Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.

Содержание

Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61

Работа состоит из  1 файл

керек экономика.doc

— 776.50 Кб (Скачать документ)

6. Неке мәртебесі  бақытты жалпы бағалаумен байланысты.  Р. Инглхарттың және Дж. Рабьердің  пікірі бойынша деректер некеде  тұрған жеке тұлғалар халықтың өмірмен барынша қанағаттандырылған топтарына, ажырасқандар мейлінше аз қанағаттанғандарға жататындығын көрсетеді. Бұл ретте әйелдер ерлерге қарағанда некеге аз дәрежеде қанағаттанады. Білім некелік өмірдің қанағаттандырылу дәрежесін түсіреді.

7. Ұлт. Ф.М. Эндрюстің және Р. Инглхартың пікірі бойынша халықаралық зерттеулер әртүрлі елдерде өмірмен қанағаттандырылу дәрежелерін бағалауда көп ұқсастықты көрсетеді.

8. Тұрғылықты  жер (қала-село). Р.М. Фернандес  және Д.С. Кулик есептегендей  қалалықтар орташа алғада ауыл тұрғындарына қарағанда өмірге  аз қанағаттанады.

9. Денсаулық.  А. Кэмпбеллесептегендей, денсаулық  қарт адамдар және онымен проблемалары  бар адамдар үшін маңызды. 

10. Сыртқы келбет. Ол тартымды ретінде бағаланатын  адамдардың өзінің өмірін және өзін-өзі сезінуін жоғары бағалайтындығы, бірақ өмірге аз қанағаттанатыны туралы тезисті алға тартады.

11. Әлеуметтік  орта. Әлеуметтік ортаның мән  елеулі, бірақ оны ұлғайту керек  емес. Кемпбелл А., Конверс П. және  Роджерс В. әлеуметтік орта  аспалылары және өмірдің қанағаттандырылуы арасындағы барынша әлсіз байланыстарды анықтады, ал Ф.М. Эндрюс және С. Витни жастың, тендердің, табыс, білімнің және жұмыспен қамтылудың біріктірілген әсерлері тек қана өмірдің қанағаттандырылуының жалпы дәрежесінің өзгеру бөлігі үшін жауапты болатынын көрсетеді. Өмір сапасына қатысы бар жеке құндылықтар, мақсаттар және перспективалардың жеке қажеттіліктер, ішкі жағдай, материалдық және постматериалдық құндылықтар, сол немесе өзге діни қоғамдастықта мүшелігін сипаттайтындіни факторды қамтитыны дәлелденген. Психологиялық тәсілдер өмір сапасының көзі жеке қажеттіліктердің қанағаттандырылуы екенін көрсетеді.

ҚРСА 2013 жылы өмір сапасын анықтау мақсатында статистикалық  бақылау бойынша нысанын енгізуді жоспарлап отыр. Сауалнамада ұсынылған мәселелер айтарлықтай бөлікте осы жұмыста қарастырылған қазақстандықтардың тіршілік қызметінің осы салаларын қамтиды. [30] Үлкен объективтілік мақсатында сауалнаманы меншікті материалдық әл-ауқаттың қанағаттандырылуы дәрежесімен, еңбек шарттарымен, демалыс шарттарымен, азаматтық еркіндіктер дәрежесімен, тек қана көлік емес сондай-ақ, байланыс және коммуникациялар құралдарының сапасымен анықталатын мәселелермен толықтыру ұсынылады. Меншікті қауіпсіздіктің қанағаттандырылу дәрежесін анықтау кезінде «меншікті ауданмен» шектелмеу, елдімекен/ел деңгейіне дейін қауіпсіздіктің сезілу саласын кеңейту ұсынылады.

 

Осылайша, халықтың өмір сапасын кешенді бағалауған арналған барлық сипатталған жоғарыда ұсынылатын көрсеткіштер және индикаторлар төмендеі кестеде келтірілген.

 

1-кесте.  «Қолданбалы экономиканы зерттеу  орталығы» ЖМ ұсынатын ҚР халықтың  өмір сапасының өлшеудің өзекті  индикаторларының жүйелендірілген  тізбесі

 

Көрсеткіштер

Индикаторлар

    1. Негізгі физикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру

1. Денсаулық

1.1. Өлім-жітім (оқыс жағдайлардан, уланулардан және жарақаттардан өлімді қоспағанда қатерлі ісіктерден; қан айналымы жүйесі ауруларынан, өкпе ауруларынан аурулар түрлері бойынша бөле отырып 1 000 адамға).

1.2. Балалар өлім-жітімі (1000 тірі туғандарға);

1.3 Аналар өлім-жітімі (100 мың тірі туғандарға);

1.4. Туу кезіндегі  күтілетін өмірдің ұзақтығы (жас,  ерлер және әйелдер);

1.5. Белсенді  құрт аурумен ауру (100 000 халыққа),

1.6. Аурухана  орындарының саны 10 000 халыққа;

1.7. Денсаулық  сақтау жүйесімен қанағаттандырылу дәрежесі.

2. Тамақтану

2.1. Орташа халықтың жан басына тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы (ккал/күніне).

2.2. Тамақ сапасының қанағаттандырылу дәрежесі.

3. Тұрғын үй

3.1. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру (жалпыауданның мың ш.метр);

3.2. Халықтың 1000 адамынатұрғын үйді пайдалануға беру(жалпыауданның ш.м);

3.3.Халықтұрғын үймен орташақамтамасыз етілуі, бір тұрғынға жалпы аудан ш.м саны /бөлмелер саны;

3.4. Пәтерлердің  орташа көлемі (ш.м.);

3.5. Тұрғын үймен  қанағаттандырылу дәрежесі.

4. Ұзақ мерзімді  пайдалануға арналған заттар 

4.1. 100 отбасыға жеңіл автомобильдермен қамтамасыз етілу;

4.2. 100 отбасыға телефон аппараттар/ұялы телефондар саны;

4.3. 100 отбасыға компьютерлер саны.

5. Материалдықәл-ауқаты

5.1. Халықтың жан басына ЖІӨ (теңге);

5.2. Орташа жан  басына табыс, ең төменгі өмір сұру деңгейіне еселегенде;

5.3. Алдыңғы жылға пайызбен халықтың нақты ақшалай табыстары;

5.4. Нақты жалақы индексі (% алдыңғы жылға);

5.5. Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табыстармен халықтың үлесі, пайызбен.

5.6. Материалдық әл-ауқаттың қанағаттандырылу дәрежесі.

6. Ақылы қызметтер

6.1. Халыққа ақылы қызметтерді сатып алуға шығындар үлесі (%);

6.2. Ақылы қызметтер сапасының қанағаттандырылу дәрежесі.

7. Көлік және  коммуникациялар

7.1. Елді мекендердің тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етілуі (1000 адамға маршрут саны);

7.2. Соңғы өнім  және қызмет құнындағы көлік  құрамдауышы (%);

7.3. Жолаушылар  айналымының өсуі (%);

7.4. Халықтың 1000 адамына Интернет пайдаланушылар саны;

7.5. Халықтың 1000 адамына кабельді теледидар абоненттерінің саны;

7.6. Көліктік  жүйесімен және коммуникациялармен  қанағаттандырылу дәрежесі.

8. Қоршаған орта және климат

8.1. Стационарлық  көздерден ластағыш заттардың  атмосфераға шығарындылары, халықтың  жан басына тонна;

8.2. Көлікпен  ластағыш заттардың атмосфераға  шығарындылары, халықтың жан басына  тонна;

8.3. Қоқыс тастайтын  орын жанындағы аумақ ауданы, халықтың жан басына га.

8.4. Қоршаған  ортаға эмиссия халықтың жан  басына кг.

8.5. Халықтың жан басына су тұтыну, т.;

8.6. Тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі және қайта өңделетін қоқыс үлесі т, %.;

8.7. Баламалы  энергия көздері өндіретін энергия  үлесі, %;

8.8. Ластанған  ағын суларды шығару көлемі, млн.т.;

8.9. Қоршаған  орта және климаттың жай-күйімен  қанағаттандырылу дәрежесі.

II. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру

9. Еңбек шарттары

9.1. Өндірісте зардап шеккен адамдардың саны (жұмыс істейтін 10 000 адамға);

9.2. Өлімге әкеліп  соққан өндірісте зардап шеккен  адамдардың жалпы санынан (жұмыс  істейтін 10 000 адамға);

9.3. Еңбек шарттарының  қанағаттандырылу дәрежесі.

10. Демалыс шарттары

10.1. Жазғы сауықтыру лагерлерінде демалған балалар саны;

10.2. Туристік  жолдамалар сатып алған азаматтардың  саны;

10.3. Республикаға (өңір) келген шетелдік туристер саны;

10.4. Демалыс шарттарының қанағаттандырылу дәрежесі.

11. Әлеуметтік қамтамасыз ету

11.1. Барынша көп және барынша аз қамтамасыз етілген халықтың 10% табыстарының арақатынасы, бөл;

11.2. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен қанағаттандырылу дәрежесі.

12. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдай

12.1. Жұмыссыздық деңгейі;

12.2. Жұмыспен қамтылған халық санындағы бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесі;

12.3. Бақытсыз  жағдайлардан, уланулардан және  жарақаттардан өлім-жітім;

12.4. 100 мың тұрғындарға  өзіне қол жұмсау саны;

12.5. Ереуілдер (жұмыс уақытындағы адам–күндер шығындарының саны, қатысушылар саны);

12.6. Саяси еркіндіктер  дәрежесі (ҮЕО саны);

12.7. Тіркелген  қылмыстар деңгейі;

12.8. Кәмелетке  толмағандар жасаған қылмыстар  үлесі, 

12.9. Өлімге әкеп  соққан ЖКО саны;

12.10. 1000 некеге ажырасулар саны;

12.11. Әлеуметтік-тұрмыстық  жағдаймен қанағаттандырылу дәрежесі.

III. Рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру

13. Халықтың мәдени деңгейі және білім

13.1. Экономикалық белсенді халықтың жалпы санына жоғары білімі бар халықтың үлесі, (%);

13.2. Шығарылатын  кітаптар және брошюралар көлемі (бірл.);

13.3. Шығарылатын  журналдар және басқа да мерзімді  басылымдар көлемі (бірл.);

13.4. Халықтың жан басына шаққандағы театрлар саны (бірл.);

13.5. Халықтың 1000 адамына театрларға келу;

13.6. Халықтың жан басына шаққандағы музейлер саны (бірл.);

13.7. Халықтың жан басына шаққандағы музейлерге келу;

13.8. Мәдени ізгіліктермен қанағаттандырылу дәрежесі.


 

    1. Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік болып табылатынын, оның басты байлығы адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндігі екендігін ресми жариялайды. Осыған сүйене отырып, мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті және оның тиімділігінің басты өлшемі халықтың үздіксіз өмір сапасын арттыруболып табылады.

Үдемелі индустрялық-инновациялық дамуға қазақстандық бағдар сондай-ақ, әлеуметтік даму үлгісіне жаңа жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік стратегияны әлеуметтік басымдықтар жағына барынша ығыстыру байқалады. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» деген бағдарламалық мақаласында ел Президенті қоғамға елдің одан әрі дамуының тұжырымдамалық векторын - Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына құруды ұсынды, оған тек қана өндіруші еңбекарқылы іске асыырлатын әлеуметтік жаңғырту арқылы қол жеткізуге болады.

Ел Президентінің  нұсқауына сәйкес біздің республиканың мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтары адам капиталының дамуы және халықтың өмір сапасын арттыру болып табылады және болып қалады. Бұл мақсаттарды іске асырылатын Үкіметі бағдарламалары ең алдымен, жұмыспен қамтылуды сақтауға және табыстар деңгейін арттыруға, халықтың барынша қауқарсыз санаттарын әлеуметтік қорғауға бағытталған. Тіпті құлаш жайған әлемдік қаржы дағдарысы жағдайларында мемлекет өзінің азаматтарын әлеуметтік қолдаудан бас тартқан жоқ. Ұлттық қор қаражаты түрінде қаржы «жастығы» арқасында мемлекет барлық әлеуметтік бағдарламаларға қол сұғылмаушылықты сақтаудың және тіпті олардың кейбірі бойынша қаржыландыруды ұлғайтудың сәті түсті.

Тәуелсіздік жылдарында өмір сапасы саласында қазақстандықтар  орасан өтпелік кезеңдерді бастан өткерді. Кеңес Одағы және оның барлық мемлекеттік құрылымдары құлағаннан кейін халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің тұтас жүйесі де құлдырады. Одақ құлағаннан кейін қазақстандық тұрғындар бұрынғы  империяның қалған халқы сияқты өмір сапасын сипаттайтын көптеген әлеуметтік кепілдіктерден айырылды. Халық қиын жағдайларға тап болды: ескі экономиканың құлауы, тиісінше табыстардың күрт төмендеуі, жұмыссыздық, қалмыстың жоғары деңгейі және т.б.

Құлдырау бүкіл 90-жылдар ішінде жалғасты, бұл ретте  Қазақстан айтарлықтай шамада құдырауды жұмсартудың сәті түсті, ол кезде бұрынғы Одақтың кейбір басқа да республикаларының жағдайы нашарлап кеткен еді. 2000-жылдардың басынан бастап ел экономикасының тұрақты өсуі басталды, бұл құлдырауды тоқтатып, өмір сапасының көрсеткіштерін жақсартуды бастауға мүмкіндік берді.

Ең алдымен,Қазақстанға  кедейлікпен және жоқшылықпен күресуде айтарлықтай табыстарға жетудің  сәті түсті. Егер 2006 жылы табысы ең төменгі  күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар  үлесі 18,2 пайызды құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 5,3% құрады.

Бұл ретте, қалалық  және ауылдық жерлердегі табыстар айтарлықтай  саралануы қауіпті белгі болып  қалады. 2011 жылы ауылдық жерлердегі кедейлік деңгейі 3,7 еседен асып кетті, ал 2007 жылы айырмашылық тек қана  2,6 есені құрады. Бұл қала тұрғындарының өмірінің сапалық көрсеткіштері ауыл халқының көрсеткіштерінен айрамасы мемлекет қабылдайтын шараларға қарамастан ұлғайғандығын көрсетеді. Қазақстандық ауылда бүгінде шамамен 45,5 пайыз халық өмір сүретінін атап өту маңызды, сондықтан мұнда кедейлікпен күрес республиканың өмір сапасы бойынша көрсеткіштерін айтарлықтай жасқартуға ықпал етеді.[6]

Оң бетбұрыс мемлекеттің инвестиция саласындағы  іс-әрекеттерімен байланысты. Жолдар, мектептер, балабақшалар белсенді салынуда, биліктің қолдауымен жаңа өндірістік кәсіпорындар құрылуда, жұмыс орындары ашылуда.

Елдегі орташаөмірдің  ұзақтығы 69 жасқа жетті, ұзақ мерзімді пайдалануға арналған тауарлар сатып  алуға қаражаттарды көп жұмсай бастаған халықтың әл-ауқаты көтерілді. Өмір сапасының  басқа да индикаторлары және демографиялық көрсеткіштер жақсарды, оларға елдің тұрақты дамуы және оның сыртқы сахнада бәсекеге қабілеттілігі байланысты. Бұл ретте, өлім-жітімнің негізгі себептері жүрек-қантамырлары аурулары, бақытсыздық жағдайлары, жарақаттар, кісі өлтіру, жаңа құрылымдар болып қалуда.

Сонымен бірге, Қазақстанда шешілуі халықтың өмір сүруінің сапалық көрсеткіштерін арттыруға  мүмкіндік беретінкөптеген проблемалар  бар. Мысалы, ауылдарда қаладан қалып  қоюдың елеулі себептерінің бірі сапалы ауыз судың жетіспеушілігі болып табылады. Халықтың жан басына есептегенде сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД-да соңғы орын алады. Сапасыз суды тұтыну ел халқының денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Қазақстан халқының 80,0% аурулары ҚР Денсаулықмині бағалауы бойынша судың сапасының төмен болуымен байланысты. АШМ Су ресурстары комитетінің Төрағасы баяндамасының деректері бойынша елдің көпшілік ауылдарының халқы (72,4% немесе 3 млн. астам адам) суды орталықсыздандырылған көздерден, яғни құдықтардан, бұлақтардан және артезиан ұңғымаларынан тұтынады.

Өмір сапасын сипаттайтын келесі аспект-өмір сүру орындарындағы экологиялық жағдай. Ауа – халық денсаулығының маңызды құрамдауышы. Атмосфералық ауа – адамның тіршілік етуінің негізгі орталарының бірі және оның сапасына көбінесе адам организмінің денсаулығы, тән дамуының деңгейі, репродуктивті мүмкіндіктер, ауру жұқтыру, өмірдің ұзақтығы, жалпы халықтың өмір сапасы байланысты. Барлық осы зиянды факторлар халықтың денсаулығына теріс әсер етеді.

Адам әлеуетінің жаңа сапасын қалыптастырудың басқа да маңызды индикаторы ел халқының білімділігі болып табылады. Бұл бағытта Қазақстан дамудың жоғары деңгейіне жетті. Жоғары деңгей қазақстандықтардың білім деңгейі 99,7% құрайды. Бұл жетістіктер көбінесе елдің мемлекеттік бюджетінің білімге шығындары айтарлықтай жоғары болғандығынан, 2011 жылы бұл көрсеткіш ЖІӨ-ден 4,2%-ды құрады. Осы арқылы Қазақстан ЮНЕСКО ұсынатын ЖІӨ-ден 5-6% нормаларына жақындап келеді.

Елдің бүкіл  тұрғын үй қоры 2012 жылдың басында 283,9 млн.ш. метрді құрады, олардың ішінен 167,3 млн. ш. метр, немесе 58,9% қалалар және басқа да қалалық жерлерде, ал 116,6 млн. ш. метр (41,1%) – ауылдық елді мекендерде орналасқан. Бұл ретте, тұрғын үй қор барлығы дерлік (96,3%) ел халқының жеке меншігінде және тек қана 3,7% (10,3 млн. ш. метр) мемлекет меншігінде калды.[30]

Соңғы 6–7 жылдағы  жаңа тұрғын үй ғимараттарының құрылыс  көлемдерінің айтарлықтай өсуіне қарамастан ел халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі елеулі өткір проблема болып  қалуда. Көптеген отбасылар күтуде немесе тек қана тұрғын үй жағдайларын жасқартуға емес, шалғай ауылдық елді мекендерден соңғы онжылдықтарда қоныс аударған қалаларда меншікті тұрғын үй сатып алуға тырысуда. Мәселен, 2009 жылғы халық санағының деректері бойынша 2009 жылдың басында 12,0 мың үй шаруашылықтары жалпы коммуналдық пәтерлерде, 75,4 мың жатақханалардағы  отбасылық пәтерлер жанынан жарақталған бөлмелерде, 46,9 мың – қалалар  маңындағы саяжай поселкелерінің саяжай үйлерінде (үйшіктерде) (барлығы 134,3 мың отбасылар) тұрды. Қолданыстағы 25 мың отбасылар тұрып жатқан тұрғын үйлердің 2,1 млн. ш. метрдерлігі апатты деп танылған. Бұдан өзге, халық санағы кезінде тұрақты баспанасы жоқ (үйсіздер) 4253 (оның ішінде қалаларда - 4084) азаматтар тіркелген.

Қоғамның әлеуметтік саулық индикаторы ретінде халық денсаулығының жай-күйі тек қана елдегі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің деңгейіне және ресурстарына емес, сондай-ақ, бірқатар басқа да факторларға - салауатты өмір салтын ұстану, адамдардың тіршілік ету және өмір сүру қоршаған ортасын қорғау және т.б. байланысты. Мәселен, халықтың белсенді құрт ауруымен ауру деңгейі 2011 ж. халықтың 100 000 адамына 95,3-тен 86,6-ға дейін төмендеді. Қазақстандағы өкпе құрт ауруына жұқпалы және паразиттік аурулардан өлу жағдайларының 80%-ға дерлігі келеді.

Қалыптасқан жағдайды таладу Қазақстандағы  басқа да әлем елдеріндегідей құрт ауруының таралуы әлеуметтік және экономикалық факторларға, өңірлердің экология жағдайына, халыққа көрсетілетін емдеу-сауықтыру  шараларының көлеміне және сапасына байланысты.

Қазақстандағы, соңғы онжылдықтың  оң өзгерістері ел халқының өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерінің жақсаруынан  көрініс тапты: табысы төмен халық  үлесі, азық-түлік себетінің құнынан  төмен табыстарға ие халық үлесі  қысқарды. Барлық бақыланатын азық-түлік тауарлары бойынша олардың тауарлық баламасы арқылы көрсетілген халық номиналды ақшалай табыстармен сатып алу қабілеті өсті, орташа ел бойынша орташа жалақыға сатып алуға болатын ең төменгі күнкөріс деңгейі топтамасының саны ұлғайды – 2011 жылы 5,6 есеге.

Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы