Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 21:28, курс лекций

Описание

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржылары.
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджет.

Работа состоит из  1 файл

КАРЖЫ.doc

— 751.50 Кб (Скачать документ)

 

Лекцияның мазмұны

1. Қаржыларды  басқару түсінігі

Қаржыларды басқару – қаржылық және  аралас экономикалық  үрдістерге  оларды дамыту мақсатында әсер ету үрдісі. Осы мақсатта қажетті нәтижеге жету үшін арнайы әдістер мен тәсілдер  қолданылады.  Қаржылық басқару жүйесі қаржылық механизмнің әдістері, санкциялары және тетіктері арқылы жүзеге асырылады Қаржыларды басқару келесі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:

-Басқаруда тәуелсіздік  пен еркіндік;

-Қаржылық сұрақтарға  саяси көзқарастарды ұстану;

-Басқаруды әкімшілдік  және экономикалық әдістерге   сәйкестендіру;

-Басқару ғылымның  қолданылуы;

-Басқарудың  аймақтық, орталықтандырылған және  аймақтық келісімділік негізде жүзеге асырылуы;

-Басқаруда жауапкершіліктің  болуы;

    -шаруашылық  шешімдердің тиімділігі.

Қаржыларды  басқарудың екі аспектісін атап көрсетуге  болады: біріншіден, мемлекет қаржыны қоғамдық өндіріс үрдісіне, экономикалық және әлеуметтік аяны басқару құралы ретінде пайдаланылады;

Екіншіден, қаржылардың  өзі- басқару объектісі болып  табылады себебі, қаржы қатынастары, ақшалай  қаражаттардың қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелері толығымен басқарылады.Қаржыларды басқаруда келесі элементтер өзара байланыста болады:  ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және басқару.

Қаржылық  ақпарат барлық қаржы үрдісін тиімді бсқару мен жоспарлау үшін қолданылатын шешім қабылдауда үлкен рол атқарады. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және жедел ақпарат түрінде жүзеге асырылады. Қаржылық басқаруда  басқару орталығына- жоспарлау жатады. Ол материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының теңгерімділігін, өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өзара байланысын және халық шаруашылығының барлық деңгейлерінде қаржылық жоспарлардың кірістері мен шығыстарын қамтамасыз етуге бағытталған. 

1.Ұйымдастыру қаржылық басқару аппаратының барлық деңгейіндегі нәтижелікті, жауапкершілікті сипаттайды.

Қаржылық реттеу   жоспарлы тапсырманы орындауда қаржы ресурстарының бөлістірілуіне бақылау жасайды. 

Бақылау  шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша ресурстарының қалыптасуы мен дамуына толығымен бақылау жүргізеді.      

           Қаржыларды басқарудың стратегиялық және жедел түрін бөліп көрсетуге болады. Қаржыларды стратегиялық басқару   ҚР –ң  Констуциясының негізінде басқару мен биліктің жоғарғы органдары арқылы жүзеге асырылады:  Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.

ҚР-ң Президенті Қаржылық басқаруда үлкен  өкілділікке  ие болып, оны президент аппараты арқылы жүзеге асырады

 

2. Қаржыларды  басқарудың автоматтандырылған  жүйесі 

 Қазіргі  уақытта қаржыны басқаруды жетілдіруде  –автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүзеге асырылады. әкімшілдік, экономикалық –математикалық әдістер мен электронды –есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржы жүйесін тиімді басқарудың бір бөлігі болып табылады.

Қаржыларды  басқаруда қаржылық есептердің автоматтандырылған жүйесі -ҚЕАЖ  қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп әреекет ететін: функционалдық, технологиялық және қамтамасыз етушілік қосалық жүйелерден тұрады.

ҚЕАЖ жүйесіндегі  басты құрамдас бөлігіне ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету жүйесі жатады. Ол бюджеттерді дайындау және оның орындалу үрдісі автоматтандырудың әдістемелік және ұйымдық алғышарттарын жасайды, басқа қамтамасыз етуші қосалқы жүйені үйлестіреді және өзара байланыстырады, сонымен қатар ҚЕАЖ барлық деңгейлерінде әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатында  автоматтандырылған жұмыс орындарын кеңінен қолдануда(АЖО) жүзеге асыру тиіс. Оған жұмыс орындарын және жеке пайдаланудағы микро және автоматтандырылған есептеу машиналарын қолдану жатады.  

    1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидалары

Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.

1.бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің  және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.

                Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.

                Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың  ерекшелігіне –оның ақша нысанында  жүзеге асырылуы жатады. Осыған  сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары  жатады..

                Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады:

- ақшалай қорлардың  қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына  негізделген арақатынастың сақталуы;

- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну  үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Қаржылық бақылау  келесі міндеттерді атқарады:

1. Қаржылық міндеттемелердің  орындалуын тексеру

2. Ақшалай қаржаттардың  дұрыс пайдаланылуын тексеру

3. Қаржылық операциялардың  және ақшалай қаражаттарды сақтаудың  дұрыс жүзеге асырылуын тексеру

4. Өндірістің ішкі  резервтерінің – еңбек өнімділігін,  айналым қаржаттарының айналымдылығының  жеделдігін, ақшалай және материалдық  қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау.

  1. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою.

 

 

  1. Қаржылық бақылаудың жіктелуі

Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.

Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді:

-жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік);

-қоғамдық  (профсоюздік,  партиялық және массалық қозғалыстар  және т.б. )

Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау.Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау.

Ведомстволық  қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау –тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау.

Ішкі шаруашылық бақылау  кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі.  Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау  түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың  объектісі  олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты.

Тәуелсіз бақылау  арнайы мамандандырылған органдар арқылы  – аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі.

 

Бақылау сұрақтары

  1. Қаржыларды басқару дегенді қалай түсінесіз?
  2. Қаржыларды бақару жүйесінде қандай қағида жатыр
  3. Қаржыларды басқарудың негізгі аспектлерін атаңыз
  4. Қаржылырды басқарудың стратегиялық және жедел түріне сипатама беріңіз.
  5. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған басқару жүйесі АБЖ (АСУ) дегеніміз не
  6. Қаржы есебінің автоматандырылған жүйесі ҚЕАЖ дегеніміз не (АСФР)  
  7. Ұйымдық –экономикалық қамтамасыз ету жүйесі
  8. Жұмыс орындарын автоматтандыру  ЖАБ (АРМ)
  9. Қаржылық бақылаудың негізгі міндеттерін атаңыз
  10. Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларын атаңыз
  11. Субъектілерге байланысты қаржылық бақылаудың түрлеріне сипаттаңыз

 

 

СОӨЖ сұрақтары

1.  Қаржыларды басқару  дегенді қалай түсінесіз?

2. Қаржыларды бақару жүйесінде қандай қағида жатыр

3. Қаржыларды басқаруда  Парламент қандай қызмет атқарады

4.  Қаржы министрлігінің  құзырына қандай қызметтер кіреді 

5. Қаржылық бақылау  дегеніміз не?

6. Қаржылық бақылаудың  мәніне анықтама бер

7Бақылаудың жүргізілу  уақытына сәйкес қаржылық бақылау түрлерін сипаттаңыздар

8. Жүргізілу әдісіне  қарай қаржылық бақылау түрін  атаңыз

 

СӨЖ тапсырмасы

  1. Жеке тапсырманы орындау -  аудиторлық бақылауды жүргізу (кез-келген объектінің қызметіне, таңдау бойынша). Талдау жұмысының көлемі 3-5 бет.

 

Әдебиеттер  тізімі

  1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
  2. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
  3. Финансы – под ред. В.М.Родионовой – М.: Финансы и статистика,1995 г.
  4. Козырев В.М. Основы современной экономики: учебник – М.: Финансы и статистика, 1998 г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция 11. Тақырып: Сақтандыру

 

Жоспар

 

    1. Сақтандырудың экономикалық мәні және  қызметі
    2. Сақтандырудың жіктелуі
    3. ҚР-дың сақтандыру ісін ұйымдастыру

 

Лекцияның мақсаты: сақтандырудың негізімен, жіктелуімен, ҚР-дағы сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы мен дамуы

 

Лекцияның мәні

1. Сақтандырудың  экономикалық мәні және  қызметі

Сақтандыру экономикалық категория  ретінде қаржының белгілі бір  бөлігін құрайды. Бірақ қаржы  табыстарды бөлістірумен байланысты болса, сақтандыру -қайта бөлістіру қатынастарынан бөлек барлық қатынасты қамтиды.

Қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырудың  жағдайын сипаттайтын белгілерге келесілер  жатады:

  • Адамдардың жағдайы және табиғи ерекшеліктері (ауру, қартаю, өлім, баланың дүниеге келуі)
  • Адамдардың тәуекелділік сипаттағы еңбек қатынасына қатысуы: (жарақаттану, мүгедектік)
  • Өндірістің қолайсыз жағдайлары (күннің қатты сууы немесе күрт ысуы);
  • Стихиялық жағдайлар (катастрофа, өрт);
  • Халық шаруашылығының дамуындағы теңсіздік

            Сақтандырудың экономикалық категория  (санаты) ретіндегі негізгі нысандарын  атап өтуге болады:

            1. Сақтық қатынастардың ақшалай  сипаты 

            2. Сақтандырудың қоғамдық өнімнің  құнын қайта бөлуге қатынасуы.

            3. Сақтандырудың іс  қимылы ақша қорларын жасап пайдаланумен қосарланып жүзеге асырылады.

            4. Сақтандыру қатынастарының бір  бөлігінің міндетті сипатының  болуы.

            Сақтандыру барысындағы қалыптасатын  ерекшеліктер оған келесі анықтаманы береді:           

            1.Сақтандыру – бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың ерекше аясы.

Қоғамдық өндірістің үзіліссіздігі шығындарды жабуды қажет  етеді. Осыған байланысты қоғамда бөлістіруге  қажетті қаражаттар болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар сақтандыру ұйымында резервті және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады.

 Қолайсыз табиғи  жағдайлармен байланысты шығындардың ақшалай қаражаттармен жабылуы сақтандырудың жеке санатын – сақтандыру категория (санатын ) береді.

Сақтандыру  мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үрдістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады

Сақтандырудың негізгі ерекшеліктерін келесілер  жатады:

  1. Қатынастардың ықтималдылық сипаты
  2. Қатынастардың төтенше сипаты

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"