Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.

Содержание

Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61

Работа состоит из  1 файл

керек экономика.doc

— 776.50 Кб (Скачать документ)

Адамның даму индексі — бұл осы немесе өзге елдегі адамның даму деңгейінің жиынтық көрсеткіші, сондықтан кейде оны «өмір сапасы» немесе «өмір сүру деңгейі» сияқты ұғымдардың баламасы ретінде пайдаланады. АДИ оның азаматтарының денсаулық жағдайы, білім алуы және нақты табысы көзқарасы тұрғысынан елдің жетістігі олар үшін өзінің индекстер бағаланатын мынадай үш негізгі бағыт бойынша өлшенеді:

    • Күтілетін өмірдің ұзақтығы индексі: туу кезінде орташа күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішімен өлшенетін денсаулық және ұзақ жасау.
    • Білім индексі: мектеп жасындағы балалардың орташа күтілетін білім алу ұзақтығымен және жасы үлкен халықтың білім алу ұзақтығымен өлшенетін білімге қолжетімділік.
    • Жалпы ұлттық табыс индексі: сатып алу қабілеті (СҚП) паритеті бойынша халықтың жан басына АҚШ долларымен жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) шамасымен өлшенетін лайықты өмір сүру деңгейі.

Бұл үш өлшем  орташа геометриялығы 0-1 аралығындағы ауқымда АДИ жиынтық көрсеткішін  білдіретін 0-1 аралығындағы сандық мәндер түрінде стандартталады. Одан кейін  мемлекет осы көрсеткіш негізінде ранжирленеді.

2010 жылы АДИ өлшейтін  индикаторлар топтастығы кеңейтілді, ал Индекстің өзі елеулі түзетуге  ұшырады. Орташа елдік статистикалық  деректерге сүйенетін және ішкі  теңсіздікті ескермейтін жиынтық  көрсеткіші болып табылатын пайдаланылған АДИ-ға қосымша үш жаңа индикатор енгізілді: әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті ескере отырып, түзетілген Адамның даму индексі (АДИТ), Гендерлік теңсіздік индексі (ГТИ) және Көп шамалы кедейлік индексі (ККИ).

2011 жылғы  әлем елдеріндегі Адамның даму индексі.[29]

2011 жылғы әлем елдеріндегі  Адамның даму индексі осы жылдың  күзінде жариялаған болатын, БҰҰ  адамның дамуы туралы деректері  бар есептер, әдетте екі жылға  кешіктіріледі, өйткені ұлттық  статистикалық қызметтер жариялағаннан  кейін халықаралық салыстыруды талап етеді.. Осылайша, ағымдағы 2011 жылға арналған баяндамада 2009 жылғы қорытындылар бойынша есептелген деректер ұсынылды.

Барлық елдер рейтингте  төрт санатқа жіктеледі:

    • АДИ деңгейі өте жоғары елдер.
    • АДИ деңгейі жоғары елдер.
    • АДИ деңгейі орташа елдер.
    • АДИ деңгейі төмен елдер.

2011 жылы ұлттық  жетістіктер рейтингін Норвегия бастады, ол 2001-2006 жыл аралығында бірінші орын алған, одан кейін оны Исландияға берді,  алайда 2008 жылы тізімнің басына шықты және барлық осы уақыт ішінде көшбасылықты жалғастыруда. Норвегия АДИ 0,943 тең. Бұл мемлекетте өмірдің ұзақтығы деңгейі әлемдегі ең жоғарылардың бірі —81,1 жас, халықтың жан басына орташа жылдық табысы - 57,130 АҚШ долл., халықтың жан басына жалпы ұлттық табыс – 47 557 АҚШ долл. (тұрақты халықаралық долларда көрсетілген сатып алу қабілеті паритеті бойынша, база – 2005ж.). Мұнда іс жүзінде кедейлер жоқ, «сыныптық» деп аталатын айырмашылықтар өте әлсіз көрсетілген. Халықтың әл-ауқаты айтарлықтай дәрежеде мұнай және газ өндіруші және мұнай өңдеуші өнеркәсіппен байланысты, өйткені Норвегия –әлемдегі ірі және Батыс Еуропадағы ең ірі көмірсутегін өндіруші және экспорттаушы. Елдегі инфляция және жұмыссыздық қалған Еуропамен салыстырғанда дәстүрлі төмен, бірақ сонымен бірге — бұл ең қымбат әлем елдерінің бірі.

Сондай-ақ, даму деңгейі өте жоғары елдер рейтингі көшбасылары ондығына - сондай-ақ, Австралия, Нидерланд, Құрама Штаттар, Жаңа Зеландия, Канада, Ирландия, Лихтенштейн, Германия және Швеция кірді. Алайда, зерттеу  авторлары АДИТ бойынша ішкі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті ескере отырып, Индексті түзетуден кейін ең бай елдердің кейбірі бірінші ондыққа да жете алмай жатқындығын ерекше атап өтеді. Мәселен, Құрама Штаттар 4-орыннан 23-орынға, Оңтүстік Корея — 15-орыннан 32-орынға, Израиль 17-орыннан 25-орынға түсіп қалған. Теңсіздікті ескере отырып, түзетілген Адамның даму индексі бойынша АҚШ және Израиль рейтингінің төмендеуі негізінен халық табыстарындағы теңсіздіктермен түсіндіріледі, дегенмен медициналық көмек сондай-ақ, АҚШ-тың рейтингін өзгертуге ықпал ететін фактор болып табылады.

Қазақстан 2011 жылғы  рейтингте 0,745 АДИ-мен 68 орын алады және БҰҰДБ бағасы бойыншажоғары дамыған  мемлекеттер тізімінің ортасында  орналасқан. Жалпы, елдің көрсеткіштеріне  әлеуметтік теңсіздік, экологиялық  проблемалар, сондай-ақ, өмірдің ұзақтығының төмен болуы теріс әсер етеді. Зерттеу авторлары Қазақстанда (посткеңестік кеңістіктегі мұнай және газ экспорттаушы басқа да елдерде) экономиканың саралануына емес, табиғи ресурстарды пайдалануға өте күшті екпін жасалатынын көрсетеді, бұл соңғы жылдардағы тұрақтылыққа және адам дамуының тұрақтылығына елеулі әсер етуі мүмкін.

Бұрынғы КСРО мемлекеттері қатарынан АДИ деңгейі жоғары елдер тобында Қазақстанмен қатар  Беларусь (65 место), Ресей (66), Грузия (75), Украина (76), Армения (86) және Әзірбайжан (91) бар. Басқа да посткеңестік мемлекеттер даму деңгейі орташа елдер тобына енгізілді: Түрікменстан (102 орын), Молдова (111 орын — Еуропадағы ең төмен көрсеткіш), Өзбекстан (115), Қырғызстан (126) және Тәжікстан (127). Барлық бұрынғы КСРО мемлекеттерінен тек қана Балтық жағалауы елдері адамның даму деңгейі өте жоғары мемлекеттердің бірінші тобына кіре алды: Эстония 34, Литва — 40, Латвия — 43 орынды алады.[38]

Рейтингті даму деңгейі өте төмен нашар дамыған  мемлекеттер жабады. Соңғы ондықтың барлық елдері Сахарадан оңтүстікке Африкада орналасқан: Гвинея, Орталық-Африка Республикасы, Сьерра-Леоне, Буркина-Фасо, Либерия, Чад, Мозамбик, Бурунди, Нигер және Конго Демократиялық Республикасы (0,286 АДИ соңғы орын). Бұл мемлекеттерде өмірдің ұзақтығы өте төмен — 40 жастан 50 жасқа дейін, әлеуметтік-экономикалық орта барынша қолайсыз, халықтың сауаттылығы төмен - барлық тұрғындардың 30%-дан аспайтыны оқи және жаза алады, халықтың жан басына табысы — жылына 1 адамға 1 000 АҚШ долларынан төмен. Соңғы жылдары қол жеткізілген ішінара прогреске қарамастан бұл елдер бұрынғысынша жеткіліксіз табыстан, білім саласында шектеулі мүмкіндіктерден және безгек пен ЖҚТБ сияқты ауралардан өлімнің салдарынан айтарлықтай дәрежеде өмірдің ұзақтығының төмендігінен азап шегеді. Бірқатар елдердегі бұл проблемалар қарулы қақтығыстардың жойқын салдарларынан ушыға түседі.

 

    1. Канада халқының денсаулығын нығайту орталығы

Жеке бірліктерде өмір сапасын бағалаудың алғашқы мүмкіндіктері 1991 жылы Қоғамдық және әлеуметтік қызметтер министрлігінің тапсырысы бойынша Канада халқының денсаулығын нығайту орталығында болды. Орталыққа дамуында ауытқулар бар адамдардың даму үшін үлгіні әзірлеу міндеті қойылды.

Жоба кең даму алды және1994 жылдың өзінде өмір сапасын ғылыми-зерттеу  бөлімі қалыптастырылды. Бүгінде Орталық бірнеше, оның ішінде халықтың жас санаттары қарт адамдар, жасөспірімдер, үлкендер бөлінісінде өмір сапасын зерттеу жобаларын аяқтады. Орталықтың зерттеу тобы сондай-ақ, халықтың әртүрлі психиатриялық ауруханалардың бұрынғы емделушілері сияқты топтары үшін құралдарды қолдануда басқа да мекемелерге және ұйымдарға көмек көрсетеді. [43]

1994-2001 жылдар аралығында  өмір сапасын зерттеулер бөлімі  бірден екі ғалым - Ребекка  Ренвик және Деннис Рафаэльдің  ғылыми басқаруында болды. Жобаның жетекшісі Иван Браун болды, ал Тед Майерскот деректер қорларымен және қоғаммен байланысты қамтамасыз етумен айналысты.

Орталық есептейтін өмір сапасы индексі өмірдің субъективтік қанағаттандырылу нәтижелерін әртүрлі  әлем елдеріндегі өмір сапасы объективтік детерминант зерттеулерімен байланыстыратын бірегей әдістемеге негізделеді. 2005 жылы соңғы зерттеуде индекс 111 елге есептелді.

Әдістеме

Әдістеме факторлардың кең қатарын ескере отырып, өмірдің  сапалық сипаттамалар объективтік  бағалау мақсатына бағындырылған. Бірақ егер материалдық саулықты табыстар,  еңбекақы, халықтың жан  басына ЖІӨ көлемі ретінде сандық көрсеткіштер көмегімен өлшеу қиын болмаса, онда қоршаған орта, саяси еркіндіктер деңгейі, бос уақыт объектілерінің дамығандығы және т.б.сияқты материалдық есепке алынуы қиын нарықтық емес факторларды өлшеу жеткілікті дәрежеде қиын.

Сондай-ақ, әдістеме әртүрлі  факторларға және әлеуметтік-экономикалық саулықтың көрінісін құрайтын материалдық емес активтерге сандық мәндер беруге  байланысты еңсерілмейтін қиындықтарын жоятындай көрінген. Мұнда әңгіме бірыңғай статистикалық өлшеуішке біріктіру жолымен әлеуметтік және экономикалық саулықтың балама, ақшалай емес көрсеткіштерін әзірлеудің көптеген мүмкіндіктерінде болып отыр. Кез келген жағдайда, қажеттілігіне қарай әдістеме сараптамалық пікірге жүгінуге тура келетін жағдайға жол береді.

Өмір сапасын бағалау 11 бөлімдерден тұратын сауалнама  көмегімен жүзеге асырылады, сауалнама нәтижелері барынша жоғары бағалау жақсы өмір сапасын көрсететіндей шәкіл бойынша балдарда бағалар түрінде ұсынылады. Сауалнаманың ерекшелігі ерекше сұрақтардың көмегімен тән және психологиялық саулықты бағалауға екпін түсіре отырып, адамдар өмірінің сапалық көрсеткіштерін өлшеу қабілеттігін білдіреді. 

Сауалнама Канаданың барлық популяцяларына және оның халқының репрезентативтік іріктемелеріне қолдану үшін нормаланған.

Сауалнама тармақтары сегіз  шәкілге топтастырылған: нақты жұмыс істеу, рөлдік қызмет, дене ауруы, жалпы денсаулық, тіршілік қабілеті, әлеуметтік жұмыс істеу, эмоционалдық жай-күйі және психикалық денсаулық. Әрбір шәкілдің көрсеткіштері 0 және 100 арасында түрленеді, мұнда 100 толық денсаулықты білдіреді, барлық шәкілдер мынадай екі көрсеткішті қалыптастырады: жан және тән саулығы.

Сандық тұрғыда мынадай  көрсеткіштер бағаланады:

1) General Health (GH) – денсаулықтың  жалпы жай-күйі - қазіргі сәтте  және перспективада науқастың  өзінің денсаулық жағдайын бағалауы.

2) Physical Functioning (PF) – денсаулық физикалық жүктемелер орындауды лимиттейін (өз-өзіне қызмет көрсету, жүру, баспалдақпен көтерілу, ауырлықтарды көтеру және т.б.) дәрежесін көрсететін дене жұмысын істеу.

3) Role-Physical (RP) – рөлдік  жұмыс істеуге (жұмысқа, күнделікті қызметті орындауға) физикалық жағдай әсері.

4) Role-Emotional (RE) – рөлдің  жұмыс істеуге эмоциялық жағдай  әсері эмоциялық жағдай жұмысты  немесе басқа күнделікті қызметті  орындауға (уақыт шығындарын ұлғайтуды,  орындалған жұмыс көлемін азайтуды, оны орындау сапасының төмендеуін және т.б. қоса алғанда) кедергі келтіретін дәрежені бағалауды болжайды.

5) Social Functioning (SF) – әлеуметтік жұмыс істеу,  физикалық немесе эмоциялық жағдай  әлеуметтік белсенділікті (қарым-қатынас)  шектейтін дәрежемен анықталады.

6) Bodily Pain (BP) –  аурудың қарқындылығы және оның  үйдегі және үйден тыс жұмысты  қоса алғанда, күнделікті қызметпен айналысу қабілетіне әсері.

7) Vitality (VT) - тіршілік  қабілеті (өзін әлсіздерге қарсы  күші және қуаты толық сезінуді  білдіреді).

8) Mental Health (MH) –  психикалық денсаулықты өзіндік  бағалау, көңіл күйді сипаттайды (депрессияның, үрейдің болуы, жалпы оң эмоциялардың көрсеткіші).

Негізгі проблемалардың бірі бірыңғай синтетикалық көрсеткішті  есептеу үшін факторлардың әрбірінің (салыстырмалы және маңызды ауқымдарда өлшенетін) үлес салмақтарын анықтау  кезінде субъективтілікті жою болып табылады.

Қазіргі сәтте  оны БҰҰ-ның Адам құқықтар декларациясы негізінде жасай отырып, адамдардың өмір сапасын анықтайтын факторлар  тізбесін кеңейту туралы әңгіме болып  отыр.

 

    1. Еуропалық одақта өмір сапасын бағалау

Еуропалық Одақты кеңейту Еуропарламентті Еуропадағы өмір сапасын объективтік салыстыру үшін құрал жасауға әрекет жасауға мәжбүрледі, осыған байланысты кеңейту нәтижесінде Одақта материалдық ресурстарында, өмір сүру деңгейінде, мәдени дәстүрінде және дүниетанымында үлкен айырмашылықтары бар елдер пайда бола бастады.

Әдістемені әзірлеу және зерттеу жүргізу Өмір және еңбек  шарттарын жақсарту бойынша Еуропа қорына (European Foundation for the Improvement of Living and Working Conditions, Eurofound) – ЕО саясатының мамандандырылған салаларында жұмыс мақсатында құрылған Одақтың еуропалық ұйымына тапсырылды.[28]

Жаңа жағдайларда Өмір және еңбек шарттарын жақсарту бойынша  Еуропа қоры 2003 жылғы жазда  пан-еуропалық  өмір сапасын өзінің бірінші зерттеуін  бастады. Ол  елді қамтыды: 15 ЕО мүше-мемлекеттер (ЕО-15) елдері, 10 қосылған елдер (қазіргі уақытта жаңа мүше мемлекеттер) және ЕО мүшелікке үміткер үш ел. Зерттеуде еуропалық елдердегі өмірдің негізгі салаларындағы өмір сапасының сипаттамалары қарастырылды.

Ұйым өмір шарттарын және жеке тұлғалардың мүмкіндіктерін қалыптастыратын негізгі салалардағы өмір сапасының субъективті және объективті аспектілерін зерделеуге тиіс болды. Олардың, жұмыссыздық, кедейлік және әлеуметтік оқшаулану сияқты кейбірі ЕО үкіметінің басты назарында болды. Денсаулық сақтау және тұрғын үй мәселелері сияқты басқа да мәселелер бұрынғыға қарағанда маңыздылықтың барынша жоғары дәрежесіне ие болуға тиіс болды.

Тұжырымдама ретінде  өмір сапасы

Жеке тұлғаның өмір шарттарының  кең анықтамасын білдіретін өмір сапасы сондай-ақ, бүкіл қоғамның әл-ауқаты шарттарымен тікелей байланысты. Яғни тұжырымдамаға сәйкес қоғамның мақсаты адамдар бұл мүмкін болатындай, өзінің жеке мақсаттарына қол жеткізу үшін кемшіліксіз өмір сипатын таңдай алатын жағдайларды жасауға тиіс. Бұл мағынада, өмір сапасы тұжырымдамасы өмірдің материалдық шарттарының шеңберінен шығады. Идеологиялық негіз ретінде өмір сапасымен байланысты үш негізгі сипаттама алынды:

Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы