Бағдарлама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:32, доклад

Описание

Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

Работа состоит из  1 файл

БАҒДАРЛАМА ИНФРА.docx

— 110.27 Кб (Скачать документ)

  

 

Атауы 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы 

  

Әзірлеу үшін негіздеме 

 Қазақстан Республикасы  Президентінің 2006  жылғы  1  наурыздағы "Қазақстан  өз  дамуындағы жаңа  серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан  халқына    Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының 2005 жылғы 21 қарашадағы № 01-7.8 хаттамасына сәйкес әзірленді   

Әзірлеуші 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі  

  

Мақсаты  

Экономика мен халықтың көлік қызметіндегі қажеттіліктерін  толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникация кешенін озыңқы дамыту   

  

Стратегиялық  міндеттер  мен қағидаттар 

 Қазақстанның  көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі; 

 сыртпен кіріктірілген бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру; 

қазіргі заманғы  перспективалы ұлттық көлік инфрақұрылымын құру; 

транзиттік әлеуетті дамыту және тиімді пайдалану;  

көлік процестерінің  ең жоғары тиімділігіне  қол жеткізу  және ішкі, транзиттік және экспорттық-импорттық қатынаста түпкі өнім құнындағы көлік құрамдасын төмендету;  

ұлттық көлік заңнамасын өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде халықаралық құқық нормаларының, стандарттарының талаптарымен үйлесімді ету;                                 

бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайту және өңіраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ көліктік қол жетімділікті экономикалық даму мен әлеуметтік тұрлаулылыққа кепілдік беретін деңгейде қамтамасыз ету; 

инновациялық технологиялар  мен инфрақұрылымды  кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктегі оқиғалардың санын және ауыртпалығын төмендету; 

экологиялық қауіпсіздікті және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; 

көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру 

  

Іске асыру мерзімі 

2006-2015 жылдар 

                                     

1 кезең – 2006-2010 жылдар 

2 кезең – 2011-2015 жылдар 

  

Қажетті ресурстар  

және қаржыландыру көздері  

Қажетті ресурстар  және қаржыландыру көздері көліктің әрбір түрі бойынша салалық бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту кезінде айқындалатын болады 

  

Күтілетін  

нәтижелер 

Көлік жүйесін жұмыс істеудің сапалық жаңа деңгейіне көшіру жүзеге асырылатын, оңтайлы көлік жүйесі қалыптастырылатын болады.  

Қазақстанның көлік  кешені әлемдік көлік жүйесіне үйлесімді кірігетін болады. 

Қолайлы инвестициялық  ахуал жасау арқылы  көлік кешенінің  барлық ұзақ мерзімді активтері жаңартылады, еңбекті ұйымдастыру мен өндірістік процестің прогрессивтік технологиялары енгізіледі, отандық салалық өндірістер құрылады. 

Көліктің барлық түрі өзара үйлесімді жұмыс істейтін болады. Интермодальдық тасымалдардың көліктік-логистикалық орталықтар жүйесі жасалады. 

Көлік жүйесінің тиімділігін арттыру оны қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілетті элементіне айналдыруға мүмкіндік береді. 

Экономика мен халықтың қажеттіліктерін сенімді де қауіпсіз көлік қызметтерімен қамтамасыз етудің  ең жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Көліктің техногенді және экологиялық қауіпі төмендейді. Қоршаған ортаны ластаудағы көліктің үлесі 2,5 есе төмендейді. 

  

  

Көліктегі технологиялық  және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жетілдірілетін болады, бұл Қазақстан Республикасы                            экономикасының тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін болады. 

Отандық жүк тасымалдаушылар  мен елдің көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігі артады.  

Көлік жүйесінде және көлік саласымен аралас салаларда қосымша жұмыс орындары құрылатын болады. 

Түпкі өнім мен қызметтер  құнындағы көлік құрамдасы 6,9 %-ға төмендейді, отандық экспорттың бәсекеге қабілеттілігі артады. ІЖӨ-дегі көліктің үлесі (жеке автомобильдерді қоспағанда) 7,9 %-ды құрайды (2005 жылы – 11 %). Индустрияық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды және аумақтық даму перспективаларын ескере отырып, экономиканың жүк қажеттілігін 5 тонна – километр/ доллар ІЖӨ-ге дейін төмендету жоспарлануда. 

Жолаушы (1,5 есе) және жүк (2 есе) айналымының елеулі өсуі қамтамасыз етілетін болады. 

Республиканың елді мекендерінің (1,1 мың бірліктен астам) тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етілуі артады. 

Қазақстан Республикасының  аумағы арқылы транзиттің көлемі: 

9, 364 млн. тонна  жүктен (2005 жылы) 32,2 млн. тонна жүкке  дейін; 

84,7 млн. ұшақ-километрден (2005 жылы) 190,0 млн. ұшақ-километрге дейін, 

сондай-ақ   транзиттік қозғалыстан кіріс 3 есе – 46,3 млрд. теңгеден (2005 жылы) 136,3 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды. 

Стратегияны іске асыру  Қазақстан экономикасын дамытуда жалпы  оң әлеуметтік-экономикалық нәтижеге ие болады және  Қазақстан  Республикасының  Индустриялық-инновациялық  дамуының  2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы және Қазақстан  Республикасының  ауылдық  аумақтарын  дамытудың  2004-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  секілді бағдарламалық құжаттарды іске асыруға айтарлықтай жәрдемдесетін болады 

КІРІСПЕ 

  

Қазақстан экономикасы  өсуінің жоғары қарқыны  ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделген  дамуының өз моделін құру мен іске асырудың  тиімділігін дәлелдейді.   

Мемлекет  дамуының  ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі  құжат  Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады. 

Қазақстанда қабылданған  Қазақстан  Республикасының  Индустриялық-инновациялық  дамуының  2003-2015  жылдарға  арналған стратегиясы1 (бұдан  әрі – Индустриялық-инновациялық  даму  стратегиясы) бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда.  

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы  мемлекеттен  экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.  

Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің көлік инфрақұрылымы дамуының дәрежесіне байланысты. Осыған орай, өңірлердің көлік жүйесін теңгерімді дамыту және орталықсыздандыру үрдісінің сақталуымен көлік қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерінде орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі барынша өзекті болып табылады. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының  (бұдан әрі - Стратегия) жалпы мемлекеттік маңызы бар, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2006  жылғы  1  наурыздағы "Қазақстан  өз  дамуындағы жаңа  серпіліс жасау қарсаңында"  Қазақстан  халқына  Жолдауында өз көрінісін тапты.  

Көлік қызметтері оларды алушыларға, атап айтқанда халықтың,  экономиканың мұқтаждықтарына,  сондай-ақ елдің бірлігін, қорғанысы мен  қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. 

Негізгі стратегиялық құжаттарды дамытуға әзірленген, Қазақстан  Республикасының аумағы бойынша  транзитік тасымалдардың тиімділігін  арттыру, көлік қызметтеріне қазіргі  және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру, олардың сапасын жақсарту үшін көлік  кешенін озыңқы дамытуды басты мақсат етіп айқындаған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының 2008 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы2 көлік кешенін дамытудың бастамасы болды. 

Сонымен бірге, қол  жеткізілген нәтижелер көрсетілген  құжаттың қолданыстағы салалық дамыту бағдармалары үшін негіз құра және бірқатар салалық   заңдарды  әзірлеу  мен қабылдауды қамтамасыз ете отырып, негізінен өз  

миссиясын орындағанын  куәландырады. Таяу жылдарда дағдарыстық  шекке жеткізуі мүмкін, көліктің барлық түрлері негізгі қорларының тозу қарқыны мемлекеттен оларды жедел  қалпына келтіру мен жаңғыртуға бағытталған жаңаша жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді. 

Жаһандану жағдайында Қазақстанның  кеңбайтақ  аумағын  ескере отырып,  экономиканың және  мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігі  көбіне көлік-коммуникация кешенінің  тиімді  қызметіне  байланысты болады. Мемлекеттік көлік және транзиттік  саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялы көлік инфрақұрылымы отандық  тауарлардың, қызмет көрсетулердің және  тұтас экономиканың   бәсекеге қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады. 

Стратегия дамуы  мен  тиімді жұмыс істеуі  елеулі дәрежеде мемлекеттің саясатына  байланысты болатын көліктің темір жол, автомобиль, қалалық жолаушылар, әуе және су көлігі түрлерін қамтиды. Қазіргі жағдайда көлік Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. 

Республиканың қалалары мен  елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік мемлекеттің аумақтық және әкімшілік  тұтастығын қамтамасыз етуде, оның қорғаныс қабілеттілігі  мен қауіпсіздігінде негізгі  рөл атқарады. 

Стратегия   елдер  арасындағы өсіп отырған сауда байланыстарын пайдалы, сенімді және қол жетімді транзиттік бағыттармен қамтамасыз етуге бағытталған.   Стратегия шеңберінде негізгі көліктік магистралдар мен байланыстырушы бағыттардың меридиандық және ендік орналасуының жаңартылған моделі қолданылатын болады. 

  

  

Стратегия қолданыстағы және жаңа «түзетуші» көлік жолдары  мен  инфрақұрылымдық объектілерді көлік құралдарының барлық түрін бір мезгілде  жаңарта отырып,  жаңғырту  мен  құруды көздейді.  

Мұнай-газ саласының  ерекшелігін ескере отырып,   құбыр  көлігін дамыту қолданыстағы Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы3 және  Қазақстан Республикасының газ  саласын 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы4  шеңберінде жүзеге асырылады.  

Стратегия мемлекеттік  көлік саясатының 2015 жылға дейінгі басым бағыттарын белгілейді және көлік жүйесінің кешенділігі мен біртұтастығын қамтамасыз етуге және тиісті салалық бағдарламаларды әзірлеу үшін негіз қалауға тиіс саяси-экономикалық және ұйымдастыру-құқықтық шаралардың, принциптердің, көлік инфрақұрылымы мен транзиттік саясатты дамыту басымдықтарының жиынтығын білдіреді. 

  
 
 
 

  
 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  
 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ  

    КЕШЕНІНІҢ   ҚАЗІРГІ  ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ 

  

Көліктің жай-күйі мен дамуы Қазақстан Республикасы  үшін ерекше маңызға ие. 

Қазақстанның географиялық ерекшеліктері (кең-байтақ аумағы, теңізге шығатын жолының болмауы, елді мекендерінің және табиғи ресурстарының біркелкі орналаспауы) көлік жүйесіне жоғары тәуелділіктің себебі бола отырып, оның экономикасын әлемдегі барынша жүк қажеттілікті экономикалардың  бірі етеді. 

Еуропа мен Азияның  тоғысында  орналасқан  Қазақстан  Азия елдеріне Ресей және Еуропамен  географиялық жағынан баламасыз  жер үсті көлік байланысын  ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік  әлеуеті де өсуде.  Аса көлемді өткізу  нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын  перспективалы етеді. 

Информация о работе Бағдарлама