Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 21:28, курс лекций
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржылары.
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджет.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына- қаржылық жоспар жатады.
Қаржы жоспары – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай қорларын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне жоспарлаудың көптеген түрлері (бастапқы, жиынтық қаржылық жоспарлар) кіреді. Бастапқы қаржылық жоспарларға мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық жоспарының сметасы кіреді. Жинақты қаржылық жоспарларға жалпы мемлекеттік, аумақтық, салалық жоспарлар кіреді. Жалпы мемлекеттік жоспарларға: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы және мемлекеттік бюджет жатады. Салалық қаржылық жоспарларға: министрліктердің кірістері мен шығыстарының балансы, материалдық өндіріс салаларының балансы, қоғамдық ұйымдардың қаржылық жоспары кіреді.
Аумақтық қаржылық жоспарларға: аймақтардың жиынтық қаржылық жоспары, жергілікті бюджет, сәйкес аумақтардың қоғамдық ұйымдарының жоспарлары жатады.
Уақыт кезеңіне байланысты қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімдік (үш -бес жылдық) және ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлауға бөлінеді. Бүгінгі таңда жылдық мерзімде аталған жоспарлардың барлығы да дайындалады.
Материалдық өндіріс аясында қаржылық жоспарлар кірістер мен шығыстардың балансы деп аталып, төрт бөлімнен тұрады:
1. Кірістер мен түсімдер
2. Шығындар мен ақшалай аударымдар
3. Бюджеттік төлемдер
4. Бюджеттік аударымдар
Баланстың бірінші бөліміне: таза кіріс, амортизациялық аударымдар, банктердің ұзақ мерзімдік несиелері, жинақ қорларының қаржылары,өнімді өткізуден түскен түсім, салықтық түсімдер, акциздік салықтар көлемі, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім, айналым қаржаттарының өсімі жатады.
«Бюджетке төленетін төлемдер» бөлімінде салықтардың барлық түрлері бойынша түсімдер жатады.
« Бюджеттен аудару» бөлімінде келесі шаралар қарастырылады. Мемслекеттің орталықтандырылған қаржылық салымдары, үкімет пен жергілікті билік органдарының шешімімен қаржыландырылатын жедел шығындар.
Аз көлемдегі айналым қаржылары бар шаруашылық субъектлер екі бөлімді қаржылық жоспарды: кірісті және шығысты дайындайды.
Бақылау сұрақтары:
СОӨЖ сұрақтары
1. Қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаты
2. Қаржылық жоспарлау дегеніміз не?
жоспар ретінде саналады
СӨЖ тапсырмасы
Әдебиеттер тізімі
1.Финансы: учебное
пособие – под ред. А.М.
2. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебинк /под ред. Е.С.Стояновой. – М.: Изд-во Перспектива, 2000
3. Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000 г.
Лекция 3. Тақырып: Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Жоспар:
3. Қаржы механизмінің мәні мен құрылымы
Лекцияның мақсаты қаржы саясатының мазмұнын, ҚР қаржы саясатының нарықтық қатынастарға көшудегі ерекшеліктерін, қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.
Лекцияның мазмұны
1. Қаржы саясатының мәні мен мазмұны
Қаржы саясаты – бұл мемлекеттің қаржы аясындағы міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты экономикалық заңдарының талаптарының негізінде қалыптасады. Нақты өмірде қаржы саясаты қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы механизмі қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын қанағаттандыру болып табылады.
Қәзіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру барысында шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;
- Мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;
- Ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу
- Өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі;
Мемлекеттің қаржы саясаты
Қаржылық саясатқа бюджеттік, ақша, несие, баға және кедендік саясаттар жатады. Осыған сәйкес қаржы саясаты қосалқы ролді атқара отырып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізудің негізгі құралы болып табылады.
Бюджеттік саясат Бюджетте жинақталған ІЖӨ бір бөлігін, бюджеттің шығыс бөлігінің қалыптасуын, әр түрлі деңгейлі бюджеттер арасында қаржылардың бөлістірілуін қарастырады. Бюджет дегеніміз– мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған ақша қорларының қозғалысын көрсететін заңды түрде бекітілген құжат.
Қаржы саясатының негізгі бөлігінің бірі – салық саясаты. 500 жылдан астам уақыт бойы қаржы саясатының салыққа деген қатынасы анықталуда:
Салық саясатының ел экономикасына әсері тікелей- жоғары салық деңгейі бекітіліп, оның нәтижесінде ұлғаймалы өндірістің инвестициялық мүмкіндіктері кеміген жағдайда және тұтыну деңгейінің төмендеп, өнім өндіру мен сату көлемі кеміген жағдайда айқын байқалады. Ақша саясатының құрамдас бөліктеріне эмиссиялық саясат және ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады.
2.Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары
Мемлекеттің қаржы саясатының міндеттеріне келесілер жатады:
3. Қаржы механизмінің мәні мен мазмұны
Әрбір экономикалық категория экономикалық қатынастардың түрлері, нысандары мен әдістеріне сәйкес өзінше ерекшеленеді. Осындай- қатынастардың түрі, нысандары және әдістері түсінігі- экономикалық өмірде сәйкес үрдістерді басқару құралы ретінде жүзеге асырылады. «Механизм» түсінігі экономикалық түсінікте белгілі бір қызметке өзгеріс әкелетіндей әрекет пен құрал мағынасын береді. Осыған сәйкес бұл түсінік қаржы саясатының міндеттерін атқарушы құрал ретінде қалыптасады. Қаржы механизмі толығымен шаруашылық механизмі ретінде жүзеге асырылады. Қаржы механизмі жүйелілік талдау, блок, элемент тәрізді буындардан тұрады. Қаржы механизмінің ішкі жүйесі дегеніміз қаржы механизмінің – қаржылық жоспарлау, қаржылық тетіктер мен күштер, қаржы механизмінің ұйымдық құрылымы мен құқықтық режимі, басқаруды ұйымдастыру сияқты ішкі күштерін құрайды.
Бақылау сұрақтары
СОӨЖ сұрақтары
СӨЖ тапсырмасы
Әдебиеттер тізімі
Жоспар:
Лекцияның мақсаты: коммерциялық және коммерциялық емес шаруашылық субъектлердің қаржылық қызметін оқып үйрену
Лекцияның мазмұны:
Шаруашылық субъектлердің қаржылары - қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектлердің қаржысы ақшалай нысанда қалыптасып, өндіріс процесін ұлғайтуға бағыттала отырып, оның экономикалық заңдар негізінде жүзеге асырылуына ықпал етеді. Сонымен қатар олар халық шаруашылығы одан әрі дамытуға қажетті ақшалай қаражаттың жиынтықтарын пайдалану мен бөлістіруде қолданылады
Шаруашылық субъектлердің қаржысының бөлістірушілік функциясының ерекшелігіне жеке қаржылар айналымындағы бекітілген номативтер негізінде (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдар, банк несиесінің мөлшерлемесі)өндірілген өнімнің құнының айналымына қатынасуы ұдайы өндіріс процесіне қатынасуы жатады.
Шаруашылық субъектлердің қаржысының бақылаушылық функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды орынды алады: себебі қаржылық бақылаусыз шаруашылықты жүргізу мүмкін емес. Қаржы басқада экономикалық тетіктермен біріге отырып, экономиканы басқару үрдісінде, өндірісті арттыруда және еңбек, материалдық, табиғи және қаржылық ресурстарды мақсатты түрде пайдалануды жүзеге асыруда маңызды рөлді атқарады
Осыған орай,
шаруашылық субъектлердің қаржысы
дегеніміз ақшалай қаражаттарды
пайдалану мен бөлістіруге
2. Коммерциялық
негізде қызмет жасайтын
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде нарық жағдайындағы ақша –тауар қатынастарының дамуы жағдайында, әр түрлі меншік нысаны түрінде қалыптасады. Кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысандарының қалыптасуы олардың қаржыларының ұйымдастырылуында: капиталдың қалыптасуы, өндірістік-шаруашылық қызметтің қаржыландырылуы, шаруашылық нәтижелерін бөлістіруде ерекшеліктердің орын алуын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық қызметтің мақсатына пайда алу жатады. Коммерциялық негізде материалдық және материалдық емес өндіріс аясындағы кәсіпорындардың көптеген түрі қызмет жасайды: коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары, басқада қаржылық сектордың ұйымдары мен мекемелері( жинақтау, депозиттік, инвестициялық қорлар, бағалы қағаздар мен сауда делдалдық қатынастарды жүзеге асыратын көптеген мекемелер),еркін қоғамдық қорлар мен трасттық компаниялар және т.б. Коммерциялық ұйымдардың қаржыларын ұйымдастыру бір қағида негізінде жүзеге асырылады. Бір қағидаға негізделу мақсаттардың бірлігін, өндірісті дамыту міндеттерінің жалпы жағдайын көрсетеді. Бұл типтегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын ұйымдастырудың негізгі қағидаларына коммерциялық есеп-айырысу, жоспарлылық, меншік нысандарының тең жағдайы және қаржылық резервтердің болуы жатады.