Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 21:28, курс лекций

Описание

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржылары.
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджет.

Работа состоит из  1 файл

КАРЖЫ.doc

— 751.50 Кб (Скачать документ)

    Мемлекет  шығындарының  өзгешелігі  сол,  ол қызметтің  тек  мемлекеттік  сала  қажеттіліктерін  қамтамасыз  етеді.  Сондықтан  мемлекет шығындарының  мазмұны  мен  сипаты  мемлекеттің  экономикалық, әлеуметтік,  басқару,  қорғаныс  және  т.б.  функцияларымен  тікелей  байланысты. 

«Шығыстар»  ұғымының қос мағынасы бар:

        1. Ақша қаржаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процессінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
        2. Айырбас процессінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржа арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастыру негізі болып табылады.

Шаруашылық  жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдеріне мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызметі саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстардың құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік  бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік  кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің  шығыстары кіреді.

Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

              1. өндірістік, шаруашылық – пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
              2. ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмасалатын шығындар;
              3. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
              4. көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші тобы қорлардың толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орныны толтыру болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді  өндіруге немесе олармен халықты  қамтамасыз етуге бағытталады, бұл  мемелекет шығыстарының роөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға мемелекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындарымен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмасалатын шығыстар мемелекет,  сонымен бірге  экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Бағыттары мен  мақсатты арналымы бойынша шығыстардың  барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлкеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі.  Олар сондай – ақ өнімнің өзіндік құнына кіретін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады.  Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары   есебінен жабылады.  Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Мемлекеттік шығыстарды ұйымдастыруға оларды болжау, сондай – ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді.  Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаларының бірі жоспарлық болып табылады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.

Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен  мазмұны жағынан бірыңғай емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критериийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процессінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

      1. материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;
      2. қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
      3. мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;

 Шығыстардың  бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық  қызметімен шарттасылған және  ұлттық жасаумен байланысты.

Мемлекеттік шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.

Үшінші топтың мемлекет шығыстары – мемелекеттік резервтерді жасау мен толықтыруға  жұмасалатын шығындар төтенше жағдайлар  кезінде, мысалы

 өндірістік, сондай – ақ  өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысырыптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған.

 

 

Бақылау сұрақтары

  1. Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні неде?
  2. Орталықтандырылған категорияға кіретін мемлекеттік кірістер түрлерін ата
  3. Мемлекеттік кірістер қалай құралады
  4. Қандай кірістер бастапқы деп аталады
  5. Мемлекеттік кірістің көздерін ата
  6. Мемлекеттік кірістер дегеніміз не?
  7. Мемлекеттік шығыстар дегеніміз не?

 

 

СОӨЖ сұрақтары

  1. Мемлекеттік кірістердің  ішкі көздеріне нелер жатады
  2. Мемлекеттік кірістердің  сыртқы көздеріне нелер жатады
  3. Мемлекеттік кірістердің жіктелуін ата
  4. Меншік нысанының ұйымдық –құқықтық нысандарына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі
  5. Қалыптасу аясына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі
  6. Мемлекеттік шығындардың экономикалық категориясы
  7. Экономикаға кететін шығындар
  8. Әлеуметтік – мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

  1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
  2. Мельников В.Д. Основы финансов: учебник – Алматы: издательство ЛЕМ,  2005г.
  3. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
  4. Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000 г.
  5. История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г.
  6. Сумароков  В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.: Финансы и статистика, 1996
  7. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета учеб. пособие

- Алматы: Экономика, 2003.-290с.:

 

 

 

 

 

 

Лекция  6. Тақырып:  Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

 

Жоспар

 

  1. Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні
  2. ҚР салық жүйесі

 

Лекцияның мақсаты: салықтардың экономикалық мәнімен қызметтерімен және олардың қаржылық ресурстарды қалыптастырудағы атқаратын ролімен танысу. ҚР салық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысу

 

Лекцияның мазмұны

  1. Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні

 Салықтар–  бұл мемлекеттің заңды негізде жүзеге асыратын, заңды және жеке тұлғалардан алынатын қайтарусыз сипаттағы міндетті төлемдері мен алымдары. Олар заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру барысына қатынасуын міндеттейді.

Салықтық түсімдер арқылы мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасып, бюджет  пен бюджеттік қорларда шоғырланады. Осыған сәйкес салықтарды экономикалық мәні бір жағынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жағынан мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру бойынша мемлекеттің  өзара қатынастарын көрсетеді. Сонымен қатар салықтық төлемдердің көздері ұлттық табыстың бір бөлігін құрайды. Ұлттық жиынтық табыс қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының бастапқы ақшалай қаражаттарын құрайды. Жиынтық өнімнің құндылықты бөлістірілу үрдісі бастапқы ақшалай қорлардың қалыптасуымен шектелмейді; қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының ақшалай қаражаттарын мемлекет пайдасы үшін жұмысшылардан – табыс салығы, зейнетақы мен сақтандыру қорларына аударымдарды (егер бұл қорлар мемлекеттік болса), ал шаруашылық субъектлерден –пайдаға салынатын салық пен басқа да төлемдер түрінде бөлістіреді. Кәсіпорындардың ақшалай жинақтары материалдық өндіріс үрдісіндегі қоғамның таза табысын сипаттайды. Олар мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі көзі болып табылады. Бюджетпен қаржылық есеп –айырысудан қалғаннан кейінгі қалған ақшалай қаражаттар кәсіпорынның меншікті қаражатында қалады. Осыған сәйкес кәсіпорындар барлық салықтарды пайдасынан төлесе, жеке тұлғалар - өздерінің табысынан төлейді. Салық төлеушілердің барлық саны- салық органдарында тіркелген заңды тұлғалардың; жеке азаматтардың, кәсіпкерлердің жиынтық санымен анықталады. Салықтар нақты және жеке салықтарға бөлінеді.

Нақты салықтар – Бұл мүлікке салынатын салықтар. Бұл салықтар мүліктен немесе кірістен алынады. Оның негізгі ерекшелігі салық салуда салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынбайды.

Жеке салықтарға  халықтың кірістерінен алынып, салық төлеушінің төлемқабілетттілігін ескереді.

      Салықтың ұйымдастырушылық нысанына:

салық объектісі – бұл салықтың алыну көзі болып табылады(табыс және мүлік және т.б.);

салықтың төлену көзі – салық төленетін қор немесе қаражат (ағымдық кіріс, несие және т.б.); салық базасы - салықсалду объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай  немесе өзге де сипаттамалары; салық мөлшерлемесі– салық базасының өлшембірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді; салық салу субъектісі – салықты және басқа да төлемді төлеуші тұлға.

 

2. Салық жүйесі бұл мемлекет пен шаруашылық субъектлері және жеке тұлғалар  арасындағы қаржылық қатынастардың; салықтар, алымдар және салықтық сипаттағы алымдар мен басқа да төлемдердің; салық заңдылығының әдістері мен нысандарының,  сонымен қатар қаржылық қатынастарды басқаруды жүзеге асыратын салық қызметі мен басқару органдарының жиынтығы.

Қазақстаннның салық  жүйесі тәуелсіздік алған уақыттан бері қалыптасып,  әлі күнге дейін  толықтыру мен жетілдіруді қажет  етеді. Елімізде бұрын-соңды салықтық қатынастардың дамымауы, еліміздегі салық жүйесінің «нөлдік» кезеңнен қалыптасуына себеп болды. Әлемдік тәжірибеде салық салу аясында алдыңғы қатарлы салық жүйесін қалыптастырудың алғышарты болатындай белгілі бір қағидалардың қалыптасуы, біздің ел үшін дұрыс салық жүйесі мен салық механизмінің (тетіктерінің) дамуының дұрыс бағыттарын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.

             1991 жылы 25 желтоқсанында   Қазақстан  Республикасының салық жүйесінің  құқықтық негізінің қалыптасуына  «Қазақстан республикасының салық  жүйесі туралы» заңының бекітілуі  себеп болды. Заңның қабылдануы салықтардың, алымдар мен төлемдердің  түрлері мен алыну ерекшеліктерін, олардың бюджеттің әр түрлі деңгейіне бекітілуін, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін анықтап берді. Сол уақыттан бері мемлекет пен шаруашылық субъектінің арақатынасын реттейтін басқада заңдар қабылдана бастады.

Салықтар жүйесін бағалауды  негізгі төрт: қаржылық, эконгмикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық  бағыттар негізінде жүзеге асыруға  болады.

            Қаржылық немесе фискалық бағыт бюджеттің ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру тұрғысында сипаттайды.

           Экономикалық бағыт  салықтың кәсіпкерлік бағытты ынталандыру мен  өндірісті дамытуға  әсер ету сұрақтарына жауап беруі тиіс.  

             Әлеуметік бағыт салықтың әлеуметтік топтар мен халықтың әр түрлі деңгейіне сәйкес адалдық негізінде алынуын сипаттайды.

       Ұйымдастырушылық бағыт салық салудың механизмімен, оның ұйымдастырушылық- техникалық нысандарымен, ббасқару жүйесімен байланысты.  Аталып өткен бағыттардан басқа Қазақстанның салық жүйесін бағалау үшін әлемдік тәжірибедегі  тиімді салық жүйесін қалыптастыруда қойылатын негізгі талаптар жиі қолданады.

Салық салу теориясының  негізін қалаушы экономист А. Смит салық салу қағидасының 4 қағидасын  ұсынады:

  1. Әділділік – салық барлық азаматтардың табысына сәйкес алынуы тиіс.
  2. Анықтылық – салық мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын –ала дәл анықталуы тиіс.
  3. Ыңғайлылық қағидасы  - салық салық төлеушіге қолайлы уақытта алынуы тиіс
  4. Үнемдеу – салық салу жүйесінде үнемдеушілік  негізгі мақсатқа айналуы тиіс.

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"