Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61
Нәрестелер өлімінің төмендеуін 2013 жылға қарай 1000 тірі туғандарға 14,1 дейін, жылға қарай –12,3 дейін жеткізу жоспарланады. Іс жүзінде 2010 жылы көрсеткіш 1000 тірі туғандарға 16,54, ал 2011 – 14,84 құрады.
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2013 жылға қарай 1000 халыққа 8,14 дейін, 2015 жылға қарай –7,62 дейін төмендету жоспарланған. Шын мәнінде 2010 жылғы факт бойынша 1000 халыққа 8,9, 2011 – 8,7 өлім-жітім тіркелген.
Құрт ауруымен ауру ауруы 100 мың халыққа 98,1 дейін, 2015 жылға қарай - 94,7 дейін төмендуге тиіс болатын. Іс жүзінде бүгінде бұл көрсеткішке қол жеткізілді: 2010 жылғы нәтижелер бойынша ауырғандар саны 100 мың халыққа 95,3 адамды, 2011 нәтижелер бойынша 86,6 құрады.
Осы мемлекеттік бағдарламаны орындау елдегі өмір сапасын арттыруға бағытталғаны анық. Бағдарламада белгінген нысаналы көрсеткіштер нақты деректермен салыстыру олардың жақсы орындалғанын көрсетеді. Бүгінде бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді, ал қалғандарының серпіні оптимизмге бағыттайды.
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы [8]
Бағдарламаға сәйкес 2011-2014 жылдары 24300 мың ш. метр жалпы тұрғын үй ауданын, оның ішінде 2011 жылы – 6 000 мың ш. метр, 2012 жылы -6050 мың ш. метр, 2013 жылы – 6100 мың ш. метр, 2014 жылы - 6150 мың ш. метр тұрғын үй ауданын барлық қаржыландыру көздері есебінен салу болжанады. Іс жүзінде 2011 жылы жалпы ауданы 6 533 мың ш.м тұрғын үй ғимараттары енгізілді, бұл 2010 жылғы көрсеткішке 101,9% құрайды. Халықтың 1000 адамына есептегенде 391,8 ш.м. тұрғын үй салынды, барлық салынған пәтерлер саны 55,5 мың бірлікті құрады. Жеке құрылыс салушылар осы кезеңде жалпы ауданы 3 570 мың ш.м тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға енгізді, 2010 жылмен салыстырғанщда өсуі 20,1%-ды құрады.
ҚР Статистика агентігінің жедел ақпараты бойынша ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жай-күйі бойынша 3 490 мың ш.м пайдалануға енгізілді, бұл 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,99% көп. Тұрғын үйді жылдық жоспарға енгізу пайызы 57,7%-ды құрады.
Сондай-ақ, осы дерек көзінен 2011 жылы барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 421 млрд. теңге инвестициялар немесе 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 120,3% бағытталды.
Қорытынды: өмір сапасын көрсететін тұрғын үй құрылысы ол қолданыста болған уақыт ішінде жоспарланған мәндерге сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы [12]
Білім беру жүйесін дамытуға арналған Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 461,1 млрд. теңгені құрауға тиіс.
Бағдарламаның шеңберінде көптеген іс-шараларды жүзеге асыру болжанады. Олардың бөлігін орындауды бүгінде бағалауға болады. Мәселен, 2020 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы балалар 100% мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту болжанады. Бұл үшін қадамдар бүгінің өзінде іске асырылуда: Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2011 жылы жалпы ел бойынша 1 352 бірлік мектепке дейінгі мекемелер ұйымдастырылды, өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 28,2%-ға асты. Өңірлер бойынша бөлінісінде мектепке дейінгі мекемелердің барынша көп саны Алматы облысында – 369 бірлік, өсуі – 4 есе дерлік, барынша аз саны Жамбыл облысында 6 пайда болды.
Мектепке дейінгі мекемелердің саны бойынша деректер мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар санымен байланысты: 2011 жылы2010 жалға қарағанда 98,5 мың балалар балабақшаларда тәрбиелене бастады, өсуі 25,2%-ды құрады, бұл ретте, балалардың барынша көп сандық өсуі Оңтүстік Қазақстан облысында болды – 20,9 мың, бұл осындай мекемелердегі балалардың жалпы санының көп – 59,1 мың болуымен түсіндіріледі, Алматы облысында оқумен қамтылған мектепке дейінгі балалардың екі еселенуі болды.
Осы жұмыс шеңберінде
аталғандай, халықаралық білім
Қазақстандағы білім сапасын арттыру шараларының бірі мектептер санын «Назарбаев Зияткерлік мектептер» жобасы шеңберінде жиырмаға дейін жеткізу жоспарланған. Бүгінде республикада мұндай жеті оқу орындары бар.
Бағдарламада белгіленген ғаламдық міндеттердің басым көпшілігі ұзақ мерзімді және орта мерзімді сипатқа ие, бұл іске асыру басталған сәттен өткен салыстырмалы қысқа мерзім ішінде өмір сапасының көрсеткіштерінің өзгерісіне әсерді бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай нысаналы көрсеткіштердің кейбірі мыналар болып табылады: орта білім ұйымдарының 90%-да электрондық оқыту жүйесін енгізу; барлық білім ұйымдарында жан басына қаржыландыру тетігін енгізу; жоғары және бірінші санатты біліктілігі жоғары педагогикалық қызметкерлерді педагогтардың жалпы санының 52%-ынад дейін жеткізу; бірінші реттен жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілігін тәуелсіз бағалаудан өткен жоғары оқу орындары бітірушілерінің үлесі қатысушылардың жалпы санынан 80%-ға дейін жеткізу; мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған оқу орындары бітірушілерінің үлесін 80%-ға дейін жеткізу; үздік әлемдік университеттері рейтингінде байқалған Қазақстанның жоғары оқу орындарының санын 2 бірлікке дейін жеткізу; халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесін 65%-ға дейін жеткізу.
2030 жұмыспен қамту бағдарламасы [18]
Өмір сапасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі лайықты ақы төленетін жұмыспен айналысу мүмкіндігі болып табылады. Сондықтан ел басшылығының осы мәселеге аударатын назары таңданарлық жағдай емес. Экономикалық өсу және үкімет шаралары республика халқының жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуге ұзақ мерзімді және тұрақты үдеріске ие болғандығына алып келді, мәселен, бұл көрсеткіш 2001 жылы - 89,6%-дан 2011 жылы - 94,6%–ға дейін өсті. Жұмыссыздық деңгейі тиісінше бұл кезең іщінде екі есеге дерлік 2001 жылы10,4%-дан 2011 жылы 5,4%-ға дейін қысқарды. Сонымен бірге, Жұмыспен қамту бағдарламасында оны іске асырудың бірінші кезеңінде осы көрсеткіш бойынша 5,5%деңгейінде планка белгіленді, яғни бұл «салмақ» алынды деп топшылауға болады. [32]
Сондай-ақ, Бағдарламаның «кедейлік деңгейі» нысаналы идикаторы бойынша белгіленген жоспар артығымен орындалды: жоспарланған төмендеу 8,2 % - 6 % 2011 жылы осы көрсеткіштің 5,3% деңгейіне іс жүзінде қол жеткізумен жабылды. Алайда, проблеманы өңірлер және қала-село бөлінісінде саралау ушықтырады: кедейлік деңгейі бойынша ең кедей Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары республикалық деңгейден 2 есе дерлік қалып отыр, көрсетілген салаларда бұл көрсеткіш 10,4%-ды құрады, сондай-ақ, қалалық және ауылдық жерлердегі табыстардың айтарлықтай саралануы сақталады, қарастырылған жылы ауылдық жерлердегі кедейлік деңгейі қалалық деңгейден 3 еседен аса асты.
Жұмыспен қамтылған
ел халқының барынша қауқарсыз санаты
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық
болып табылады. Халықтың осы санаты
үшін өзін-өзі жұмыспен қамтылған
табыстардың орташа республикалық
деңгейден төмен болуына
Өңірлік сараланумен, сондай-ақ,жұмыспен қамтылу және кедейлік саласында ауылдың артта қалуымен байланысты белгілі бір қиындықтарға қарамастан Бағдарламаға қысқа мерзім ішінде қол жеткізу мүмкіндігі айқын. Бағдарламада белгіленген міндеттерді іске асырудың қазіргі қарқындарын сақтай отырып, оларды орындауға нық сенімділік пайда болады.
Бағдарламаның
тағы бір елеулі міндеті оның іс-шараларын
20 %-ын іске асыру есебінен еңбек
өнімділігін арттыру болып
Өнімділік 2020 [17]
Осы бағдарлама Үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырудың құралдарының бірі болып табылады, оны біз оның декларативтік сипатына байланысты қарастырмаймыз. Оның нысаналы міндеті Бағдарламаға қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде есеге ұлғайту болып табылады.
Өмір сапасы көзқарасы тұрғысынан бұл Бағдарлама қазіргі заманғы Әлемде еңбек өнімділігінің жоғары өнімділік арқасында бәсекелес басымдық болып табылатындығына, ендеше барынша жоғары жалақы, бюджетке түсімдер, өнеркәсіптік дамыған мемлекеттер өзінің азаматтарының жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететіндігіне байланысты қарастырылады. Өмір сапасын ең жоғары бағалауға Норвегия сәйкес келеді және Вести-Экономика ақпарат агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы еңбек өнімділігі рейтингінде бұл ел бірінші орында.
Бүгінде, өкінішке
орай, Қазақстандағы еңбек өнімділігі
осы көрсеткіштегі әлемдік
Осылайша, бағдарламада жоспарланған көрсеткіштер орындаған және еңбек өнімділігі 2020 жылға қарай екі еселеген жағдайда әлі талай жұмыс бар және дамудың бұл бағытында кейінгі қадамдарды күтуге болады.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдар арналған бағдарламасы [14]
Осы зерттеуде бірнеше рет атап көрсетілгендей қазақстандық ауылдың өмір сапасы көрсеткіштері қала тұрғындарының деңгейінен айтарлықтай артта қалып отыр. Мұның негізгі себептерінің бір – ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа да ресурстарды барыншатолық пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін, аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендететін саладағы төмен өнімділік, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірлмеуі, өндіріс ұсақ тауарлығы.
2011 жылыелдің жалпы ішкі өнімі көлемінде ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі 5,1%-ды құрады, сонымен біргеауылдық жерлерде шамамен 7,52 млн. адам барлық Қазақстан халқының 45,4% тұрады.
Жағдайдың күрделілігі қазірдің өзінде Қазақстанның АӨК өңдеу өнімдерінің көптеген түрлері бойынша импортқа тәуелділігі қалыптасуымен, мәселен, тұқым көкөніс өнімі, ет және сүт өңдеу өнімі бойынша импортқа тәуелділігі деңгейінің жоғары болуынан қиындап отыр. Басқаша айтқанда, басқа да елдердің агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаймыз.
Өмірсапасы мәселелері Бағдарламада бірнеше позициялардан қозғалған. Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 1,5 есе ұлғайту міндеті бағдарламаның екінші нысаналы индикаторы - ауыл шаруашылығында бір жұмыспен қамтылған адамға еңбек өнімділігі 3 есе арттыруға алып келеді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің табыстылығын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды білдіреді. Бағдарламада ауыл шаруашылығында жұмыс орындары санын арттыру туралы сөз болмағанын ескере отырып, бұл өсуге еңбекті қарқындату, яғни қызметкерлердің табыстылығын арттыру арттыру қол жеткізілуі тиіс.
Импортқа тәуелділікті еңсеру мақсатында Бағдарламада азық-түлік тауарларының ішкі нарығын отандық тамақ өнімдерімен 80%-дан астамға қамтамасыз ету мақсатын қояды. Бұл сондай-ақ, сапалы тамақпен байланысты өмір сапасының факторына сәйкес келеді, өйткені отандық ауыл шаруашылығы өнімінің басымдықтарының бірі табиғи (ГТО және химиялық элементтермен тыңайтылатын жерлер төмен үлесі) болып табылады.
Бұдан өзге, Бағдарламада агроөнеркәсіптік кешен өнімін өткізуден түскен экспорттық пайданы 20 %-ға ұлғайту жоспарланған, яғни ауыл шаруашылығына экспорт көлемінде өзінің өнімінің үлесін ұлғайту міндеті қойылады, 2011 жылы бұл сан жалпы экспорт көлемінің 2,1 %-ын құрады. Бұл деңгейге тек қана экспорттық позициялар есебінен емес, сондай-ақ, әлемдік ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтарында барынша талап етілетін жаңа бағыттарды дамыту есебінен қол жеткізуге болады. Астыққа қойылатын бағалардың жыл сайынғы жылнамалары туралы мысал бізде жоқ: осы тауарлық топтың өндірісі объективтік (егін шығымдылығы, өсірілген астық сапасы) және субъективтік (бәсекелестерге әкімшілік кедергілер және көлік шығындары) сияқты көптеген факторларға күшті байланысты. Өндірісті әртараптандыру отандық аграрияға көрсетілген факторларға тәуелділігін төмендетуге, яғни өзінің тұрақтылығын және осы арқылы ауылдағы өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, бұл Бағдарлама өмір сапасы мағынасында ең маңыздылардың бірі, өйткені ел халқының 45%-дан астамының бұл ретте, оның барынша аз қамтамасыз етілген бөлігінің өмірлік факторларын қозғайды.
2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы [13]
Бағдарлама Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес әзірленген. Оның мақсаты орта және ұзақ мерзімді перспективада моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты Бағдарлама шеңберінде қарастыру үшін халық саны 1,5 млн. адам 27 моноқалалар, бұл қалалық ел халқының 16%құрайды, әлеуеті жоғары – 6 қала, орта – 19, төмен – 2 қала іріктеп алынды.
Әлемдік тәжірибені және қолда бар проблемаларды талдауды ескере отырып, моноқалалар мемлекеттік қолдау шараларының келесі басымдық берулері ұсынылды:
1-басымдық. Әлеуеті төмен моноқалалардың бірінші кезекті өткір проблемаларын шешу.
2-басымдық. Әлеуеті орташа моноқалалардың дамуы үшін жағдайлар жасау.
3-басымдық. Әлеуеті жоғары моноқалаларды одан әрі тұрақты дамыту.
Олардың топтамасын, сондай-ақ, басымдықтарын ескере отырып, моноқалалардың проблемаларын шешу үшін мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді:
Бірінші – жұмыс істейтін кәсіпорындар өндірістік қажетсінуіне байланысты моноқалаларды оңтайландыру.
Өмірсапасын арттыру көзқарасы тұрғысынан міндет депрессивтік елді мекендерді жою және олардың халқын өзге де барынша дамыған қалаларға көшіруді білдіреді. Осындай бүкіл өмір бір-екі қала құраушы кәсіпорындар айналасында топтасқан кіші қалаларда жұмыссыздықжәне барлық қатар жүретін әлеуметтік жаралар өсіп жатқаны жасырын емес. Осындай моно-қалалар оңтайландыру тек қана өліп бара жатқан кәсіпорындарды субсидиялауға бюджет қаражаттарын қысқартуға емес, сондай-ақ, қазір жұмыс істемей тұрған еңбек ресурстарын олар үлкен қайтарып әкелетін белсенді өңірлердің экономикалық өміріне енгізуге мүмкіндік береді.
Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы