Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание

Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашалық формаларымен, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................5

Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды
басқарудың теориялық негіздері..............................................................8 1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18
1.3 Агроқұрылымдарды басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны
Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30

ΙΙ. Агроөнеркәсіп кешенін басқару нысаны ретінде талдау.
Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның
басқарылуы...................................................................................................48
ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің
дамуын талдау. ..........................................................................................59
ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары.
3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін өндірудің шикізаттық
базасын дамыту келешегі............................................................................68
3.2 ОҚО-да агроөнеркәсіптік өндірісін кластерлік жүйе
негізінде басқару..........................................................................................75
КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93

Работа состоит из  1 файл

агроөнеркәсіп (2).doc

— 621.00 Кб (Скачать документ)

Басқару қызметтері басқару  құрылымын қалыптастыруда басты рөл ойнайды. Бұл үрдіс аталмыш қызметтерді айқындап, тиісті бөлімшелерге (бөлімдерге, секторларға) немесе жекелеген басқарушы қызметкерлерге ұйымдасқан түрде жүктеуге негізделеді.

Агроөнеркәсіптік кешенді  басқару мен шаруашылық механизмін жетілдіру жөніндегі міндеттерді сәтті орындау, көбіне күллі басшылар мен мамандардың қолданыстағы басқару әдістерінің жүйесін білікті пайдалануынан тәуелді болады.

Басқару әдістері – алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу  үшін басқару үрдісін ұтымды ұйымдастыруға  қажетті шарттарды қалыптастыру, озық техниканы қолдану және еңбек пен өндірісті үдемелі ұйымдастыру, сондай-ақ, олардың тиімділігін барынша арттыру мақсатында басқарушы жүйенің (басшылардың ) басқарылатын жүйеге  (орындаушыларға) мақсатты ықпал ету  айла-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

Басқару үрдісі барысында  мазмұны мен сипаты, күрделілік деңгейі  мен өзіндік ерекшеліктері әртүрлі  көптеген міндеттер туындайды. Сондықтан, оларды шешуде басқарудың әртүрлі әдістерін  қолдану қажет. Әйтсе де мұндай әдістердің негізгі бағытталу нысаны болып өндірістік ұжым мен оның жекелеген мүшелері саналатындықтан, оларды топтастыру мен әр топқа тән ортақ қасиеттерді анықтау әбден мүмкін.

Басқару әдістерінің  кәсіпорын ұжымына немесе жекелеген  жұмысшыларға ықпалы уәждемеге, яғни ұжымның немесе жекелеген жұмысшының санасында қажетті бағытта жұмыс істеу ынтасының (қозғаушы стимулдың) бекем орналасуына байланысты болады. Жұмысшының  жүріс-тұрысын  айқындайтын факторлар  жүйесінде мүдделер мен қажеттіліктердің алатын орны ерекше. Қажеттілікті сезіну (талап, ақсат, т.б. түрде.) адамды әрекет етуге бағыттайды. Сол себептен басқару әдістерінің жекелеген жұмысшының немесе ұжымның мақсатқа сай әрекет етуін ұйымдастырудағы белсенді ролі, ең алдымен, тиісті қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

Басқару әдістерінің  бағыттылған қажеттіліктер  жиынтығы оның ынталық бағытын анықтайды. Басқару әдістерін жұмысшылардың  жүріс-тұрысына ынталандыру арқылы ықпал ету (өкімдік,моральдық, материалдық) сипатына қарай ұйымдық - әміршіл (әкімшілік) және әлеуметтік – психологиялық деп екіге жіктеуге болады.Олардың ынталандыру сипаттамасы 1-ші кестеде көрсетіледі.

 

 

 

1-кесте. Басқару әдістерінің  ынталандыру сипаттамасы

 

Басқару әдістерінің  жіктемелік сипаттамасы

Басқару әдістернің топтары

Ұйымдық- әміршіл

Экономикалық

Әлеуметтік- психологиялық

Жүріс-тұрыс әдістері

Еңбек тәртібі мен  басқаруды және борыштық сезімнің қажет  екендігін ұғыну белгілі бір  ұйымда еңбек етуге талпыну

Материалдық мүдде мен  пайда

Әлеуметтік- психологиялық (рухани) мүдде мен пайда 

Басқару жүйесндегі ықпал  ету сипаты

Тікелей

Жанама 

Жанама

Негізгі ықпал ету  арналары

Ұйымдық механизм: басқарудың ұйымдық құрылымы, еңбекті ұйымдық  мөлшерлеу және реттеу, кадр іріктеу, шешім қабылдау, т.б.

Экономикалық механизмдермен олардың құралдары: қаржы баға, жалақы, т.б.

Әлеуметтік механизмдер: топтар, жеке тұлға, жеке тұлғаның ролі мен мәртебесі, т.б.

Әдістерді таңдауда туындайтын шектеулер

Жоғарғы басшылықтың  құқықтық нормалары мен актілеріне және қолданыстағы ережелерге сәйкес болу.

Экономикалық заңдарға, нормалар мен нормативтерге сай  болу.

Моральдық ,әдептілік  нормаларына сай болу.

Тиімді қолдану шарттары

Басқару үрдісін жүзеге асырудың бірыңғай әдістемесін кешенді  пайдалану және әдістерді қолдану  тиімділігін жүйелік сараптау.


 

 

Басқарудың ұйымдық -әміршіл  әдістері, негізінен, еңбек тәртібін сақтау керектігін   ұғыну, заңға  бағыну, тәртіпке бойсұну, жоғарғы қызметтегі басшыларға бағыну сеілді т.б. жүріс-тұрыс  әдістерін қамтиды.Әкімшілік әдістердің көмегімен өндіріс пен басқару жүйесіндегі ұжымның және жекелеген жұмысшылардың  орны; олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері; өндіріс пен басқару үрдісіндегі өзара байланысты; іс-әрекеттерінің  үйлесімділігі; жұмыс тиімділіктерінің  бағасы  және  т.б. көрсеткіштер анықталады.

Ұйымдық-әміршіл әдістер  тікелей ықпал ететіндігімен  ерекшеленеді.Себебі, кез-келген реттеуші құжаттың немесе басқа да әкімшілік  актінің міндетті түрде орныдалуы  қажет. Ал, бұл ғылыми дәйекті шешім  қабылдауды, бұйрықтар мен тапсырмалардың орындалу барысын бақылаудың қолданыстағы жүйесін пайдалануды және реттеуші құжаттама талаптарының сақталуын талап етеді.

Барынша жоғары тиімділікке  қол жеткізу үшін материалдық  және моральдық ынталарға бағдарлы әдістерді қолдану қажет.

Басқарудың экономикалық әдістері басқару обьектісінің экономикалық мүдделеріне жанама әсер етуге және экономикалық заң талаптарын саналы түрде пайдалануға негізделген, әрі өндіріс ұжымы мен оның жекелеген мүшелерін еңбек етуге материалдық тұрғыдан ынталандыруға мүмкіндік беретін бүкіл айла-тәсілдерді біріктіреді.

Агроөнеркәсіптік өндіріс  саласындағы басқарудың барлық деңгейінде тиімді экономикалық механизмді қалыптастыру үшін шаруашылық дербестілігі  бар  экономикадағы орталықтандырудың  және оның құрылымдық бөлімшелерінің оңтайлы үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет.

Басқарудың әлеуметтік –психологиялық әдістері – жеке тұлға  мен ұжымның әлеумттік – психологиялық  қасиеттерін пайдалану және олардың  еңбек етуге саналы түрде жақындауға баулу арқылы адамдарға ықпал  жасау әдістері болып табылады.

Ұйымдық-құқықтық түріне қарамастан, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының  барлығы дерлік нарықтық экономика  жағдайында басқару қызметтерінің  мынадай үш бағытта жүзеге асуын  талап етеді:

- агроқұрылымдардың сыртқы  ортамен, атап айтқанда, өз өнімінің тұтынушыларымен, ресурс жеткізушілерімен, қызмет көрсетушілерімен, мемлекеттік органдармен, жергілікті басқармалармен және т.б. мекемелермен өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету;

- агроқұрылымдардың өндірістік  және қызмет көрсетуші бөлімшелері  арасындағы ұйымдық экономикалық байланыстарды құру және реттеу;

- агроқұрылымның әрбір мүшесінің  тиімді еңбек етуге материалдық  және моральдық тұрғыдан ынталануға, қатардағы жұмысшылардың басқару  ісіне қатысуға; яғни кәсіпорындардағы  жұмысшылардың жүріс-тұрысына қатысты мәселелерді шешуге деген қызығушылығын  тудыру механизмдерін қалыптастыру.

Ескі жүйе күйреп, аграрлық сала  қайта құруға бет алған кезеңде  ауылшаруашылығын басқару мен жаңа кәсіпорын түрлерін құру – шаруашылық жүргізу мен оны басқарудың бір-бірінен елеулі дәрежеде ерекшеленетін жоспарлы әдісінен нарықтық әдісіне өту сипатындағы, нарықтық қатынастардың негізгі бағытына айналды (2- кесте).

 

2-кесте. Ауылшаруашылық құрылымдарын  басқарудың жоспарлы және нарықтық  экономикалардағы негізгі ерекшеліктері 

 

Басқарудың негізгі  қызметтері

Әкімшіл-әміршіл экономика

Нарықтық экономика

өндірісті жоспарлау 

кәсіпорындардың өндіріс  көлеміне қатысты көрсеткіштері  жоғарғы басшылықтың нұсқауына  сай белгіленеді

өнім өндірісінің көлеміне  қатысты көрсеткіштерді агроқұрылымдар жоспарлайды.

өнім сатуды жоспарлау 

бақыланатын сандық көрсеткіштер  жоғарғы басшалақтың нұсқауына  сай белгіленед

нарықтық сұраныс негізінде  шаруашылықтар арқылы жүзеге асырылады.

материалды -техникалық жабдықтау 

бір орталықтан жүргізіледі

нарықтық баға бойынша дербес сатып алынады.

несиелеу

орталықтандырылған несие  ресурстарының есебінен және қарызды  өтеу мерзімін ұзарту, не мүлдем жойып  жіберу саясатын қолдану арқылы жеңілдікті несие берілед.

капитал  нарығында  қалыптасқан үстеме пайыз  бойынша коммерциялық банктер несие береді.

баға қою 

мемлекеттің сатып алу  және реттелетін көтерме бағалары арқылы белгіленеді

еркін нарықтық баға.

өнім өткізу

мемлекттік сатып алушы  ұйымдар мен өңдеуші кәсіпорындар арқылы жүргізіледі

тұтынушыларды өз бетінше іздейді

кәсіпорын мен басшыларының іс-әрекетін бақылау 

мемлекеттік органдар мен  ауыл шаруашылық басқармалары бақылайды

салықтық және басқа  да бақылаушы-инспекциялық қызметтер  атқарады.

ауыл шаруашылық құрылмдарының  басшыларын таңдау

ұжымдық шаруашылықтарда-формальды түрде сайланады, мемлекеттік шаруашылықтарда-мемлекеттік органдар тағайындайды.

Мемлекеттік қазынашылық

кәсіпорындарда –  атқарушы органдар тағайындайды, мемлекеттік  емес кәсіпорындарда – сайлау арқылы немесе меншік иелерін сайлайды.

агроқұрыдлымдардың

әлеуметтік инфрақұрылымын басқару 

әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындардың құрамында болып, мемлекеттік басқару объектісі  ретінде қарастырылады 

әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорын құрылымынан шығарылып  тасталып, басқару ісі жергілікті басқару органдарына беріледі.


 

Кез-келген елде аграрлық саланы басқару жүйесін құру кезінде  сол елдің өзіне тән, қайталанбас  климаттық жағдайлары мен тарихи жолы негізге алынғанымен, ғылыми талдауда көбіне жалпы үрдістер қолданылады.

       Ауыл  шаруашылығының сала ретіндегі қасиеттеріне қарай ондағы  

басқарудың да мынадай  өзіндік белгілері мен ерекшеліктері  кездеседі.

Біріншіден, ауыл шаруашылығындағы  өндірістік айналымдар (циклдер) мен  олардың  ұзақтығы биологиялық үрдістердің  табиғи өрістеуімен тікелей байланысты. Айналма құралдардың (тұқым, азық, және т.б.) белгілі бір бөлігі  тікелей шаруашылықтарда ұдайы өндіріледі. Ауыл шаруашылық  өнімдерінің  басым бөлігі күздігүні  өткізілуіне байланысты ақшалай түсімнің шаруашылықтардың есеп шоттарына түсуі осы уақытқа сәйкес келетіндіктен, ауыл шаруашылығында  несиелер мен көмек қарыздар ұдайы өндірістің экономикалық тұрғыдан қажетті құралы әрі өндірісті басқару әдісі ретінде рөл атқарады.

Екіншіден, қазіргі уақытта  ауыл шаруашылық еңбегінің техникалық ресурстармен жабдықталу деңгейі мен ауыл шараушылық мамандарының біліктілік дәрежесі өнеркәсіптік деңгейден едәуір төмен. Ауылда тұратын және ауыл шауашылығымен айналысатын тұрғындар саны обьективті себептерге байланысты азайып барады.

Үшіншіден, әрбір шаруашылықтағы жұмыстың аймақтық ерекшеліктеріне байланысты, нарық жағдайындағы  өндірістің ұтымды  құрылымын, егістік алқаптар мен мал басы құрылымын белгілеудің бірыңғай тәртібін ұсыну, жұмыстардың қажетті айналымдары мен орындалу мерзімдерін және тағы басқаларын алдын ала білу жалпы мемлекеттік ауқымда мүмкін емес.Бүкіл осы және басқа да мәселелерді  тек қана әрбір шаруашылықтың жетекшілері мен мамндары дұрыс әрі ақылға сай шеше алады. Бұл ұстанымды бұзу өндірістік –қаржылай іс-әрекеттің нашарлауына, ауыл шаруашылық  құрылымдарының жетекшілері мен мамандары жауапкершілігінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Төртіншіден, басқару  ерекшелігі ауыл шаруашылық өндірісінің  маусымдылығына да байланысты. Ауыл шаруашылық  құрылымының басшысына жұмысшы  күшін бүкіл күнтізбелік  жыл  бойына толық жұмыспен қамту міндеті  жүктеледі.Бұған қосалқы кәсіпорындар мен кәсіптерді және т.б. ұйымдық салаларды ұтымды ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі.

Бесіншіден, басқару әрбір  шарушылықты жеткілікті ресурстармен , қорлармен және қажетті өндірістік, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету тиіс.Мәселен, ауыл шаруашылық өнімінің жалпы өндіріс көлемін жоспарлаған кезде оларды өткізу көлемін ғана емес, шаруашылықтың тұқым, азық және тағы басқаларға деген қажеттілігін де, сақтау қорын да негізгі алу керек.

Ауыл шаруашылық экономикасын басқару мәселелерін қарастырған  кезде аграрлық өндірістің бүкіл салалар арасындағы мәртебесін асқақтататын төмендегі ерекше қасиеттерін әрдайым есте сақтау керек.

1. Өндірістің және  негізгі өндірістік факторлардың, бірінші кезекте жердің қозғалымсыздығы.  Кнопканы жай басу арқылы станокты  өшіруге немесе қысқа мерзімде оқыту арқылы жұмысшыны басқа өндіріс бөліміне ауыстыруға мүмкіншілігі бар басқа салалардан айырмашылығы- ауыл шаруашылығында  мұндай мүмкіндіктер болмайды. Жерге белгілі бір өсімдіктерді егуге даярланады, тыңайтқыштар себіледі, ауыспалы егіс қадағаланады, тұқым қоры дайындалады. Зауыт қуаттылығын жаңа станоктарды сатып алу арқылы ұлғайтқандай, егістік алқаптарды ұлғайта алмайсың, елеулі шығындарсыз да бидайдан артық өнім ала алмайсың. Сүтті мал табындары жылдар бойы бағылады және оның өнімділігі жем беруден тыс, экономикалық факторлар әсеріне ұшырамаған малдардың генетикалық ерекшеліктері мен анықталады.

Ауыл шаруашылық өнімдері көпшілік жағдайда тез бұзылады және жұмыстардың дер кезінде орындалуын талап етеді, бұл оның экономиканың  басқа салаларымен салыстырғанда осал тұсын көрсетеді.

2.Аграрлық нарықтың  жоғары бәсекелестік деңгейі  ауыл шаруашылық өнімдерінің  тәуелсіз өндірушілерінің елеулі  санымен қамтамасыз етіледі. Олар  әрқилы жағдайда жұмыс істей  отырып, өз өнімдерінің саны, түрі  және көлемі жағынан әртүрлі табыстық деңгейіне қол жеткізеді. Өндірісті шоғырландыру үрдісі көп нәтиже бермейді және өте баяу жүреді. Ауыл шаруашылығына дәлелденбеген және тексерілмеген жаңалықтарды енгізу үрдісі бәсеке арқылы реттеліп отырады. Мұнда дақыл өнімділігін арттыруға бағытталған іс- шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде еңбек шығындарының азаюы және жылдық айналымның қорытындысы бойынша анықталатын шаруашылық табыстың өсуі секілді көрсеткіштер соңғы нәтиже ретінде қаралады.

3. Негізгі өндірістік факторлардың реттелмегендігі және дауыл, су тасқыны, егістік алқаптардың үсік шалуымен суға батуы, мал арасында жұқпалы аурулардың таралуы секілді т.б. кездейсоқ апаттардан қорғанбағандығы салдарынан  өндірістің жоғары тәуекелділігі. Егілген дақылдардың өнімділігіне күннің жылына бастау мезгілі, өсімдіктердің өсіп-өнуі кезіндегі жауын-шашын мөлшері, аурулардың, егін жаулары мен арамшөптердің бар болуы секілді көптеген факторлар кездейсоқ кері әсерін тигізеді.Осылардың бәрі сақтандыру жарнасын көбейтуге және ерекше шарттармен несие беруге әкеліп соқтырады.Табиғи факторлардан шегілген зиянның орнын толтыру  үшін мемлекеттік қолдау мен реттеу сипатында мемлекеттен көмек сұралады.Сондай-ақ, ауыл шаруашылық тауарларының сұранысы мен бағасының  тұрақсыздығы да өндіріс тәуекелділігін арттырады.

Информация о работе Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары