоғамдық тамақтану орындары, турфирмалар қызметтерін, сондай-ақ, бірқатар қосымша қызмет түрлерін жатқызуға болады.

Сондықтан да, туристік қызмет аясы мамандандырылған және айқын туристік сипатқа ие емес, «екінші ретті» кәсіпорындар (мысалы, жол құрылысы, отын өнеркәсібі және т.б), қызмет аясы аралығындағы байланыстылықты білдіріп, көп салалы ұйым ретінде көрінеді.

Осыған  байланысты, кей экономистер «туризм индустриясын», «қызмет көрсету саласы ресурстарының идустриясы», яғни қызмет көрсететін салалар жиынтығы ретінде ұсынып, тұтынылған материалдар мен бейматериалды игіліктерді туристік қызметтер ретінде қарастыруды алға тартады.

 

 

1.3 Туризмнің территориялық аспектілері

 

Аудандастыруға  тікелей байланысты халық шаруашылық салаларын территориялық ұйымдастыру  мен жоспарлы реттеудің жетістіктері ғылыми дәлелденген. Туризмнің дамуы, оның материалдық-техникалық базаларын салу мен ұлғайту, туризмнің мақсаты үшін табиғи және мәдени-тарихи элементтерді тығыз пайдалану, олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық өміріне әсерінің өсуі, міне, осылардың барлығы территорияны туристік мақсатпен аудандастыру үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді.

Көптеген  авторлар мен ғылыми ұйымдар рекреациялық мақсат үшін аудандастырудың әдістемесі мен қағидаларын еліміздің көлемінде, сондай-ақ жеке аймақтарда да жасау  үшін күш салып келеді. Бірақ, аудандастырудың әдістемелік қағидалары жөнінде әзірге бірдей, сәйкес пікір жоқ. КСРО-да ең алғаш рекреациялық аудандастыру жөнінде ұсыныс жасағандар Б.Н.Лиханов пен В.С.Преображенский болды. Аудандастырудың шешуші шарты – бұл рекреациялық кәсіпорындардың орналасу тығыздығы мен олардың елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі рөлі болып табылады. Авторлар елді төрт рекреациялық зонаға, ал зоналарды тағы да шағын рекреациялық аудандарға бөлді.

Көптеген  елдерде туристік аудандастыруды рекреациялық және табиғи аудандастырумен шатастырады. Туризм – бұл таным процесімен байланысты әлеуметтік - экономикалық құбылыс, туризмнің бұл аспектісі келешекте кеңейіп, ұлғайатын түрі бар. Туристік аудандардың шекарасы әкімшілік аудандардың  шекарасы болады. Әкімшілік аудан дегеніміз - төменгі әкімшіліктік шаруашылық аудан, яғни бастауыш ұйым біздің елде территорияны экономикалық аудандастыруда қабылданған.

География әдебиеттерінде «туристік аудан» мен  «туризм ауданы» деген түсінікті  жиі шатастырады. Туристік аудан  дегеніміз белгілі бір территорияда жұмыс істеп тұрған бір туристік объект, ал туризм ауданы - туризмнің жайылу шеңберін көрсетеді. Туристік аудан экономикалық – географиялық  зерттеу объектісіне жатады. Туризм ауданы – сәлеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу объектісіне кіреді. Туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи – мәдени  және әлеуметтік – экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс - әрекеттер басымды болып келеді. Сонымен, туристік аудан  бұл  әлеуметтік – экономикалық категория.

Туристік  аудандардың бірқатар ерекшеліктері  бар:

  1. Туристік аудан – сипаты бойынша әлеуметтік болса, соңғы шектелу өнімі оқу ағарту. Оның өнімдері – халықтың физикалық және рухани күшін кең түрде қайта толықтыратын туристік қызметтер.
  2. Туристік аудандардың басқа салалық салалардан айырмашылығы – онда төрт түрлі қоғамдық қайта өндіріс қатар жүреді: өндіріс, айырбас, тарату және тұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі фазалар - өндіріс пен тұтыну арасында  уақыттық үзіліс жоқ. Бұл басты өнім, яғни алдын - ала жинақталмайтын туристік қызметерге жататын қасиет.
  3. Тау–кен, балық, орман өндірістік салалармен және ауыл шаруашылық аудандармен туристік аудандардың ұқсастығы–ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек.
  4. Көптеген туристік аудандарға тән қасиет табиғи ырғақтарға сәйкес болуы керек.

Информация о работе Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру