Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61
Шартты жұмыс уақыты мен отбасылық жұмысқа кеткен уақыт арасындағы қатынас.
Денсаулық жағдайы.
Жасқа байланысты созылмалы аурулар немесе мүгедектік, %.
Үй шаруашылықтарының табысына байланысты денсаулық жағдайы (төмен, орта, жоғары квартиль).
Медициналық көмекке қол жетімділік қиындықтары (өте қиын, шамалы қиын, қиын емес).
Медициналық қызметтер сапасы, әлеуметтік қызметтер сапасы («Жалпы сіз [елдегі] мемлекеттік қызметтердің әрқайсысының сапасын қалай бағалар едіңіз. Бірден бастап 10-ға дейінгі шәкіл бойынша бағалаңыз, онда 1 өте төмен сапаны және 10 – ең жоғары сапаны білдіреді.»)
Өмірге қанағаттанушылық және бақыт («Барлық жағдайларды ескере отырып, сіз осы сәтте өз өміріңізге қаншалықты қанағаттанасыз? 1-ден бастап шәкіл «өте қанағаттанбаймын» 10-ға дейін «барынша қанағаттанамын», «Барлық аспектілер туралы айта отырып, сіз қаншалықты бақыттысыз? 1-ден бастап 10-ға дейінгі шәкіл бойынша 1 «өте бақытсызбын» және 10 «өте бақыттымын» дегенді білдіреді»).
Өмірге орташа қанағаттанушылық және әлеуметтік топтар бойынша орташа қанағаттанушылықтан ауытқу.
Әлеуметтік топтар бойынша болашаққа нық сеніммен қарау («Мархабат, маған: Мен болашаққа нық сеніммен қараймын деген пайымдаумен толық келісетініңізді, кейбір дәрежеде келісетініңізді, онша келіспейтініңізді немесе толық келіспейтініңізді айтыңыз»).
Қоғамдағы ауыртпалықты сезіну.
Әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардағы ауыртпалық («Барлық елдерде әлеуметтік топтар арасында ауыртпалық бар. Сіздің ойыңызша, сіздің елдегі келесі топтардың әрқайсысының арасында қаншалықты мұндай ауыртпалық бар? Кедей және бай адамдар, менеджмент және жұмысшылар, ерлер мен әйелдер, қарттар мен жастар, әртүрлі нәсілдік және этникалық топтар: күшті ауыртпалық, кейбір ауыртпалық, ешқандай ауыртпалық жоқ»).
Білім жүйесінің
және мемлекеттік зейнетақы
Мемлекеттік зейнетақы жүйесіне және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне сенім. («Сізге олардың қызметтері қажет болған кезде мына екі қамтамасыз ету жүйесінің қабілеттеріне сіз қаншалықты сенесіз - мемлекеттік зейнетақы жүйесі, әлеуметтік жеңілдіктер жүйесі – үлкен сенім, кейбір сенім, сенуім екіталай, мүлде сенім жоқ»).
Айналадағыларға сенім. («Жалпы сіз адамдардың көпшілігіне сенуге болады деп айта алар ма едіңіз немесе сіз адамдарға тым сенім арта алмайсыз бар? 1-ден бастап 10-ға дейінгі шәкіл бойынша бағалаңыз, 1 сіздің тым сенгіш бола алмайтыныңызды және 10 - адамдардың көпшілігіне сенуге болатынын білдіреді»).
Өмір сапасы, жалпы адамдардың жалпы саулығы ретінде өлшенеді, дегенмен зерттеушілер нысанасында тар ауқымды немесе бір өлшемді адамның жеке тұлғасы болады.
Өмір сапасы және шарттарының мониторингі таза "ғылыми" санат болып табылмайды, айтарлықтай қолданбалы сипатқа ие болады және қоғамның негізгі проблемаларын және мақсаттарын шешуге көмек ретінде ұсынылған. Бұл зерттеуді жүргізу одақтың еуропалық әлеуметтік саясатының өзгерісін көрсетті. Көптеген жылдар ішінде ЕО саясаты әлеуметтікке қарағанда барынша экономикалық болды. Бұған қоса, соңғы жылдары ЕО-да ішанара нарықты біріктірудің теріс салдарларынан кейбірін өтеу қажеттігі туындағандықтан әлеуметтік саясат саласындағы құзыреттілікті арттыруға талап өсуде. Грециядағы және Испаниядағы соңғы оқиғалар осы тұжырымдаманың дұрыстығын растайды.
Соңғы сауланаманы Intomart GfK28 елдерде жүргізді: сауалнама алынғандар саны 600 адамды құраған "шағын" елдер - Кипр, Эстония, Люксембург, Мальта және Словенияны қоспағанда одақ елдерінің әрбірінде жас санаты 18 жас және жоғары шамамен 1000 адамға сауалнама жүргізілді. Әзірленген сауаланама жұмыспен қамтылу және еңбек шарттары, тұрғын үй, отбасылық, өмірдіңәлеуметтік және саяси жақтары, қоғамның өмір сапасы, сондай-ақ, субъективтік саулыққа екпін бере отырып, өмір салаларының кең ауқымын қамтыды.
Деректерді өңдеу берлиндік Әлеуметтік ғылымдарды зерттеулер орталығында (WZB) жүргізілді. Бірнеше макрокөрсеткіштер жеке тұлғалардың қабылдауы (мысалы, табыстар үй шаруашылықтары) мен жалпы елдегі әлеуметтік жағдай (мысалы, халықтың жан басына ЖІӨ) арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін сұрау кезеңінде қосылды.
Зерттеу әртүрлі елдердегі өмір сапасын зерттеудің амбициялық мүмкіндігін білдіреді. Ол жуырдағы кеңейту тұрғысынын ЕО алдында тұрған проблемаларды көрсете отырып, маңызды ақпарат көзі болып табылады. Сондай-ақ, ол кеңейтілген қоғамдастықтағы әлеуметтік жағдайдың дәлме-дәл көрінісін, объективтік және субъективтік элементтерді қамтитын көріністі береді. Сонымен бірге, деректерге кейбір шектеулердің бар екендігін атап өту керек. Сонымен қатар іріктеме көлемі әрбір елде шамамен 1000 құрайды, мысалы босқындар немесе толық емес отбасылар сияқты кіші топтарды егжей-тегжейлі талдауды қамтамасыз ету үшін оның көлемінің шағын болуына байланысты іріктеменің репрезентативтілігі толық шамада қамтамасыз етілмейді. Бұдан өзге, зерттеуде қамтылған мәселелердің кең ауқымы бір жағынан басымдықты білдіргенмен, бірақ бұл сондай-ақ, тақырыптардың ешқайсысы терең қарастырыла алмайтынын білдіреді. Өмір сапасы аспектілерінің кейбірі мамандандырылған зерттеулерде қолдану мүмкін болатынға қарағанда көрсеткіштердің шамалы ауқымды топтамасын пайдаланумен өлшенеді. Бұған қоса, бұл зерттеудің күші оның объективтік және субъективті көмір сапасының негізгі аспектілері туралы ақпараттың жиналуын қамтамасыз ететіндігінде.
«International Living»
халықаралық журналы 2009 жылдан бастап
жыл сайын Әлем елдері көпшілігінде
өмір сапасын жеке бағалауды жүргізеді.
Мәні жағынан журналдың бағасы негізгі
мақсаты өмірдің американдық-
Өмір сапасы индексін есептеу мақсатында зерттеу тоғыз санаттардағы 194 елді қарастырады:
Тұжырымдама өмір сапасын тек қана сандық санаттармен бағалаудың мүмкін еместігін мойындайды. Оған таңертең есіктен шығып, сол жерде жағажайға бару, мейірімді көршілер және жақсы дәрігерлер жоғарыда болатын мүмкіндік сияқты үйреншікті жағдайлар жатуы мүмкін. Көбінесе мұндай ұсақ-түйектер елдегі инфрақұрылымнан маңыздырақ болады. Сондықтан журналдың зерттеуі тек қана сандар мен фактілерді емес, сондай-ақ, өзінің оқырмандарын сезінуді ескереді.
Әдістеме
Рейтингті есептеу 100-балдық жүйе негізінде болады. Әрбір ел кез келген басқа елмен салыстырғанда, 0-100 аралығында санаттардың әрқайсысында бағаланады: 0 алатын ел осы санаттағы нашары болып табылады, тиісінше, 100 деген баға алған ел үздік болып табылады.
Зерттеуге аннотацияда оның авторларының өзі оның алдын-ала алынғанын мойындайды. Ол зерттеу көздері, қызметкерлер және бірлескен редакторлар батыс адамының көзқарасы тұрғысынан өмір стандарттарын қарастырады: өмір сүру деңгейі, мәдениет және ойын-сауықтың жоғары немесе төмен екендігі, қандай ахуал барынша ыңғайлы болып табылатындығын білдіретін белгілі бір алдын-ала алынған идеялар. Сондай-ақ, ресми көздерден алынған статистикалық деректердің әрқашан өзекті, дәлме-дәл немесе сенімді, олардың кейбірі барынша субъективті болып табылмайтыны түсініледі. Басқа да жиналған статистикалық деректер әртүрлі себептермен ескірген немесе сенімді емес ретінде бағалануы мүмкін. Статистикалық ақпарат өмір сапасын бағалауда әрқашан объективті болмағандықтан, нақты жағдайды барынша шынайы көрсету үшін сондай-ақ, субъективтік факторды пайдалану қажеттігі бар.
Түпкілікті бағаны есептеу үшін әрбір санатқа белгілі бір салмақ беріледі.
Өмірдің құны (15% қорытынды рейтингте). Санат қарастырылатын елдер мен АҚШ-тағы өмір құнын салыстырады. Бұл санаттағы негізгі дерек көзі АҚШ Мемлекеттік департаментінің шетелдегі өмір құны индексі болып табылады. Өмір құнын есептеу үшін пайдаланылатын шығындар әртүрлі елдердегі өмірдің батыстық стиліне қолданылады. Есептеуге сондай-ақ, елдердің мемлекеттік қарыз көлемі енгізіледі.
Мәдениет және бос уақыт (10%). Бұл санатты есептеу үшін сауаттылық деңгейі, мерзімді басылымдардың таралымы, бастауыш және орта мектептің жай-күйі, ЖІӨ-дегі білім үлесі, шаршы километрге ЮНЕСКО ескерткіштерінің саны, сондай-ақ, мәдени және ойын-сауық объектілердің әртүрлілігінің субъективтік рейтингі қарастырылады.
Экономика (15%). Әрбір елдің экономикасының даму дәрежесін анықтау үшін пайыздық мөлшерлемелер, ЖІӨ, ЖІӨ өсу қарқыны, халықтың жан басына ЖІӨ, инфляция қарқыны қарастырылады.
Қоршаған орта (10%).Осы санаттағы елдің баллдар санын бағалау үшін шаршы километрге халықтың тығыздығы, халықтың өсу қарқыны, халықтың жан басына парниктік шығарындылар, елдің жалпы ауданындағы қорықтар пайызы қарастырылады.
Еркіндік (10%). Осы санатты бағалау азаматтардың саяси құқықтарына және азаматтық еркіндікке екпін түсіре отырып, тұтастай Freedom House зерттеуіне негізделеді.
Денсаулық (10%). Бұл санатта тәуліктік қажеттілік пайыздарында тұтыну калориялары, бір дәрігерге адамдар саны, халықтың 1000 адамына аурухана орындарының саны, қаупсіз ауыз суға қолжетімділігі бар халықтың үлесі, нәрестелер өлімінің деңгейі, күтілетін өмірдің ұзақтығы, елдің ЖІӨ пайыздарда денсаулық сақтауға мемлекеттік шығындар қарастырылады.
Инфрақұрылым (10%). Елдің инфрақұрылымын бағалауды есептеу үшін теміржолдардың ұзақтығы, қатты жабыны бар жолдардың ұзақтығы, әрбір елдегі кеме жүретін су арналарының ұзақтығы, көрсеткіштерде келтірілген халық саны және әрбір елдің көлемі сияқты көрсеткіштер қарастырылады. Сондай-ақ, халықтың жан басына әуежайлар, автомобильдер, телефондар, интернет-провайдерлер және ұялы телефондар саны есептеледі.
Қауіпсіздік және тәуекел (10%). Зерттеудің бұл санатын есептеу үшін өмір және денсаулық үшін қауіпті өмір шарттарын сипаттайтын АҚШ Мемлекеттік департаментінің деректері пайдаланылады.
Климат (10%). Әрбір елдегі климатты бағалау туралы шешім қабылдаған кезде жауын-шашынның орташа жылдық көлемі, орташа жылдық температура, табиғи апаттардың көлемі және қауіптілігі қарастырылады.
International Living Өмір сапасы
индексін есептеу кезінде
Сондай-ақ,The New York Times, The Wall Street Journal, National Geographic, Time және The Economist әйгілі газеттері мен журналдары пайдаланылады.
Сондай-ақ, аталғандай өмір сапасын анықтау үшін Әлемнің әртүрлі түкпірінде тұратын журналдың оқырмандарының, редакторларының және жазушылардың субъективтік пікірлері пайдаланылады
Әртүрлі Әлем елдерінде өмір сапасы қандай өлшемдермен бағаланатындығын анықтау қажет. Мысалы, АҚШ дәстүрлі түрде рейтингте жоғары позицияны иеленеді. Бұған ең алдымен статистикалық көрсеткіштермен қол жеткізіледі: АҚШ-та әлемдегі ең ірі экономика бар, осының арқасында ел инфрақұрылымы үшін ең жоғары бағаларды алады. Сондай-ақ, АҚШ қалған тоғыз санатта да жоғары бағаларды алады. Осылайша, қатаң статистикалық негізде АҚШ-ты басып озу қиын: АҚШ-та қатты жабыны бар жолдар көп, әуежайлар және ұялы телефондар көп, интернетке қолжетімділік жақсы.
Бірақ статистика
әрқашан өмір сапасы тұрғысынан істердің
нақты жағдайын көрсете бермейді.
Экономикасы төмен дамыған
2009-2011жж. «International Living» рейтингісіндегі өмір сапасы индексі.
2009-2011жж. жүргізілген жыл сайынғы зерттеулерге сәйкес, Қазақстан ТМД елдері тізімінде өмір сапасы деңгейі бойынша соңғы орындардың бірін алды. Біздің ел, басылымның бағалары бойынша кейде Тәжікстан, Қырғызстан және Әзірбайжан сияқты елдердің қалып қойды. 2009 жыл қорытындылары бойынша Әлемнің 196 мемлекеттерінен тұратын тізімді 100 мүмкін болған балдан 80 балл жинаған Франция бастады, ал өмір сапасы ең төмен ел Сомали (32 балл) болып анықталды. Қазақстан 49 балл жинап және 144 орында болып тізімнің соңына жақын орналасты, ал ТМД елдерінің арасында соңынан үшінші орынды алды.[45]
2010 жылғы рейтингте
48 баллмен 154 орында болды. Бұл
жолы ТМД елдерінен 46 баллмен
Түрікменстан Қазақстаннан
Жағдай 2011 жылы айтарлықтай өзгерді – Қазақстан 20 позициядан жоғары серпіліп, жиынтық 52 балл жинап және Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанды артта қалдырып, 133 орынға көтерілді. Қырғызстан 2010 жылы 54 жиынтық балл жинады, бұл ретте талдау жалпы оның көрсеткіштері олар бойынша көршіміз бізден асып түсетін өмір құнын және климатты қоспағанда Қазақстандық көрсеткіштермен салыстыруға келетінін көрсетеді.
Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы