Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 21:28, курс лекций
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржылары.
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджет.
Кәсіпорын қаржылық- шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсатқа арналған қаржылық қорларды құрып, пайдаланады. Қорларда ақшалай қаражаттар барлық уақытта қозғалыста түсіп, айналысқа келіп, шығынға жұмсалады. Қаржылық тәжірибеде кәіспорындарда олардың мақсаттары мен өндірістік, әлеуметтік қызметтеріне байланысты әр түрлі қорлар пайдаланылады. Экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты көптеген қорлар қолданылмай қалды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ең маңызды қорларға келесілер жатады: жарғылық, резервті, жинақ, валюталық, жөндеу, еңбек ақы қорлары. Кәсіпорындар өздері жеке қорларды да ұйымдастыра алады. Мысалы, медициналық сақтандыру, жекешелендіру, мүшелік жарна қоры, өндірістік және инфрақұрылымдық қор.
Бақылау сұрақтары:
СОӨЖ сұрақтары
2. Қаржылық қатынастар қалай қалыптасады
СӨЖ тапсырмасы
Әдебиеттер тізімі:
Лекция 5. Тақырып: Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
Жоспар
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың экономикалық мазмұнын ашу, олардың қоғамдағы атқаратын ролін анықтау
Лекцияның мазмұны
1.Мемлекеттің қаржысы - елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі. Мемлекеттің ,оның кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлуге және қайта бөлуге байланысты ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік қаржылар мемлкеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдегі сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлкеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастарындағы іс қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттік қаржылар мемлекеттің, оның кәсіпорындарның қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен мемлекеттік кәсіпорындарын функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлкеттік қаржылар республикалық және жергілікті деңгейлерде іс -әрекет етеді және бюджетті мемлкеттік несиені , мемлкеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржыларын қамтиды. Аталған буындардың түрлі функционалдық арналымының арқасында мемлкет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестердің үлкен спекторына салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді.
Қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік процесстерге басшылық жасау. Мемлекеттік қаржылардың құрамына республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік өзара байланыстар маңызда рол атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады.
ҚР-дағы мемлекеттік қаржылардың құрылымын мынандай түрде көрсетуге болады:
Түрлі деңгейлердің бюджеттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тіршіліктің қаржы базасы болып табылады.
Мемлекеттік қазына - республикалық бюджет қаражаты; алтын - валюта қоры мен алмас қоры , жерге және басқа табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік объектілері, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық иүлік жергілікті қазынаны құрайды. Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді: Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
Жергілікті қазына жергілікті бюджеттің қаражаттары мен коммуналдық меншікке жататын оқшауланбаған мүлікті қамтиды. Мемлекеттік қаржылардың іс -әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болды: мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызметтеріне пайдалану.
2.Жанама нәтижелер - қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға саяды:
Шығындар: субъектінің өнімді өндіруге ,айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсалған шығыстары. Түрлері: тікелей шығындар; жанама шығындар; тұрақты шығындар; ауыспалы шығындар.
Пайда - табыс шығыстары асып түсетін ақшалай қаражат сомасы. Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарындағы қызметі. Конституциялық негізде жүзеге асырылады және мемлекеттік басқаруды, мемлекеттің өзге де міндеттері мен атқарымдарын іске асыруға бағытталады; ерекшеліктері.
3.Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні
Мемлекет қаржысының
іс -әрекеті негізінде өзара
Бірінші үрдіс - мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса, екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.
Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория.
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік кірістердің
Мемлекеттік кірістердің
қалыптасуы мемлекеттің
4. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)
Мемлекеттік кірістердің жіктелуі олардың экономикалық мағынасын, құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік кірістер мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері
2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері
3) Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері
4) Халықтың салықтық төлемдері
5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салықтық түсімдерінен.
Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:
1) материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер.
Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:
1) Салықтық
2) Салықтық емес.
Қоғамның таза табысы (кірісі) ақша нысанында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанында болады. Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектлердің таза табысы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың негізгі әдістеріне: салықтар, мемлекеттік қарыздар (займдар) және эмиссиялар жатады.Бұл әдістер арасындағы арасалмақ әлі күнге дейін әртүлі болып отыр және олар қаржылық саясаттың мазмұнымен, әлеуметтік экономикалық жағдаймен және шаруашылық жағдаймен анықталады.
Мемлекеттік кірістердің жүйесіндегі басты орынды салықтар алады. Олар бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың қалыптасуы жағдайында қаржы ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың фискалдық, экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.
Мекеттің шығыстары- бұл мемлекеттің іс -әрекет етуімен байланысты ақша шығындары. Мемлекеттік шығыстар - кең мағынада барлық мемлекеттік органдардың шығыстары. Мемлкеттік бюджеттің кіріс бөлігінде шоғырландырылған қаражатты нысаналы түрде пайдалану.
Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан -алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлу және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығындары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі.