Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61
Өткен жылмен салыстырғанда республикада жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады, 2011ж. ол 5,4%-ды құрады. Соңғы 10 жыл ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны 2,6-2,7 миллион адам шеңберінде қалып отыр, бұл елдегі еңбекке қабілетті жастағы халықтың төрттен бірін немесе экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 30%-дан астамын құрайды. Бұл ретте, қазіргі санның 70,5% өз бетінше жұмыспен қамтылған халық елдің ауылдық жерлеріне келеді, ал 29,5% – қалаларда.[30]
Ауыл мен қала арасындағы өмір сапасын теңестірудің басқа да аспектілері - сапалы және әртүрлі тамақтану, қызметтер саласының дамуы. Басқаша айтқанда, бұл үстіңгі бөліктегі бағыттар, оларда табысқа жеті елдің әлемдік рейтингтердегі позициясын жасқартуы мүмкін.
Алайда көбінесе халықаралық рейтингтер Қазақстанға қатысты өмір сапасын өзінің бағалауларында жеткілікті объективті емес. Әрине, Қазақстандағы және Еуропа елдеріндегі өмір сапасы индекстері әзірге салыстырып өлшеуге келмейді. Жоғарыөмір сапасыадам айлық жалақысына өзінің барлық ағымдағы физикалық және зияткерлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне ие болады және бұл ретте оның ұзақ мерзімді пайдалануға арналған заттарға инвестициялар үшін қаражаттары болады дегенді болжайды. Мұндай схема бойынша өмір сүру әрекеті адамды ортқа топқа жатқызуға мүмкіндік береді. Орташа, еуропалық елдерде орта топ барлық халықтың шамамен 60%-ын құрайды. Қазақстандағы бұл сан «Эксперт Консалт» зерттеуінің деректері бойынша шамамен 10%-ды құрайды.
Алайда, оның үстіне Қазақстанның Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдерден төмен позицияларды иеленуі күмәнді көрінеді, біздің еліміз көрсетілген елдерден тек қана экономикалық даму деңгейі бойынша емес, сондай-ақ, қоғамдық қатынастардың даму дәрежесі бойынша, азаматтық еркіндіктер деңгейі бойынша асып түседі.
Халықаралық рейтингтердің объективтілігіне осындай компаративтік зерттеулерде жеке мемлекеттердің ерекшелігін ескермейтін сыңаржақ рәсімдердің жиі пайдаланылуы әсер етеді, ал қорытындылар барлық елдерге таралады.
Осылайша, мұндай зерттеулерге жергілікті ерекшелікті ескере отырып, байыппен қарау керек жеген қорытынды шығады.
Өмірсапасының деңгейін анықтайтын халықаралық рейтингтердің көрсетілген кемшіліктеріне қарамастан басқа мемлекеттермен салыстырғанда елдің дамуын объективті бағалауға мүмкіндік беретін салыстырмалы талдауға жүгінбеуге болмайды. Сондықтан ағымдағы жылдың шілдесінде үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдегендей Қазақстанда Өмір сапасының стандарты енгізілетіндігі таң қалатын жағдай емес. Оның айтуы бойынша ағымдағы жылы Қазақстанда Өмір сапасының стандартын енгізу шеңберінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуді аяқтау жоспарланады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша ең төменге әлеуметтік стандарттар ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы мөлшерлері, зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақыларды жетілдіру бойынша тұжырымдама жобасы дайындалатын болады.
Бұл шешімде қолдау ретінде қазіргі заманғы мемлекет тек қана оның экономикалық саясаты азаматтардың өмір деңгейі және сапасының өсуіне өзінің бағдары болу шартымен дамуы мүмкін екендігі туралы деректемені келтіруге болады. Адам капиталы теориясына сәйкес халықтың еларалық көші-қоны қоныстанушының болжанатын қоныстану ауданында оларды өзгерту мүмкіндігімен қолда бар өмір деңгейі және сапасын ұтымды салыстыруына және мұндай қоныс аударудан күтілетін пайданы бағалауына негізелген. Мемлекеттің азаматтарына өмірдің қанағаттанарлық деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге қабілетсіздігі осылайша, «ми ағысы» нысанында теріс көші-қон теңгерімін қалыптастырады. Соңғысы ең алдымен, еңбек ресурстарының сапасында теріс көрініс табады және экономикалық өсу және экономиканың шикізат бағытынан кету перспективаларын болдырмауы мүмкін. Осы теорияны бүгінде Қазақстанда сыртқы көші-қон сальдосы біршама жылдар ішінде оң шамаға ие болғандығы растайды. Мәселен, 2011 жылдың қорытындылары бойыншаелге 38 004 адам кірген, ал кері бағытта 32 902 адам шыққан, көші-қонсальдосы осылайша, 5 102 бірлікті құрады [30]
Қазақстандағы
өмір сапасын сипаттайтын
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау мақсатында мемлекеттік даму бағдарламаларын, оның ішінде «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында қабылданған стратегияны (өңірлік даму, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық саласы қызметтерінің сапасы және қол жетімділігі, көліктік инфрақұрылым, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық жағдай, демократиялық даму, саяси тұрақтылық, бос уақытты және демалысты ұйымдастыру, туристик саланы дамыту және т.б.) толық қарастыру қажет.
Осылайша, одан
әрі біз өмір сапасының даму дәрежесін
сипаттайтын қарастырылған көрс
Қазақстандағы өмір сапасын талдау және бағалау шеңберінде қарастырылатын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар және стратегиялар тізбесі.
Келесі қадам қолданыстағы даму бағдарламаларында және стратегияларда анықталған міндеттерді іске асыру тұрғысында халықтың өмір сапасыының көрсеткіштерімен индикаторларының көріну дәрежесін анықтау болады.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауы
Жолдауда ресми
жариялау тәртібінде зерттеліп отырған
тақырыпқа тікелей қатысты
Жолдау мәтіні экономиканы нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағы бағытталған бір-бірімен байланысты емес міндеттер түрінде баяндалады.
Іске асырылуы Қазақстан Республикасы халқының өмірнәнің сапалық көрсеткіштерін арттырумақсатын көздейтін міндеттерді бөліп қарастырамыз. [9]
Бірінші тармақта жұмыспен қамтылу туралы сөз болады. Жұмысқа орналастыру саласындағы мынадай үш маңызды міндетке назар аударылады: оқытудың және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің тиімді жүйесін құру; ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, Қазақстан экономикалық белсенділік орталықтарында басым жұмысқа орналастыру. Жұмыспен қамтылудың барынша толық көрсеткіштері «Жұмыспен қамту 2030» мемлекеттік бағдарламасын талдау кезінде қарастырылды.
Екінші. Қолжетімді баспана. Президент қол жеткізу керек мынадай көрсеткіштерді санамалап көрсетті:
Халықты тұрғын
үймен қамтамасыз ету мінеттерін
шешу үшін сондай-ақ, төменде қарастырылған
Қазақстан Республикасындағы
Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа
қарсы әрекет етудің және азаматтардың
мемлекеттік органдардың
Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелері жаңғырту. Төртінші тармақ сияқты міндет билік органдарына халық сенімін арттыруға бағытталған.
Жетінші. Қазақстандағы адам капиталының сапалық өсуі. Президент бұл міндетті тікелей біліммен және денсаулық сақтаумен байланыстырды. Бұл бағытты іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Көрсетілген бағдарламалар осы есепте халықтың өмір сапасын арттырумен байланысты нысаналы индикаторларды талдау мәнінен қарастырылды.
Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.
Индустриаялық-инновациялық даму шеңберінде жобалардың әлеуметтік маңызы тек қана қосымша жұмыс орындарын құруды, жаңа кластерлерді дамытуды емес, сондай-ақ, айтарлықтай дәрежеде болашақты экономиканы әртараптандыруды білдіреді. Жолдаудың бұл тармағы осы сәтте үлкен үлесін табиғи ресурстарды пайдаланудан табыстар алатын Қазақстан экономикасының даму деңгейіне, сондай-ақ, мұндай жағдайдың соңғы жылдардағы тұрақтылыққа және адам дамуының тұрақтылығына елеулі әсер ететіндігіне тікелей қатысты.
Тапсырмалардың қалған топтамасын Президент іске асырылуы он мыңдаған біліктілігі жоғары жұмыс орындарын құратын, сондай-ақ, елдің мұнайға тәуелділіктен кетуіне ықлап ететін экономикалық жобаларды іске асыру саласында атап өтті, сондықтан бұл топтама қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ретінде анықталады.
Оныншы. Ауылшаруашылығын дамыту.
Өмірдің сапалық көрсеткіштерін арттыру тұрғысында ауылшаруашылығы саласын дамыту мынадай жетістіктерге алып келеді:
Біріншіден, тамақ
өнімдерінің сапасында және олардың
бағасында жақсы жағынан
Екіншіден, тағы да ауылда қосымша жұмыс орындарын құрады;
Үшіншіден, қала және ауыл тұрғындарының өмір сапасы арасындағы теңгерімсіздікті түзетеді.
Осылайша, Жолдау өнеркәсіп, қаржы жүйесі, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру жүйесі мәселелерін қозғағанымен, өмір сапасы көрсеткішімен келтірілген Жолдау мәтінін талдау және жасау соңғысының көрсетілген әлеуметтік сипатқа ие екендігі және ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған стратегиялық әлеуметтік мәселелерді шешуге бағдарланғаны анық.
Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы [15]
Өмір сапасын қарастыру тұрғысынан маңыздылығы жағынан бірінші баңдарлама сөзсіз ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған құжат – 2011 – 2015 жылдар аралығында іске асырылуы есептелген «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
Осы бағдарламаның
денсаулық сақтаусаласындағы
Осы бағдарламаның сандық нысаналы индикаторларын қарастырамыз. Соңғыны іске асыру халықтың күтілетін өмірдің ұзақтығын 2013 жылға қарай 69,5 жасқа дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғайтуды көздейді. Бұл бағытта нәтиже айқын: егер 2010 жылдың нәтижелері бойынша көрсеткіш 68,4 жасты құраса, 2011 жылы – 69,0 болды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда жыныстар арасындағы көрсеткіштің айырмашылығы 2011 жылы 0,2 жасқа (2,4 ай) азайды.
Бағдарламаны құрастырушылар ана өлімінің төмендеуінің нысаналы көрсеткіштерін белгілеу кезінде сақ болды: 2013 жылға қарай 100 мың тірі туғандар 28,1 дейін, 2015 жылға қарай 24,5 дейін жеткізу жоспарланған болатын. Шын мәнінде бұдан бұрын қабылданған шаралар, сондай-ақ, өзге де факторлар бұл көрсеткішті күрт жақсартты және 2010 жылдың өзінде ол 100 мың тірі туғандарға 22,7, ал 2011 – 17,4 құрады, бұл ретте 2009 жылы өлім-жітім 36,8 болған еді.
Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы