Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61
Өмір сапасын анықтайтын көрсеткіштердің қатарында тамақтанумен, тұрғын үймен, киіммен қамтамасыз етілу деңгейі, рухани және әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесі сияқты негіз қалаушы санаттар ұсынылады. Бірге алынған олар сапалы өмір эталонын аман-сау және ұзақ өмірді, кең және қолжетімді білім, дамыған инфрақұрылым, қаныққан қоғамдық және мәдени өмір және т.б. көрсетеді.
Ұсынылған көрсеткіштердің көпшілігі хабарланғандай бүгінде Қазақстанның министрліктері және ведомстволары есептейді және көрсеткіштер әртүрлі салаларда қолданылады. Бұл әртүрлі салаларда Қазақстанның дамуын сипаттайтын көрсеткіштердің жеткілікті болуы себебінен жасалған, олардың оның азаматтарының өмір сапасын бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай тәсіл арнайы көрсеткіштерді әзірлеу қажеттігі болмауына байланысты өмір сапасы индексін іс жүзінде есептеу міндетін оңайлатады.
Жіктеу мақсатында
«Қолданбалы экономиканы
Оңайлату мақсатында көрсеткіштерді қажеттіліктердің мынадай 3 тобына біріктіру ұсынылады:
Өз кезегінде, «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ қажеттіліктердің негізгі топтарын негізгі көрсеткіштері 68 индикаторлармен өлшенетін 13 кіші топтарға бөлуді ұсынады.
Индикаторлардың кіші топтары өмір сапасының көрсеткіштерін халықаралық жіктеумен сәйкес келеді және жалпы қазақстандық көрсеткіштердің қолданыстағы құрылымына сәйке келеді. Бұл ретте олар адамның даму дәрежесін сипаттайтын салалардың ең жоғары санын қамтиды.
Маңыздылығы бойынша бірінші «Денсаулық» санаты анықталды. Халықтың денсаулығын жақсарту халықтың физикалық даму және жұмысқа қабілеттілігін арттырудың және тиісінше өнімдер және қызметтер жасау үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің және т.б. маңызды факторы ретінде қарастырылады, сондықтан адамның денсаулығын жақсарту саласындағы қол жеткізуді көрсететін күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішін таңдау осы топта болды. Ана және нәрестелер өлімі көрсеткіштері сондай-ақ, осы топтың маңызды құрамдауыштары болып табылады. Қазақстандық нақты өмірді ескере отырып, топқа сондай-ақ, құрт ауыруы сияқты ауру бабы енгізілген, ол бойынша Қазақстан Әлемдегі алғашқы орындардың бірін алады.
Халықаралық тәжірибені
бағалау кезінде адамдардың тамақтану
сапасын анықтайтын көрсеткіштерді
анықтау кезінде аштық
Тұрғын үй шарттарын сипаттау кезінде халықаралық статистика ең алдымен тұрғын үй иесін бөліп көрсетеді. Осы мақсатта барлық тұрғын үй қоры жеке, жалдамалы және муниципальды болып бөлінеді. Ал атап айтқанда, тұрғын үй сапасын зерттеу кезінде қабаттар бойынша, қабырғалардың материалы бойынша, төбелердің биіктігі бойынша, оның коммуналдық-тұрмыстық жабдықтармен жабдықталу дәрежесі бойынша топтамалар пайдаланылады. Меншікті тұрғын үй үшін оған тиесілі жер учаскесінң көлемі көрсетіледі. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін жалпылама сипаттау үшін белгіленген стандартқа жауап бермейтін тұрғын үйлерде тұратын халық саны және жалпы халық санындағы оның үлесі; бір тұрғынға келетін бөлмелер саны сияқты көрсеткіштер қолданылады. Бұл ретте батыс елдеріндегі тұрғын үймен қамтамасыз етілу стандарты бір тұрғынға бір бөлме оған қоса жалпы бір бөлмені болуы ұсынылады. Біздің зерттеу үшін 1 адамға келетін тұрғын үй ауданы/бөлмелер саны; тұрғын үйдің суық және ыстық сумен, кәрізбен, газбен қамтамасыз етілуі, пәтерледің орташа көлемі сияқты тұрғын үй сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді пайдалану ұсынылады.
Халықтың ұзақ мерзімді пайдалануға арналған әртүрлі заттармен қамтамасыз етілуіне келер болсақ, онда халықаралық статистика орташа 100 отбасыларға, немесе халықтың 1000 адамына ұзақ мерзімді пайдалануға арналған заттар санын есептейді. Халықтың азық-түліктік емес тауарларды тұтыну сипаттамасы халықтың жан басына осы тауарларды орташа жылдық тұтыну көрсеткіштерін анықтау жолымен жүргізіледі. Біздің жағдайда халықтың жан басына ұзақ мерзімді пайдалануға арналған сатып алынатын тауарлар (автомобильдер, жиһаз, тұрмыстық техника, ұялы телефондар, компьютерлер және т.б.) санын өлшеу ұсынылады.
Халықтың ақылы қызметтерді сатып алуға шығындар үлесі – өсуі біздің көрсеткіштер жүйесінде теріс қабылдануға, ал төмендеуі тиісінше өмір сапасын жақсартуды сипаттауға тиіс көрсеткіш. Бұл қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер және көлік және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге алаңдаушылығы, ал осы екі бап ақылы қызметтерге барлық шығындардың шамамен 70%-ын құрайтындығымен, адамдардың өзінің өмірінің басқа да сапалық сипаттамаларын жасқарту мүмкіндігінің азаюына байланысты.
Халықаралық зерттеулерде көлікпен қамтамасыз етілу санаты және олармен байланысты қызметтер үлкен қалалардың көліктік қамтамасыз етілуін анықтауға елеулі дәрежеде шоғырланған. Бұл дамыған елдердегі халықтың үлкен тығыздығымен және қарбалас кезінде жұмыс орындарын және үйлерге барудың қиындығымен байланысты. Қазақстандық жағдайда өзгеше көрініс көрсетіледі: халықтың төмен тығыздығына байланысты, елдің барлық елді мекендерін тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етумен және жоғары салыстырмалы көлік шығындарымен байланысты қиындықтар бар. Сондықтан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясында анықталған үш көрсеткіш таңдап алынды:
Коммуникациялар құралдарына келер болсақ, елдің интернетті пайдаланушылармен және ұялы телефондарды пайдаланушылармен толығуы қоғамның техникалық дамығандық дәрежесін сипаттайды.
Қоршағанортаның жай-күйі адамдар өмірінің сапалық сипаттамаларына тікелей әсер етеді. Сондықтанбұл көрсеткіштің салмағы үлгіде тиісті мәнге ие болуға тиіс. Ұсынылған көрсеткіштер қоқыс өңдеу үлесін сипаттайтын көрсеткішін қоспағанда қазіргі уақытта бар - бұл елдегі жаңа, бірақ үлкен перспективасы бар. Қазіргі заманғы энергетиканың маңызды үрдісі оның өндірісінің балама көздерінің дамуы болып табылады, сондықтан көрсеткіш тізбесіне балама көздерімен электр энергиясын өңдеу үлесін енгізуді ұсынамыз, өйткені үлесті ұлғайтуэкологиялық жағдайға тікелей әсер етеді.
Білім деңгейін арттыру адам капиталының сапасы – қоғамның байлығын көбейтудің негізгі факторына айтарлықтай әсер етеді және қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне негізделеді. Білім деңгейі жиынтық білімдер және машықтар қорын - қоғам «рухани байлығын» құра отырып, жиналған білім, еңбек, ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті сипаттайды. Бұл сапа ұрпақтан ұрпаққа беріледі және адамның дамуына және жалпы қалпына келтіру процесінің тиімділігінің өсуіне маңызды алғышартты білдіреді. Бұдан өзге оқу жылының саны және отбасы, мемлекет, кәсіпорындар және ұйымдар жүргізетін оған кететін шығындар туралы деректер негізінде белгілі бір күнге жиналған білімдер әлеуетін анықтауға болады. Бұл толық шамада қоғамның мәдени деңгейіне жатады – адамның рухани дамуы жоғары болған сайын оның өмір соншалықты сапалырақ және толыққанды болады. Сондықтан қоғамның рухани дамуының сапалық сипаттамаларын анықтау мақсатында білімділік дәрежесін және қоғамның мәдени дамуын анықтайтын көрсеткіштер ұсынылды.
Әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылуын сипаттау мақсатында бүгінде қолда бар көрсеткіштерді пайдаланумен қатар жаңа көрсеткіштерді әзірлеу ұсынылады.
Мәселен, еңбек шарттарын сипаттау үшін өндірісте зардап шеккен және өлімге әкеліп соққан өндірісте зардап шеккен адамдардың саны (жұмыс істейтін 10 000 адамға) сияқты көрсеткіштерді пайдалану болжанады.
Демалыс шарттарын бағаланатын кезеңде демалып жатқан қазақстандықтар санының екі сандық көрсеткіштері және Қазақстанның туристік тартымдылығын сипаттайтын бір жанама сандық көрсеткіші көмегімен бағалау жоспарланады.
АДИ мысалы бойынша
әлеуметтік қамтамасыз етілу дәрежесін
статистикалық деректер негізінде
есептік шамалар көмегімен
Қоғамдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай Мағриб елдеріндегі және Жаңаөзен қ. соңғы оқиғалар тұрғысында биліктің және халықаралық ұйымдардың назарын барынша аудара бастады. Ақпараттық байланыстармен толыққан қазіргі заманғы әлемде қоғамдағы кез келген ауыртпалық жоғары жылдамдықпен таралады. Адамдардың өз өмірінің шарттарын объективті бағалау және оларды басқа да елдердегі, өңірлердегі шарттармен салыстыру мүмкіндігі бар. Сондықтан өмірдің қанағаттандырылмауы (100 мың тұрғындарға өзіне қол жұмсау санымен сипатталады); қоғамның агрессияшылығы (100 мың тұрғындарға кісі өлітіру санымен сипатталады); меншік проблемаларын шешудің сәйкессіздігі (100 мың тұрғындарға ұрлық, қарақшылық және тонау саны арқылы көрсетіледі); отбасылық қатынастардың тұрақсыздығы (1000 некеге ажырасулар саны) және т.б.. сияқты адам және қоғамдық қатынастардың жақтарын өлшеу маңызды. Барлығы бұл бөлімде 1-кестеде ұсынылған 11 индикаторларды пайдалану болжанады.
Өмір сапасының субъективтік индикаторлары. Субъективтік көрсеткіштерсіз өмір сапасының көрінісі толық және объективтік болмайды, ол халықтың субъективтік бағалауларынан қалысптасады. Мұндай тәсіл өмір сапасын әлеуметтану сауалнамалары негізінде анықтауды болжайды. Субъективтік индикаторларды пайдалану - халықтың өмір сапасының шынайы көрінісін алудың қажетті шарты.
Батыс мамандарының арасында субъективтік көзқарасы тұрғысынан өмір сапасының анықтамаларының бірінші әдістемелерінің бірі Л.В. Портер әзірлеген сауалнама болды, оның көмегімен өмір сүру қажеттіліктерінің, әлеуметтік қажеттіліктердің, эго-қажеттіліктер және өзін-өзі іске асыру қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін анықтау мүмкін болды. [23]
АҚШ әлеуметтанушылары жүргізген соңғы 20 жылдағы зерттеулер жеке тұлға мәртебесіндегі өмір сапасымен байланысты және жеке тұлғалардың құндылықтарын ашты. Жалпы жағдайда өмір сапасына қатысты мәртбелік индикаторлар мыналардан тұрады.
1. Табыс. Н. Акерман және Б. Палуччидің пікірі бойынша табыс өмір сапасын субъективтік және объективтік өлшеулермен оң байланысты. Сонымен бірге Р. Инглхарт және Дж. Рабьер табыс тек қана өмір сапасының субъективтік құрамдауышындағы өзгерістер бөлігін түсіндіреді деп есептейді. Екінші жағынан, табыспен қанағаттандырылуы дәрежесі және өмірдің стандарттары өмір сапасының субъективтік құрамдауышымен тығыз байланысты.
2. Жұмыстың сипаты.
А. Кэмпбелл, П.Е. Конверс және
В.Л. Роджерс көзқарасы
3. Білім. Осы
мамандар білім өмір сапасымен
тікелей байланысты емес
4. Жас. Дж. Бреннанның
пікірі бойынша жас адамдар
өмір сүру орнына қарамастан
егде адамдарға қарағанда
5. Пол. Тендер
Б., В. Брайант және Д. Верофф
ерлер және әйелдер өмір
Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы