Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 21:28, курс лекций

Описание

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржылары.
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджет.

Работа состоит из  1 файл

КАРЖЫ.doc

— 751.50 Кб (Скачать документ)

Бақылау сұрақтары

    1. Салық дегеніміз не?
    2. Салықтардың экономикалық мәні неде?
    3. Нақты салықтар дегеніміз не?
    4. Салық мөлшерлемесі дегеніміз не?
    5. Салық мөлшерлемесінің қандай түрлері бар
    6. Төленуі бойынша салықтардың қандай түрлері бар
    7. Пайдалануы бойынша салықтар қандай түрлерге бөлінеді
    8. Салық механизмі дегеніміз не?
    9. Салық механизмінің элементтерін атаңыз

 

СОӨЖ  сұрақтары

1 Салықтың ұйымдастырушылық  нысаны дегеніміз не?

2 Салықтың негізгі  құрамдас бөліктері (элементтері  ) қандай

      3. Жалпы  мемлекеттік салықтарды атаңыз

4 Жергілікті салықтарға  қандай салықтар жатады

      5 Салықтар  қандай қызметті атқарады

6 Салық жүйесі дегеніміз  не?

 

СӨЖ тапсырмасы

  1. Эссе немесе реферат түрінде тақырып бойынша  зерттеу  жұмысын жүргізу (жеке тапсырма оқытушыдан алынады). Жұмыс көлемі 6-8 бет.

 

Әдебиеттер  тізімі

  1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
  2. Еркембаева Б.Ж. Салықтар және салық салу:оқу құралы.-Алматы:Қазақ ун-тi,2003.-131
  3. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
  4. История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г.
  5. Финансы: учебник для вузов – под ред. Л.А. Дробозиной – М.: Финансы, 1999 г.

 

 

 

Лекция 7. Тақырып: Мемлекеттік бюджет

 

Жоспар

 

  1. Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны 
  2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
  3. Бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары
  4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
  5. Бюджеттік тапшылық және оны жабудың әдістері
  6. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру

Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролін, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуын қарастыру

Лекцияның мазмұны 

1.  Мемлекеттік  бюджеттің мәні мен мазмұны

 Мемлекеттік  бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.

         Мемлекеттік бюдет мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорын  жасау және оны ұдайы  өндіріс  пен қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың  жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет.   Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін  қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады.

Мемлекеттік бюджет   мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.

 

2. Бюджеттік  саясаттың негізгі міндеттері

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде қаржының – бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

       Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқыры ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі ролі айқындалады.

 Бюджет механизмі (тетіктері) – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің -20%, жалпы қоғамдық өнімнің-10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының  арасында бөлістіреді.

3.Бюджет жүйесін  қалыптастыру қағидалары 

Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардыңқалыптасуныңда негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады.

Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында да үлкен ролді атқарады.

 

4. Бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы

Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы мемлекеттің  нақты әлеуметтік –экономикалық  жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады.

1996 жылдан бастап мемлкеттік  бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде қалыптасады.

Көптеген мемлекеттерде  мемлекеттік бюджеттің шығыс  бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне  байланысты. Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы.

 

5. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру

Бюджеттік құрылымға бюджет жүйесінің құрылуы мен ұйымдастырылу қағидалары жатады. Ол заң актлерімен бекітіліп, мемлекеттік құрылыммен анықталады.

Бюджетттік құрылымға  келесі түсініктер кіреді:

  • Бюджет жүйесі
  • Бюджет құқығы
  • Бюджет үрдісі
  • Бюджеттік реттеу

Бюджеттік құрылым бюджеттің жеке түрлері арасында кірістер мен шығыстардың бөлістірілуін қарастырады. Мемлекеттің тұрақтылығын қалыптастыруда жергілікті  бюджет жүйесінің маңызы зор.  Оның негізін жергілікті салықтар мен займдар құрайды. Жергілікті бюджет шығындарының басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаттары арқылы тұрғын-үй коммуналды шаруашылық шығындары, жол жөндеуге кеткен, қала ішін көріктендіру шығындары кіреді. Жергілікті бюджеттің шығындары ағымдық және капиталдық шығындарға бөлінеді. Ағымдық шығындар көп жағдайда жергілікті салықтар мен орталық бюджетт субсидиялары арқылы жабылатын болса, капиталдық шығыгндар- займдар арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті салықтардың өзі үш топқа, мүліке салынатын салықтар, көлікке салынатын салықтар және жалпы салықтар тобынан тұрады. Сонымен қатар, жегілікті жанама салықтарды да айта кеткен жөн (жанар-жағар майға, спирттік ішімдіктерге, кең қолданыстағы тауарларға салықтар).

Жергілікті бюджеттің  кірісіндегі басты үлесті салықтық емес түсімдер құрайды. Оған жергілікті билік органдарының меншігіндегі жерлерді жалға беруден немесе жерді сатудан, коммуналдық кәсіпорындардан түсетін түсімдер немесе айып пұлдар жатады.

Бюджеттік құқық  мемлекеттің бюджет жүйесін, бюджетті құру бойынша мемлекеттік және жергілікті билік органдарының міндеттерін  сонымен қатар бюджеттің бекітілуі  мен атқарылу тәртібін   айқындайтын заңды нормалардың жиынтығын береді. Бюджеттің құқықтық негізі елдің конституцциясымен анықталған.Көптеген меамлекеттер бюджеттік құқық қатынасында жергілікті билік органдарының құқығын сақтауға бағытталады.

Бюджеттік құқық  экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген барлық бюджеттердің жиынтығын береді.

   ҚР бюджеттік  жүйесінің құрамына:

- республикалық бюджет 

  • жергілікті бюджет: облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер

    Республикалық бюджеттің орындалуына бақылауды Есеп комитеті жүргізеді ал, жергілікті бюджетті сәйкес жергілікті деңгейдегі тексеріс комиссиясы, сонымен қатар ҚР қаржы министрлігі мен оның өкілетті органдары жүргізеді

.

Бақылау сұрақтары

 

  1. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не ?
  2. Мемлекеттік бюджеттің  негізгі ерекшеліктерін атаңыз
  3. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не ?
  4. Қаржылық жоспардың мәні неде
  5. Мемлекеттік бюджеттің құрылымын сипаттаңыз
  6. Бюджеттік жіктелуін қалай түсіндіресіз
  7. Ағымдық шығындар дегеніміз не?
  8. Капиталды шығындардың мәні неде
  9. Экономикалық мазмұны  бойынша мемлекеттік шығындар қалай бөлінеді
  10. Пәндік нысаны бойынша мемлекеттік шығындар қалай бөлінеді
  11. з

 

СОӨЖ сұрақтары

  1. Бюджетттік саясаттың негізгі міндеттерін атаңыз
  2. Бюджет жүйесінің қалыптастыру қағидаларын атаңыз
  3. Аймақтық нысаны бойынша мемлекеттік шығындар қалай бөлінеді
  4. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру әдісінің мәні неде
  5. Бюджеттік қаржыландыру дегеніміз не?
  6. Бюджет тапшылығы дегеніміз не?
  7. Бюджет тапшылығын туындататын себептерді атаңы

 

 

СӨЖ тапсырмасы

  1. Топтағы ұжымдық тренингке  жүргізуге ҚР бюджет жүйесіне қатысты аналитикалық матриал дайындау.

 

Әдебиеттер  тізімі

  1. Сумароков  В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.: Финансы и статистика, 1996 г.
  2. Якобсон Л.И. Экономика общественного сектора. Основы теории государственных финансов – М.: Аспект Пресс, 1996
  3. Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000
  4. Шыныбеков  Д. А. Роль бюджета в развитии местного хозяйства:учеб. Пособие.-Тараз:Тараз ун-тi,2003.-173с.

 

Лекция 8. Мемлекеттік  бюджеттен  тыс қорлар

 

Жоспар

 

  1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
  2. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қолданылу ерекшеліктері.
  3. Қазақстан республикасының ұлттық қоры.

 

Лекцияның мақсаты: бюджеттен тыс қорлардың мәнін зерттеу, олардың республикада қолданылу ерекшеліктерін үйрену.

 

Лекцияның мазмұны:

Еліміздің қаржы жүйесіндегі  90 жылдардың басындағы реформаның жүзеге асырылуы бюджеттен тыс қоралрдың қалыптасуына жол ашты. Оның ішінде әлеуметтік бюджеттен тыс қорларды атап өтуге болады.

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.Бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздері:

    • Арнайы салықтар мен алымдар
    • Жергілікті және аудандық бюджетті қаржыландыруы
    • Арнайы займдар
    • Ерікті аударымдар

Бюджеттен тыс арнаулы  қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әр тараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

Қызмет ету  уақыты бойынша арнайы қорлар  тұрақты және уақытша арнайы қорлар бөліп бөлінеді.

Қатыстылығы бойынша бюдеттен тыс арнайы қорлар мемлекеттік, мемлекетаралық және жергілікті қорларға бөлінеді. Мемлекетаралық арнайы қорларға Халықаралық валюта қорын, Халықаралық даму және қайта құру банкі жатады.

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"