Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61
1. Өмір сапасы елеулі
дәрежеде жеке тұлғалардың
2. Өмір сапасы көп шамалы ұғым болып табылады. Жоғарыда атап көрсетілгендей, өмір сапасы ұғымы тек қана адамдардың табыстарына және материалдық өмір шарттарына назар аударып қоймай, сондай-ақ, адам қызметінің бірден бірнеше салаларын бір уақытта қарастыруды талап етеді.
3. Өмір сапасы объективтік және субъективтік өлшем бірліктермен өлшенеді. Субъективтік және мінез-құлықты қабылдау жеке адамның жеке мақсаттар және бағдарларын анықтауда ерекше мәнге ие. Жеке қабылдау және бағалау оның үстіне олардың объективтік өмір шарттарымен байланыстылығымен құнды болып табылады. Өмір сапасын өлшеудің екі әдісін қолдану барынша толық көріністі береді.
Алдыңғы зерттеулерге сүйене отырып, Қор зерттеу үшін алты негізгі саланы таңдап алды. Оларға мыналар жатады:
• жұмыспен қамтылу;
• экономикалық ресурстар;
• отбасылар және үй шаруашылығы;
• қоғамдық өмір және әлеуметтік белсенділік;
• денсаулық және денсаулық сақтау;
• білім деңгейі және білім.
Кеңейтілген Еуропаға арналған стратегия
Еуропаның өмір сапасы тәсілінің
негізіндеге екі негізгі
1. ЕО стратегиялық мақсаты
– тұрақты экономикалық өсуге
қабілетті, біліктілігі жоғары
жұмыс күшіне ие ең бәсекеге
қабілетті, серпінді және
2.Тұрақты кеңейту нәтижесінде бүгінде Еуропалық одаққа 27 ел кіреді, мынадай 6 ел үміткерлер мәртебесіне ие: Исландия, Македония, Сербия, Түркия, Хорватия және Черногория. Одаққа кірмеуді дұрыс көрген Батыс Еуропаның үш мемлекеті ішінара одақтық экономикаға қатысады және мынадай кейбір директиваларды ұстанады: Лихтенштейн және Норвегия Еуроплық экономикалық аймақ арқылы жалпы нарыққа кіреді, Швейцария соңғыларымен екіжақты шарттар жасасып, ұқсас қатынастарға ие. Еуропаның шағын мемлекеттері: Андорра, Ватикан, Монако және Сан-Марино евроны пайдаланады және кооперация туралы әртүрлі шарттар арқылы одақпен қарым-қатынаста. Осылайша, бүгінде біріккен Еуропа өмірдің мәдени және әлеуметтік шарттарындағы үлкен әралуандықтар алаңы болып табылады және бұл әралуандықтың бірыңғай өлшеуіші түбінде, одақ мемлекеттерінің әлеуметтік бірігуін нығайтуды ықпалдастыруға ықпал ету.
Еуропалық қордың зерттеуі сегіз негізгі сәтті қарастыруға негізделген. Олардың алғашқы алтауы объективтік мән-жайларды, соңғы екеуі субъективтік мән-жайларды қарастырады:
1. Экономикалық жағдай.
Қоғамдағы табыстарды бөлу және жіктелу бүкіл Еуропа бойынша айтарлықтай алуан түрлі. Бұл әлеуметтік біріккен Еуропалық қоғамды қалыптастыру мақсатында байланыстырылған өте маңызды мәселе.
2. Тұрғын үй мәселесі және қоршаған орта.
Бұл фактор материалдық ресурстарды және елдің ұзақ мерзімді қауіпсіздігін сипаттайды. Тұрғын үй шарттары және қоршаған орта өмір сапасын қалыптастыру кезінде бірдей дәрежеде маңызды.
3. Жұмыспен қамтылу, білім және машықтар.
Жұмыс орындарының жоғары сапасы әлеуметтік ықпалдастыру үшін шешуші мәнге ие және адамдарды және үй шаруашылықтарын кедейліктен қорғаудың маңызды құралы болып табылады. Сапасы жақсы көп жұмыс орындарын құру еуропалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді және ЕО жұмыспен қамту саласындағы саясатының негізгі мақсаты болып табылады. Гендерлік теңдікті ілгерілету саясаты сондай-ақ, әсересе Одақты кеңейту тұрғысынан жұмыспен қамтудың еуропалық стратегиясы үшін маңызды
4. Үй шаруашылықтарының құрылымы және отбасылық қатынастар.
Отбасы және онымен байланыстының барлығы жеке тұлғалардың әл-ауқатына айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді және олардың қорғалу және тиесілілік сезімін анықтайды. Ерлер және әйелдер үшін мінез-құлықтың әртүрлі үлгісі олардың отбасылық және үй шаруашылығындағы орнын анықтауды жалғастырады. Еңбекті гендерлік еңбек бұрынғысынша адамдар отбасындағы үй бойынша негізгі міндеттерін реттейді.
5. Жұмыс және жеке өмір арасындағы теңгерім.
Жұмыс және махаббат, Фрейдтің пікірі бойынша уақыты бойынша бөлінген жеке тұлғаның екі қыры болып табылады. Бұдан өзге, отбасы тек қана мұндай жеке қатынастарды емес сондай-ақ, ескішілдікке негізделген жұмысты білдіреді, сондықтан "отбасылық жұмыс махаббат жұмысы болып табылады". Эмоциялық профиттер жұмыста және жеке өмірде орын алады. Отбасылық және ақы төленетін жұмысты үйлестіру мақсаты өткен кезеңде еңбекті гендерлік бөлу болды, бірақ бұл тәсіл қазіргі уақытта тек қана әйелдер тарапынан емес, сондай-ақ, ерлер тарапынан күмән туғызуда. Осыған байланысты жұмыс және жеке өмір арасындағы жаңа теңгерім табылуға тиіс
6. Денсаулық және денсаулық сақтау.
Жақсы денсаулыққа
ие болу жеке саулықты сезінудің міндетті
шарты болып табылатындығы
7. Субъективтік саулық.
Өз өміріңінің сапасын субъективтік бағалау өмір сапасының бұрын қалыптасқан көрінісін түзетуі мүмкін маңызды фактор болып табылады. Бұл санат сауалнамалар нәтижесінде бағаланады.
8. Қоғамның қабылданатын сапасы.
Өмірсапасын қабылдау сондай-ақ, Еуропаның әртүрлі елдері азаматтарының өздерінің саяси институттарына сенім дәрежесімен байланысты болуы мүмкін. Бұл ретте, одақ азаматтарын әлеуметтік және этникалық белгілері бойынша бөлу айтарлықтай маңызды болып табылады. Зерттеу нәтижелер әлеуметтік топтар арасындағы ауыртпалықты қабылдау ЕО ескі және жаңа мүшелерінің арасында өзара ерекшеленетінін көрсетеді.
Баяндаманың қорытынды бөлігінде сауалнаманың негізгі нәтижелері дәстүрлі қысқаша баяндалады, бұл ретте олар соңғы саяси оқиғалармен салыстырылады және арақатынасы белгіленеді.
Әдістеме
Зерттеу үшін деректер жинауды әлеуметтану саласында мамандандырылған Intomart GfK компаниясы ұйымдастырады. Компания әрбір жеке елде зерттеулер мен сұхбаттар алуды жүргізетін ұлттық институттарды анықтайды. Деректер жинаудан кейін соңғыларын ұлттық сарапшыларға жүгіне отырып, Қоғамдық-ғылыми орталық (WZB) мұқият тексереді.
Қорытынды баяндамада зерттеуге 28 қатысушы елдердің әрбірі үшін жеке жиналған нәтижелер келтіріледі.
Баяндамадағы жиынтық мәндер орташа өлшенген болып табылады. Бұл бай елдердің халқы бойынша деректердің үлкен мәнге ие екендігін тиісінше және бай елдердің нәтижеге әсері айтарлықтай бай емес елдердің әсерімен салыстырғанда елеулі екенін білдіреді.
Есептегі барлық талдау сипаттау сипатына ие. Бұл зерттеуді оқушыға әртүрлі қатынастардағы еуропалық елдердің айырмашылықтарын көрсететін кестелер мен суреттер ұсынылатынын білдіреді, графикалық материалға соңғысының серпінін сипаттайтын белгілі бір талдама қоса беріледі, ал жалпы қорытындылар жасау құқығы зерттеуді тұтынушының өзіне беріледі.
Зерттеу өмір сапасының мынадай аспектілеріне және оларды бағалайтын индикаторларға негізделеді:
Табыстар, байлық және теңсіздік.
Сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықтың жан басына ЖІӨ;
Үй шаруашылығының орташа табысы;
Жас санаттары бөлінісіндегі табыстар.
Үй шаруашылықтарының қарыздары.
Үй шаруашылықтарының қаржы институттары алдындағы берешегі;
Үй шаруашылықтарының коммуналдық қызметтер үшін берешегі.
Үй шаруашылықтарындағы өндіріс.
Қала және ауыл үй шаруашылықтарындағы өндіріс көлемдері.
Субъективтік экономикалық қиындықтар.
Экономикалық ауыртпалықты сезіну.
Тұрғын үй алаңы.
Адам басына бөлмелер саны;
Адам басына квадрат метрлер саны.
Тұрғын үй жағдайлары.
Қазіргі заманғы әжетханалары жоқ үй шаруашылықтарының үлесі.
Меншік құрылымы.
Меншікті баспанасы жоқ үй шаруашылықтарының үлесі.
Баспанамен қанағаттандырылу.
Қабылданатын баспанамен қанағаттандырылу.
Қоршаған орта.
Шу, ауаның ластануы, «жасыл аймақарға» қол жетімділіктің болмауы және судың сапасы.
Жұмыссыз және жұмыспен қамтылған үй шаруашылықтары.
Ақы төленетін
жұмысы жоқ немесе отбасылық кәсіпорындарда
ақы төленбейтін жұмысқа
Екінші жұмысы бар жұмыс істейтіндердің үлесі.
Жұмыспен қамтылудың қабылданатын тұрақтылығы.
Елдер бойынша бөлінісінде жұмыспен қамтылған сұралушылардың арасындағы кейінгі алты айда жұмысынан айырылып қалудың қабылданатын ықтималдығы.
Таяу алты айда жұмысынан айырылып қалу ықтималдығы жоғары немесе барынша ықимал деп ойлайтын жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі.
Жұмыс сапасы.
Өз жұмысында әртүрлі өтініштермен («менің жұмысымның перспективасы жақсы», «менің жұмысыма ақы жақсы төленеді», «менің жұмысым өте қауіпті және/немесе ауыр», «менің жұмысым зеріктірерлік», «мен ұдайы қысқа мерзімдер жағдайында жұмыс істеймін», «мен қауіпті және/немесе кінәратты жағдайларда жұмыс істеймін») келісетін немесе толық келісетін сұралушылардың үлесі.
Білім деңгейі және ағылшын тілінде оқуға қабілеттілік.
Ағылшын тілінде оқи білу.
Білімі мен жас деңгейіне қарай ағылшынша «өте жақсы» немесе «жеткілікті жақсы» оқи алатын сұралушылардың үлесі.
Интернетті пайдалану.
Білімі мен жас деңгейіне қарай аптасына бірнеше мәрте немесе жиі Интернетті пайдаланатындардың үлесі.
Алдыңғы айлармен салыстырғанда аптасына бірнеше мәрте немесе жиі Интернетті пайдаланған ерлердің және әйелдердің үлесі.
Өмір бойы білім алу және оқу.
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда жұмыспен байланысты және олардың жұмысымен байланысты емес білім алған немесе оқу курстарынан өткен сұралушылардың үлесі.
Білім деңгейімен қанағаттандырылу.
Үй шаруашылықтарының құрамы.
Жастардың тұрмыстық жағдайлары (жаңадан құрылған үй шаруашылықтары).
Егде адамдардың тұрмыстық жағдайлары.
Үй шаруашылығының мүшелері туралы қам жасау үшін жауапкершілік және үй жұмысы.
Үй жұмысы және гендер.
Үй жұмысының жиілігі, елдер және жас топтары бойынша топтастыру.
Балаларға қам жасау және аналардың жұмыспен қамтылу дәрежесі.
Балаларға күнделікті қам жасау сағаттары, елдер және ата-ана жынысы бойынша топтастыру.
Өзара отбасылық қолдау үлгілері және кеңейтілген отбасы мүшелерімен қарым-қатынас.
Отбасы және
басқа да адамдар тарапынан
Отбасылық өмірмен қанағаттандырылу.
Жұмыс пен отбасылық өмірді бірлестірудің қиындықтары.
Аптасына бірнеше мәрте жұмыс пен отбасылық өмірді бірлестіру қиындықтары («үй жұмысы үшін қатты шаршаймын», «отбасылық міндеттерді орындауда қиындықтар бар», «жұмыста жиналуда қиындықтар бар») бар жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі.
Сұралушылардың жынысына байланысты отбасылық міндеттерді орындаудың қиындықтары.
Жынысқа байланысты жұмыс аптасының ұзақтығы.
Аптасына бірнеше мәрте отбасылық міндеттерді орындаудың қиындықтары: төрт жастан кіші балалары бар жұмыс істейтін ата-аналардың барлық жұмыспен қамтылған адамдарға қатынасы.
Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы