Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 21:28, курс лекций

Описание

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржылары.
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджет.

Работа состоит из  1 файл

КАРЖЫ.doc

— 751.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда мемлекеттік  бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын  орталықтандыру саясатын жүргізуге  байланысты мақсатқа сәйкес емес деп  танылады: қорлардың қаражаттары  республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

 

2. ҚР бюджеттен  тыс қорлардың қолданылу ерекшеліктері.

 

Қаржы институттарының  – бюджеттен тыс қорлардың  ақша қаражаттары қозғалысын 1995-1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында  жұмыс істеген кейбір қорлардың  мысалында қарауға болады.

Әлеуметтік бағыттағы  бюджеттен тыс қорларға келесілер  жатады:

-Зейнетақы қоры ;

-Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қоры;

-Міндетті медициналық  сақтандыру қоры;

-Еңбекпен қамту  қоры.

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға аударымдар сомасы келесі нормативтер бойынша бөлістірілді:

-Зейнетақы қорына  - 10% (немесе еңбекақыдан  10 (ЕАҚ);

- Міндетті медициналық  сақтандыру қоры - 10% (3% ЕАҚ);

-мемлекеттік  сақтандыру қорына  - 5% (1,5% ЕАҚ).

Еңбекпе қамту  қорының қаржылары жұмыс берушілердің міндетті сақтандыру жарналары арқылы қалыптасады. Бюджеттік ұйымдарға, ауған соғысының мүгедектер қоғамы, Қызыл крест ұйымы  және басқа да ұйымдар үішін жарналар 1 пайыз көлемінде бекітілді. 

Мемлекеттік зейнетақы  жинақтау қорынық қаржыландыру көздері:

1) зейнетақылар және жәрдемақылар  төлеу үшін қаражаттар жинау,  сонымен бірге зейнетақы ісін  ұйымдастыру;

2) аймақтық әлеуметтік  бағдарламаларды қаржыландыруға  қатысу.

Еңбекпен қамту қоры  халықты жұмыссыздық бойынша  жәрдемақымен қамтамасыз етумен, жұмысшыларды даярлау мен оқытумен,  қоғамдық шараларды ұйымдастырумен айналысады.  Әлеуметтік сақтандыру қоры уақытша жұмыс істей алмауы бойынша жәрдемақылар төлеумен, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландырумен, кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етумен айналысады.

Міндетті медициналық  сақтандыру қорының қаржылары арқылы келісім шарттарына сәйкес сақтнушыларға  медициналық қызмет көрсетеді.  Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар  қоғамдық дамудың мақсаттары мен міндеттерінен құралады. Тәжірибеден көріп отырғандай әр уақытта елімізде атап айтсақ, Инвестициялық қор, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы қалыптастыру қоры, Кәсіпкерлік пен бәсеклестікті дамыту қоры қалыптасты. Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры нарықтық экономика жағдайында баламалы экономикалық құрылымдарды құру, әр түрлі меншіктегі  кәсіпорындар мен ұйымдарға қолдау көрсету және монополиялық қызметті шектеу мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша шараларды қаржыландыру мақсатында құрылған болатын. Қорлардың қаржыларының қалыптасу көздерінекелесілер жатады:

-кәсіпорындар  мен ұйымдардың меншігінде қалатын  ұйымдардың пайдасының 1%  мөлшерінде  жарналар алу;

-республикалық  бюджеттің кірісінен   1 % көлеміндегі  қаражат негізінде;

-кеңес беру, әдістемелік және баспа қызметінен түскен табыстар негізінде;

- еркін жарналар негізінде.

 

  1. ҚР Ұлттық қоры

ҚР Ұлттық қоры  мемлекеттің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның әсерін төмендету  мақсатында құрылады. Осыған сәйкес қорлар екі функцияны атқарады: жинақтаушы және тұрақты.

Қор  мемлекеттік  және жергілікті бюджеттің атқарылуы  үрдісінде оған шикізат секторы  ұйымдарынан(заңды тұлғалардан Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілейтін  тізбе бойынша) бюджетке түсетін  салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері негізінде қалыптасады:

-корпоративті  табыс салығы

-қосымша құнға  салық

-үстеме пайда  салығы, бонустар,  роялти

-ҚР келісілген  келісім шарт негізіндегі өнімді  бөлу бойынша үлесі.

 

Қор келесі түсімдер арқылы құралыды:

1) Республикалық  және жергілікті бюджеттеттің  жоспарланған түсімдерінің 10 %көлеміндегі  арнайы трансферттер

2)Қорды басқарудан  түскен  инвестициялық кірістер

3)ҚР заңымен  шетелмеген басқада кірістер  мен түсімдер.

 

Қордың қаражаттары  келесі бағыттарға жұмсалады::

  1. Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін
  2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.
  3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.

 

Қорды басқаруды келесі  мемлекеттік  билік органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті:

  1. ҚР ұлттық банкін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды
  2. қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді
  3. қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады
  4. ұсыныстар беру үшін Кеңеске  қорды басқарумен байланысты  оған бекітілген  құжаттарды бағыттайды;
  5. қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.

 

Бақылау сұрақтары

 

  1. Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз не?
  2. Бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздеріне нелер жатады
  3. Қызмет істеу уақытысы бойынша арнайы қорлар қалай бөлінеді
  4. Қатыстығы бойынша бюджеттен тыс қорлар қалай бөлінеді
  5. Пайдалану мақсатына байланысты арнайы қорлардың бөлінуі
  6. Еңбекпен қамту қорын сипаттаңыз
  7. Әлеуметтік сақтандыру қорын сипаттаңыз

 

СОӨЖ сұрақтары

  1. Республикада қандай бюджеттен тыс қоралардың түрлері пайдаланылады
  2. Зейнетақы қоры мен оның қалыптасу ерекшеліктерін атаңыз
  3. Міндетті медициналық сақтандыру қорын сипаттаңыз
  4. Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қорының мақсаты неде?
  5. Ұлттық қордың қалыптасуның мәні неде
  6. Ұлттық қордың қалыптасу ерекшеліктерін атаңыз
  7. Ұлттық қордың қаражаттары қандай бағыттарға жұмсалады

 

 

Әдебиеттер  тізімі

  1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
  2. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
  3. Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000 г.
  4. История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г.
  5. Сумароков  В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.: Финансы и статистика, 1996 г.

 

 

 

 

Лекция 9. Тақырып: Мемлекеттік несие және мемлекеттік  борыш (қарыз)

 

Жоспар

 

  1. Мемлекеттік несиенің мәні мен мазмұны 
  2. Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
  3. Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері

 

Лекцияның мақсаты: мемлекеттік несиенің мәнімен, түрлерімен, нысандарымен танысу; мемлекеттік қарызды реттеу әдістері

 

Лекцияның мазмұны 

1. Мемлекеттік  несиенің мәні мен мазмұны

Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін.

Мемлекеттік кредиттің  ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарда банк несиесімен шатастыруға болмайды. Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс.

 

  1. Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері

             Мемлекеттік несие  түрлері  бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.

Ішкі несиеде мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болды.

Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк үйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік  несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлікінең немесе басқа активтерінең бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

 Мемлекеттік кредиттің  негізгі нысаны кредит қатынастары  болып көрінетің мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінең қарызгер ретінде болады.

          

   3. Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері Мемлекеттік қарыз (борыш) – Мемлекеттік борыш – бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.

Сонымен қатар мемлекеттік  қарыздың  капиталдық және ағымдық түрлері бар..  

            Капиталдық мемлекеттік қарызға мемлекеттің  шығыарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің барлық сомасы (бұл міндеттемелер бойынша пайыздарды қоса есептегенде) жатады.

Ағымдық қарыз – бұл төлеу мерзімі жеткен мемлекеттің барлық мінедеттемелерінің  жиынтығы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді.

 

Бақылау сұрақтары 

  1. Мемлекеттік несие дегеніміз не?
  2. Не себепті мемлекеттік несие қатынастары қаржылық қатынастарға жатады
  3. Мемлекеттің қандай несие қатынастары бар
  4. Мемлекеттік несиенің қызметтерін атаңыз
  5. Мемлекеттік несиенің жүйесі қалай жіктеледі
  6. Мемлекеттік қарыз дегеніміз не?

 

СОӨЖ сұрақтары

  1. Мемлекеттік несиенің нысандарын атаңыз және қысқаша сипаттамасы
  2. Мемлекеттік несие қатынастарының қандай әдістері бар
  3. Ішкі мемлекеттік қарыз қалай қалыптасады
  4. Республикадағы ішкі мемлекеттік қарыздың негізгі нысандарын атаңыз
  5. Мемлекетік қарызды басқару дегеніміз не?
  6. Мемлекеттік қарызды басқарудың қандай әдістерін білесіз
  7. Сыртқы мемлекеттік қарыз дегеніміз не?

 

СӨЖ тапсырмасы

  1. ҚР немесе кез-келген шет мемлекеттердің несиелеу жүйесі бойынша жазбаша жұмыс дайындаңыз Жұмыс көлемі  2-3 бет.

 

Әдебиеттер  тізімі

  1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
  2. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
  3. Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000 г.
  4. Якобсон Л.И. Экономика общественного сектора. Основы теории государственных финансов – М.: Аспект Пресс, 1996
  5. Финансы – под ред. В.М.Родионовой – М.: Финансы и статистика,1995 г.

 

 

 

Лекция  10.   Тақырып:    Қаржыларды басқаруды  ұйымдастыру. Қаржылық бақылау

 

Жоспар

  1. Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру
  2. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
  3. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері негізгі қағидалары
  4. Қаржылық бақылаудың жіктелуі

 

 

Лекцияның мақсаты: қаржыларды басқару мен ұйымдастырудың мақсаттары мен негізгі этаптарын анықтау, қаржыларды әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеуде қолданудың қажеттілігін анықтау, нарықтық шаруашылықтың қаржылық құралдарын анықтау. Қаржылық бақылауды жүргізудің мәні мен қағидаларын және аудиторлық бақылаудың ерекшеліктерін қарастыру

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"