Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 16:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» [8]. Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.

Содержание

Бет.
Кіріспе
3
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы
6
Халықтың өмір сапасын бағалаудың озық халықаралық тәжірибесіне шолу
12
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын өлшеудің өзекті индикаторларларының тізбесі
33
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
41
Өңірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау
53
Қорытындылар және ұсынымдар
59
Пайдаланылатын материалдар және интернет-ресурстар тізімі
61

Работа состоит из  1 файл

керек экономика.doc

— 776.50 Кб (Скачать документ)

Халықаралық статистикалық  тәжірибеде алғашқылардың бірі болып  кешенді индексті БҰҰ Әлеуметтік Дамуды Зарттеу Институты ұсынды (1970 жылы). Бұл индекс «әлеуметтік даму индексі» деген атауға ие болды және16 маңызды (9 әлеуметтік және 7 экономикалық) өзара тәуелді көрсеткіштерді қамтыды. Зерттеу авторлары 500 доллардан аспайтын жан басы табысы деңгейлерінде экономикалықтан асты деген қорытындыға келді.

Одан әрі  британ экономисі М.Д. Моррис мынадай  үш көрсеткішті ескеретін өмір сапасының  нақты даму индексін әзірледі: [1]

    • 1 жасқа дейін жету бойынша күтілетін өмірдің ұзақтығы;
    • нәрестелер өлімі деңгейі;
    • жасы үлкен халық арасында сауаттылықтың таралуы.

Жиынтық индекс 1 баллдан (нашар нұсқасы) 100 (үздік нұсқасы) баллға дейін шәкіл бойынша бағаланатын қалдырылатын орта арифметикалық шама ретінде есептелді.

Бүгінде БҰҰ халықаралық статистикадағы өмір сапасы көрсеткіштері жүйесінің қолданыстағы нұсқасы 1978 жылы әзірленді және 11 негізгі көрсеткіштер топтарын қамтиды: [37]

  1. Халықтың туу, өлім-жітім және басқа да демографиялық сипаттамалары.
  2. Өмірдің санитарлық-гигиеналық шарттары.
  3. Азық-түлік тауарларын тұтыну.
  4. Тұрғын үй шарттары.
  5. Еңбек және жұмыспен қамтылу шарттары.
  6. Білім және мәдениет.
  7. Халықтың табыстары және шығындары.
  8. Өмір құны және тұтыну бағалары.
  9. Көлік құралдары.
  10. Демалысты ұйымдастыру.
  11. Әлеуметтік қамтамасыз ету. Адамның еркіндігі

Аталған көрсеткіштер топтарынан басқа БҰҰ статистикалық комиссиясы өмір сүру деңгейін бағалау үшін қажетті, бірақ БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша оның тікелей сипаттамалары болып табылмайтын бірқатар ақпараттық көрсеткіштерді қамтитын жалпы бөлімді бөліп көрсетті. Мұнда ұлттық табыс, халықтың жан басына жалпы ішкі өнім (ЖІӨ); әлеуметтік қызмет көрсету көлемі және түрлері; халықтың жеке тұтыну шығындары, олардың құрылымы және өсудің орташа жылдық коэффициенті, халықтың тығыздығы, халыққа көлік қызметін көрсету; байланыс құралдары, баспасөз жұмысы және т.б. енгізілген.

1987 ж. Халықтың  дағдарыс проблемалары бойынша  Вашингтон Комитеті Халықаралық  сәтсіздік индексін жариялады.  Индекс материалдық жағдайға, демографиялық  жағдайға, денсаулық жағдайына және  қоғамдық құрылымға байланысты  адамдардың әл-ауқатын сипаттайтын 10 көрсеткішке негізделген жиынтық болып табылады. Есептер осы сәтте өмірдің барынша қолайсыз жағдайлары Анголада және Мозамбикте, ал барынша қолайлылары Швейцарияда және Люксембургте болғанын көрсетті.[1]

1990 ж. БҰҰДБ  елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді бағалау мүмкіндігін қабылдады және алғаш рет Адамның даму индексін (АДИ) жариялады. Онда деректерді үш түрі ескерілді: өмірдің ұзақтығы, білім деңгейі (сауаттылық және бастауыш, орта және жоғарғы білімге қатысудың жалпы көрсеткіші өсті) және нақты сатып алу қабілетімен өлшенетін өмір сүру деңгейі. Индекс 1-0 аралығындағы шәкілді білдіреді. Дамудың жоғары деңгейі 0,8 және одан жоғары, орташа 0,5 - 0,799 аралығындағы, және төмен 0,5-тен төмен көрсеткіш болып есептеледі.[37]

Өмір сапасын  және деңгейін бағалау кезінде сондай-ақ, сараптамалық бағалар пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, «Демографиялық дағдарыс жөніндегі комитет» американдық  коммерциялық емес ұйымы 1989 ж. ресми  статистика деректері, сауалнамалық сұраулар және сараптамалық бағалар нәтижелерін негізінде әлемнің 100 ірі қалаларында өмір сапасын зерттеуді өткізді. Көрсеткіш мынадай жеке көрсеткіштермен 10-балдық шәкіл бойынша бағаланды: тамақтану құны (тамақтануға арналған отбасылық шығындар үлесі), тұрғын үй шарттары (бір бөлмеге тұрғындар саны), тұрғын үй сапасы (су құбыры және электр қуаты бар үйлер мен пәтерлер үлесі), байланыс (100 тұрғындарға телефондар саны), білім (мектепте оқитын балалар үлесі), денсаулық сақтау (1000 тірі туғандарға балалар өлім-жітімі), қоғамдық қауіпсіздік (100 мың тұрғындарға жылына кісі өлтіру саны), тыныштың (сыртқы шу деңгейі), көше қозғалысы (қарбалас уақытындағы орташа жылдамдық), ауаның тазалығы. [40]

Сондай-ақ, АҚШ-та кедейлік индексі көмегімен өмір сапасы және деңгейінің интегралдық көрсеткішін оңайлатылған тәсілі белсенді қолданылады. Соңғысы құнсыздану және жұмыссыздық индекстерінің жиынтығын білдіреді.

Бүгінде әртүрлі позициялардағы өмір сапасын бағалайтын бірқатар халықаралық  әдістемелер бар, төменді өмір сапасын  сипаттайтын жалпы қабылданған халықаралық әдістемелердің кейбірі толық қарастырылған.

Ұсынылған әдістемелер  әлемде жүргізілген мынадай себептер бойынша осындай зерттеулер қатарынан  таңдап алынды:

1. Интернетте  келтірілетін деңгейі бойынша. 

Google.com іздеушісіндегі сұрау бойынша 1 орынды АДИ (301 000 000 көздер), 2 орынды – International Living  (58 700 000 көздер),3 орынды – Пан-еуропалық өмір сапасын зерттеу (38 000 000 іздестіру нәтижелері), 4 орынды – Economist Intelligence Unit зерттеуі (7 040 000), 5 орын - Мерсер 4 860 000 алды және соңғы орын Канада халқының денсаулығын нығайту орталығына - 3 300 000 көздер тиесілі болды. 

Өмір сапасы зерттеу саласындағы  Әлемдегі барынша беделдісі Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының  аясында есептелетін Адамның  даму индексі болып табылады.

Өмірдің сапалық көрсеткіштерін айтарлықтай белгілі тұрақты  зерттеулерді «International Living» және «The Economist» журналдары жүзеге асырады. Олардың  АДИ-дан негізгі ерекшелігі бұл  әдістемелердің өмірдің сапалық  сипаттамаларын субъективтік  қабылдауға барынша назар аударатындығында,  мысалы «The Economist» зерттеушілері елдің сандық көрсеткіштері нашар болатын, бірақ халқының жақсы моральдық күйге ие болатын экономикалық тұрғыда барынша дамыған елдің рейтинг бойынша жоғары болуы жағдайының қалыптасу мүмкіндігін алып тастамайды.

  1. Жиналған тәжірибе және өмір сапасын өлшеу зерттеулерінің басталу біріншілігі.

Канаданың денсаулықты  нығайту орталығының тәжірибесі өмір сапасы зерттеулер саласындағы  бірінші жүру себебінен жұмыста  қаралды. Орталықтың тәжірибесі сондай-ақ, ұйымның халықтың жеке санаттарын зерттеуден халықаралық кешенді зерттеуге дейін жеткенімен қызықты.

3. Шектелген аумақтағы  даму айырмашылықтары. 

Еуропалық зерттеу мысалы көбінесе онда салыстырмалы шектелген  аумақта орналасқан, бірақ бұл ретте дамудағы елеулі айырмашылықтары бар елдердің шектелген санының қарастырылуымен тартымды. Бұл тәжірибе ең алдымен, жағдайдың сондай-ақ, бірыңғай аумақта елеулі өңірлік сәйкессіздікке ие Қазақстанмен ұқсастығымен қызықты.

4. Материалдың  қол жетімділігі.

 «International Living» халықаралық  журналы және БҰҰДБ олардың  белгілі бір объективтілік үлестерде  Қазақстандағы өмір сапасын және  оның рейтингтердегі орны бағалауға   мүмкіндік беретін елдердің рейтингтеріне  жалпы қол жетімділігі бар.

 

    1. Адамның даму индексі

Адамның даму индексі (HumanDevelopmentIndex) әлемнің елдеріндегі және өңірлеріндегі адам материалының даму дәрежесін сипаттайды. Индексті Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жасады және БҰҰ адамның дамуы туралы баяндамаларының арнайы сериясы шеңберінде пайдаланылады. [37, 39]

АДИ-ды жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өзінің жұмысында талдамалық әзірлемелермен қатар ұлттық институттар және халықаралық ұйымдардың статистикалық деректерін пайдаланатын тәуелсіз халықаралық сарапшылар тобымен бірлесіп есептейді. Индекс БҰҰ адамның дамуы туралы баяндамаларының арнайы сериясында жарияланады.

Әлем елдерінің  экономикалық және әлеуметтік прогресін  бағалаумен бірінші баяндама адамның  даму ұғымын былайша қалыптастырды: «Адамның дамуы таңдау спектрін кеңейту процесі. Таңдаудың барынша маңызды элементтері – ұзақ және аман-сау өмір сүру, білім алу және лайықты өмір сүру деңгейіне ие болу. Таңдаудың қосымша элементтері саяси еркіндікті, кепілдендірілген адам құқықтарын және өзін-өзі сыйлауды қамтиды». Бұл көзқарастар жүйесі адамның өмір сапасын арттыруға, барлық салаларды оның мүмкіндіктерін кеңейтуге және жетілдіруге бағдарларанған. Адамның даму тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнім көрсеткішіне негізделген, адамды тек қана экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырған және экономикалық өсуді қоғамдық прогрестің басты мақсаты деп жариялаған экономикалық дамудың «классикалық» деп аталатын теориясын ауыстырды.

Экономикалық  өсу мен тиісінше табыстардың  өсуі арасындағы тікелей байланыстың жоқтығын дәлелдеу ретінде АДИ экономикалық өсу және денсаулық және білім деңгейлеріндегі өзгерістер арасындағы әлсіз корреляцияны келтіреді. 70-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін әртүрлі өңірлерде жүргізілген өлшеулер нәтижесінде АДИ зерттеушілері елдердегі денсаулық сақтау және білім жүйелері дамуының олардың экономикаларының даму жағдайына тікелей тәуелділігін анықтады.

 

 

4-сурет.  Экономикалық өсу және денсаулық  және білім деңгейлеріндегі өзгерістер  арасындағы әлсіз өзара байланыс, 1970-2010 [37]

2010 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада «адамның дамуы» ұғымының анықтамасы айталықтай толықты. Жоба авторларының пікірі бойынша адамның дамуын адамның таңдау мүмкіндіктерін кеңейту ретінде анықтау негіз қалаушы, бірақ жеткіліксіз болып табылады. Адамның дамуы ұзақ уақыт ішінде позитивтік нәтижелерді сақтауды және адамдарды қанаушылыққа алып келетін және құрылымдық әділетсіздікті күшейтетін процестерге қарсы әрекет етуді болжайды. Сондықтан әлеуметтік әділеттілік, тұрақтылық және адам құқықтарына құрметпен қарау сияқты принциптер негізгі болып табылады. Бұған сүйене отырып, ұйым сарапшылары адамның даму проблемалары бойынша тәжірибеге және ғылыми зерттеулерге сәйкес келетін нақтыланған жаңа мынадай ұсынысты ұсынды: «Адамның дамуы ұзақ, аман-сау өмір сүру және шығармашылық өмір, олардың пікірі бойынша құндылығы бар басқа да мақсаттарды жүзеге асыру; планетадағы дамудың әділеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге белсенді қатысу еркіндігін кеңейту процесін білдіреді».

АДИ-дың бұл анықтамасы тұрғысында төрт парадигмалардан тұрады және үш көрсеткіштермен өлшенеді.

Адамның әлеуетінің дамуы парадигмаларына мыналар  жатады:

  1. табысты арттыруға және экономикалық өсуге бағытталған тиімді қызмет нәтижесі ретінде өнімділік;
  2. қабілеттерді іске асыруға және ізгіліктерді пайдалануға мүмкіндіктер теңдігі деп түсінілетін теңдік;
  3. тек қана қазіргі емес, сондай-ақ, болашақ ұрпақтарға өркениет мүмкіндіктеріне қолжетімділкті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақтылық;
  4. дамудың тек қана адамдардың мүддесінде емес, сондай-ақ, олардың күш-жігерімен жүзеге асырылатындығын болжайтын мүмкіндіктерді кеңейту.

 

Адамның дамуының үш құрамауышы мыналар:

    1. Әл-ауқаты:адамның нақты еркіндіктерін олар өркендей алатындай кеңейту.
    2. Құқықтарды және мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ, агенттілік: адамның және топтардың әрекет ету және құнды нәтижелер алу мүмкіндігі.
    3. Әділеттілік: әлеуметтік әділеттілікті арттыру, уақыты жағынан нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, адам құқықтарын құрметтеу және қоғамның басқа да мақсаттары.

 

Халықтың денсаулығын  жақсарту халықтың физикалық дамуы  және жұмысқа қабілеттілігін арттырудың және тиісінше өнімдерді және қызметтерді  жасау, білімдер жинау және т.б. үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңызды  факторы ретінде қарастырылады, сондықтан адамның денсаулығы жақсарту саласындағы жетістікті көрсететін күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішін таңдау кездейсоқ емес.

Білім деңгейін арттыру адам капиталының сапасына – қоғамның байлығын көбейтудің негізгі  факторынан айтарлықтай әсер етеді  және қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне негізделеді. Білім деңгейі жиынтық білімдер және машықтар қорын - қоғамның «рухани байлығын» құрай отырып, жиналған білім, еңбек, ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті сипаттайды. Бұл сапа ұрпақтан ұрпаққа беріледі және адамның өзінің дамуына және жалпы процесті қалпына келтіру тиімділігінің өсуінің маңызды алғышартын білдіреді.

Бұдан өзге отбасы, мемлекет, кәсіпорындар және ұйымдар  жүргізетін оқу жылдары және оларға кететін шығындар көлемі туралы деректер негізінде белгілі бір күнге білімдердің жиналған әлеуетін анықтауға болады. Ұлттық валютадан АҚШ долларына алынған деректерді қайта есептеу, тек қана халықаралық салыстыруды жүзеге асыруға емес, сондай-ақ, елдер топтары бойынша және жалпы әлем бойынша болып жатқан процестердің заңдылығын және серпінін анықтай отырып, осы әлеует шамасын анықтауға мүмкіндік береді.

Халықтың әл-ауқаты, немесе табыстары ұлттық байлық көрсеткішімен  емес халық ЖІӨ-мен өлшенеді. Дегенмен ұлттық байлық көрсеткіштері белгілі  бір күнге экономикалық қызметтің жиналған нәтижелерін сипаттайды, олар елдердің шектелген санында есептеледі, және оларды есептеу әлі пысықталмаған. Сондықтан қазіргі уақытта тек қана ағымдағы қызметті сипаттайтын ЖІӨ көрсеткіштері пайдаланылады.

Адамның даму тұжырымдамасының негізгі стратегиялық құралы болып табылатын АДИ 1990 жылы пәкістандық экономист Махбубомуль-Хак (Mahbubul-Haq) әзірледі. Түбегейлі деп есептелген зерттеудің бастапқы идеясы айтарлықтай қарапайым: қоғамдық дамуды бұл ұзақ уақыт тәжірибеден өткендіктен тек қана ұлттық табыс бойныша емес, сондай-ақ, елердің көпшілігінде өзгеріске ұшырайтын денсаулық және білім саласындағы жетістіктер бойынша бағалау керек. Тікелей статистикалық көрініске ие параметрлердің бұл қатары өмір сапасына әсер етеді, тиісінше оның жай-күйін көрсетеді деп болжанған. Индекстің негізінде сарапшылардың субъективтік бағалары емес, ресми көздерден алынған нақты сандық көрсеткіштер жатыр, сондықтан олар салыстырмалы түрде объективті болып есептеледі және анықтауға болады. АДИ-дің өзінің кемшіліктері болды, мұны оны жасаушылар ашық мойындады: атап айтқанда, ол ізгіліктерді бөлудің асимметриялығын жасыратын көрсеткіштердің ұлттық өзегіне сүйенді, және сондықтан көптеген жағдайларда зерттелетін елдердегі істердің нақты жағдайын көрсете алмады. Бұған қоса, жалпы өзінің міндетін табысты орындады. БҰҰ және БҰҰДБ қоса алғанда, оның мамандандырылған құрылымдарына сенімнің жоғары деңгейі, сондай-ақ, әдістемелік негіздер АДИ қоғамдық дамуды сипаттайтын ең беделді жіктемелердің бірі етті.

Информация о работе Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы