Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:02, дипломная работа
Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау.
Кіріспе.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:
Мәселелердің қаралу деңгейі:
Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы
әлемдік және отандық
-әлемдік елдердің сауда
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі
-әлемдік интеграциялық
қатынастар жүйесіндегі
Диплом жұмысының объектісі:
Дипломдық жұмыс пәні:Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі.
Диплом жұмысының теориялық негізі: Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдар-экономистер мен мамандардың интеграция қызмет аясындағы еңбектер алынды.Салыстыру және жинақтау,ғылыми талдау және синтез,мәліметтерді экономика-статистикалық өңдеу әдістерінің негізінде,зерттеу жүйелі-құрылымдық талдау принципіне сәйкес құрылды.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы: : Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері,халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың мәліметтері, отандық және шетелдік ғалымдардың оқу құралдары мен диссертациялары қолданылды.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы: : Дипломдық жұмыстың теориялық нәтижелері экономистер мен менеджерлерді дайындау оқу процесінде пайдалануы мүмкін.Сондай-ақ,аталған ескертулер экономикалық пәндерді, яғни, білім беру экономикасы,экономикалық теория және т.б. пәндерді оқытуда пайдалануы мүмкін.
Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, жеті бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
І тарау ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Экономикалық интеграция : мәні және даму ерекшеліктері
Интеграциялық процестердің
дамуы халықаралық тауар
Қазіргі кездегі әлемдік кеңістікте екі тененция көрініс алған, атап айтқанда:
Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері идеологиясы, анықтамалары мен аттарының бөлектігіне қарамастан олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты сауда кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді.
Интеграцияның үшінші деңгейі
Кедендік одақ (КО) құруға негізделген.
Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын
келісімді түрде алып тастап, үшінші
мемлекеттерге қатысты сауданы
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Біріңғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан сыртқы саясат мемлекетаралық үйлестердің анағұрым жоғарғы деңгейін талап етеді. Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда,мемлекеттердің мұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді көрсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайы.
Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскер қырғи-қабақ саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенің ғаламдық қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақтысында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі уақиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.
Екіншіден, әлемде әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық сауда ұлғаюда.
Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар – кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттық және т.б. механизмдер мен нормалар.
Төртіншіден, жоғары технология және озық техниканың, информатика және т.б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттілігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.
Бесіншіден, әлемдік нарықтағы бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономкасы дамуына және еңбек бөлінісінің тереңдеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.
Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймақтардың экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.
ХХ-ғ. Екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.
Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе сяси жақтарының абсолютизациясы мүмкіндігі екі көзқарас тұғысында қарастырылады:
«Интеграция» термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХғ. 30-шы жылдарында қолданған болатын[3]. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін inteqratio деген латын сөзінен шыққан[4].
Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» -толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологияық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сонымен қатар бір-біріне қолайлы жағдай жасау аркылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді. Сонымен интеграция экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың өзара іс-қимылын тереңдету, олардың арасындағы байланыстарды дамыту. Экономикалық интеграция елдің ұлттық шаруашылықтары деңгейінде де, кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, корпорациялардың арасында болады[5].
Интеграция мынандай түрлерге бөлінеді:
Экономикалық интеграция
– терең тұрақты өзара
Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы біртегіс жүрмейді және де интеграцияның алғы шарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.
Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілермен сипатталады, яғни :
Интеграциялық процесс бүтін жүйенің жекелеген салаларын қамтиды: өндіріс, айналым (тауар, қызмет, капитал,ақша массасы, бағалы қағаз және т.б.), шешім қабылдау сферасы (фирма, кәсіпкерлік одақ, ұлттық үкімет, халықаралық, үкіметаралық және ұлттық ұйымдар).
Интеграцияның алғы шарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жағдайында экономиканың өте терең түрде өзара енуі және бірігуі көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс тапқан. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынмен жетуге болады.
Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік береді.
Ресурстарды пайдалануың тиімділігін жоғарлату арқылы интеграция экономикалық дамудың жаңа көздерін қозғалысқа келтіреді және сол арқылы интеграцияға қатысушы елдердің экономикалық және саяси көзқарасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Белгілі бір елдердің
интеграциясының қажетті
Интеграцияланушы
Сонымен бірге интеграцияның барысы өздерінің табиғаты бойынша қарама-қайшылықты және көп қырлы болып келеді.
Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси өзгерістер де әсер етеді.
Бұл әсіресе әлемдік шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, қарқынды түрде жүріп жатыр.
Көптеген экономистер
мемлекеттер интеграциясының
Информация о работе Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности