Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.

Содержание

Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61

Работа состоит из  1 файл

керек экономика.doc

— 776.50 Кб (Скачать документ)

Өмір сапасын  сондай-ақ, адам үшін өмірлік маңызды жақтардың, процестердің және еңбек қызмет аспектісіндегі сияқты жалпы тіршілік қызметі аспектісіндегі оның қазіргі болмысын көрсететін белгілі бір сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастыру керек.

Қазіргі заманғы  экономикалық сөздік«өмір сапасы»  деген терминді «өмір сүру деңгейі» деген ұғымның жалпылануын білдіретін және «тек қана материалдық ізгіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейін емес, сондай-ақ,  қажеттіліктерді қанағаттандыру, денсаулық, өмірдің ұзақтығы, адамды қоршаған орта жағдайлары, жан рахатын қамтитын» әлеуметтік-экономикалық санат ретіндеі анықтайды[4].

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы (ДДҰ) өмір сапасын «жеке  тұлғаның олар өмір сүретін мәдениет контекстінде және құндылықтар жүйесінде  және олардың мақсаттарымен, күтулерімен, стандарттарымен және күтімдерімен байланысты өмірдегі орнын сезінуі» ретінде анықтайды. Адамның жеке денсаулығына, психологиялық жағдайына, жеке нанымдарына, әлеуметтік қатынастарына және олардың қоршаған ортаның тән ерекшеліктері бар өзара байланыстарына байланысты тұжырымдаманың бұл кең ауқымы.[33]

Ұйым мынадай негізгі  салаларды қамтитын өмір сапасын  бағалау үшін халықаралық кросс-мәдени салыстыру құралын әзірледі:

    • тән саулығы;
    • психологиялық денсаулық;
    • тәуелсіздік деңгейі;
    • әлеуметтік қатынастар;
    • қоршаған орта;
    • руханият / дін/ жеке нанымдар.

Өмір сапасы экономика ғылымының санаты ретінде өзінің шығу тегі және мазмұны жағынан адамның өмір сипаты, өмір стилі, өмір сүру деңгейі сияқты жақын ұғымдармен өзара байланысты екенін атап өту қажет.

Өмір сипаты объективтік  шарттардың және адамдар қызметінің субъективтік жағының, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық белсенділігі көрінісінің қосындысы. Өмір сипатын «жүргізеді», тәжірибе жүзінде енгізеді, ол жеке адамның күнделікті тұрмысының жалпы формуласы болып. Басқаша айтқанда өмір сипаты–бұл адамдардың әдеттегі, тәжірибеленетін нормалары, мінез-құлықтары, олардың еңбек және тұрмыс саласындағы, өндірістегі және материалдық және рухани құндылықтарды тұтынудағы күнделікті қызметінің әдісі.

Осылайша, өмір сапасы адамдардың алуан түрлі материалдық, рухани, зияткерлік, мәдени, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерінің тұтас кешенін қанағаттандыру дәрежесін көрсетеді.

Адам Географиясы Сөздігінде (Dictionary of Human Geography), Оксфорд анықталатын  «өмір сапасы» деген термин адам мен қоғамның жалпы әл-ауқатын бағалау үшін пайдаланылады. Бұл термин барынша әртүрлі контекстерде, оның ішінде халықаралық даму, денсаулық сақтау және саясат саласында пайдаланылады. Өмір сапасы бұл дерек көзінде негізінен халықтың табыстарына негізделетін өмір сүру деңгейі ұғымымен бөлінеді. Өмірсүру деңгейін, анықтайтын стандартты көрсеткіштерден басқа, өмір сапасының көрсеткіші тек қана байлықты және жұмыспен қамтылуды емес, сондай-ақ, қоршаған ортаның жай-күйін, халықтың тән және психикалық саулығын, білім беру жүйесін, демалысты және босуақытты өткізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ, әлеуметтік керек-жарақтарды қамтиды. [1]

Осыған сәйкес экологиялық  экономист Роберт Констанза (PhD, Portland State University) былай деп жазады:

Өмір сапасы бұрыннан айқын немесе айқын емес саяси мақсат болғаннан бері осы терминді балама анықтаулар мен өлшеу ұзақ уақыт бойы өлшенбейтін болды. Бірақ бұл проблема тұтас бірқатар пәндер бойынша әртүрлі объективтік және субъективтік көрсеткіштерді анықтау нәтижесінде шешіле бастады, сондай-ақ, субъективтік аман-саулықты (SWB), анықтау бойынша соңғы жұмыстар, бақыт психологиясы саласындағы зерттеулер белгілі бір көмек көрсетті.[2]

Өмір сапасын  адамның еркін әл-ауқаты деңгейін және дәрежесін, әлеуметтік және рухани дамуын, сондай-ақ, оның тән саулығын жан жақты сипаттайтын интегралдық санат ретінде түсіндіруге болады. Оның құрылымдық құрамдауыштарының қатарынан мынадай негізгі құрамдауыштарды: халықтың денсаулық деңгейін және өмірінің ұзақтығын, халықтың өмір сүру деңгейін, халықтың  өмір сипатын атап өтуге болады.

 

 

 

1-сурет.  Өмір деңгейінің, сипатының және  сапасының схемалық байланысы



 




 

 

Өмір сапасымен сондай-ақ, еркіндік, адам құқықтары, және бақыт  сияқты ұғымдар жиі байланыстырылады. Алайда, бақыттың таза субъективтік субстанция болып табылатындығына және оны өлшеу қиын болуына байланысты әдетте басқа да өлшеуіштерге басымдық беріледі. Констанза сондай-ақ, бақыт өлшемін, оны қаншалықты өлшеуге болатындығы, өз кезегінде табыстар деңгейіне байланысты жайлылыққа байланысты емес екендігін дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде, өмір сүру деңгейі бақыт өлшеуіш ретінде пайдаланылуға тиіс емес. Бұған дәлел ретінде қазіргі заман тарихынан мысалдар келтіруге болады. КСРО-дағы тұрмыста эскимостар обадан ыңғайлы пәтерлерге қоныс аударғанда олардың өмір деңгейі көтерілді, бірақ өлім-жітім деңгейі оның ішінде алкоголизм нәтижесінде күрт өсті және әлеуметтанушылардың бірі айтқандай «олар құсадан өле бастады». ГДР-да ГФР-ге қосылғаннан кейін материалдық жағдайлар 3-5 есеге көтерілді, алайда, өзіне қол жұмсау, қылмыс және өлім-жітім деңгейлері күрт өсіп кетті.

Өмір сапасы проблемасына бірнеше еңбегін арнаған Ресей  ғалымы А.И. Суббето, өмір сапасын өмірдің  рухани, материалдық әлеуметтік-мәдени, экологиялық және демографиялық  құрамдауыштары сапаларының жүйесі ретінде анықтайды. Өмір сапасы– ол арқылы өркениеттердің, мемлекеттердің, этностардың, адамзат пен адамның тұрмыс мәні әлеуметтік және экономикалық саясаттың нысаналы функциялары көрсетілетін негізгі санаттардың бірі. Өмір сапасы өмірдің материалдық және рухани-шығармашылық жақтарының, адамның тектік күшін іске асыру деңгейінің, оның интеллекті, өмірдің шығармашылық мәнінің синтезін білдіреді. Ол тек қана өмірдің материалдық деңгейіне енгізілмейді, дегенмен «материалдық өмір сүру деңгейі» елеулі рөл атқарады. Өмір сапасы жеке адамның, отбасының, халықтың және жалпы адамзат қоғамының рухани, зияткерлік, материалдық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру, экологиялық және демографиялық құрамдауыштарының бірлігінің күрделі және қарама-қайшы жүйесі болып табылады. Ол осылайша, жеке және қоғамдық (әлеуметтік) өмір сапасын білдіреді, онда адамның қажеттіліктерінің және қабілеттерінің, оның жанжақты, үйлесімді, шығармашылық даму әлеуетінің әртүрлілігі көрініс табады [5]

Бірақ сонымен қатар, Суббето  барлық ұлттар, халықтар және өркениеттер үшін өмір сапасының бірыңғай үлгісі жоқ деген қорытындыға келеді. Адамзаттың әлеуметтік прогрессивті эволюциясының қолданыстағы заңы – мәдениеттер, этностар және өркениеттер әртүрлілігі заңы жергілікті өркениеттер, мемлекеттік құрылымдардың «қоректендіруші ландшафттарының» (Л.Н. Гумилев), әралуандығымен сипатталған өмір сапасы үлгілерінің әралуандығын анықтайды.

Ресей экономисі Н.М Римашевская  өмір сапасының ең алдымен, адамның  қоғамдық өмірі субъектісінің өзінің жай-күйін сипаттайтынын анықтайды. Бірқатар авторлар «әл-ауқаты» және «өмір сапасы» ұғымдарын теңестіреді. Неміс ғалымы-теоретик И. Штиффен «өмір сапасы» ретінде экономиканың көпшілік мүдделерінеде саналы қалыптастуын түсінеді.[4]

Осылайша, барлық аталған  зерттеушілер өмір сапасы –  бұл «өмірлік маңызды құндылықтар қатарының жиынтығы деген тұжырымға келеді. Адам қалай өмір сүруде, оның жоғары қатарлардағы қажеттіліктері қалай қанағаттандырылуда, ол не үшін өмір сүруде, оның өмірінің мәні қандай, ол өзінің өміріне қанағаттана ма».

Егер осы  өзара байланысты графикалық тұрғыда  қарасттыратын болсақ, өмір сапасы және оның негізгі құрамдауыштарымен  өзара іс-әрекет жүйесін мынадай  түрде көрсетуге болады:

 

2-сурет.  Өмір сапасы объектілерінің өзара  тәуелділігі 


 




 

 



 

 

 

Сапа – күрделі  соңына дейін танылмаған ұғым. Өнеркәсіптік дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, сапаны -саяси, экономикалық және адамгершілік санат деп айтуға болады. Өнім, жұмыстар, қызметтер сапасы - бұл  дербес экономикалық бірліктің және тиісінше бұл сапаны жасайтындардың  пайдасы. Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау сапасы – денсаулық. Білім сапасы – еңбек әлеуетінің жоғары жиынтық жиналған интеллекті. Барлығы бірігіп – бұл адамдардың жан рақатының жоғары деңгейі, ұлттың және мемлекеттің мәртебесі – өмір сапасы.

Өмір сапасының  мәнін әлеуметтік-экономикалық санат  ретінде сипаттай отырып, оның мынадай  бірқатар ерекшеліктерін атап өту қажет:

Біріншіден, өмір сапасы айтарлықтай кең, көпқырлы, «өмір сүру деңгейіне» қарағаныда салыстыруға келмейтін кең ауқымды ұғым. Бұл санат экономика шеңберінен едәуір алшақ шығады. Бұл ең алдымен қоғамның барлық салаларын қамтитын әлеуметтік санат, өйткені олар адамдардың өмірін және оның сапасын қамтиды.

Екіншіден, өмір сапасының екі қыры бар: объективтік және субъективтік. Өмір сапасын объективтік бағалау өлшемі индивидуумдар қажеттіліктерінің ғылыми негізделген нормативтері болады, оларға қатысты бұл қажеттіліктерді және мүдделерді қанағаттандыру дәрежесі туралы талқылауға болады. Алайда, екінші жағынан, адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері жеке және оларды қанағаттандыру дәрежесін тек қана олардың өздері бағалай алады. Оларды қандай да болмасын статистикалық шамалармен тіркеуге болмайды және олар іс жүзінде  тек қана адамдардың санасында және тиісінше олардың жеке пікірлерінде және бағалауларында бар.

Осылайша, өмір сапасын бағалау екі нысанда  көрінеді:

- ғылыми-негізделген  қажеттіліктер мен мүдделерді  қанағаттандыру дәрежесі;

- адамдардың  өздерінің өмір сапасымен қанағаттандырылуы.

Үшіншіден, өмір сапасы басқа да әлеуметтік-экономикалық санаттардан бөлінген санат болып табылмайды, бірақ олардың көпшілігін біріктіреді оларды сапалық аспектіде қамтиды.

Мәселен, өмір сапасының  құрамдауыштары сапалық бағалаулармен  байытылған және өмір сипаты, және өмір сүру деңгейі, және қоршаған орта болып табылады. Мысалы өмір сапасын сипаттай отырып қоректенуді оның қоректік құндылығына қарай (құнарлылығы, грамында ақуыздардың, майлардың болуы) бағалаумен шектелуге болмайды. Қоректенудің тұрақтылығы, әралуандығы дәмдік қасиеттері сияқты сапаларына тоқталмауға болмайды. Өмірдің еңбек сапасын сипаттай отырып, жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық, жұмыс күнінің аптаның, жылдың ұзақтығы көрсеткіштерімен (өмір сүру деңгейін талдау кезіндегідей) өндірістік жарақаттың деңгейімен шектелуге болмайды, бірақ қызметкерлердің мүдделеріне еңбек мазмұнының және сипатының сәйкестігін, оның қарқындылығын, еңбек ұжымы ішіндегі өзара қатынастарды және т.б. бағалау қажет.  

Нақты өмір сапасы - бұл халықтың мемлекет азаматтар  алдындағы өзінің міндеттерін қалай орындауына қанағаттандырылуының өзіндік индексі. Адамдарға өмірлік перспектива керек. Шектеулер мен кедейшілікті емес, әл-ауқатты жоспарлау және қамтамасыз ету керек. Таза экономикалықтан өмір сапасын анықтайтынға бағдарды ауыстыру қажет. Азаматтар республикалық және өңірлік биліктің қызметінен ел экономикасының одан әрі дамуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін реформалау, халықтың қауқарсыз санаттарын әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, экологияны сауықтыру, білім және денсаулық сақтау қызметтерін алу кезінді тең құқықтарды қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешуді күтеді. Ал бұл өмір сапасының мәселелері болып табылады.

Әртүрлі ғалымдардың  өмір сапасына көзқарастарын талдау бізге мақсаттар ағашы түрінде  өмір сапасының анықтамасына кіретін мынадай топтарды анықтауға мүмкіндік береді. [22]

 

3-сурет.  Халықтың өмір сапасының мақсаттар  ағашы 

 

 

 

 

Осылайша, өмір сапасы адамның өмірі және қызметі  проблемаларын пайымдауға жаңаша, тұтастық ұстанымдары тұрғысынан келуге мүмкіндік  беретін үлкен теориялық және әдістемелік әлеуетке ие.

«Өмір сапасы»  санаты тек қана тіршілік қызметі, өмірді қамтамасыз етуді емес сондай-ақ, тұтас  әлеуметтік организм ретінде қоғамның тіршілік қабілетін, әлеуметтік сапаларды  ашатын адамдар өмірінің интегралдық  сапалық сипаты болып табылады.

Тіршілік қабілеті жеке тұлғаның және қоғамның өзінің әлеуметтік, рухани және биологиялық функцияларын тиімді  жүзеге асыру қасиетін білдіреді. Бұл қабілет көбінесе экономикалық даму мүмкіндіктерін анықтайды. Адам үшін тек қана әл-ауқаттың белгілі бір деңгейі емес, сондай-ақ, табиғи ортаның жай-күйі, денсаулықтың жай-күйі, бос  уақыттың болуы, рухани бағдарланған өмір елеулі мәнге ие.

  1. Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу

Өмір сапасын  бағалаудың халықаралық статистикасы салыстырмалы түрде таяу уақыттан бастап дами бастады. 1960 жылы БҰҰ жұмыс тобы халықаралық ауқымда өмірдің сапалық көрсеткіштерін анықтау және өлшеу принциптері туралы баяндама жасды. Бұл салыстырмалы көрсеткіштер жүйесін құрудың алғашқы мүмкіндігі болатын.  Бұдан бұрын елдердің даму деңгейі нақты жалақы индексімен (бағалар индексіне бөлінген номиналдық жалақы индексі), ал одан кейін ең төменгі күнкөріс деңгейі және өмір құны индекстерімен (белгілі бір топтамадағы тауарларға және қызметтерге тұтыну бағалары индексімен) бағаланды. Көрсетілген индекстердің әрқайсысы өзінше маңызды болды, ал жеке-жеке олар елдің даму деңгейінің жанжақты сипаттамаларын берген жоқ. Сонымен бірге нақты жалақы және өмір құны индекстері тек қана жалдамалы еңбекке жатады, бұл ретте  халықтың кейбір санаттарының (шаруалар, өздерінің кәсібі бар) өмір сүру деңгейін анықтау кезінде көрсетілген индекстер пайдаланыла алмайды.[37]

Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы