Салыстырмалы
айырмашылықтар әдісін және «Паттерн» әдісін
пайдалану жеке көрсеткіштердің
бастапқы мәндердің оң нәтижелеріне шектеу
қоюды болжайды.
Өңірлердегі өмір
сапасы деңгейлерін анықтау мақсаттары
үшін біздің пікіріміз бойынша, «Паттерн»
әдісін
пайдалану дұрыс болып табылады,
өйткені салыстырмалы айырмашылықтар
әдісі оның ақпараттылығын төмендету
қасиетіне ие, атап айтқанда
коэффициентінің мәні
мәні барынша нашар болатын өңір үшін
нөлге тең болады.
«Паттерн» әдісінің
көмегімен сондай-ақ, физикалық, рухани
және әлеуметтік қажеттіліктер көрсеткіштерінің
топтары бойныша есептер жүргізілді. Осылайша,
алынған бағалардан орташа арифметикалық
қарапайым ретінде алынған Қазақстанның
15 өңірлерінде интегралдық өмір сапасын
бағалауды анықтау үшін қажетті үш құрамдауыштың
бағалары алынды. Есептеу нәтижелері төмендегі
кестеде келтірілген.
3-кесте.
2009-2011жж. өңірлердің өмір сапасын
есептеу
|
|
Өңір |
2009 |
2010 |
2011 |
1 |
1 – барынша жоғары деңгей |
Алматы қ. |
54,9 |
54,5 |
55,5 |
2 |
Астана қ. |
53,2 |
54,5 |
53,7 |
3 |
Атырау |
50,1 |
49,6 |
50,6 |
4 |
Қарағанды |
49,7 |
49,7 |
50,2 |
5 |
Павлодар |
47,8 |
47,9 |
48,3 |
6 |
Ақмола |
46,1 |
45,6 |
46,6 |
7 |
Солтүстік Қазақстан |
46,0 |
45,8 |
46,4 |
8 |
2 – орташа деңгей |
Жамбыл |
45,1 |
44,6 |
45,6 |
9 |
Ақтөбе |
44,9 |
43,7 |
45,3 |
10 |
Қостанай |
44,0 |
44,0 |
44,5 |
11 |
Алматы
|
43,7 |
43,7 |
44,2 |
12 |
3 – төмен деңгей |
Батыс Қазақстан |
42,9 |
42,4 |
43,4 |
13 |
Қызылорда |
41,6 |
43,6 |
42,1 |
14 |
Шығыс Қазақстан |
41,3 |
41,4 |
41,8 |
15 |
Оңтүстік Қазақстан |
41,1 |
39,8 |
41,6 |
16 |
|
Маңғыстау |
40,4 |
39,0 |
40,9 |
Жүргізілген есептеулер өмір сапасы деңгейі
бойынша өңірлерді топтастыруды жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Ол үшін аралықтары
бірдей 3 өңірлер тобын анықтаймыз:
1 тобы – өмір
сапасының жоғары деңгейі:
2тобы – орташа
деңгей:
3тобы – төмен
деңгей:
Топтастыру
нәтижелері жоғарыдағы кестеде ұсынылған.
Алынған нәтижелер түсіндіре
отырып, зерделенетін өңірлердің
үлкен бөлігі өмір сапасының жоғары және
орта деңгейіне ие екендігін атап өтеміз,
бұл ретте, өңірлер арасындағы айырмашылық
үлкен емес.
Үлгідегі нәтижеге
көрсеткіштердің үлестері елеулі әсер
етеді. Олардың салмағы халықаралық
әдістемелерге ұқсасы бойынша
аталған Маслоудың қажеттіліктер тұжырымдамасына
сәйкес анықталды. Оларға сәйкес қажеттіліктер
топтарының мынадай үлес салмақтары анықталды:
- физикалық қажеттіліктер – 80%,
- әлеуметтік қажеттіліктер –15%,
- рухани қажеттіліктер – 5%,
Үлгі өңірлердегі
өмір сапасының әлеуметтану сауалнамаларының
көрсеткіштерімен толыққан жағдайда,
Қазақстандағы өмір сапасының барынша
объективті көрінісін алу күтіледі.
Қорытындылар және ұсынымдар
1. Осылайша, осы
жұмыста «өмір сапасы» мәніне халықтың
табыстары және материалдық әл-ауқаты
призмасы арқылы емес, сондай-ақ, оның
ішінде «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту
– Қазақстан дамуының басты векторы»
атты ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру
мақсатында қабылданған мемлекеттік даму
бағдарламаларының жоспарланған нәтижелерін
ескере отырып, айқын және толық анықтама
берілді.
2. Халықтың өмір
сапасын бағалаудың халықаралық
тәжірибесіне, сондай-ақ, өмір сапасы,
әл-ауқат деңгейі бойынша рейтингтерді
құрайтын беделді халықаралық
агенттіктердің қолданыстағы әдістемелеріне шолу жүргізілді.
3. Статистикалық
көрсеткіштердің қазіргі жүйесін,
мемлекеттік даму бағдарламаларының
мониторингін және ел жағдайында
қолданылатын халықаралық тәжірибені
ескере отырып, Қазақстан Республикасы
халқының өмір сапасын өлшеудің
көкейкесті индикаторларының
жүйеленген тізбесі қалыптастырылған.
Өмір сапасы саласындағы қазіргі халықаралық
зерттеулерді талдау, қазіргі күні бар
отандық статистикалық көрсеткіштердің
Қазақстан Республикасындағы өмір сапасын
толыққанды зерттеу үшін әбден жеткілікті
екендігін көрсетеді. Шетелдік бағдарламалар
да тиісті салалардағы стистикалық деректердегі,
сондай-ақ арнайы сұрау салулар нәтижесінде
алынған, респонденттердің әл-ауқатын
субъективтік бағалаулардағы өз есептеріне
сүйенеді. Осындай жолмен, Қазақстандағы
өмір сапасын өлшеу үшін «ҚЭЗИ» ЖМ көкейкесті
индикаторлардың жүйеленген тізбесі базасында
интегралдық бағалауды пайдалануды ұсынады.
4. Облыстар бөлінісінде
өмір сапасы көрсеткіштерін салыстыру
өңірлік және республикалық деңгейлерде
негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша жалпы
көріністі алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
көрсеткіштер мынадай мақсаттарда пайдаланылуы
мүмкін:
- Мемлекеттік органдардың алынған ақпаратты проблемалық салаларды шешу үшін қолдану, өңірлер арасындағы өмір сапасы деңгейін салыстырмалы сипаттауды жүргізуге мүмкіндігі болады;
- Қоғамның осы мәселе туралы хабардар болуын арттыру үшін, бұл адамдардың кең тобы үшін тақырыптың айқындылыған ашады;
- Өңірлік мақсаттарды және өмір сапасы мәселесіндегі басымдықтарды қарастыруға, негіздеуге және белгілеуге мүмкіндік береді;
- Өзгерістерді мониторингілеу және уақыт ішіндегі көрсеткіштердің серпінін бағалауды жүргізу мүмкіндігі бар;
Зерттеу нәтижелері
бойынша жасалған рейтинг өңірлердің
экономикалық дамуымен және тиісінше
өмір сапасының материалдық жақтарын көрсететін
көрсеткіштермен оның нәтижелерінің жоғары
байланысын көрсетеді. Субъективтік көрсеткіштерді
әзірлеу және енгізу қорытынды рейтингті
түзетуге мүмкіндік береді.
Сондықтан өмір
сапасын бағалау үшін бағдарлама
ретінде ең кемінде 3-тарауда ұсынылған көрсеткіштерді,
сондай-ақ, өлшеуішті индикаторлардың
көп санымен толықтыру мүмкіндігін пайдалану
ұсынылады. Қарастырылған шетелдік тәжірибені
және қазақстандық ерекшелікті ескере
отырып,халықтың өмір сапасы деңгейін
барынша сапалы өлшеу мақсатында ҚР Статистика
агенттігіне қолда бар көрсеткіштерді
толықтыру немесежаңа көрсеткіштерді
әзірлеуұсынылады:
- Үлкен объективтілік мақсатында D 002 статистикалық нысанын меншікті демалыс шарттарының, азаматтық еркіндіктер дәрежесінің, сапаның, қана көлік емес сондай-ақ, байланыс және коммуникациялар құралдарымен қанағаттандырылу дәрежесін анықтайтын сұрақтармен толықтыру ұсынылады. Жеке қауіпсіздіктің қанағаттандырылу дәрежесін анықтау кезінде «меншікті ауданмен» шектелмеу, елдімекен/ел деңгейіне дейін қауіпсіздіктің сезілу саласын кеңейту ұсынылады.
- Өңірлердің өмір сапасын бағалау үшін климат бойынша деректерді пайдалану: ел аумағының үлкен бөлігіндегі құрылықтық климаттың қатаңдығын ескере отырып, орташа қысқы/жазғы температура, жауын-шащын мөлшері және т.б., өңірлер бөлінісінде өмір сапасын өлшеуді жүргізу кезінде орынды. Айтқандай International Living рейтингінде Қазақстан климаты бойынша 193 елдің ішінен 177 орынды алған болатын. Неғұрлым жылы елдердің тұрғындары өз өмірлерін солтүстікте тұратындарға қарағанда оптимистік көзқараспен қабылдайтыны белгілі. Климаттың қаталдығы, қысқы және жазғы температура, жауын-шашын мөлшері, бір жылдағы шуақты күндер саны, жарық күннің ұзақтығы және т.б. сияқты осындай факторлар адам психикасына әсер етеді және өз әл-ауқатын қабылдауына анық ықпал етеді. Бұл мәселеде сондай-ақ, адамдардың тұратын жерін саналы таңдауы туралы да естен шығармау керек.
- Freedom House деректерін пайдалану мүмкіндігі болмағандықтан саяси еркіндіктердің даму дәрежесін бағалау үшін Қазақстан ішіндегі тиісті көрсеткіштерді, халықтың қоғамдық қатынастармен қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын көрсеткішті енгізу ұсынылады;
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
- Gregory, Derek; Johnston,
Ron; Pratt, Geraldine et al., eds. (June 2009). "Quality of Life". Dictionary
of Human Geography (5th ed.). Oxford: Wiley-Blackwell. ISBN 978-1-4051-3287-9.
- Costanza, R. et. al. (2008)
"An Integrative Approach to Quality of Life Measurement, Research,
and Policy". S.A.P.I.EN.S. 1 (1).
- Layard, Richard (6 April 2006). Happiness: Lessons from
a New Science. London: Penguin. ISBN 978-0-14-101690-0.
- Қазіргі заманғы экономикалық сөздік. Райзберг Б.А., Лозовский Л.Ш., Стародубцева Е.Б.
- Субетто А.И. Ұлттық өмір сапасы, денсаулығыжәне мемлекетқауіпсіздігі – тұмыстың негізгі функционалдары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының өлшемдері// «Тринитаризм Академиясы», М., Эл № 77-6567, жарял.10904, 25.12.2003.
- Г. Аймақова, О. Айтмағамбетов, Кедейлікпен күрес - Дағдарыс кезеңіндегі елдің әлеуметтік-экономикалық өсуінің маңызды шарты Экономика және статистика, №1, 2011ж. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.
- Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейі (2011ж.шығарылым) ҚР Статистика агенттігінің статистикалық жинағы.
- Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы.
- «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауы.
- Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы.
- Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы.
- 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдар арналған бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасы
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы.
- 2030 жұмыспен қамту бағдарламасы.
- В.В. Дробышева, Б.И. Герасимов Өңір халқының өмір сапасын интегралдық, Монография, ТГТУбаспасы, 2004.
- Өмір сапасы: мәні, бағалау, қалыптастыру стратегиясы Л.А. Кузьмичев, М.Ф. Федоров, Е.Е. Зедесенц редакциясымен шыққан оқу құралы – М.:ВНИИТЭ.
- А. Маслоу «Уәждеме және жеке тұлға», 1954ж.
- С.П. Спиридонов Өмір сапасының индикаторлары және оларды қалыптастыру әдістемесі. ТГУ
- Гаврилова, Т.В. Халықтың өмір сапасын зерттеу принциптері және әдістері / Т.В. Гаврилова // Өмір сапасының технологиялары. – 2004. –4т., № 2. –1–11-бб..
- Тодоров А.С. Өмір сапасы. Буржуазиялық тұжырымдамаларды сындарлы талдау. болг. тілінен аударма / Ред. С.И. Попов. – М.: Прогресс, 1980.
- Айвазян С. А. Ресей халқының өмір сапасының синтетикалық санаттарын еларалық талдауда. I-бөлім. Талдау әдістемесіжәне оны қолдану мысалы// Ресей әлемі. 2001. X т. № 4. 59–96-бб.
- Васильев, А.Л. XXI ғасырдағы Ресей. Өмір сапасы және стандарттау/ А.Л. Васильев. – М. : Стандарттар және сапа, 2003. – 440 9-б., 68-б.
- Quality of life in Europe,
European Quality of Life Survey, Wyattville Road, Loughlinstown, Dublin
18, Ireland.
- Human development report 2009-2011.
- http: // www.stat.kz.
- http: // www.government.kz.
- http://www.enbek.gov.kz.
- http://www.who.int.
- http://www.baiterek.kz.
- http://portal.mfa.kz.
- http://www.economic-enc.net.
- http://www.un.org.
- http://www.eurofound.europa.eu.
- http://hdrstats.undp.org.
- http://www.economist.com.
- http://www.undp.org.
- http://qualityoflife.org.
- http://www.utoronto.ca.
- http://www.mercer.com.
- http://internationalliving.com.
- http://www.bigcities.govt.nz.
- http://www.numbeo.com/quality-of-life.
- http://www.interfax.kz.
- http://www.freedomhouse.org.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН СИПАТТАЙТЫН
ИНДИКАТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ