Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 21:28, курс лекций

Описание

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржы саясаты және қаржы механизмі.
Шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржылары.
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.
Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік бюджет.

Работа состоит из  1 файл

КАРЖЫ.doc

— 751.50 Кб (Скачать документ)

Қаржы деген сабаққа  толықтай лекциялар

 

Жоспар

 

1) Глоссарий

 

2) 15 тақырып

 

3) Тесттар

 

 

Болды бар жоғы 77 бет ...  мына осы 1-ші бетті өшіре салыңдаррр

Ешкімге айтпай-ақ қойыңдар 

Реферат мәссаған сайтынан алыну үшін салынған, көмек ретінде, қаржы жағынан білімін көбейту үшін ғана жүктелген, ал қалған нәрселерді істемеңдер деймін J

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

                                                    ГЛОССАРИЙ

Ақшалай қорлар

Нақты бір экономикалық субъектіге (меншік иесіне) қатысты нақты бір мақсатқа негізделген(жұмыс күшінің қоры, еңбек ақы қоры, амортизациялық қор) ақшалардың белгілі бір құны.

Еңбек ақы 

Атқарылған екбекке  төленетін ақшалай қаражат; жұмысшыға  кәсіпорында еңбекпен өндірілген өнімнің  бір бөлігінің берілуі

Қорлар

Тұлғаға оның қызмет түріне байланыссыз қалыптасатын қаражаттар.

Инвестициялық қорлар

Өндірістің қаржысын ұйымдастыруға алынатын бастапқы каитал. Ұйымның меншікті қаржыларында –  пассивте(акционерлік, жарналық, қоймалық) орналастырылады 

Несие

Ақшалай қаражаттарды немесе тауарларды белгілі бір уақытқа пайыз мөлшерлемесін бекіте отырып, қаразға беру(алу)

Айырбас құны

Бір тауардың екіншісіне қатысты сатып алыну қабілеттілігін сипаттайтын тауар өндірісімен  және айналысының құбылысы.Айырбас  құны бұл айырбасталатын тауарлар арасындағы сандық пропорция болып табылады.

Аударымдар

Кәсіпорын жүзеге асыратын төлемдер мен шығындар. Аударымдар олардың кірістерінен алынып, мемлекеттік  және жергілікті бюджетке аударылады. Аударымдардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: амортизациялық аударымдар, әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын аударымдар, пайдадан резервті қорға аударылатын аударымдар және т.б.

Капитал айналымы

Жүйелі түрде жаңарып  отыратын үрдістегі капитал айналымы. Капиталдың бір айналымы каиталдың  ақшалай түрде берілген уақытынан бастапқы қалпына келтірілгенге дейінгі уақыт кезеңін қамтиды.

Айналыс

Сатып алу мен сату арқылы жүзеге асырылатын тауар өндірісінің,  еңбек өнімдерінің, ақшаның және меншіктің басқа да, объектілерінің айырбасқа келу нысаны

Капитал айналысы

Нарықтағы ақшалардың тауарға  немесе тауарлардың ақшаға айналу үрдісі. Капитал айналысы капиталдың айналымының  құрамдас бөлігі болып табылады.

Өндірістің жалпы рентабельділігі

Баланстық пайданың негізгі  өндірістік қорлардың ортажылдық құнына және пайыз түрінде есептелінетін айналыс құралдарының мөлшеріне қатынасын береді

Бастапқы құн

Негізгі қорларды сатып  алуға жұмсалынған, оларды жеткізу  мен жөндеуге кеткен және төленген салықтар мен активтерді жұмыс орнына жеткізіп, пайдаланғанға дейінгі  барлық шығындарды қоса есептегендегі жұмсалаған қаражаттар.

Тұтыну құны

Адамның кез-келген қажеттілігін еңбек өнімінің  қамтамасыз ету  қабілеттілігі. Тұтыну құнының жиынтығы жиынтық ішкі өнімнің және ұлттық табыстың натуралды-заттай мазмұнын құрайды.

Қосылған құн

Жалдамалы жұмысшының еңбегімен  еңбек күшінің құнының үстіне қосылған құны.

Пайда

Жиынтық табыстың шығындардан  артық қалыптасуы яғни жиынтық табыс  пен шығынның айырмашылығы.Микроэконмика  ғылымында пайданы есептеу барысында  оның құрамына меншікті капиталды қосады, ал ссудалық капиталдың пайызының көлемі шығындарға жатқызылады.

Тұтыну қорлары

Қоғамдық және жеке тұтынуға арналған қаражаттар (физиологиялық, әлеуметтік, ішкі жан дүниелік және тағы басқа  қажеттіліктерді қанағаттандыратын  құндылықтар)

Тұтыну

Қажеттіліктерді қамтамасыз ету үрдісінде өнімнің пайдаланылуы, тұтынылуы. Өндірістік тұтыну өндіріс  құралдары мен жұмыс күші пайдаланылатын өндіріс үрдісін айтамыз.Ал өндірістен тыс тұтынуға өндіріс өнімдері (тамақ, киім, аяқ киім) үрдісіндегі тұтыну жатады. Өндірістік тұтынуда өнім өндірілсе, өндірістен тыс тұтынуда олар тұтынылады.

Резервті капитал

Қызмет ету барысында  орын алатын жоспарланбаған шығындарды жабу үшін, заңдылықты  және құрылтайшылардың құжаттарына сәйкес қалыптасатын кәсіпорынның қаражаттарының сомасы.

Сақтандыру қорлары

Адамдардың өмір сүру барасында мемлекетте, ұйымдарда  қалыптасатын кездейсоқ табиғи және тағы басқа құбылыстардың нәтижесінде  қалыптасатын әлеумметтік-экономикалық шығындарды жабуға бағытталатын қаржылар

Өндіріс аясындағы құралдар

Өндіріс үрдісіне тікелей  қатынасатын еңбек құралдары  мен еңбек заттары. Оларға: негізгі  қорлар, материалдық емес активтержәне еңбек заттары кіреді.

Тауар-ақша қатынастары

Қоғамдық өнімді өндіру, бөлу және айырбастау үрдісінде орын алатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жарғылық капитал

Құрылтайшылардың құжаттары  негізінде кәсіпорынның қызметін құруға салынатын кәсіпорын құрылтайшыларының  ақшалай түрдегі салымдарының (негізгі  қорлардың құны, материалдық емес активтердің құны, айналым және ақша қаражаттарының құны) жиынтығы

Тұтыну қоры

Өндірістен тыс аядағы ұйымдарды қаржыландыруға және өндірістік емес тұтынуды қамтамасыз ететін ұлттық табыстың бір бөлігі. Құрамына материалдық  игіліктер мен қызметтер кіретін  тұтыну қоры дегеніміз қажетті өнім мен қосымша өнім.

Жинақтау қоры 

Өндірісті ұлғайтуға, өндірістік емес қорларды кеңейтуге,  сонымен  қатар ел экономикасының резервті қорларын өсіруге пайдаланылатын ұлттық табыстың бір бөлігі

Қаржылық ресурстар

Ұлттық табыс пен  жиынтық қоғамдық өнімді өндіру, бөлу және қайта бөлудегі мемлекетпен және басқада экономикалық агенттермен жинақталатын ақшалай қаражаттар.

Қаржылық қор

Қаржылық әдістермен қалыптасатын белгілі бір қажеттіліктерді  қамтамасыз етуге пайдаланылатын мақсатты ақшалай қаражаттар.

Қаржылар

Қоғамның субъектлерімен ақшалай қаражаттардың қалыптасу, бөлістірілу жүйесін сипаттайтын  объективті экономикалық құбылыс

Қаржылық қорлар

Жаңа құнның қалыптасуы мен жүзеге асырылуын және құнның басқа құнға ауыстырылуын(амортизациялық және еңбекақы қорлары)  қамтамасыз ететін ақшалай қаражаттар

Қаржыландыру

Кәсіпорынның жеке қаражаттарының, бюджеттік қаражаттарының негізінде  халық шаруашылығының дамуын, әлеуметтік-мәдени шараларды, қорғаныс саласын қажетті  қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі.

Қаржылық қатынастар

Өндірістік қатынастардың  құрамдас бөлігі; мемлекет пен жеке шаруашылық субъектлері арасында ақшалай  нысандағы экономикалық байланыстарды  сипаттайды.

Баға

Тауар мен қызметтің  бір бірлігіне берілетін ақшалай  түрдегі құн..

Экономикалық көрсеткіштер

Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды, заңдылықтарды, экономикалық өсуді сандық  түрде сипаттау үшін пайдаланылатын абсолютті және салыстырмалы өлшемдер.

Бюджеттен тыс қорлар

Бюджетке енетін шығындарды қаржыландырумен байланысты ақшалай қаражаттар.

Валюталық саясат

Мемлекет пен халықаралық  ваюталық-қаржылық ұйымдардың валюталық  қатынастар аясындағы экономикалық, заңдылықты, ұйымдық әдістердің жиынтығы

Табыс саясаты 

Субъектінің қоғамдағы, ұжымдағы орны мен әлеуметтік-экономикалық қызметімен сипатталады және аз шығын шығарып, көп пайда табу қағидасына негізделеді.

Инвестициялық саясат

Контрагенттердің ұқсас  жақтарымен салыстырғанда салынған қаржылардан минимум көлемде  нәтиже алу.

Халықаралық төлем құралдары

әр түрлі мемлекеттер арасында сыртқы экономикалық байланыстар мен халықаралық есеп-айырысудағы ақшалай бірліктер.

Салық саясаты

Салықтың әр түрі бойынша  салық құрамын, мөлшерлемесін, көлемін  анықтауды жүзеге асыратын саясат түрі

Жалпы мемлекеттік қаржылар

Мемлекеттік бюджеттегі қаржы ресурстарының орталықтандырылған қоры ретінде қаржылық ресурстар тұрғысында және арнайы бюджеттен тыс қорларда қоғамдық қажетті қаржыландырудың қосалқы көзі ретіндегі қаржылық қатынастарды сипаттайды.

Міндетті-шығын саясаты

Экономикалық субъектлердің мемлекеттік тауарға салық түріндегі төлем қатынастарын (қорғаныс, ұлттық басқару және ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз ету) сипаттайды

Тұтыну саясаты

Жеке тұлғалармен,  заңды тұлғалармен, мемлекетпен  мемлекетаралық құрылымдармен жүзеге асырылатын ЖІӨ қоғамда пайдалынуы.

Шығын саясаты

Әр түрлі тауарлар мен қызметтердің шығындарына қатысты  субъектлердің өзара байланысы

Сақтандыру саясаты

Қоғамда сақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану барысындағы  экономикалық субъектлердің материалдық  қатынастарын жүзеге асыру және қорғаумен байланысты қатынастар.

Трансферт

1.Шет елдік валютаны  бір елден екінші елге ауыстыру

2.Бір тұлғаның екінші  тұлғаға бағалы қағаздарды иелену  құқығын беруі 3.Келісім бойынша  бір шоттан екінші шотқа ақшаның  аударылуы

Қаржылық жүйе

Ақша қорларының қалыптасуы мен пайдалануы негізінде қалыптасатын қатынастар жиынтығы

Ұйымдардың қаржысы

Негізгі капитал мен  айналым қаржыларының қалыптасуы мен  пайдалануы, өнімді өндіру мен өткізу, ұлттық шаруашылықта ақшалай қаражаттарды жинақтау үрдісіндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.

Қаржылық саясат

1.Субъектінің қаржылық  қатынастарын жүзеге асыру мен  қорғау қағидасын білдіреді. 

2.Қаржы аясындағы өздерінің  мақсаттары мен міндеттерін жүзеге  асыру барысында мемлекет пен  басқада  экономикалық агенттермен жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығы.

Қаржылық механизм

Қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау  және басқару түрлерінің, нысандарының және  әдістерінің жүйесі болып  табылады. .

Қаржылық стратегия

Алға қойылған мақсатқа жету үшін пайдаланылатын қаржылардың жалпы бағыттарын анықтайды яғни қоғамның әлеуметтік дамуы мен экономиканың ірі көлемді міндеттерін атқару үшін дайындалатын, ұзақ мерзімді келешекке бағытталған жоспар.

Қаржылық тактика

Алға қойылған мақсатқа жету барысындағы жеке байланыстар  мен қатынастардың жүйесі яғни күтуді қажет етпейтін міндеттерді шешуге, елдің, аймақтың, экономикасының және қалыптасатын қаржылық ауытқуларды шешуге қатысты жеке байланыстардың жиынтығы және стратегияның нақтылануы.

Фискалдық саясат

Мемлекеттің салықтық-бюджеттік саясаты және оны экономикалық процестердегі жүзеге асыру механизмі.

Қаржылық менеджмент

Қаржылық қатынастарды, құндылықты (ақшалай) қатынастарды және қоғамның субъектлернің қорларын басқару  жүйесінің ғылыми түрде негізделуі.

Қаржылық реттеу

Жоспарлы тапсырмаларды орындау үшін қаржы ресурстарын шебер және икемді жұмсау

Басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Алға қойылған мақсатқа сәйкес күрделі объектіні немесе үрдісті мақсатты басқаруды қамтамасыз ететін экономико-математикалық, техникалық құралдардың және ұйымдастырушылық кешендерінің жиынтығы.

Бюджетті құру

Бюджеттік кірістер мен  шығыстарды құру үрдісі

Қаржы ресурстарының  балансы

Белгілі бір кезеңге  және нақты күндегі барлық түсімдер мен шығындардың теңестірілуі

Ұйымның балансы

Қаржы көздерімен (пассив) олардың пайдалану бағыттарын(активтер) сипаттайтын заңды тұлғаның арнайы қаржылық құжаттары

Дебитор

Кәсіпорыннан, ұйымнан  алатын  қарызы бар заңды және жеке тұлға 

Дебиторлық қарыздар

Өзара шаруашылық қатынастар жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға төленбеген қарыз сомалары

Индикативті (ұсынбалы, нұсқамалық) жоспарлау

Ол ақпараттық үйлестіруші  ролді атқарады және қаржы қызметінің субъектлеріне экономикалық реттеушілер  арқылы жанама түрде ықпал етеді.

Кредиторлық қарыздар

Жабдықтаушылармен есеп айырысу барысында қалыптасатын қарыздар яғни кәсіпорынның ақша айналымында  кредитордың қаражаттарының болуы 

Оперативті жоспарлау

Белгілі бір уақыттағы  ағымдағы жоспарлау

Жоспар

Іс әрекет шараларды  белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асыруға бағытталған өзара байланысты мақсаттардың жиынтығы 

Жоспарлау

Жоспардық құрылуы, ұйымдастырылуы, орындалуыжәне бақылануын қамтитын үрдіс 

Арнайы баланстар

Экономикалық субъектлердің  қаржылық қызметінің әр түрлі аясын, ақша қаражаттарының жағдайы мен қозғалысын сипаттайды

Тактикалық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлаудың нақтылануы

Қаржылық жоспарлау

Қаржылық өзгерістердің  нақты шамаланған бағыттары яғни қаржылық қызметтің жағдайын мақсатты түрде шамалау мен дайындаудың  субъективті үрдісі

Қаржылық жоспар

Шаруашылық субъектлердің, саланың, жүйелердің, аймақтардың және толығымен мемлекеттің ақшалай  кірістері мен жинақтарын қалыптастыру мен пайдалану жоспары

Қаржылық бағдарламалау

Мемлекеттік бюджетті құру барысында және қаржының басқа да  буындарының кірістері мен шығыстарын құрамын дайындауда мақсатты- бағдарламалау әдістерін қолдану

Қаржылық нормалар мен  нормативтер

Қаржылық ресурстарды  құру, бөлу, реттеу  және бөлістіруде  қаржылық жоспарлауға ықпал ететін минималды, орташа және максималды шекті өлшемді көрсеткіштер

Бюджет заңнамасы

Белгілі бір уақыт  аралығында орындалуын міндеттейтін бюджеттің  заңдылықты негізі және билік органдарның  қаржылық-құқықтық актлердің жиынтығы

Міндеттеу әдістері

Азаматтар мен қызметкерлердің  заңды орындауына негізделеді

Санкциялар

Қаржы – құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік  шараларды білдіреді.

Қаржылық құқық 

Бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттік міндетті төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті  ақша қорларын жасау,бөлу және пайдалну үрдісінде (процесінде)пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін  заң нормаларының жиынтығы

Қаржылық-құқықтық нормалар

Құқықтық негіздің бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мәжбүрлеу  шарларымен қамтамасыз етілген іс- әрекеттің қатаң белгілі бір ережесінің пайдаланылуы

Қаржылық тәртіп

Барлық кәсіпорындар мен қызметкерлерге арналған қаржылық қызметтің жүзеге асырылу тәртібі

Аудиторлық бақылау

Тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші  субъектлерінің жасаған келісім-шарты негізінде қаржылық-шаруашылық қызметтің жағдайын тексеру

Акт

Заңды күші бар арнайы құжат

Ревизия (тексеріс)актісі

Шаруашылық субъектінің  шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелері рәсімделетін арнайы құжат

Бюджеттік бақылау 

Бюджеттік қаражаттардың қалыптастыруын, бөлістірілуін және пайдалануын бюджетті даярлау барысында тексеретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың бір бөлігі  

Сыртқы бақылау

Республикалық бюджеттің  орындалуын бақылаушы есеп комиссиясымен  және ревизия комиссиясымен жүзеге асырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау

Ішкі бақылау

Рталық ішкі бақылау  органымен және ішкі бақылау қызметімен жүзеге асырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау 

Үстеме бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау  объектісіне қатысты  ақпарат  алу қажеттігіне байланысты үшінші бір тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бір деңгейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді

Ведомстволық қаржылық бақылау

Жеке министрліктің, ведоствоның  өкілдері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу

Ішкі шаруашылық бақылау 

Нақты шаруашылық субъектіге жүргізілетін бақылау

Іріктеулі ревизия

Қаржы-шаруашылық қызметтің  жеке жақтарына бақылаудың жүргізілуі 

Кейінгі (келесі)қаржылық бақылау

Қаржы операцияларын  жасағаннан кейінгі нақтылықты анықтайтын  бақылау әдісі

Мемлекеттік қаржылық бақылау 

Мемлекеттік қаржылық бақылау  аясындағы экономикалық заңдылықтар  талабының сақталуы, жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бөлінуін, бюджеттің орындалуы мен оның атқарылуына бақылау жүргізу

Тиімділікті бақылау 

Мемлекеттік қаржылық бақылау  объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік беретін  қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарлары мен қызметтерін өткізуден түскен ақшаның мақсатты түрде жұмсалуын бақылау

Кешенді бақылау 

Мемлекеттік қаржылық бақылау  объектісінің нақты кезеңдегі  қызметін жалпыға ортақ әдіспен тексеру  және бағалау 

Бақылау әдістемесі

Қаржы ресурстарының  жүзеге асырылуын тексерудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы

Бақылау үрдісі

Тікелей бақылаушылық қызмет

Алдын ала қаржылық бақылау 

Ақшалай қаражаттардың  қалыптасуы, бөлістірілуі және пайдаланылуы бойынша операциялардың жүзеге асырылуы 

Тақырыптық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау  объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша  жаппай әдіспен тексеру 

Ағымдық қаржылық бақылау 

Ақшалай операциялардың жүзеге асырылу үрдісіне бақылау 

Қаржылық бақылау 

Ақшалай қаражаттардың  қалыптасуы мен пайдаланылу үрдісіне қоғамның экономикалық субъектлерінің бақылау жасауы

Акционерлік қоғам

Жарғылық қоры акциялар тұрғысында беріліп, акционерлерге  пайданы алуға құқық беретін  және олардың  арасында бөлістірілетін  заңды тұлға. 

Айналымды қаражаттар(активтер)

Кәсіпорынның активтерінің жаңа құндылықтарын құру мақсатындағы өндіріс  факторларының өзара  байланысына  тікелей әсер ететін инвестициялық қордың өзгертілген  түрі.

Айналымнан тыс активтер

Кәсіпорын қызметінде бір  жылдан аса жүзеге аса отырып, өзінің құнын біртіндеп, өндірілетін активтерге аударатын кәсіпорындардың активтер.

Бәсекелестік

Жеке пайдаға ие болу барысындағы жеке және заңды тұлғалардың  бәсекелеске келуі.

Амортизация мөлшері(нормасы)

Белгілі бір уақыт  аралығындағы амортизациялық аударымдардың негізгі өндірістік қорлардың баланстық құнына пайыздық түрдегі қатынасы

Айналым қаржылары 

Өндірістік қорлар мен  айналыс қорына авансталған ақшалай  қаражаттар

Жөндеу қоры

Бұл қор шаруашылық субъектлерде негізгі қорлардың барлық түріне күрделі жөндеу жүргізу үшін қалыптасады

Резервті қор

Ұйымның кездейсоқ қалыптасатын   шығындарын жабуға және арналған және бөлістірілмеген пайда негізінде  қалыптасатын ақшалай қаражаттар болып  табылады

Өзін-өзі жабу

Бұл шаруашылық жүргізудің негізгі қағидасы болып табылады және ол шаруашылық субъектінің өнімін өткізуден түскен табыс негізінде өнімді өндіру мен жеткізуге кеткен барлық шығындарды жабуға міндетті болып табылады.

Меншікті капитал

Бұл міндеттемелерді  төлегеннен кейінгі қалған субъектінің  активтері болып табылады. Кәсіпорынның меншікті капиталына  құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза табыс жатады.

Жиынтық жылдық табыс

Заңды және жеке тұлғалардың  бір жыл ішіндегі әр түрлі көзден құралған жиынтық табысы. 

Жарғылық қор (капитал)

 Алғашқыда шаруашылық  жүргізуші субъектлерді құрған  кезде өндірістік капиталдарды, материалдық емес активтерді, айналым  қорларын сатып алуға жұмсалатын  ақшалай қаражаттар жатады.

Шаруашылық субъектлердің  қаржылары

Өнім мен қызметті өндіру мен өткізу  барысында ақшалай кірістерді, жинақтар мен қорларды пайдалну мен бөлуге қатысты экономикалық қатынастар  жиынтығы

Қаржылық қорлар

Заттық құнды қалыптастыру мен жүзеге асыруға сәйкес қалыптасатын ақшалай қаражаттар (амортизациялық қор, әлеуметтік қор, сақтандыру қоры, өндіріс шығындары, түсім, пайда, еңбек ақы қоры)

Айналыс қорлары 

Айналым аясындағы тауарлы  және ақшалай түрдегі ресурстар (ұдайы өнім және ақшалай қаражаттар)

Жинақ қорлары 

Өндірістік емес қорларды кеңейтуге, ұлғаймалы өндірісті дамытуға және ел экономикасында резервті қаражаттарды өсіруге  пайдаланылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.

Тұтыну қорлары 

Өндірістік емес қажеттіліктерді  қанағаттандыруға, сонымен қатар  өндірістік емес аядағы ұйымдарды қаржыландыруға пайдаланылатын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Материалдық игіліктер мен қызметтерден тұратын тұтыну қорының негізгі көздеріне қажетті көлемдегі өнім мен қосалқы өнім жатады.

Нақты төлемдер

Ұжымның қызметіне байланыссыз  факторлардың негізінде қалыптасқан  кәсіпорынның пайдасының бір бөлігінің мемлекеттің кірісіне алыну нысанын айтамыз.

Қаржылық қызмет

Меншікті капитал мен  заемдік қорлардың құрамының  көлемінің өзгерісімен сипатталатын заңды және жеке тұлғалардың қызметі  болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Кәсіпорынның қалыпты  шаруашылық қызметін жүргізуіне  және өз уақытысында ақшалай есеп айырысуына  қажетті ақшалай қаражататтармен  қамтамасыз етілуімен, қамтамасыз етілмеу  жағдайы 

Қаржылық резервтер

Кәсіпорындарда, банктерде, экономика салаларында кездейсоқ шығындар мен арнайы қажеттіліктерді жабу мақсатында резервте жинақталатын ақшалай қаражаттар

Таза пайда 

Жиынтық пайда мен  пайдаға салынатын салық арасында айырмашылық түрінде анықталады.

Мемлекеттік резервтер

Мемлекетпен жүзеге асырылатын шикізаттардың маңызды түрлерінің, отынның, машинаның кейбір түрлерінің, бидайдың, азық-түлік тауарларының, қорғанысқа қажетті басқа да тауарлардың жинақталған қоры

Мемлекеттік шығындар

Мемлекеттің қызметіне  жұмсалатын ақшалай шығындар

Мемлекеттік табыстар

Мемлекеттің қызмет етуіне қажетті материалдық базаның  негізін құрайтын мемлекеттің меншігіне  келіп түсетін және экономикалық қатынастар нәтижесінде құралатын  қаражаттардың жиынтығы.

Кіріс

Белгілі бір қызметтің  нәтижесінде түскен түсімнен шығындарын алып тастағаннан кейінгі қалған ақшалай түсімдері

Дотация

Кәсіпорынның шығындарын жабуға арналған бюджеттік қаржылардан  немесе бюджеттен тыс қорлардан  қайтарымсыз түрде берілетін  ақшалай қаражаттары 

Капиталдық салымдар

Халық шаруашылығының барлық салаларында негізгі қорлардың өндірісін ұлғайтуға бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың жиынтығы.

Бөлістірілмеген пайда 

Кәсіпорынның таза пайдасы  яғни кәсіпорынның шығындарының көлемінен  артық түсімінен корпоративті табыс  салығын шегергеннен кейінгі қалатын сумма.

Жәрдемақы

Жұмыстан белгілі бір  жағдайға байланысты қол  үзген жағдайда берілетін мемлекетпен кепілдендірілген ақшалай қаражат.

Субвенция

Халықты әлеуметтік қамтамасыздардыру  бойынша бағдарламалар мен арнайы шараларға бөлінетін мемлекеттік қаржылық көмек.

Акциздер

Тауардың құнына кіретін  және сатып алушымен төленетін салықтың түрі.

Мемлекеттік төлемдер

Мемлекеттік органдарға және өкілетті органдарға заңды негізді  іс-әрекеттер үшін төленетін міндетті төлем.

Салық салу бірлігі

Салық есептеуінде қолданылатын салық объектісінің өлшеуші бірлігі (1 тенге, 1 га, 1 метр)

Корпоративті табыс  салығы

Бұл тікелей салықтың бір түрі; бұл салықты Ұлттық банк және мемлекеттік ұйымдардан басқа  барлық  қызмет жүргізуші резидент және резидент емес заңды тұлғалар төлейді. 

Жанама салықтар

Бағаға немесе тарифке  үстеме түрінде белгіленген салық  төлеушінің кірістері мен мүлкіне  байланыссыз салықтар. Бұл салықтарға:қосылған құнға салынатын салықтар, акциздік салықтар, сыртқы экономикалық қызметтерге салынатын салықтар (кедендік төлемдер мен экспортқа және импортқа салынатын салықтар) жатады

Қосылған құнға салық 

Бұл жанама салықтың бір  түрі болып табылады. Кәсіпорынның өнім өндіру айналымының жалпы көлемінен  алынып, бюджетке аударылатын салықтың түрін айтамыз.

Салық базасы

Салық салу объектісі  мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар  және басқада міндетті төлемдердің  сомасы анықталады.

Үстеме пайда салығы

Салық кодексінде бекітілген нормативтен жоғары алынатын табысқа  салынатын салық.

Салық жеңілдіктері

Заңға сәйкес салық төлеушінің жартылай немесе толықтай  салық  төлеуден босатылуы.

Салық салу минимумы

Салық төлеуден босатылатын  салық төлеушілердің аз бөлігі. 

Салық мөлшерлемесі

Салық мөлшерлемесі салық  базасының өлшем бірлігіне салық  есептеулерінің шамасын береді.

Салықтық үлес (квота)

Салық төлеушінің табысынан  алынатын пайыз түріндегі салық  мөлшерлемесі.

Салықпұл

Субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.

Салықтық режим

Бюджетке салық пен  басқада төлемдерді төлеуде қолданылатын салық заңдылығының нормаларының жинтығы.

Салық міндетемесі

Салық заңдылығына сәйкес орын алатын салық төлеушінің мемлекет алдындағы салық органында арнайы салық тіркеушінің тіркеуінен өтуі, салық салу объектісін анықтауы, мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді төлеуі туралы міндеттемесі.

Салық кезеңі

Жеке салықтар мен  басқа да міндеттемелерге қатысты  белгіленген уақыт кезеңі.

Салық жүйесі

Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру меналудың нысандары мен әдістерінің салық қызметі органдарының жиынтығы

Салықтар

Белгілі бір көлемде, белгілі бір уақытқа сәйкес алынатынмемлекетпен  бекітілетін міндетті төлемдер.

Салық салуды ұйымдастыру

Салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын  сандай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс қимылдың тәсілдерін біріктіретін салық механизімін құру мен жүзеге асыру үрдісі.

Төлемақылар

Жер учаскелерін, су қорын және т.б. табиғи қорларды пайланғаны үшін және қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақшалай төлем.

Төлемдер 

Заңды және жеке тұлғалардың  мемлекеттік органдардың  оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін  міндетті төлемдерін айтады. Төлемдердің  тіркеуге арналған, кедендік, соттық, пошталық, мүрагерлік, патенттік, биржалық және т.б. түрлері бар.

Роялти

Пайдалы қазбаларды игеруге  төленетін төлем түрі.

Арнайы салық режимі

Салық төлеушілердің  жекеленген санаттарына – шағын  бизнес субъектлері, шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар –ауыл шаруашылығ өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін  белгіленетін  және салық төлеудің оңайлатылған  тәртібін қолдануды көздейтін  бюджетпен есеп-айырысудың ерекше  тәртібі

Алымдар

Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдарға тіркеуге алғандары үшін және қозғалмалы мүлікке иелік ету куәлігі үшін төлейтін міндетті төлемінің түрі.

Бюджеттің тепе-теңдігі  (Баланс)

Бюджеттің кірістері  мен шығыстарының теңдігін көрсетеді.

Бюджеттік несиелер

Мемлекеттік бюджеттен  ақылы негізде берілетін, жедел  қайтарылатын ақшалай қаражаттар.

Бюджеттің жіктелуі

( классификациясы) 

Мемлекеттің қаржылық органдарының бюджеттік қызметіне жататын  бюджеттік кірістер мен шығыстардың  бір текті нысандары бойынша  топтастырылып, жүйеленуі.

Бюджеттік бағдарлама

Мемлекетті басқару  қызметі  мен   саясатын жүзеге асыру жөніндегі  бюджеттің шығыстары  бюджеттік бағдарлама деп аталады. 

Бюджеттік субвенция

Төменгі бюджеттердің  жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актлермен  және маслихаттардың шешімдеріменбекітілген сомалар шегіндегі алынатын ресми трансферттері.

Бюджеттік алынымдар

Заңнамалық актлермен  немесе маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге  беретін  ресми трансферттері

Бюджеттік жүйе

Экономикалық қатынастар мен заңнамалық нормаларға негізделген  бюджеттің барлық нормаларының жиынтығы

Бюджеттік құрылым

Бюджет жүйесінің қалыптасу  қағидасы мен оның буындарының 

( звенья) өзара байланысының  ұйымдастырылуы

Бюджеттік үрдіс(процесс)

Бюджет жүйесін басқару, жоспарлау, талқылау, бекіту, орындау, анықтау, түзету, бюджеттік есепті ұйымдастыру  және мемлекеттік қаржылық бақылау  жөніндегі салық заңнамасымен реттелетін қызметтер.

Бюджеттік кірістері

Салықтар мен басқада  міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке бюджетке өтеусіз негізде берілетін, қайтаралмайтын, ақшалай қаражаттар.

Бюджеттің тапшылығы 

Бюджеттік түсімдер мен  шығыстар арасындағы кері айырманың  қалыптасуы

Бюджет механизмі

Ақшалай қаражаттарды қалыптастыру мен пайдалану жүйесі

Бюджетаралық қатынастар

Бюджет үрдісіндегі  жоғарғы мен төменгі бюджет арасындағы қатынастар

Салықтық түсімдер

Саық кодексімен бекітілген бюджетке төленетін салықтар мен  басқа да міндетті төлемдер

Салықтық емес түсімдер

Республиканың актлерімен бекітілген бюджетке төленетін міндетті қайтарымсыз төлемдер

Бюджеттік несиелерді жабу

Бюджеттік несиені алушылардың (заемщиктер) жағынан ақшалай қаражаттардың  түсуі.

Бюджет профициті

Бюджеттік түсімдер мен  шығыстар арасындағы оң айырмашлықтың болуы яғни бюджеттік шығыстардан түсімдеркөлемінің артуы

Бюджет тапшылығын қаржыландыру

Қарыз алу және бюджет қаражаттарының  бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының  қарыздар бойынша негізгі боорышыт өтеу сомасынан асып түсуі  ретінде белгіленеді.

Мақсатты ағымды трансферттер

Республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген жеке ағымдық бюджеттік  бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке бөлінетін арнайы трансферттер

Таза бюджеттік несиелеу

Бюджеттік несиемен оны  жабу арасындағы айырмашылық

Бюджеттен тыс қорлар

Мемлекеттің қатаң белгілі  бір мақсаттарға пайдаланылатын және заң жүзінде қалыптасуының  бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы 

Міндетті зейнетақы  жарналарының салымшысы

Міндетті зейнетақы  жарналары негізінде зейнетақымен қамтамасыз етуші ұйымдармен келісімге  отырған және зейнетақы жинақтаушы қорында жеке зейнетақы шоты бар  жеке тұлға.

Еркін зейнетақы жарналарының салымшысы

Келісім шартқа сәйкес өзінің жеке қаражатынан еркін зейнетақы  жарналарын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.

Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті қолдау бойынша бюджеттен тыс  қорлар 

Нарықтық қатынастарды дамыту мен баламалы экономикалық құрылымдарды ұйымдастыруға және әр түрлі меншік нысанында кәсіпорындарға қолдау көрсетуге   бағытталған қорлар.

Бюджеттен тыс қаражаттар

Бюджеттік ұйымдарға  бюджеттен тыс қорлардан берілетін  қаржылар

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

Жалғыз құрылтайшысы және қатынасушысы мемлекет болып табылатын  акционерлік қоғам нысанындағы  коммерциялық емес ұйым

Мемлекеттік зейнетақы  жинақтау қоры

Заң негізінде зейнетақы  салымшыларын тарту, зейнетақы төлемдерін төлеу, сонымен қатар зейнетақы активтерін қалыптастыру бойынша қызметтерді атқаратын заңды тұлға

Еркін зейнетақы қорлары 

Салымшының өз қалауы бойынша  зейнетақы қорларына  жарналарын салуы

Жол қоры

Жалпы пайдаланудағы  автокөлік жолдарын соғу, жөндеумен  байланысты ақшалай қаражаттарды жинақтайтын қор

Инвестициялық қор

Экономиканың жекек  салаларына қаржылық көмек көрсету  мақсатында және болашағы зор жобаларға  инвестицияны тартуды жүзеге асыратын қорлар

Инновациялық қор

Инновациялық қызметті жүзеге асыру, инновациялық қызметке қолдау көрсету , ғылыми негізде өндірісті жаңарту мақсатында құрылған ақшалай қаражаттар

Зейнетақы қорлары

Зейнетақы төлемдері  мен аударымдарын жүзеге асыруды  қамтамасыз ететін, сонымен қатар  республиканың заңының негізінде  анықталған зейнетақы қорларынан алымдарды ұйымдастыруды жүзеге асыратын ақшалар мен басқа да қаржылық құралдар.

Жеке әлеуметтік код

Жеке азаматтар мен  тұлғаларға зейнетақымен қамтамасыз ету  құқығын беретін тұрақты жеке код.

Жинақтаушы зейнетақы  қорларының меншікті капиталы

Жинақтаушы зейнетақы қорларының олардың міндеттемелернің сомасын алып тастағаннан кейінгі активтерінің құны.

Бюджеттік несиелеу

Мемлекеттік бюджеттен  қайтарымды және ақылы негізде бекітілген тәртіппен заңды және жеке тұлғаларға, төменгі сатылы бюджеттерге ақшалардың бөлінуі

Сыртқы қарыздар (заемдар)

Қарыз берушінің қарыз  алушыға белгілі бір көлемде, белгілі бір уақыт аралығына  және белгілі бір пайызбен(немесе пайызсыз) ақшалай қаражаттарын беруі 

Сыртқы мемлекеттік  қарыз 

Мемлекеттің басқа бір  шет елдік несие берушіден белгілі уақыта аралығында қайтаруға міндетті   қаржылық міндеттемелерінің көлемі. Бұл несиені мемлекет белгілі бір уақыт өткеннен кейін қайтаруға міндетті болады.

Ішкі мемлекеттік қарыз 

Бұл мемлекеттік қарыздың құрамдас бөлігі болып табылады. Оған мемлекет ішіндегі  үкіметтің, жергілікті билік органдарының және Ұлттық банктің кредитор-резиденттер алдындағы займдары мен борыштары жатады

Кепілдендірілген несие 

Бір кәсіпкердің екіншісіне банк, фирманемесе үкімет органдары  арқылы  кепілдендіріп берген несиесі.

Мемлекеттік несие 

Мемлекеттпен берілген және төленбеген (пайыздарды қоса алғанда) мемлекеттік займдар бойынша  қарыздар сомасы.

Мемлекеттің кепілдендірілген қарыздары 

Белгілі  бір уақытқа  алынған, белгілі бір уақыт аралығында төленбеген және республиканың мемлекеттік кепілділігіне ие мемлекеттік емес займдарының көлемі

Мемлекеттік займ

Мемлекет борышкер тұрғысында қатынасатын несие қатынастары

Мемлекеттік несие

Жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және неие қатынастарының жиынтығы. Бұл қатынастарда мемлекет неиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да ролінде қатынаса алады.

Несие менеджменті 

Несие қатынастары мен  ссудалық құндылықтар ағынын басқару  жүйесі

Кредитор

Несие келісімінің белсенді субъектісі яғни еркін құныдылықтардың иегері

Несие нарығы

Ссудалық қорды сатып  алу мен сату бойынша кредитор-сатушымен  қарыз алушы –сатып алушылардың  өзара байланысы

Несие (Кредит)

Қажетті қаражаттарды жеделділік, қайтарымдылық және төлемділік шарттары негізінде қалыптастыру мен пайдалану жүйесі

Қысқа мерзімді ссудалар

Айналым капиталының  қозғалысы мен кездейсоқ шығындарды қамтамасыз етумен байланысты қарыз  алушылардың ағымдық қажеттіліктерін  қамтамасыз ету

Үкіметтік борыштың шектеулігі (лимиті)

Сәйкес қаржылық жылға  арналып, республикалық бюджетпен бекітілген үкіметтің алынған және жабылмаған қарыздары және бұл қарыздар укімет бекіткен көлемнен аспауы тиіс

Халықаралық несие 

Бір мемлекетке, банктерге, заңды және жеке тұлғаларға басқа  мемлекеттен берілетін қарыздар

Халықаралық мемлекеттік несие

Халықаралық экономикалық қатынастар аясында елдердің материалдық  ресурстарының тауарлы және ақшалай  түрдегі  қозғалысы және оларға уақытша  қолданғаны үшін қайтарымдылық негізінде  пайыздық-төлемдердің жүруі.

Қайта қаржыландыру

Мемлекеттік берешекті жаңа қарызды шығар (беру) арқылы жабу

Мемлекеттік борышты  басқару

Мемлекеттік несиенің тиімділігін  қамтамасыз ету бойынша емемлекеттік өкілетті органдардың қызметі

Акционерное страхование

Организационная форма  страховой деятельности, при которой в качестве страховщиков выступают акционерные общества и страховая компания

Сақтандыру түрлері 

Сақтандырушыға сақтандыру ұйымынан келісім негізінде  ұсынылатын сақтандыру өнімдерінің  түрлері

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру

Азаматтарды еңбек ету қәбілетін жоғалтуна және жұмысынан айрылуына, сонждай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы

Сақтандыру 

 Кездейсоқ әртүрлі  жағдайларда олардың орнын жабуға қажетті  ақшалай қаражаттардың мақсатты қорларын қалыптастыру мен пайдалану жүйесін беретін экономикалық құбылыс 

Сақтандыру нарығы

Сату және сатып алуда  негізгі объект ретінде –сақтандыру  қызметі пайдаланылатын ақшалай  қатынастар аясы

Сақтандыру қоры

Сақтандыру жағдайлары қалыптасқан жағдайда шығындарды жабуға пайдаланылатын материалдық және ақшалай  қаражаттардың резервтері

Сақтандыру төлемі

Кездейсоқ жағдай болған уақытта сақтандыру ұйымынан және сақтандырушыға төленетін ақшалай қаражаттар

Сақтандыру жарнасы 

Келісім-шарт негізінде  сақтандырушының сақтанушыға төлейтін міндетті төлемі

Өзін-өзі сақтандыру немесе тәуекелділік қоры

Шаруашылық субъектінің  натуралды қосалқы бөлшектері түріндегі  орталықтандырылған қор

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

Бұл макроэкономикалық  тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс  істеуінің әрбір нақтылы нақтылы  кезеңінде оның үдемелі дамуына  әсер етуі үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын  тиімді пайдаланудың күнделікті үрдісін  қамтамасыз ету үшін шаруашылық субъектіге мемлекеттік қаржылық ықпал етудің әдістері мен нысандары

Өршімелі инфляция

Жоғарғы қарқынды инфляция

Гиперинфляция

Инфляцияның ірі көлемі яғни айналымдағы ақша массасы мен  тауарлардың бағасы өте жедел  қарқынмен өсіп, ақша бірліктері күрт төмендейді, және қалыпты шаруашылық байланыстар  мен төлем айналысы бузылады

Инфляция

Тауарлар мен қызметтердің құнының және ақша жүйесінің құнсыздануы

Баға индексі 

Белгілі бір уақыт  аралығындағы тұтыну тауарлары мен  қызметтерінің сомасының базалық  кезеңдегі сомасына қатынасы

Сұраныс инфляциясы

Заңды және жеке тұлғаларда ақшалай қаражаттардың массасының көбеюіне байланысты тауарлар мен қызметтерге , өнімдерге сұраныстың арту жағдайы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Лекция 1.     Тақырып:  Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциясы және рөлі

Жоспар:

1. Қаржының  әлеуметтік-экономикалық мазмұны

2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы

3.Нарықтық  экономикадағы қаржының мәні  мен атқаратын ролі 

4. Қаржылардың  нысандарының сипаттамасы 

  1. Қаржылардың қызметтері

 

Лекцияның мақсаттары: Қаржының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын, қалыптасуы мен даму шарттарын зерттеу. Нарықтық экономикадағы қаржылардың атқаратын ролін анықтау. Қаржының негізгі нысандары мен атқаратын функцияларын анықтау.

 

Лекцияның мазмұны 

1. Қажының  әлеуметтік-экономикалық маңызы

                  Материалдық игіліктерді игеру,  олардың үздіксізділігін қамтамасыз  ету  яғни ұлғалмалы ұдайы  өндіріс үрдістерінің жүзеге  асырылуы  ақшалай түрдегі құн  қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша  айналымының негізінде қаржы  немесе ақша сомасының бір адамнан  екіншісіне өту үрдісі жүзеге асады. Бүл ерекше үрдіс нәтижесінде «қаржы » термині қалыптасты. «Қаржы» термині латынның <finis> деген сөзінен, түсінігі –«соңы», «табысқа жету», «қолма қол ақша»деген ұғымдарды  яғни төлемнің соңы, төленуі деген мағыны береді. Кейінірек бұл термин француздың <financia> түрінде беріліп, кең мағынада ақшалай төлемдер түсінігін және мемлекеттің табыстарының жиынтығы түсінігін берді.

            Құндылықты категория ретінде қаржы   мемлекеттік шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды  береді.

 Қаржы тек орталықтандырылмаған  және орталықтандырылған қорларды қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық қатынастарды ғана қамтиды.   Осыған сәйкес қаржы ғылымының  нысанына қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастар жатады.

Қаржының объектісіне мақсатты ақша қорлары мен кірістер жатады.  Қаржының субъектісіне  кәсіпорындардар, ұйымдар, халық және мемлекет жатады. 

              Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра  отырып қаржы құнның санаттарын(ақшалай  және тауарлы түрдегі) ауыстыру  үрдісін қамтамасыз етеді.  Тек  тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды туындатады. Жоғарыда келтірілгендерді қорытындылайтын болсақ, қаржының мазмұны тауар-ақша қатынастарының қалыптасуы және құндылық заңының жүзеге асырылуымен айқындалады.

           Қаржы – бұл ұлттық табыс пен ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің экономикалық құралы.

                Қаржы  - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында  және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады.

             Қаржының қажеттілік деңгейі   қоғамның даму қажеттілігіне   байланысты болады. Қоғамды материалдық  игіліктермен қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін  ақша қаражаттарының қорлары қажет.

 Қаржылық қатынастар  екі аяны қамтиды: 

            -мемлекеттік бюджет жүйесіне  қажетті орталықтандырылған ақша  қаражаттарының  қорларын  қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық ақша қатынастарын;

         -кәсіпорынның орталықтандырылмаған  ақша қорларын қалыптастыру мен  пайдаланумен байланысты экономикалық  ақша қатынастарын;

                              

2. Қаржылардың  қалыптасуы мен дамуы 

                    Орталық Европадағы алғашқы буржуазиялық  төңкерістің нәтижесінде мемлекет  басшысының қазынадан айыру үрдісі  орын алды. Осының нәтижесінде  жалпы мемлекеттік ақша қорлары  – бюджет қалыптасты. Мемлекеттік бюджеттік қалыптасуы мен дамуы жүйелі сипатта орын алып, мемлекеттік кірістер мен шығыстардың жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің кірістері заттай түрдегі еңбек өнімдерінен емес, ақшалай нысандағы салықтардан құрала бастады. 

                   Қаржы бұл тарихи категорияны сипаттайды. Олар мемлекеттің қалыптасуынан бастап, қоғамда сыныптарға бөліну қалыптасқан уақыттан бері орын алып келеді. Капиталистік  құрылымға  дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды. Қаржылық қатынастар 20 ғасырда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кең дами бастады. Барлық мемлекеттерде ұлттық табыстың көп бөлігін мемлекет иелігінде пайдалану жүзеге асырылды. ( 30 дан 50%-ға дейін). Ақшалай қаражаттардың ірі көлемін иелене отырып, мемлекет ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісіне өз әсерін тигізе бастады. Осы уақытта әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысы кең ауқымда дами түсті. Дамыған шет мемлекеттерде ұйымның акционерлік қоғам нысанындағы түрі кең етек жайды. Оған  акцияны шығарудың   капиталды жинақтаудың түрі ретінде қолданылуы өз әсерін тигізді. 

                Қаржының дамуын екі негізгі  кезеңге бөліп көрсетуге болады:

                1 кезең – Қаржының жетілмеген нысаны. Капиталистік  құрылымға дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды.

Қаржылар өндірістен тыс сипатта орын алды. Осы кезеңде  шығындар негізінен тек қорғаныс саласына жұмсалынды

                2 кезең  – Қаржының жетілген нысаны. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды.

 

                            3. Нарықтық экономика жағдайында  қаржылардың атқаратын ролі

  Қаржы  бұл ақша қатынастарының құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың атқаратын ролі экономикалық қатынастар жағдайындағы ақша қатынастарының орнына байланысты болып табылады. Бірақ барлық ақша қатынастары қаржылық қатынастарды сипаттамайды.  Қаржылардың ақшадан айырмашылығы олардың мазмұнында емес, атқаратын функциялары бойынша ерекшеленеді.

              Қаржылар негізінен ақшалай кірістер мен қорларды қалыптастыра отырып, мемлекет пен кәсіпорындарды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржы ұлттық табысты қалыптастыру мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Олар өндіріске, бөлістіруге және тұтынуға тікелей әсер етеді. Өндірісті дамытумен байланысты қажеттіліктерді, жұмысшы мен оның жанұясының қажеттіліктерін, үй шаруашылығы мен кәсіпорынның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қаржы құнның нысанын алмастыру үрдісін (тауарлы, ақшалай) қамтамасыз етеді.

              Мемлекеттің қаржысы қоғамдық  қажеттіліктерді (қорғаныс, білім, басқару, мәдениет және т.б.) және халықтың жеке топтарын әлеуметтік қорғауды (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, жүктілігі бойынша  жәрдем және т.б.) қамтамасыз ете отырып, меншік нысанының алмасу үрдісін жалпы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етеді.  Мемлекеттің дәстүрлі функцияларынан басқа мемлекеттің шаруашылық үрдістерді реттеу функциясын атқарады яғни республикалық бюджет арқылы жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайызы және ІЖӨ 20 пайыздан астамы бөлістіріледі.

 Бұл өз кезегінде  ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісін жоспарлауға және экономиканың басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар субъективті жеке шешім қабылдаған жағдайда қаржыландыру тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайы қаржының атқаратын ролінің арта түскенін айта кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларға байланысты орын алды:

           Біріншіден, дәстүрлі кәсіпорын топтарымен қатар шаруашылық субъектлер қалыптасқан жағдайда қаржылық қатынастардың жаңа топтары қалыптасады.  Осы уақытта олардың арасындағы байланыс шиеленісе түседі.

            Екіншіден,  – қаржылар ақша қатынастарының жеке аясы болып табылады. Қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып ақшалар қаржының материалдық негізі болып, айналыс құралы функциясын атқарады яғни  капиталға айналады.

           Үшіншіден, микро деңгейде қаржылардың ролі төмендеп, макродеңгейде олардың мәні артады.

   

                                4. Қаржылардың нысандарының сипаттамасы

 

       «Қаржы»  (санатын) категориясы басқа құндылықты  категориялардан ерекшеленеді. Қаржылардың айрықша ерекшеліктеріне келесілер жатады:

- Қаржының  қор түрінде пайдаланылуы. Қаржылар ақшалай қорлардың қозғалысында қалыптасады. Ал ақшалай қорлар қаржылық қатынастардың объектісіне жатады.

- Қаржының  бір мақсатқа пайдаланылуы.  Олардың нақты бір шығындарға жұмсалуы.

- Қаржылардың  міндеттілігі. Бұл қаржы ресурстары мен экономиканың  қажеттіліктерімен байланысты.

- Қаржылар  эквивалентсіз болып табылады. Қаржылық кірістер құнның біржақтылық қозғалысының негізінде қалыптасады.

Қаржылардың  құнның басқа да категорияларымен қарастырғанда  (баға, еңбекақы, несие) бірге жалпы ерекшеліктері бар:

- қаржы ақшалай нысанда  болады

- қаржылық қатынастардың бөлістірушілік қатынастардың жатуы

Осыған орай кез-келген қаржылық қатынастар  бұл ақша қатынастары болып табылады.

Азаматтар арасындағы саудадағы  ақшалай қатынастар қаржыға жатпайды.  Қаржылар ақшалардан мазмұны бойынша  да, атқаратын функциялары  бойынша  да ерекшеледі. Қаржылық қатынастар ақшалай  нысанда болғанымен барлық ақшалай  қатынастар қаржылық қатынастарға жатпайды.  

 

      5. Қаржылардың функциялары

     Қаржының мәні оларды функцияларында айқын байқалады. Функция дегеніміздің өзі қаржының атқаратын жұмысы. Бүгінгі таңда шет елдерде қаржылардың функцияларының саны мен мазмұны бойынша көптеген пікірлер туындауда. .

      Қәзіргі  уақытта қаржылардың 2  тұжырымдамасы  (концепциясы) кең қолданысқа  келуде. Оның бірі-бөлістірушілік, екіншісі- ұлғалмалы өндірістік концепция.

       Бірінші бөлістірушілік тұжырымдамасын  ұстанушылардың ойынша:  қаржылар қоғамдық ұлғалмалы ұдайы өндірістің екінші кезеңінде яғни ақшалай түрде қоғамдық өнімді бөлістіру үрдісінде қалыптасады.  Осы тұжырымдама  негізінде қаржылар екі функцияны атқарады: бөлістірушілік және бақылаушылық функция.

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"